Өте жиі
- асқазандағы, эпигастрий аймағындағы және іш қуысындағы ауыру мен жайсыздық, диспепсия, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, іш қату, қорытпау, эпигастральді жайсыздық, стоматит
Жиі
- бас айналуы, бас ауыруы
- анорексия
- асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолының тесілуі, асқазан-ішек жолының ойық жарасы, кейде өліммен аяқталатын пептидтік ойық жара, әсіресе егде жастағы пациенттерде, қан құсу, қан аралас нәжіс, іш қату, ауыз қуысының ойық жаралануы, гастрит, ауыздың құрғауы, колиттің және Крон ауруының өршуі
Жиі емес
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
- қышыну, эритема, экзантема, бөртпе, есекжем
- қандағы мочевина немесе креатинин деңгейінің жоғарылауы
- қажығыштық, ісіну
Сирек
- метаболизмнің бұзылуы (мысалы, гипергликемия, дене салмағының артуы/төмендеуі)
- ұйқының бұзылуы (мысалы, ұйқысыздық), депрессия, күйгелектік, аномалиялық түстер
- вертиго
- жүректің жиі соғуы
- тромбоздық құбылыстар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт)
- бронх түйілуі, асқынған демікпе, ентігу
- везикула-буллезді реакциялар
Өте сирек
- панкреатит
-терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР): Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз
Белгісіз
- агранулоцитоз, анемия, апластикалық анемия, гемолиздік анемия, лейкопения, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық емес пурпура, эозинофилия
- демікпе, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары
- сананың шатасуы, елестеулер
- ұйқышылдық, парестезия
- көрудің бұзылуы (көру өткірлігінің төмендеуі және көрудің бұлыңғырлануы сияқты), көздің ісінуі, көздің тітіркенуі
- құлақтағы шуыл
- жүрек жеткіліксіздігі
Егде жастағы пациенттерде және жүрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің асқыну ықтималдығын ескеру қажет.
- васкулит, гипертензия
- мұрыннан қан кету
Бронх түйілуі және асқынған демікпе ҚҚСД емдеу кезінде байқалды.
- гепатит, сарғаю
- фотосезімталдық реакциясы
ҚҚСД емдегеннен кейін тырнақтар тарапынан бұзылулардың пайда болуының сирек жағдайлары және фотосезімталдық реакциялары туралы хабарланды.
- нефроуыттылық (мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, қандағы мочевина немесе креатинин деңгейінің жоғарылауы)
- теноксикамды қоса, циклооксигеназа/простагландиндер синтезін басатын препараттармен емдеу кезінде әйелдер бедеулігінің жекелеген жағдайлары.
- дімкәстік
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz