Бір-екі күн ішінде ең төмен тиімді дозаны қолдану арқылы жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға болады, содан кейін емдеуді пероральді түрде жалғастыру керек.
Арнайы ескертулер
Симптомдарды басу үшін қажетті ең қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы жағымсыз реакцияларды барынша азайтуға болады. Тексаред препаратын циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса алғанда, басқа ҚҚСП-мен бір мезгілде қолдануға жол бермеу керек.
ҚҚСП бүйрек простагландиндерінің синтезін басып, бүйрек гемодинамикасы мен су-тұз теңгерімінің әсеріне байланысты жағымсыз құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Анамнезінде бүйрек аурулары бар, бүйрек функциясы бұзылуы бар қант диабеті, бауыр циррозы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, гиповолемия немесе бүйрек функциясының бұзылу қаупін арттыратын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда, мысалы, потенциалды нефроуытты препараттар, диуретиктер және кортикостероидтар бар пациенттерді Тексаред препаратымен емдеу кезінде жүрек пен бүйрек функциясын (қандағы мочевина азотының деңгейін, креатинин, ісінудің дамуын, дене салмағының жоғарылауын және т.б.) мұқият бақылау қажет. Пациенттердің бұл тобына қатты қан кету ықтималдығына байланысты күрделі хирургиялық араласуларда операция кезеңінде және операциядан кейінгі кезеңдерде ерекше қауіп төнеді. Сондықтан бұл пациенттер операциядан кейінгі және қалпына келу кезеңдерінде мұқият бақылауда болуы керек.
Теноксикамның плазма ақуыздарымен байланысуының жоғары дәрежесіне байланысты, қан плазмасындағы альбумин деңгейінің айтарлықтай төмендеуімен мұқият болу және тиісті шаралар қабылдау қажет.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жара және тесілу
Өлімге әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе тесілу барлық ҚҚСД қолданғанда, емдеу курсының кез келген сәтінде тиісті симптоматика немесе анамнезінде асқазан-ішектің күрделі аурулары болған немесе болмаған кезде байқалды.
Бүгінгі күні жүргізілген зерттеулер ойық жара ауруы мен қан кету қаупі жоқ пациенттердің қосалқы топтарын анықтаған жоқ.
Егде пациенттерде ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялар, әсіресе қан кету мен АІЖ тесілуі жиі кездеседі және өлімге әкелуі мүмкін. Әлсіреген пациенттерде ойық жара мен қан кетуге толеранттылық басқа пациенттерге қарағанда төмен. ҚҚСП қабылдаумен байланысты өлімге әкелетін асқазан-ішек құбылыстарының көпшілігі егде және/немесе әлсіреген пациенттерде болды. Асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе тесілу қаупі жоғары дозада ҚҚСП қабылдаған пациенттерде, әсіресе анамнезінде қан кету немесе тесілу бар ойық жара асқынулары бар пациенттерде, сондай-ақ егде пациенттерде жоғары. Мұндай пациенттерде емдеуді ең аз дозадан бастау керек, ал аспириннің төмен дозаларын немесе асқазан-ішек жолы тарапынан қаупін арттыратын басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттер профилактикалық препараттармен (мысалы, мизопростол немесе протон сорғысының тежегіштері) біріктірілген терапияның мүмкіндігін қарастыруы керек.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде ҚҚСД қолданғанда сақ болу керек, өйткені мұндай жағдайлар өршуі мүмкін. Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар, әсіресе егде жастағы пациенттер емдеудің бастапқы кезеңдерінде кез-келген қалыптан тыс абдоминальды симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлауы керек.
Егер пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету пайда болса, Тексаред препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек.
Пероральді кортикостероидтар, антикоагулянттар мысалы, варфарин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе аспирин сияқты антитромбоциттік дәрілер ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыруға қабілетті препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерді емдеуде сақ болу керек.
Дерматологиялық құбылыстар
Сирек жағдайларда ҚҚСД-ны қабылдаған кезде кейде өліммен аяқталуы мүмкін терінің күрделі реакциялары, соның ішінде эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН) байқалуы мүмкін. Пациенттерге осы жағымсыз реакциялардың белгілері мен симптомдары туралы ескерту, тері жабыны тарапынан жағымсыз реакцияларды анықтау үшін бақылау жүргізу және тері реакцияларының болуын мұқият қадағалау қажет. Мұндай реакциялардың пайда болу қаупі емдеу басында өте жоғары болады: көп жағдайда реакциялар емдеудің бірінші айында пайда болады. Тексаредті тері бөртпесінің алғашқы белгілерінде, шырышты қабықтың зақымдануында немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілерінде тоқтату керек.
Гематологиялық құбылыстар
Теноксикам тромбоциттердің агрегациясын төмендетеді және қан кету уақытын ұзартуы мүмкін. Тексаред препараты қанның ұю факторларына, ұю уақытына, протромбин индексіне және белсендірілген тромбопластин уақытына айтарлықтай әсер етпейді. Дегенмен, қан ұю бұзылулары бар немесе қан кету уақытына әсер ететін терапияны қабылдайтын пациенттер Тексаред препаратын қолданған кезде мұқият бақылауда болуы керек.
Жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық көріністер
Гипертензиясы және/немесе жүректің орташа іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге маманның тиісті бақылауы қажет, өйткені ҚҚСД-мен емдеуде сұйықтықтың іркілуі және ісіну туралы хабарланған.
Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері ЦОГ-2 селективті тежегіштерін және кейбір ҚҚСП-ны (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ емдеуде) қолдану артериялық тромбоздық құбылыстар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің аздап жоғарылауын тудыруы мүмкін екенін көрсетеді, олар дозамен немесе қолдану ұзақтығымен артуы мүмкін.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың ауруы және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттер теноксикаммен қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана емделуі керек. Ұзақ мерзімді емдеу кезінде жүрек-қантамырлары аурулары (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу) бар пациенттерге осыған ұқсас бағалау қажет.
Офтальмологиялық көріністер
ҚҚСП қолдану кезінде көз тарапынан қолайсыз құбылыстар байқалды, сондықтан Тексаред препаратымен емдеу кезінде көру қабілетінің бұзылуы байқалған пациенттерде офтальмологтың бақылауы ұсынылады.
Қызу түсіретін әсері
Басқа қабынуға қарсы препараттар сияқты, Тексаред инфекция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Зертханалық зерттеулер көрсеткіштері
ҚҚСД бүйрек простагландиндерінің синтезін басады және бүйрек гемодинамикасы мен су-тұз теңгеріміне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары пациенттерде Тексаредті қолданғанда (бұрыннан бар бүйрек аурулары, диабеті бар пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы, бауыр циррозы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, дегидратация немесе потенциалды нефроуытты препараттармен, диуретиктермен, кортикостероидтармен бір мезгілде емдеу) жүрек пен бүйрек функциясын (қандағы мочевина азоты, креатинин, ісінудің дамуы, дене салмағының артуы және т.б.) бақылау қажет. Пациенттердің бұл тобы күрделі хирургиялық араласу жүргізу кезінде, соның ішінде операциядан кейінгі кезеңде, қан кетудің ықтимал ұлғаюына байланысты ерекше қауіпке ұшырайды: пациенттерге операциядан кейінгі кезеңде және сауығу кезеңінде мұқият бақылау қажет.
Теноксикамның плазма ақуыздарымен байланысуының жоғары дәрежесіне байланысты қан плазмасындағы альбумин деңгейінің айтарлықтай төмендеуінде сақ болу керек.