Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз емдік дозаны қолдана отырып, барынша азайтуға болады.
Тексикамды және, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСП бір мезгілде тағайындауға жол бермеген жөн.
Жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық әсерлер
Гипертензия және/немесе жүректің орташа іркілген жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті бақылау жүргізу қажет, өйткені ҚҚСП емдеу кезінде сұйықтықтың іркілуі және ісінулер туралы хабарланған.
Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозалар және ұзақ емдеу) кезінде артериялық тромбоздық құбылыстар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің шамалы жоғарылауын тудыруы мүмкін екенін көрсетеді. Теноксикам үшін мұндай қауіпті жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің іркілген жеткіліксіздігі, диагностикаланған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың ауруы және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерге, сонымен қатар препаратпен ұзақ емдеуді бастар алдында, жүрек-қантамыр ауруларының дамуы қаупінің факторлары (артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу сияқты) бар пациенттерге де Тексикамды жағдайды мұқият талқылағаннан кейін ғана тағайындау керек.
Жүрек-қантамырлық, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
ҚҚСП қолдану простагландиндердің түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуіне және бүйрек жеткіліксіздігінің туындауына әкелуі мүмкін. Бұл реакцияның пайда болу қаупі диуретиктерді қабылдайтын пациенттерде немесе егде жастағы пациенттерде артады. Бұл пациенттердің бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.
Сарысу трансаминазаларының немесе бауыр функциясының басқа көрсеткіштерінің жоғарылауының сирек жағдайлары туралы хабарланды. Көп жағдайда олар кішкентай болды және қысқа уақыт ішінде қалыпты диапазоннан жоғары болды. Егер бұзылулар маңызды немесе тұрақты болса, теноксикамды қолдануды тоқтатып, қайталама талдаулар жүргізу керек. Бауыр ауруы бұрыннан бар пациенттерге ерекше назар аудару керек.
Сирек жағдайларда ҚҚСП интерстициальді нефрит, гломерулонефрит, папиллярлық некроз және нефроздық синдромды тудыруы мүмкін. Бұл агенттер бүйрек қан ағымы мен қан көлемі төмендеген пациенттерде бүйрек перфузиясын сақтауда қосымша рөл атқаратын бүйрек простагландинінің синтезін тежейді. Бұл пациенттерде ҚҚСП енгізу бүйректің айқын жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін, бірақ дәрілік препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін емдеу курсының алдындағы жағдайдағы қалпына оралады. Бұл реакцияның ең үлкен қаупі бұрыннан бар бауыр ауруы (бүйрек функциясы бұзылған диабетиктерді қоса), нефроздық синдромы, жасушадан тыс сұйықтық көлемінің тапшылығы, бауыр ауруы, жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және диуретиктермен немесе ықтимал нефроуытты препараттармен қатар емделетін пациенттерде болады. Бұл пациенттерде бүйрек, бауыр және жүрек қызметін бақылау қажет. Бұл пациенттерге препараттың мүмкіндігінше аз дозасын тағайындау ұсынылады. ҚҚСП анамнезінде жүрек жеткіліксіздігі немесе гипертониясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені ибупрофенді қолдануға байланысты ісінудің пайда болуы туралы хабарланған.
Дерматологиялық әсерлер
ҚҚСП қолдануға байланысты терінің ауыр реакциялары өте сирек кездеседі, эксфолиативтік дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, олардың кейбіреулері өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Пациенттер емдеудің басында осы реакциялардың пайда болуының жоғары қаупіне ұшырайды: көп жағдайда реакцияның басталуы емдеудің бірінші айында басталады. Препаратты қолдану тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері пайда болған кезде тоқтатылуы керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қабылдау аясында, әсіресе өлімге әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кетудің және тесілудің жағымсыз реакциялардың даму жиілігі жоғарылайды. ҚҚСП әсер етуі мүмкін бүйрек, бауыр және жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін бағалау және ілеспе емдеумен ықтимал өзара әрекеттесулерді анықтау мақсатында егде жастағы пациенттерді тұрақты бақылауға ерекше назар аудару керек.
Әйелдердегі фертильділігінің бұзылулар
Теноксикамды қолдану әйелдердің фертильділігінің бұзылуына әкелуі мүмкін және жүкті болуға тырысатын әйелдерге ұсынылмайды. Бала біту проблемалары бар немесе фертильділігін тексеріп зерттеуден өткен әйелдер препаратты тоқтатуды қарастыруы керек.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жараның түзілуі және тесілуі
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттерге ҚҚСП сақтықпен тағайындаған жөн.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе өлімге әкелу қаупімен тесілу емдеудің кез келген кезеңінде, ескерту симптомдарымен немесе онсыз, немесе бұрын анамнезінде ауыр асқазан-ішек аурулары бар барлық ҚҚСП үшін тіркелген.
Тексикамның жоғары дозаларын анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерге, әсіресе ауыр қан кетулерде немесе тесілулерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерге қолданғанда асқазан-ішектен қан кетулердің туындауы, ойық жараның немесе тесілулердің түзілу қаупі жоғары болады. Бұл пациенттер емді ең аз дозадан бастауы тиіс.
Мұндай пациенттер және ацетилсалицил қышқылының немесе басқа да дәрілік заттардың төмен дозаларын қатар қолдануды қажет ететін пациенттер үшін ас қорыту жолдарына қауіпті азайту үшін қорғағыш дәрілермен (мысалы, мисопрололмен немесе протонды помпа тежегіштерімен) біріктірілген ем жүргізілуі мүмкін.
Асқазан-ішек жолының уытты зақымдануы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар, асқазан-ішек жолы аумағында туындайтын кез келген ерекше симптомдар туралы (әсіресе, асқазан-ішектен қан кетулер туралы) хабарлауы тиіс. Бұл әсіресе емдеудің бастапқы кезеңдерінде маңызды.
Ойық жараның немесе қан кетулердің туындау қаупін арттыруы мүмкін препараттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтарды, варфарин сияқты антикоагулянттарды, серотонинді қайта сіңіретін селективті тежегіштерді немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты антитромбоздық дәрілерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттер препаратты қабылдаған кезде сақтық таныту қажет екендігінен хабардар болуы тиіс.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулардың симптомдары байқалатын, Тексикам қабылдаған кез-келген пациент мұқият бақылауда болуы керек. Пептидтік ойық жарасы немесе асқазан-ішектен қан кету жағдайында препаратты қолдануды дереу тоқтату керек.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде ҚҚСД қолданғанда сақ болу керек, өйткені мұндай жағдайлар шиеленісуі мүмкін.
Гематологиялық әсерлер
Теноксикам тромбоциттер агрегациясын төмендетеді және қан кету уақытын ұзартуы мүмкін. Мұны ауқымды хирургиялық араласудан өткен пациенттер жағдайында (мысалы, буындарды ауыстыру) және қан кету уақытын анықтау қажет болған кезде есте ұстаған жөн.
Офтальмологиялық әсерлер
Сондай-ақ, теноксикамды қоса, ҚҚСП қолдану кезінде көру мүшелерінің жағымсыз әсерлері туралы хабарланды. Тексикам препаратымен емдеу кезінде көру қабілетінің бұзылуын дамытатын пациенттер емдеуді тоқтатып, офтальмологиялық тексеруден өтуі керек.
Респираторлық бұзылыстар
Бронх демікпесі бар немесе анамнезі бар пациенттерге Тексикамды сақтықпен тағайындау керек, өйткені олар басқа пациенттерге қарағанда ҚҚСП демікпенің өршуі сияқты аса жоғары сезімталдық симптомдарымен жауап береді.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас аурулары
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тінінің аралас аурулары бар пациенттерде асептикалық менингиттің даму қаупі жоғарылауы мүмкін.
Қосымша заттар
Препарат құрамында натрий метабисульфиті бар, ол ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары мен бронх түйілуін сирек тудыруы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Егер сізде белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық болса, Тексикамды қабылдамаңыз.
Жүктілік
Теноксикамды жүктілік және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан препаратты мұндай жағдайларда тағайындауға болмайды.
Адамдарда ҚҚСП қолданудан туындаған туа біткен ауытқулардың пайда болуы туралы хабарланды, алайда олардың жиілігі төмен, ал олардың пайда болуының белгілі бір заңдылығы анықталған жоқ.
Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап теноксикамды қолдану шарананың бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін, бұл қағанақ суының аздығын және кейбір жағдайларда жаңа туған нәрестенің бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Бұл емдеудің басында пайда болуы мүмкін және әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.
Сонымен қатар, ІІ триместрде ҚҚСП қолданғаннан кейін артериялық түтіктің тарылуы туралы хабарланды, ол емдеуді тоқтатқаннан кейін көп жағдайда жоғалып кетті.
Жүктіліктің I және II триместрінде теноксикамды өте қажет жағдайларды қоспағанда қолдануға болмайды. Егер теноксикамды жүкті болуға тырысатын әйел қолданса немесе жүктіліктің I немесе II триместрінде қолданса, доза мүмкіндігінше төмен болуы керек және емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек. 20-шы гестациялық аптадан бастап бірнеше күн бойы теноксикам әсеріне ұшырағаннан кейін қағанақ суының аздығын бақылау және артериялық түтіктің тарылуына босануға дейінгі мониторинг жүргізуді қарастыру керек. Егер қағанақ суының аздығы болса немесе артериялық түтіктің тарылуы анықталса, препаратты қолдануды тоқтату керек.
Жүктіліктің ІІІ триместрінде простагландин синтезінің барлық тежегіштері қауіп тудыруы мүмкін:
Шарана үшін қауіптер:
- жүрек-өкпелік уыттылық (артериялық түтіктің мезгілінен ерте тарылуы/жабылуы және өкпе гипертензиясы)
- бүйрек функциясының бұзылуы (жоғарыдан қараңыз).
Жүктіліктің соңындағы ана мен жаңа туған нәресте үшін қауіптер:
- қан кету уақытының ұзаруы мүмкін, агрегацияға қарсы әсер, өте төмен дозаларды қолданғанда да пайда болуы мүмкін
- жатырдың жиырылуының тежелуі, бұл босанудың кідіруіне немесе ұзаруына әкеледі.
Сонымен, теноксикамды жүктіліктің ІІІ триместрінде қолдануға болмайды.
Лактация
ҚҚСД емшек сүтіне өте төмен концентрацияда енеді. Мүмкіндігінше емізу кезеңінде ҚҚСД қолданудан аулақ болу керек.
Теноксикамның адамның емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ; жануарларға жүргізілген зерттеулер айтарлықтай деңгейге қол жеткізуге болатындығын көрсетті.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вертиго, бас айналуы, ұйқышылдық, шаршау немесе көру қабілетінің бұзылуы сияқты жағымсыз реакциялары бар пациенттер көлік құралдарын басқарудан немесе ықтимал қауіпті механизмдермен жұмыс істеуден бас тартуы керек.