Телзап Плюс қабылдар алдында өз дәрігеріңізбен, медбикемен немесе фармацевт қызметкермен сөйлесіңіз.
Жүктілік
Ангиотензин II (АРА) рецепторлары антагонистерін қабылдауды жүктілік кезінде бастауға болмайды. Ангиотензин II рецепторларының антагонистімен ұзақ уақыт емделуі қажет деп саналатын жағдайларды қоспағанда, жүктілікті жоспарлайтын пациенттерге жүктілік кезінде қолданылған кезде белгіленген қауіпсіздік бейініне ие гипотензиялық дәрілермен емдеудің балама әдістеріне көшу қажет. Жүктілік анықталған кезде ангиотензин II рецепторлары антагонистімен емдеуді дереу тоқтату және қажет болғанда баламалы емдеуді бастау қажет.
Бауыр функциясының бұзылуы
Телзап Плюс холестаз, өт жолдарының бітелуі немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды, өйткені телмисартан жоғары дәрежеде өтпен шығарылады. Бұл пациенттерде телмисартанның бауыр клиренсінің төмендеуі байқалады деп күтуге болады.
Одан өзге, Телзап Плюс бауыр функциясы бұзылған немесе бауырдың үдемелі ауруы бар пациенттерде сақтықпен қолдану қажет, өйткені су-тұз теңгерімінің шамалы өзгеруі бауыр комасының пайда болуын тудыруы мүмкін. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде телмисартан/гидрохлоротиазидті қолданудың тәжірибесі жоқ.
Реноваскулярлық гипертензия
Егер бүйрек артерияларының екіжақты стенозы немесе артериялардың стенозы бар жалғыз жұмыс істейтін бүйрегімен пациенттер ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін дәрілік препараттармен ем қабылдаған кезде ауыр гипотензия және бүйрек жеткіліксіздігі туындау қаупі жоғарылайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек трансплантациясы
Телзап Плюс препаратын бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолдануға болмайды (креатинин клиренсі <30 мл/мин құрайды) Жуырда бүйрек трансплантациясы болған пациенттерде телмисартан/гидрохлоротиазидті қолдану тәжірибесі жоқ. Телмисартан/ гидрохлортиазидті қолдану тәжірибесі бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде шамалы болып табылады, осылайша, қан сарысуында калий, креатинин және несеп қышқылының деңгейлерін кезеңдік бақылау ұсынылады. Тиазидтік диуретиктерді қолдануға байланысты азотемия бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде туындауы мүмкін.
Интраваскулярлық гиповолемия
Симптоматикалық гипотензия, әсіресе бірінші дозаны қабылдағаннан кейін жасушааралық сұйықтық көлемінің және/немесе қарқынды несеп айдайтын ем кезінде натрий мөлшерінің азаюы, ас тұзын шектеулі қабылдау, диарея немесе құсу байқалатын пациенттерде туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларды Телзап Плюс қолданар алдында түзету қажет.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
Ангиотензин-өзгертуші ферменттің тежегіштерін, ангиотензин II рецепторлары блокаторларын немесе алискиренді бірге қолдану гипотензияның, гиперкалиемияның даму қаупін және бүйрек функциясының төмендеуін (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) арттыратынының дәлелдемелері бар. Осылайша, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы ангиотензин-өзгертуші ферменттің тежегіштерін, ангиотензин II рецепторлары блокаторларын немесе алискиренді бірге қолдану арқылы ұсынылмайды.
Егер қосарлы блокада арқылы емдеу өте қажет деп есептелсе, оны тек маманның бақылауымен және бүйрек функциясын, электролиттер деңгейін және артериялық қысымды жиі мұқият бақылау жағдайында жүргізу қажет.
Ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін және ангиотензин II рецепторлары блокаторларын диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде бірге қолдануға болмайды.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін стимуляциялаған кездегі басқа да аурулар
Тамыр тонусы мен бүйрек функциясы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне (мысалы, ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек артерияларының стенозын қоса, бүйректің негізгі ауруы бар пациенттер) тәуелді болатын пациенттерде осы жүйеге әсер ететін дәрілік препараттармен емдеу жедел гипотензиямен, гиперазотемиямен, олигуриямен немесе сирек жедел бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты болды.
Бастапқы гиперальдостеронизм
Бастапқы гиперальдостеронизмі бар пациенттер көп жағдайда ренин-ангиотензин жүйесін тежеу арқылы әсер ететін гипотензиялық дәрілік препараттармен емделмейді. Осылайша, Телзап Плюс қолдану ұсынылмайды.
Аорта және митральді клапанның стенозы, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатия
Басқа вазодилататорларды қолдану кезіндегідей аорта немесе митральді клапан стенозымен немесе обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиядан зардап шегетін пациенттерде ерекше сақ болу қажет.
Эндокриндік жүйеге және зат алмасуға әсері
Тиазидтермен емдеу глюкозаға толеранттылықты бұзуы мүмкін, бұл ретте гипогликемия инсулин қабылдайтын немесе диабетке қарсы препараттармен емделетін, сондай-ақ телмисартанмен емделетін қант диабеті бар пациенттерде туындауы мүмкін. Осылайша, мұндай пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін бақылауды жүзеге асыру қажет; көрсетілімдер болған кезде инсулин дозасын немесе диабетке қарсы дәрілерді түзету қажет болуы мүмкін. Латентті қант диабеті тиазидтермен емдеу кезінде көрініс беруі мүмкін.
Холестерин мен триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы тиазидті диуретиктермен емдеуге байланысты болды; алайда Телзап Плюс құрамындағы 12,5 мг дозада ең төменгі әсері немесе оның болмауы туралы хабарланған. Гиперурикемия тиазидпен ем қабылдайтын кейбір пациенттерде пайда болуы мүмкін немесе айқын подагра туындауы мүмкін.
Электролиттік теңгерімсіздік
Несеп айдайтын ем қабылдайтын кез келген пациентке келетін болсақ, белгілі бір аралықтар арқылы қан сарысуындағы электролиттер деңгейін мезгіл-мезгіл анықтау қажет.
Гидрохлоротиазидті қоса, тиазидтер су немесе электролиттік теңгерімсіздікті (гипокалиемияны, гипонатриемияны және гипохлоремиялық алкалозды қоса) тудыруы мүмкін. Су немесе электролиттік теңгерімсіздіктің алдын алу белгілеріне ауыздың құрғауы, шөлдеу, астения, летаргия, ұйқышылдық, қозу жағдайы, бұлшықеттердің ауыруы немесе құрысулар, бұлшықеттің шаршауы, гипотензия, олигурия, тахикардия және асқазан-ішек жолы тарапынан жүрек айнуы немесе құсу сияқты бұзылулар жатады.
Гипокалиемия
Тиазидті диуретиктерді қолданғанда, гипокалиемияның даму мүмкіндігіне қарамастан, телмисартанмен бір мезгілде емдеу диуретиктерді қабылдаудан туындаған гипокалиемияны азайтуы мүмкін. Гипокалиемияның даму қаупі бауыр циррозы бар пациенттерде, диурезі жоғары пациенттерде, электролиттерді пероральді жеткіліксіз қабылдайтын пациенттерде және кортикостероидтармен немесе адренокортикотропты гормонмен (АКТГ) бір мезгілде ем алатын пациенттерде жоғары.
Гиперкалиемия
Және керісінше, Телзап Плюс телмисартан компонентімен ангиотензин II (AT1) рецепторларының антагонизміне байланысты гиперкалиемия туындауы мүмкін. Телмисартан/гидрохлоротиазид қолданған кезде клиникалық маңызды гиперкалиемия құжатпен расталмағанына қарамастан, гиперкалиемияның даму қаупінің факторларына бүйрек жеткіліксіздігі және/немесе жүрек жеткіліксіздігі, сондай-ақ қант диабеті жатады. Калий жинақтаушы диуретиктерді, калий қоспаларын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды Телзап Плюспен бірге сақтықпен қолдану қажет.
Гипонатриемия және гипохлоремиялық алкалоз
Телмисартан/гидрохлоротиазид диуретиктер қабылдаудан туындаған гипонатриемияны азайтуы немесе болдырмауы мүмкін екендігінің дәлелі жоқ. Хлоридтердің тапшылығы көп жағдайда елеусіз болып табылады және әдетте емдеуді қажет етпейді.
Гиперкальциемия
Тиазидтер кальцийдің несеппен шығарылуын төмендетуі және кальций метаболизмінің тіркелген бұзылуы болмаған кезде қан сарысуындағы кальций деңгейінің кезеңдік және елеусіз жоғарылауын тудыруы мүмкін. Айқын гиперкальциемия латентті гиперпаратиреоздың дәлелі болуы мүмкін. Тиазидтерді қабылдауды қалқанша без функциясына тест жүргізгенге дейін алдын ала тоқтату керек.
Гипомагниемия
Тиазидтер магнийдің несеппен шығарылуын арттыратыны көрсетілді, бұл гипомагниемияның пайда болуына әкелуі мүмкін.
Этникалық айырмашылықтар
Ангиотензин II рецепторларының кез келген басқа антагонистерін қолданғандағыдай, телмисартан афроамерикалық емес пациенттерге қарағанда афроамерикалық пациенттерде артериялық қысым төмендегенде, гипертензиясы бар афроамерикалық пациенттер тобында ренин мөлшері төмен жағдайлардың анағұрлым жоғары таралуына байланысты тиімділігі аз болатыны сөзсіз.
Басқа
Кез келген гипотензиялық дәріні қолданғандағыдай, ишемиялық кардиопатиясы немесе ишемиялық жүрек-қантамыр ауруы бар пациенттерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультқа әкелуі мүмкін.
Жалпы мәліметтер
Гидрохлоротиазидке аса жоғары сезімталдық реакциялары анамнезінде аллергияның немесе бронх демікпесінің болуына қарамастан пациенттерде пайда болуы мүмкін, бірақ анамнезінде осындай аурулары бар пациенттерде болу ықтималдығы жоғары. Гидрохлоротиазидті қоса, тиазидтік диуретиктерді қолданғанда жүйелі қызыл жегінің белсенуі немесе өршуі туралы хабарланған.
Тиазидтік диуретиктерді қолдану кезінде фотосезімталдық реакцияларының жағдайлары туралы хабарланды. Егер емдеу кезінде фотосезімталдық реакциясы пайда болса, емдеуді тоқтату ұсынылады. Егер диуретиктерді қайта қолдану қажет деп есептелсе, әсер ететін аумақты күннен немесе ультракүлгін А сәулеленуден қорғау ұсынылады.
Меланомалық емес тері обыры
Меланомалық емес тері обыры дамуының жоғары қаупі (NMSC) [базальді жасушалы карцинома (BCC) және жалпақ жасушалы обыр (SCC)] гидрохлоротиазид (HCTZ) әсерінің жиынтық дозасын арттырғанда Онкологиялық аурулардың Дания ұлттық тізілімі деректеріне негізделген зерттеу барысында байқалды. Гидрохлоротиазидтің фотосенсибилизациялайтын әсері меланомалық емес тері обырының ықтималды даму механизмі ретінде болуы мүмкін.
Гидрохлоротиазид қабылдайтын пациенттерді меланомалық емес тері обырының даму қаупі туралы хабардар ету және теріні қандай да бір жаңа зақымданулардың болуына үнемі тексеру және терінің кез келген күдікті зақымданулары туралы дереу хабарлау қажет. Тері обырының даму қаупін азайту үшін пациенттерге күн сәулесі мен УК-сәулелерінің әсерін шектеу сияқты ықтималды профилактикалық шараларды, ал әсер еткен жағдайда тиісті қорғаныс шараларын ұсыну қажет. Қысқа мерзімде биопсияның гистологиялық зерттеулерін қоса, терінің күдікті зақымдануын тексеру қажет. Бұрын терінің меланомалы емес обырын бастан өткерген пациенттерде де гидрохлоротиазид қолдануды қайта қарау қажет болуы мүмкін.
Хориоидтық жалқық, жедел миопия және салдарлы жабық бұрышты глаукома:
Құрамында сульфонамид немесе сульфонамид туындылары бар препараттар идиосинкраттық реакцияны тудыруы мүмкін, бұл көру өрісінің жоғалуымен, өтпелі миопиямен және жедел жабық бұрышты глаукомамен хориоидтық жалқыққа әкеледі. Симптомдарға көру өткірлігінің төмендеуінің жедел басталуы немесе көздің ауыруы жатады, бұл әдетте препаратты қабылдау басталған сәттен бастап бірнеше сағатқа дейін байқалады. Жедел жабық бұрышты глаукоманы емдеудің болмауы көрудің қайтымсыз жоғалуына әкелуі мүмкін. Бастапқы емдеу дәрілік затты қабылдауды жедел тоқтатуда. Бақыланбайтын көзішілік қысым кезінде жедел медициналық немесе хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін. Жедел жабық бұрышты глаукоманың даму қауіп факторларына анамнезінде сульфонамидке немесе пенициллинге аллергиялық реакциялардың болуы жатады.
Тыныс алу жолдарының жедел уытты зақымдануы
Гидрохлоротиазидті қабылдағаннан кейін тыныс алу жолдарының жедел уытты зақымдануының, оған қоса жедел респираторлық дистресс-синдромының (ЖРДС) өте сирек ауыр жағдайлары туралы хабарланды. Өкпе ісінуі әдетте гидрохлоротиазидті қабылдағаннан кейін бірнеше минут немесе сағат ішінде дамиды. Басында симптомдарға ентігу, қызба, өкпе жағдайының нашарлауы және гипотензия жатады. Егер ЖРДС диагнозы күдіктенсе, Телзап Плюс препаратын қолдануды тоқтатып, тиісті емдеуді тағайындау керек. Гидрохлоротиазидті бұрын гидрохлоротиазидті қабылдағаннан кейін ЖРДС бастан өткерген пациенттерге тағайындауға болмайды.
Медицина қызметкерлерінің гидрохлоротиазидті қабылдау ЖРВИ дамуының ықтимал себебі болып табылатыны туралы хабардарлығын арттыру өмірге қауіп төндіретін реакциялардың қайталануына әкелетін қайта қабылдауды болдырмау үшін өте маңызды.
Қосымша заттар
Телзап Плюс 40 мг/12,5 мг таблеткалар: Бұл дәрілік заттың құрамында әр таблеткада 174,150 мг сорбитол бар.
Телзап Плюс 80 мг/12,5 мг таблеткалар: Бұл дәрілік заттың құрамында әр таблеткада 348,300 мг сорбитол бар.
Телзап Плюс 80 мг/25 мг таблеткалар: Бұл дәрілік заттың құрамында әр таблеткада 348,300 мг сорбитол бар.
Құрамында сорбитол (немесе фруктоза) бар бірге қолданылатын препараттардың аддитивті әсерін және сорбитол (немесе фруктоза) тамақпен бірге түсуін ескеру қажет.
Пероральді қолдануға арналған дәрілік препараттардағы сорбитолдың мөлшері бір мезгілде қолданылатын пероральді қолдануға арналған басқа дәрілік препараттардың биожетімділігіне әсер етуі мүмкін.
Фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.
Бұл дәрілік заттың құрамында бір таблеткада 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, басқаша айтқанда, іс жүзінде “құрамында натрий жоқ”.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Жүктіліктің бірінші триместрі кезінде ангиотензин II рецепторлары антагонистерін қолдану ұсынылмайды. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қолдануға болмайды.
Жүкті әйелдерде телмисартан/гидрохлоротиазид қолдану бойынша тиісті деректер жоқ.
Жүктіліктің бірінші триместрінде ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерінің тератогендік әсер ету қаупіне қатысты эпидемиологиялық деректер сенімді болған жоқ; алайда қауіптің елеусіз артуын жоққа шығаруға болмайды. Ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қолдану кезінде қауіп туралы бақыланатын эпидемиологиялық деректер болмаған кезде, мұндай қауіптер дәрілік препараттардың осы класы үшін болуы мүмкін. Ангиотензин II рецепторларының антагонистімен ұзақ уақыт емделуі қажет деп саналатын жағдайда, жүктілікті жоспарлайтын пациенттерге жүктілік кезінде қолданылған кезде белгіленген қауіпсіздік бейініне ие гипотензиялық дәрілермен емдеудің балама әдістеріне көшу қажет.
Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде ангиотензин II рецепторларының антагонистімен емдеудің әсері адамға фетоуыттылығын (бүйрек функциясының төмендеуі, олигогидрамнион, бассүйектің баяу сүйектенуі) және неонатальді уыттылықты (бүйрек жеткіліксіздігі, гипотензия, гиперкалиемия) туындататыны белгілі. Жүктіліктің екінші триместрінен АРАІІ қолданғанда бүйрек пен бассүйек функциясын тексеру үшін ультрадыбыстық зерттеу ұсынылады.
Аналары АРАII қабылдаған сәбилерге гипотензияның болуын мұқият бақылау қажет.
Гидрохлоротиазидті жүктілік кезінде, әсіресе бірінші триместрде қолдану тәжірибесі шектеулі. Гидрохлоротиазид плацента арқылы өтеді. Гидрохлоротиазидтің әсер етуінің фармакологиялық механизмін негізге ала отырып, оны екінші және үшінші триместрде қолдану фето-плаценталық перфузияға қауіп төндіруі мүмкін және шаранада сарғаю, электролиттік теңгерімнің бұзылуы және тромбоцитопения сияқты әсерлерді тудыруы мүмкін. Гидрохлоротиазидті қан плазмасы көлемінің төмендеуі және ауру ағымында оң әсер етпей плаценталық гипоперфузияның туындау қаупі себебінен гестациялық ісінулер, гестациялық гипертония немесе преэклампсия кезінде қолдануға болмайды.
Гидрохлоротиазидті емдеудің ешқандай басқа әдісін қолдануға болмайтын сирек жағдайларды қоспағанда, жүкті әйелдерде эссенциальді гипертензия кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Бала емізу кезінде телмисартан/гидрохлоротиазидті қолдану бойынша ақпараттың болмауы себебінен Телзап Плюс препаратын қабылдау ұсынылмайды және бала емізу кезінде, әсіресе жаңа туған немесе шала туған баланы емізу кезінде ең жақсы белгіленген қауіпсіздік бейінімен емдеудің балама әдістері қолайлы болып табылады.
Гидрохлортиазид ана сүтінде аздаған мөлшерде анықталды. Тиазидтерді жоғары дозаларда қолданғанда қарқынды диурез туындатып, сүт өндірілуін бәсеңдетуі мүмкін.
Фертильділік
Телмисартанның және гидрохлортиазидтің еркек пен әйелдің фертильділігіне әсері бақыланбады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Телзап Плюс сияқты гипертензияға қарсы препараттарды қабылдағанда бас айналуы және ұйқышылдық туындауы мүмкін, бұл көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда ескерілуі тиіс.