Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Темпалгин® M
Әсер етуші зат
Натрий метамизолы
Мақсаты
Шығу тегі әртүрлі, қарқындылығы әлсіз және орташа ауыру синдромын басу үшін
Өндіруші
Софарма
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
белсенді зат - натрий метамизолы моногидраты (100% түрінде) 500 мг.
қосымша заттар: бидай крахмалы, микрокристалды целлюлоза (101 типі), повидон К 25, тальк, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Беті тегіс, дөңгелек пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.
- шығу тегі әртүрлі, қарқындылығы әлсіз және орташа ауыру синдромын басу үшін
- басқа терапияға резистентті қызба синдромында.
Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антипиретиктер. Пиразолондар. Натрий метамизолы.
АТХ коды N02BB02
Әсер ету механизмі
• Оның негізгі әсер ету механизмі циклооксигеназаны басу арқылы простагландиндердің синтезін тежеу болып табылады. Бета-эндорфиндердің босап шығуын ынталандырады, эндогендік пирогендердің деңгейін төмендетеді және гипоталамустағы терморегуляция орталығына тікелей әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
• Натрий метамизолы айқын анальгетиктік және қызу түсіретін әсері бар пиразолондар тобына жататын анальгетик. Ол әлсіз спазмолитикалық әсер сияқты әлсіз қабынуға қарсы белсенділікке ие. Оның негізгі әсер ету механизмі циклооксигеназаны басу арқылы простагландиндердің синтезін тежеу болып табылады. Бета-эндорфиндердің босап шығуын ынталандырады, эндогендік пирогендердің деңгейін төмендетеді және гипоталамустағы терморегуляция орталығына тікелей әсер етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Метамизолмен емдеу 3-5 күннен артық созылмауы тиіс. Оны ұзақ уақыттық кезеңге немесе көрсетілгеннен жоғары дозаларда қолдану, емдеуші дәрігердің кеңесінен кейін ғана мүмкін болады.
Балалар
Темпалгин М 500 мг бір таблеткадағы метамизолдың 500 мг белгіленген мөлшеріне байланысты 15 жастан кіші балаларға ұсынылмайды. Одан кішкентай балаларда тиісті түрде дозалакуға болатын басқа дәрілік түрлер/дозалану қолжетімді.
Дозалау режимі
Доза ауырудың қарқындылығына немесе температураның жоғарылау дәрежесіне және метамизолға жекелей сезімталдығына байланысты.
Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер (салмағы > 53 кг)
Ересектер және 15 жастағы немесе одан асқан жасөспірімдер (салмағы 53 кг көп) бір реттік доза түрінде метамизолдың 1000 мг дейін (2 таблетка) қабылдай алады, оны 6-8 сағаттық аралықпен күніне 4 ретке дейін қабылдауға болады. 4000 мг (8 таблеткаға сәйкес келеді) ең жоғары тәуліктік доза болып табылады.
Айқын әсерін пероральді қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан кейін күтуге болады.
15 жасқа дейінгі балалар
Темпалгин® М 500 мг 15 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Бұл дәрілік препараттың басқа түрлері мен дозасы кіші жастағы балалар үшін қолжетімді; дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу ұсынылады.
Егде жастағы адамдар және жалпы денсаулық жағдайы нашар / бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Егде жастағы адамдарда, әлсіз пациенттерде және бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде доза азайтылуы тиіс, себебі метамизолдың ыдырау өнімдерінің шығарылуы баяулауы мүмкін.
Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер
Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде шығарылу жылдамдығы төмендейтіндіктен, қайталайтын жоғары дозалардан аулақ болған жөн. Қысқа мерзімді қолдану кезінде ғана дозаны төмендетудің қажеті жоқ. Ұзақ уақыт бойы қабылдаудың ешқандай тәжірибесі жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды ішке қабылдайды.
Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі
Доза ауырудың қарқындылығына немесе температураның жоғарылау дәрежесіне және метамизолға жекелей сезімталдығына байланысты.
Емдеу ұзақтығы
Метамизолмен емдеу 3-5 күннен артыққа созылмауы тиіс. Оны ұзақ уақыттық кезеңге немесе көрсетілгеннен жоғарылау дозаларда қолдану, дәрігерден кеңес алғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны жүйелі дозаға қосымша ретінде қабылдамау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер осы препаратты қолдануға байланысты кез келген қосымша сұрақтар пайда болса, дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну ұсынылады.
- егер Сізде әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық болса
- егер Сізде басқа пиразолондарға (мысалы, феназон, пропифеназон) немесе пиразолидиндерге (мысалы, фенилбутазон, оксифенбутазон) аса жоғары сезімталдық болса, оның ішінде осы препараттардың бірін енгізгеннен кейін пайда болған терінің ауыр реакциялары болса.
- егер Сізде салицилаттар, парацетамол, диклофенак, ибупрофен, индометацин, напроксен сияқты ауырсынуды басатындарға, бронх түйілуі немесе басқа анафилактоидты реакциялар (мысалы, есекжем, ринит, ангионевроздық ісіну) дамитын болса.
- егер Сізде жедел мезгіл-мезгіл бауыр порфириясы болса (порфирия ұстамаларының пайда болу қаупі).
- егер Сізде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі (гемолиз қаупі) болса.
- егер Сізде гипотония немесе тұрақсыз гемодинамика болса.
- жүтіліктің Ⅲ триместрі.
- егер Сізде бұрын метамизол немесе пиразолон немесе пиразолидин деп аталатын ұқсас дәрілік препараттар тудырған, гранулоциттер деп аталатын ақ қан жасушалары түрінің саны едәуір төмендеген болса.
- егер Сізде сүйек кемігінде проблемалар болса немесе қан жасушаларының пайда болу немесе функциясына әсер ететін ауруыңыз болса.
Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл дәрілік препарат барлығында байқала бермейтін жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Темпалгин® М қолдануды тоқтатыңыз және келесі симптомдардың кез келгені пайда болса дереу дәрігерге хабарлаңыз:
Дімкәстік (жүрек айну немесе құсу), жоғары температура, шаршау сезімі, тәбеттің болмауы, күңгірт несеп, ақшыл нәжіс, терінің немесе көз ағының сарғаюы, қышу, бөртпе немесе іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну. Бұл симптомдар бауыр зақымдануының белгісі болуы мүмкін. Сондай-ақ «Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз.
Темпалгин® М келесі жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін:
Жүрек бұзылулары
Коунис синдромы (аллергиялық себеп бойынша инфаркт)
Қан тамырларының бұзылулары
Кейде қолданғаннан кейін өтпелі және оқшауланған гипотензиялық реакциялар пайда болуы мүмкін (анафилаксиялық/анафилактоидты реакцияның басқа белгілерімен байланысты емес). Өте сирек жағдайларда бұл реакция қан қысымының күрт төмендеуімен көрінеді.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Сирек:
- Лейкопения (ақ қан жасушаларының тапшылығы)
- Өлімге әкелуі мүмкін жалпыланған анемияның (аплазиялық анемия) өте ауыр түрі
Өте сирек:
- Тромбоцитопения (қан аномалиясы (тромбоциттердің тапшылығы), көгерумен және қан кетуге бейімділікпен қоса жүреді).
- Агранулоцитоз (ақ қан жасушаларының саны өте төмен).
Панцитопения, өлімге әкелуі мүмкін өте ауыр қан аномалиясы. Келесі симптомдар белгісі болуы мүмкін:
• Темпалгин ® M қолданғаннан кейін жалпы жайсыздық сезімі
• бозару
• басылмайтын немесе қолданғаннан кейін пайда болатын қызба
• инфекция
• көгеру
• қан кету
Егер Сізде жоғарыда аталған белгілердің немесе симптомдардың кез келгені пайда болса, емдеуді дереу тоқтатыңыз және дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Сондай-ақ, егер қан кетуге бейім болсаңыз немесе теріңіздің астында нүктелі қан құйылуды байқасаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар және/немесе иммундық жүйе тарапынан бұзылулар.
- Терінің қызаруы, қышу, есекжем, терінің зақымдануы.
- Ісіну (сұйықтықтың жиналуы)
- Күйдіру сезімі
- Тұншығу
Бұл аса жоғары сезімталдық симптомдары шырышты қабықтарда, құлақтың сыртқы жарғақшасында және тыныс алу жолдарында пайда болуы мүмкін.
Бұған бейім пациенттерде олар өмірге қауіп төндіретін шок реакцияларына, кейде тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Бұл реакциялар тіпті бұрын Темпалгин® М-ді асқынусыз бірнеше рет қолданған пациенттерде де пайда болуы мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары көбінесе анальгетикке демікпе синдромы бар пациенттерде демікпелік ұстама түрінде көрінеді.
Терінің ауыр реакциялары
Жиілігі белгісіз
Метамизолды қолдануды тоқтатыңыз және келесі ауыр жағымсыз әсерлердің кез келгенін байқасаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз:
- денеде нысана немесе шеңбер түріндегі жалпақ қызғылт дақтар, көбінесе орталықта орналасқан күлдіреуіктермен, терінің қабыршақтануымен, ауыз қуысындағы, тамақтағы, мұрындағы, жыныс мүшелері мен көздегі ойық жаралармен қоса жүреді. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз) болуы мүмкін.
- Терінің ауқымды бөртпесі, дененің жоғары температурасы және лимфа түйіндерінің ұлғаюы (DRESS синдромы немесе дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромы).
Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар
Асқазан-ішек жайсыздығы пайда болуы мүмкін.
Асқазан-ішектен қан кету пайда болуы мүмкін.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жекелеген жағдайларда және артық дозалану кезінде несеп бөлінуінің төмендеуі және протеинурия (несепте ақуыздардың болуы) көрінетін жедел бүйрек проблемалары байқалады.
Кейде Темпалгин® М несепті қызыл түске бояйды, өйткені дәрілік препарат организмде қызыл түсті өнімге айналады. Бұл ешқандай қауіп тудырмайды.
Ауырсынуды басатын дәрілермен ұзақ уақыт емдеу бүйректің зақымдануына әкелуі мүмкін екенін ескерген жөн. Темпалгин® М бұл ешқашан байқалмаған.
Гепатобилиарлық бұзылулар
Жиілігі белгісіз (қолжетімді деректер негізінде бағалау мүмкін емес): Бауыр қабынуы, тері мен көз ағының сарғаюы, қандағы бауыр ферменттері деңгейінің артуы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары:
Артық дозалану кезінде келесі симптомдар пайда болуы мүмкін: жүрек айну, іш ауыруы, құсу, артериялық қысымның төмендеуі, ұйқышылдық, бас айналу, кома, құрысу және бүйректердің зақымдануы, сондай-ақ жүрек ырғағының бұзылуы. Сізде несеп ашық қызыл түске боялуы мүмкін.
Қабылдануы қажет әрекеттер:
Арнайы антидот белгісіз.
Қажет болған жағдайда тыныс алу жолдарын тазалап, қан айналымын қалпына келтіріңіз.
Құрысу жағдайында вена ішіне барбитураттар немесе диазепам енгізіңіз.
Таблеткаларды элиминациялау құсу немесе асқазанды жуу арқылы (ес-түссіз күйдегі пациенттерден басқа), сондай-ақ адсорбенттерді (белсендірілген көмірді) қолдану арқылы мүмкін болады.
Ес-түссіз күйдегі пациенттерді ауруханаға жатқызу керек. Сіздің организміңізде сіңірілген Темпалгин® М мөлшерін бүйректі жуып шаю немесе жасанды бүйректі емдеу арқылы жоюға болады. Осы емдеу кезінде жүректің жұмысын, қан айналымын және тыныс алуды бақылау қажет.
• Темпалгин® М құрамында бидай крахмалы бар
• Бұл дәрілік препараттағы бидай крахмалының құрамында глютеннің тек аздаған мөлшері бар, бұл целиакия (глютен жақпаушылығы) кезінде проблема туындатуы екіталай.
• Бір таблетканың құрамында 3,4 микрограмм глютен бар.
• Егер сізде бидайға аллергия бар болса (целиакиядан айырмашылығы бар жағдай), Сізге бұл препаратты қабылдамаған жөн.
• Темпалгин® М құрамында натрий бар
• Бұл дәрілік препараттың әр таблеткасының құрамында 32,7 мг натрий бар, бұл ересектер үшін ДДҰ ұсынған 2 г натрий ең жоғары тәуліктік дозаның 1,6% баламалы.
Арнайы ескертулер
Темпалгин® М қабылдаудан бұрын дәрігеріңізбен, фармацевтпен немесе мейірбикемен сөйлесіңіз.
Ақ қан жасушаларының ерекше төмен саны (агранулоцитоз)
Темпалгин® М қолдану агранулоцитозды тудыруы мүмкін, бұл кезде инфекциялармен күресуде маңызды рөл атқаратын гранулоциттер деп аталатын ақ қан жасушалары түрінің деңгейі өте төмен (4-бөлімді қараңыз) болады. Сіз метамизолды қабылдауды тоқтатып, келесі симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігерге баруыңыз керек, өйткені олар ықтимал агранулоцитоздың белгілері болуы мүмкін: қызба, жоғары температура, тамақтың қабынуы және шырышты қабықтардағы, әсіресе ауыз қуысында, мұрын мен тамақта немесе жыныс мүшелері немесе анус аймағында ауырсыну жаралары. Сіздің дәрігеріңіз қан жасушаларының деңгейін тексеру үшін зертханалық талдауларды тағайындайды.
Егер метамизол жоғары температураға байланысты қабылданса, даму сатысындағы агранулоцитоздың кейбір симптомдары байқалмауы мүмкін. Сол сияқты, егер Сіз антибиотиктермен емделсеңіз, симптомдары бүркемеленуі мүмкін.
Агранулоцитоздың дамуы Темпалгин® М қолдану кезінде кез келген сәтте және метамизолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін де мүмкін.
Сізде бұрын метамизолды қолдануда ешқандай проблема болмаса да, агранулоцитоз пайда болуы мүмкін.
- Келесі симптомдардың кез келгені пайда болғанда:
• Темпалгин® M қолданғаннан кейін жалпы жайсыздық сезімі
• бозару
• басылмайтын немесе Темпалгин® М қолданғаннан кейін пайда болатын қызба
• инфекция
• көгеру
• қан кету
Бұл симптомдар өте ауыр қан бұзылуының белгісі - панцитопения болуы мүмкін. Сондай-ақ «Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар» бөлімінен қараңыз «ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар (қажет болған жағдайда)». Емдеуді дереу тоқтатыңыз және дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Темпалгин® М қорапшасын дәрігерге көрсетіңіз. Басқа ауырсынуды басатын немесе қызуды түсіретін дәрілерді қолданбаңыз.
Метамизолмен емдеуге байланысты Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) көрінетін дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромын қоса алғанда, терінің ауыр реакциялары туралы хабарланады. «ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар (қажет болған жағдайда)» бөлімінде сипатталған терінің осы ауыр реакцияларына байланысты кез келген симптомдарды байқасаңыз, метамизолды қолдануды тоқтатыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Егер сізде ауыр тері реакциялары пайда болса, Темпалгин® М емдеуді кез келген уақытта қайта бастауға болмайды («ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар (қажет болған жағдайда)» бөлімінен қараңыз).
- Егер Сіз демікпеден немесе өте жиі риниттен зардап шегетін болсаңыз, ерекше сақтыққа ие болуыңыз дұрыс (мұрынның бітуімен және түшкірумен сипатталатын мұрынның шырышты қабығының қабынуы).
- Егер Сіз Темпалгин® М қолданғаннан кейін аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясының (анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар) дамуының ерекше қаупіне ұшырайтын болсаңыз. Мұндай жағдай:
• Егер Сіз бронх демікпесімен және тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекцияларымен ауыратын болсаңыз, тері бөртпесімен бірге болуы мүмкін.
• Егер сізде жиі полиптерден туындаған мұрынның шырышты қабығының қабынуы немесе риносинусит пайда болса.
• Егер сізде алкоголь, бояғыштар немесе консерванттар сияқты заттарға аллергия болса.
• Егер сізде ауырсынуды басатын дәрілерге тәуелділік болса.
- Бауыр проблемалары
Метамизол қабылдайтын пациенттерде бауыр қабынуы туралы мәліметтер бар, дегенмен симптомдар емдеу басталғаннан кейін бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі аралықта пайда болады.
Темпалгин® М қабылдауды тоқтатыңыз егер дімкәстік (жүрек айну немесе құсу), қызба, шаршау сезімі, тәбеттің болмауы, несептің қараңғы түске боялуы, нәжістің ашық түсі, терінің немесе көз ағының сарғаюы, қышыну, бөртпе немесе іштің жоғарғы бөлігінің ауырсынуы сияқты бауыр проблемаларын көрсететін симптомдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Сіздің дәрігеріңіз бауыр функциясын тексереді.
Егер Сіз бұған дейін құрамында метамизол бар дәрілік препараттарды қолдансаңыз және бауырда проблемалар болса, Сізге Темпалгин® М қабылдамау керек.
Жүктілік
Жүктіліктің алғашқы үш айында метамизолды қолдану туралы қолжетімді деректер шектеулі, бірақ эмбрионға зиянды әсерін көрсетпейді. Кейбір жағдайларда, емдеудің басқа нұсқалары болмаған жағдайда, дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңескеннен және метамизолдың пайдасы мен зияны арасындағы теңгерімді мұқият бағалағаннан кейін бірінші және екінші триместрлер ішінде метамизолдың бір реттік дозалары қолайлы болуы мүмкін. Осыған қарамастан, жалпы алғанда, жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде метамизолды қолдану ұсынылмайды.
Жүктіліктің соңғы үш айында Темпалгин® М препаратын қолдануға болмайды, себебі бұл ана мен бала үшін асқыну қаупін арттырады (қан кету, туылмаған балада Боталлов өзегі деп аталатын маңызды тамырдың мерзімінен бұрын жабылуы, бұл туылғаннан кейін ғана табиғи түрде жабылады).
Лактация кезеңі
Метамизолдың ыдырау өнімдері емшек сүтіне елеулі мөлшерде түседі және емшек еметін бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды, сондықтан емшек емізу кезінде метамизолды әсіресе қайта қолданудан аулақ болған жөн. Метамизолды бір рет қолданған жағдайда аналарға дозаны қабылдағаннан кейін 48 сағаттың ішінде емшек сүтін жинау және тастау ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Темпалгин® М препаратының жоғары дозаларын қабылдаған кезде көлік құралдарын басқаруға немесе белсенді түрде көңіл бөлуді қажет ететін машиналармен жұмыс жасауға болмайды, өйткені препарат зейінге жағымсыз әсерін тигізуі және күтпеген жағдайларда реакцияны нашарлатуы мүмкін.
Егер Сіз басқа дәрілік препараттарды қабылдайтын, жақын арада қабылдаған немесе қолдануыңыз мүмкін болса, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Егер Сіз циклоспоринмен емделіп жатсаңыз (трансплантациядан кейін қабылданбай ажырауға қарсы дәрілік препарат), осы дәрілік препараттың әсері Темпалгин® M қолданғаннан кейін әлсіреуі мүмкін.
Темпалгин® М көп жағдайда қарт жастағы пациенттерде метотрексаттан туындауы мүмкін бауыр зақымдануын күшейтуі мүмкін. Демек, Темпалгин® М мен метотрексатты біріктірілімде қабылдамаған дұрыс.
Темпалгин® М аспириннің тромбоциттерге агрегация әсерін әлсіретуі мүмкін. Демек, бұл біріктірілімді, егер сіз жүрегіңізді қорғау үшін аспирин қабылдайтын болсаңыз, ерекше сақтықпен қолдану керек.
Темпалгин® М қандағы бупропионның концентрациясын (депрессия кезінде немесе темекі шегуді тоқтату үшін қосымша зат ретінде пайдаланылатын дәрілік препарат) азайтып, оның белсенді метаболиттерінің концентрациясын арттыра алады. Сондықтан Темпалгин® M және бупропионды бір уақытта қолдану кезінде ерекше сақ болу ұсынылады.
Темпалгин® М белгілі бір зертханалық талдаулардың нәтижелеріне әсер етуі мүмкін (мысалы, Сіздің қаныңыздағы креатинин, триглицеридтер, ЖПВП холестерині және несеп қышқылы деңгейлерін өлшеу).
Сіз бауыр маңызды рөл атқаратын бірқатар дәрілік препараттарды қолданасыз. Егер Сіз Темпалгин® М-мен бір мезгілде келесі дәрілік препараттардың кез келгенін қабылдасаңыз, дәрігеріңізге хабарлаңыз, өйткені олардың организмдегі деңгейі мен клиникалық белсенділігі төмендеуі мүмкін:
• эфавиренц, АИТВ/ЖИТС-ті емдеу үшін қолданылатын дәрілік препарат;
• метадон, тыйым салынған есірткілерге (апиындар деп аталатын) тәуелділікті емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік препарат;
• вальпроат - эпилепсияны немесе биполярлық бұзылыстарды емдеу үшін қолданылатын дәрілік препарат;
• такролимус, трансплантацияны өткізген пациенттердің ағзаларының қабылданбай ажырауын болдырмау үшін қолданылатын дәрілік препарат;
• сертралин, депрессияны емдеу үшін қолданылатын дәрілік препарат
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.