Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Саудалық атауы
Тенотен
Әсер етуші зат
Анксиолитики другие
Мақсаты
Невроздық және неврозға ұқсас жағдайлар, психосоматикалық аурулар; жүйкенің ширығуы, ашушаңдық, үрей және вегетативті реакциялары жоғары болатын стрестік бұзылыстар
Өндіруші
ООО «НПФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: аффинді тазартылған миспецификалық S -100 ақуызына
антиденелер – 0,003 г*,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* лактоза моногидратына құрамы 10-15 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі тегіс цилиндр пішінді сызығы мен ойығы бар таблеткалар.
Сызығы бар тегіс бетінде MATERIA MEDICA деген жазуы бар, екінші тегіс бетінде TENOTEN деген жазуы бар.
- невроздық және неврозға ұқсас жағдайлар, психосоматикалық аурулар; жүйкенің ширығуы, ашушаңдық, үрей және вегетативті реакциялары жоғары болатын стрестік бұзылыстар.
- ОЖЖ орташа айқын органикалық зақымданулары, оның ішінде эмоционалдық фон тұрақсыздығымен, ашушаңдықпен, еске сақтаудың төмендеуімен, вегетативті бұзылулармен қатар жүретін жарақаттық және дисциркуляторлық шығу тегімен.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Препарат гипноздық және бұлшықет босаңсытатын жағымсыз әсерлерді тудырмай, тыныштандыратын, үрейге қарсы (ансиолитикалық) әсер етеді. Психоэмоционалды жүктемелерге төзімділікті жақсартады. Стресс-протекторлық, ноотропты, амнезияға қарсы, гипоксияға қарсы, нейропротекторлық, астенияға қарсы, депрессияға қарсы әсерге иеленген.
Уыттану, гипоксия жағдайында, ми қан айналымының жедел бұзылуынан кейінгі жағдайларда нейропротекторлық әсер етеді, зақымдану аймағын шектейді, орталық жүйке жүйесіндегі (ОЖЖ) оқу және есте сақтау үдерістерін қалыпқа келтіреді.
Липидтердің асқын тотығу үдерістерін тежейді.
Мидағы синапстық (ақпараттық) және метаболизмдік үдерістердің жанасуын жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалды белсенділігін модификациялайды. ГАМК -миметикалық және нейротрофиялық әсер ете отырып, стресс-лимитациялайтын жүйелердің белсенділігін арттырады, нейрональді иілгіштік үдерістерін қалпына келтіруге көмектеседі.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Тенотен шығу тегі әр түрлі үрейлі бұзылыстарды емдеу үшін тиімді және қауіпсіз дәрі болып табылады, бұл Гамильтон үрей шкаласы (HAM-A) бойынша жалпы баллдың елеулі төмендеуімен расталады. Тенотен препаратымен емнің 12 аптасынан кейін тәулігіне 4 таблетка дозасында емдегенде НАМ-А шкаласының орташа балының 11,25 баллға және тәулігіне 8 таблетка сызбасы бойынша 11,91 баллға плацебо тобындағы 9,71 баллға қарсы статистикалық маңызды төмендеуі байқалды. Тенотен препаратымен емнің плацебодан артықшылығы емнің 4 және 8 аптасынан кейін тәулігіне 8 таблетка сызбасы бойынша Тенотен препаратын қолданған жағдайда бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда НАМ-А шкаласының орташа балының елеулі төмендеуінен байқалды. Емнің 12 аптасынан кейін үрей айқындылығының 50% және одан жоғары клиникалық елеулі төмендеуіне 4 таблетка тәуліктік дозада Тенотен қабылдаған пациенттердің 69,8% және қатысушылардың 73,8% тәулігіне 8 таблетка сызбасы бойынша Плацебо тобындағы 53,9% қарсы қол жеткізілді, бұл клиникалық әсердің басталу мүмкіндігінің жалпы арақатынасын талдауды растады. 12 апта бойы тәулігіне 8 таблетка дозада Тенотен препаратымен ем HAM-А шкаласы бойынша тестілеу нәтижелері бойынша үрей жоқ пациенттер үлесінің 96,2% дейін (Плацебо тобында 86,7% қарсы) елеулі артуына ықпал етті. Жүргізіліп жатқан емнің әсерінен динамикада зерттеуге қатысушылардың өмір сапасы көрсеткіштерінің жақсарғаны атап өтілді. Өмір сапасы сауалнамаларының жиынтық баллдарының өзгерістерін статистикалық талдау деректері Тенотенмен емнің плацебодан сенімді артықшылығын растады.
Невроздық бұзылыстар кезінде Тенотен препаратының тиімділігі препараттың анксиолитикалық және депрессияға қарсы әсеріне байланысты. Тенотин соматикалық патология аясында, оның ішінде неврологиялық, жүрек-қантамыр, асқазан-ішек аурулары кезінде үрейлі спектрінің невроздық бұзылыстарын емдеудің тиімді дәрісі болып табылады, сонымен қатар Тенотен препаратын осы бұзылыстардың кешенді еміне қосу негізгі емдеудің тиімділігін арттыруға және пациенттердің өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.
Тенотеннің жағымсыз реакциялардың жоқтығымен расталған қауіпсіздіктің қолайлы деңгейі бар.
Дозалау режимі
Ішке. Бір қабылдауға – 1 немесе 2 таблетка (толығымен ерігенше ауызда ұстау керек – тамақтану кезінде емес). Күніне 2 рет қабылдау керек; қажет болғанда – тәулігіне 4 қабылдауға дейін. Емдеу курсы – 1-3 ай; қажет болғанда емдеу курсын 6 айға дейін созуға немесе 1-2 айдан соң қайталауға болады.
Емдеуді бастаған соң 3-4 апта ішінде жағдайдың тұрақты жақсаруы болмаса, дәрігерге қаралу керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препарат дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және басталған сызба бойынша препаратты қабылдау курсын жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі есеге арттыруға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балаларға
- Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін маркетингтен кейінгі бақылау негізінде есептеу мүмкін емес.
Егер препаратты қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар пайда болса, қабылдауды тоқтатып дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Артық дозалану кезінде препараттың құрамына кіретін қосымша заттар себеп болатын диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.
Қатысты емес.
Арнайы ескертулер
Препараттың құрамына лактоза моногидраты кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы, немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Тенотен препаратының әсерінде белсенділендіретін қасиетінің болуына байланысты соңғы қабылдау ұйықтағанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей жүзеге асырылуы керек.
Педиатрияда қолдану
Тенотен препараты балаларда қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тенотен көлік құралдарын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде Тенотен препаратын қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Жүктілік кезінде ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін потенциалды қаупін ақтайтын жағдайда ғана қолданылады. Препаратты қабылдау қажет болған жағдайда қауіп/пайда арақатынасын ескеру керек.
Осы уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Препаратты қолдану кезеңі ішінде пішінді ұяшықты қаптаманы өндіруші қарастырған картон қорапшада сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.