Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Саудалық атауы
Балаларға арналған ТЕНОТЕН
Әсер етуші зат
Другие лекарственные препараты
Мақсаты
Жоғары қозғыштық, ашушаңдық, үрей, мінез-құлық пен зейіннің нашарлауы, вегетативтік бұзылыстармен қатар жүретін невроздық және невроз тәрізді бұзылыстарда
Өндіруші
ООО «НПФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетка құрамында
белсенді зат – Аффинді тазартылған спецификалық ми S-100
ақуызына антиденелер – 0,003 г*.
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* лактоза моногидратына құрамы 10-16 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі жайпақ цилиндр пішінді сызығы мен ойығы бар таблеткалар. Сызығы бар жайпақ бетінде MATERIA MEDICA деген жазуы бар, екінші жайпақ бетінде TENOTEN KID деген жазуы бар.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1, 2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
– жоғары қозғыштық, ашушаңдық, үрей, мінез-құлық пен зейіннің нашарлауы, вегетативтік бұзылыстармен қатар жүретін невроздық және невроз тәрізді бұзылыстарда;
– зейін қою тапшылығы мен аса жоғары белсенділік синдромында.
Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.
АТХ коды V03AX.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Препарат гомеопатиялық болып табылады.
Препарат тыныштандыратын, үрейге қарсы (анксиолитикалық) әсер етіп, гипногенді және миорелаксантты жағымсыз әсерлерді туындатпайды. Психоэмоциональді жүктемелерге төзімділігін жақсартады. Стресс-протекторлы, ноотропты, амнезияға қарсы, гипоксияға қарсы, нейропротекторлы, астенияға қарсы, депрессияға қарсы әсерге ие.
Уыттану, гипоксия жағдайында, ми қан айналымы жедел бұзылғаннан кейінгі жағдайларда нейропротекторлы әсер етеді, зақымдану аумағын шектейді, орталық жүйке жүйесіндегі (ОЖЖ) оқыту және есте сақтау процестерін қалпына келтіреді.
Липидтердің асқын тотығу үдерісін тежейді.
Мидағы синапстық (ақпараттық) және метаболизмдік үдерістердің түйісуін жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалдық белсенділігін модификациялайды.
ГАМҚ-миметикалық және нейротрофикалық әсер ете отырып, стресс-шектейтін жүйелердің белсенділігін арттырып, нейрональді пластикалық үдерістерінің қалпына келуіне ықпал етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде балаларға арналған ТЕНОТЕН препаратының қауіпті бұзылулары бар және назар тапшылығы мен аса белсенділік синдромы (НТАС) бар балаларды емдеуде тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелді.
ТЕНОТЕН препаратын қолдану үрейлену бұзылыстары бар балалардағы балалар бастапқы мәндермен және плацебо салыстырғанда үрейлі бұзылулардың айқын көрінуінің елеулі төмендеуіне әкеледі. Ең айқын анксиолитикалық әсері кіші жас тобындағы (5-7 жас) пациенттерде байқалады, бұл балалардың үрейленуі шкаласының (SCAS) жиынтық балының осы жасқа арналған нормативтік көрсеткіштерге жақын деңгейге дейін төмендеуінен, сондай-ақ 8-15 жастағы балалардың сепарациялық үрейленуі, үрейлі шабуылдар және аграфобиясы бар балаларда байқалады. Кіші және үлкен жастағы балаларда әлеуметтік фобия деңгейін төмендетеді.
Назар тапшылығы және аса белсенділік синдромы (НТАС) кезінде әртүрлі дәрежедегі айқын көріну дәрежесі кезінде балаларға арналған ТЕНОТЕН препаратымен емдеу 12 апта ішінде елемеу және асабелсенділік/импульсивтілік көрсеткіштерін азайту, сондай-ақ когнитивтік функцияларды жақсарту түрінде айқын оң динамикамен қатар жүреді.
6 жастан 12 жасқа дейінгі жас тобында балаларға арналған ТЕНОТЕН НТАС (ADHDRS-IV-Home Version) симптомдарын бағалау шкаласы бойынша НТАС клиникалық көріністерінің елеулі азаюына әкеледі, ол бастапқы мәндерден жиынтық балдың 50% және одан жоғары төмендеуіне әкеледі. Осы шкала бойынша НТАС симптомдарының статистикалық елеулі редукциясы емдеу басталғаннан кейін 2 аптадан кейін байқалды және емнің 2 және 3 айы бойы одан да маңызды болды.
Балаларға арналған ТЕНОТЕН препаратының статистикалық мәні бар клиникалық тиімділігі коннерс шкаласы (CPRS) бойынша бағаланған, НТАС ауырлығының азаюы НТАС (CGI-ADHR-Severity) ауырлығының бағалау шкаласы бойынша анықталған. Препарат жеткілікті тимолептикалық, ноотропты, орташа бәсеңденетін әсерлерге, сондай-ақ жақсы төзімділікке және жоғары қауіпсіздікке ие.
Дозалау режимі
Ішке. Бір рет қабылдауға – 1-2 таблетка (толығымен ерігенше ауызда ұстау керек – тамақ қабылдағанда болмайды). Қажет болғанда қайнаған судың бөлме температурасындағы аздаған мөлшерінде таблетканы ерітуге болады.
Невроздық және невроз тәрізді бұзылыстар. 1 таблеткадан тәулігіне 1-ден 3 ретке дейін қабылдау керек, емдеу курсы – 1-3 ай. Қажет болғанда емдеу курсын 6 айға дейін созуға немесе 1-2 айдан соң қайталауға болады.
Зейін қою тапшылығы мен аса жоғары белсенділік синдромы. 2 таблеткадан тәулігіне 2 рет қабылдау керек, емдеу курсы – 1-3 ай.
Емдеуді бастаған соң 3-4 апта ішінде жағдайдың тұрақты жақсаруы болмаса, дәрігерге қаралу керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Препараттың дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және препараттың қабылдау курсын басталған сызба бойынша жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі еселеуге болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар
Препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
• препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық;
• 3 жасқа дейінгі балаларға;
• тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
Пайда болу жиілігі бойынша жағымсыз реакцияларды жіктеу үшін мынадай шарттар қолданылды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000, өте сирек (<1/10000), белгісіз (жиілік қолда бар деректер негізінде анықталмайды).
Препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Егер препаратты қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар пайда болса, қабылдауды тоқтату және дәрігерге жүгіну қажет.
Артық дозаланғанда препарат құрамына кіретін қосымша заттарға негізделген диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, диарея) болуы мүмкін. Емдеу препаратты тоқтату және симптоматикалық ем мысалы, пероральді регидратацияны (көп су ішу керек) тағайындау болып табылады,.
Қатысты емес.
Арнайы ескертулер
Айрықша нұсқаулар
Балаларға арналған ТЕНОТЕН препаратының әсерінде белсенділендіретін қасиетінің болуына байланысты соңғы қабылдау ұйықтағанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей жүзеге асырылуы керек.
Педиатрияда қолдану
Балаларға арналған ТЕНОТЕН препараты балаларда қолдануға арналған. Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Жүктілік және лактация кезеңінде Балаларға арналған ТЕНОТЕН препаратын қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Қабылдау қажет болған жағдайда қауіп/пайда арақатынасын ескеру керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Балаларға арналған ТЕНОТЕН көлік құралдарын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Осы уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.