Препаратты Трувада (тенофовир/эмтрицитабин), Атрипла (эфавиренз/эмтрицитабин/тенофовир) немесе Гепсера препаратымен (адефовир) бір мезгілде қолдануға болмайды. Антиретровирустық препараттармен емдеудің АИТВ және В гепатитінің басқа адамдарға берілу қаупінің алдын алмайтыны туралы пациенттерді хабардар ету керек. Жыныстық қатынас кезінде тиісті сақтық шараларын қадағалау керек.
Лактацидоз, майлы дистрофиямен бірге айқын білінетін гепатомегалия
Нуклеозидті аналогтарды, соның ішінде тенофовир дизопроксил фумаратын АИТВ жұқтырған адамдарда басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп қолданғанда, лактат-ацидоз және майлы дистрофиямен, кейде өліммен аяқталатын бауырдың ауыр ұлғаюы жағдайлары хабарланды. Науқаста клиникалық (ас қорыту жүйесі тарапынан – жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы; жалпы дімкәстік, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалуы; тыныс алу жеткіліксіздігі; неврологиялық симптомдар – қозғалыс функцияларының бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі) немесе зертханалық (қан сарысуындағы сүт қышқылы мөлшері 5 ммоль/л-ден жоғары) лактацидоз немесе айқын гепатоуыттылықты көрсететін белгілер болса, Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеуді тоқтату керек.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Тенофовирдің шығарылуы негізінен бүйрек арқылы жүреді. Тенофовирді клиникалық тәжірибеде қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі, креатинин концентрациясының жоғарылауы, гипофосфатемия, сондай-ақ Фанкони синдромы жағдайлары туралы хабарланды. Барлық науқастарда емді бастар алдында және егер клиникалық көрсетілім болса, Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеу кезінде креатинин клиренсін есептеу ұсынылады. Бүйрек қызметінің бұзылу қаупі бар емделушілерде, оның ішінде бұрын адефовирмен ем қабылдағанда бүйрек қызметінің бұзылуы анықталған емделушілерде есептік креатинин клиренсіне және сарысудағы фосфор концентрациясына жүйелі мониторинг жүргізілуі керек. Препаратты нефроуытты дәрілік препараттармен бір мезгілде немесе осы түрдегі препараттарды жақында қолданған жағдайда қолдануға болмайды. Креатинин клиренсі 30-дан 49 мл/мин дейінгі науқастарда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан дәрілік терапияның ықтимал пайдасы мен бүйрекке уытты әсерінің ықтимал қаупінің арақатынасын бағалау керек. Егер соған қарамастан препаратты қолдану қажет болса, онда препараттың дозалары арасындағы аралықтарды түзету қажет. Мұндай науқастарда бүйрек функциясын мұқият бақылау керек. Жағымсыз реакциялар проксимальды типті бүйрек тубулопатиясы салдарынан пайда болуы мүмкін: рабдомиолиз, остеомаляция (сүйек ауыруымен білінеді, кейде сынуға әкеледі), гипокалиемия, бұлшықет әлсіздігі, миопатия, гипофосфатемия. Бұл құбылыстардың дамуының себебі проксимальды типтегі бүйрек тубулопатиясы болмаған кезде тенофовир терапиясымен байланысты емес деп саналады.
АИТВ инфекциясын және В гепатиті вирусын жұқтырған науқастар
АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған емделушілерде Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін гепатиттің ауыр өршуі мүмкін. АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған емделушілерді емдеуді тоқтатқаннан кейін кем дегенде бірнеше ай бойы клиникалық және зертханалық тұрғыдан мұқият бақылау керек. Кейбір жағдайларда В вирустық гепатитін емдеуді қайта бастау қажет болуы мүмкін. Бауырдың ауыр аурулары (циррозы) бар науқастарда емдеуді тоқтату ұсынылмайды, өйткені терапияны тоқтатқаннан кейін пайда болатын гепатиттің өршуі бауыр функциясы декомпенсациясына әкелуі мүмкін.
Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеу басталғанға дейін В гепатиті вирусын жұқтырған барлық емделушілерде АИТВ антиденелеріне тестілеу қолжетімді болуы керек. Резистенттіліктің даму қаупіне байланысты Тенофовир дизопроксил фумаратын АИТВ инфекциясы және В гепатитін жұқтырған пациенттерді емдеуде тиісті антиретровирустық емнің бөлігі ретінде қолдану керек.
Липодистрофия
Антиретровирустық ем алатын науқастардың организмінде орталықтық типті семіздікті, арқа мен мойынға май тінінің шоғырлануын («бизон өркеші»), перифериялық май тінінің көлемінің төмендеуін және беттегі тері асты майы, сүт бездерінің гипертрофиясы және кушингоидты пішін деп аталатын май тінінің қайта бөлінуі/жиналуы байқалды. Бұл құбылыстардың механизмдері мен ұзақ мерзімді салдары әлі белгісіз, олардың белгілі бір препараттарды қолданумен себептік байланысы анықталмаған.
Сүйек жүйесіне әсері
Жануарларда тенофовирді енгізгеннен кейін сүйек тініне уытты әсерлер, оның ішінде сүйектің минералды тығыздығының төмендеуі байқалды. Дегенмен, препаратты ұзақ уақыт қолданудың клиникалық зерттеулерінде (3 жылдан астам) сүйек тінінде клиникалық маңызды патологиялық өзгерістер болған жоқ. Дегенмен, сүйек тініндегі патологиялық өзгерістер (кейде сынықтарға әкелетін) проксимальді бүйрек тубулопатиясы кезінде байқалуы мүмкін. Сүйек жүйесінің бұзылуларына күдіктенгенде тиісті маманнан кеңес алуға жүгінген жөн.
Ерте вирусологиялық тиімсіздік
АИТВ жұқтырған науқастарға жүргізілген клиникалық зерттеулерде тек үш нуклеозидті кері транскриптаза ингибиторларын қолдануды қамтитын бірқатар терапевтік режимдер, әдетте, екі нуклеозидті кері транскриптаза ингибиторларын нуклеозидті емес кері транскриптаза ингибиторымен немесе АИТВ-1 протеаза ингибиторымен біріктіріп қолдануды қамтитын үштік режимдерге қарағанда тиімдірек екендігі көрсетілген. Атап айтқанда, ерте вирусологиялық тиімсіздік және төзімділіктің дамуын анықтайтын мутациялардың жоғары жиілігі (ауыстыру түрі бойынша) туралы хабарланды. Осыған сүйене отырып, үш нуклеозидті ингибиторларды қолдануды көздейтін режимдерді сақтықпен қолдану керек. Терапия режимі тек үш нуклеозидті ингибиторларды қолдануды көздейтін науқастарды мұқият бақылау керек; мұндай жағдайларда емдеу режимін өзгертуді де қарастырған жөн.
Иммунитетті қалпына келтіру синдромы
Біріктірілген антиретровирустық ем қабылдайтын АИТВ жұқтырған пациенттерде иммунитетті қалпына келтіру синдромының дамуы байқалды.
Ауыр иммунитет тапшылығы бар науқастарда антиретровирустық емнің басында симптомсыз немесе резидуальды оппортунистік инфекцияларға жауап ретінде қабыну реакциясы пайда болуы мүмкін, бұл ауыр клиникалық жағдайлардың дамуына немесе симптомдардың ауырлығының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Мұндай реакциялар, әдетте, антиретровирустық терапияны қолданудың алғашқы бірнеше аптасында немесе айларында байқалады.
Цитомегаловирустық ретинит, жайылған және / немесе ошақтық микобактериялық инфекция және Pneumocystis jirovecii туындаған пневмония болуы соның мысалдары болуы мүмкін. Қабыну сипатындағы кез-келген симптомдар тиісті бағалауды және қажет болған жағдайда емдеуді бастауды қажет етеді. Пациенттер АИТВ-мен ауыратын пациенттерді емдеу тәжірибесі бар мамандардың мұқият клиникалық бақылауында болуы керек.
Арнайы ескертулер
В гепатиті вирусын жұқтырған барлық пациенттерге Тенофовир дизопроксилімен емдеуді бастағанға дейін АИТВ-ға тестілеуді ұсыну керек.
Балаларда қолдану.
Тенофовир дизопроксилін балаларда қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясы бұзылуының үлкен жиілігін, сондай-ақ қатарлас ауруларды немесе басқа дәрілік заттарды қабылдауды ескере отырып, егде жастағы пациенттер үшін дозаны сақтықпен таңдау керек.
АИТВ-1 бар пациенттер
Антиретровирустық емнің көмегімен вирусты тиімді басу инфекцияның жыныстық жолмен берілу қаупін едәуір төмендететіні дәлелденсе де, қалдық қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін сақтық шаралары қабылдануы керек.
ВВГ-ға шалдыққан пациенттер
Пациенттерге тенофовир дизопроксилінің әсері жыныстық қатынас кезінде немесе қан арқылы жұққанда басқа адамдарға ВВГ берілу қаупін болдырмау үшін дәлелденбегені туралы хабардар етілуі тиіс. Тиісті сақтық шараларын қолдануды жалғастыру қажет.
АИТВ-1 және В гепатит вирусының (ВВГ) ко-инфекциясы.
АИТВ-1 резистенттілігінің даму қаупіне байланысты, бір мезгілде АИТВ-1 және ВВГ жұқтырған пациенттерде Тенофовир дизопроксилі фумаратын емдеудің тиісті біріктірілген антиретровирустық схемасының құрамында ғана пайдалану керек. Тенофовир дизопроксилі фумаратымен антиретровирустық емді бастар алдында ВВГ жұқтырған барлық пациенттерге АИТВ-1 антиденесіне тест жүргізу ұсынылады. Сондай-ақ, АИТВ-1 шалдыққан барлық пациенттер Тенофовир дизопроксилі фумаратымен емдеуді бастар алдында созылмалы В гепатитінің бар болуына тексеруден өтуі ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр трансплантациясы бар пациенттерде қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректер шектеулі.
Декомпенсацияланған бауыр ауруы және Чайлд-Пью-Туркотт (ЧПТ) шкаласы бойынша балы > 9 болатын ВВГ жұқтырған пациенттерде Тенофовир дизопроксилі қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. Бұл пациенттерде бауыр немесе бүйрек тарапынан күрделі жағымсыз реакциялардың туындау қаупі жоғары болуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің осы популяциясында гепатобилиарлық және бүйрек көрсеткіштерін мұқият бақылау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Тенофовир дизопроксилін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. Сондықтан тенофовир дизопроксилін, егер емдеудің әлеуетті пайдасы ықтимал қауіптерден асып түседі деп саналса ғана қолдану керек. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ( креатинин клиренсі < 30 мл/мин) және гемодиализді қажет ететін пациенттерде тенофовир дизопроксилін қолдану ұсынылмайды. Егер баламалы ем болмаса, дозалау аралығын түзету және бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.
Креатинин клиренсі Тенофовир дизопроксилімен ем басталғанға дейін барлық пациенттерде есептелуі ұсынылады, ал бүйрек функциясы (креатинин клиренсі және сарысулық фосфат) емделудің екі-төрт аптасынан кейін, емдеудің үш айынан кейін және әрбір үш-алты айдан кейін, бүйректің қауіп факторлары жоқ пациенттерде де бақылануы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бар пациенттерде бүйрек функциясына жиі мониторинг жүргізу қажет.
Сондай-ақ, креатинин клиренсі < 50 мл/мин дейін төмендеген немесе қан сарысуындағы фосфат мөлшері < 1,0 мг/дл (0,32 ммоль/л) дейін төмендеген ересек пациенттерде Тенофовир дизопроксилімен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Тенофовирді дизопроксилімен емдеуді үзуді бүйрек функциясы үдемелі төмендеген жағдайда, ешқандай басқа себеп анықталмаған жағдайда да қарастырған жөн.
Тенофовир дизопроксилін ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясын талапқа сай бақылау керек.
Лактоацидоз
Бауырдың декомпенсацияланған ауруы секілді бейім факторлары бар пациенттер немесе лактоацидоз тудыратындығымен белгілі ілеспе препараттарды қабылдайтын пациенттер, тенофовир дизопроксилімен емдеу кезінде ауыр лактоацидоздың жоғары даму қаупіне, оның ішінде өліммен аяқталатын жағдайға ұшырайды.
Сүйектің минералды тығыздығының азаюы
Патологиялық сүйек сынуы немесе анамнезінде остеопороз немесе сүйектің рарефикациясы қаупінің басқа факторлары бар пациенттерде сүйектің минералдық тығыздығын (СМТ) бағалауды көздеген жөн. Егер сүйек өзгерістеріне күдік пайда болса, тиісті тексерулер жүргізу қажет. Тенофовир дизопроксилі фумаратының сүйек тінінің жағдайына әсері (остеопороздың серологиялық маркерлері және т.б.) және мүмкін сыну қаупінің дамуы белгісіз.
Иммундық реактивация синдромы
Иммундық жүйесі емдеуге жауап беретін пациенттерде БАРЕ бастапқы фазасында баяу немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға (Mycobacterium avium туындататын инфекциялар, цитомегаловирустық инфекция, Pneumocystis jirovecii (РСР) туындататын пневмония немесе туберкулез), қабыну реакциясы дамуы мүмкін, бұл қосымша тексеру мен емдеуді қажет етуі мүмкін.
Аутоиммунды бұзылулар (мысалы, Грейвс ауруы және аутоиммунды гепатит) иммундық реактивация жағдайында пайда болады. Алайда, аурудың басталу уақыты өзгергіш және бұл оқиғалар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін.
Остеонекроз Аурудың этиологиясы көп факторлы (кортикостероидтарды пайдалануды, алкогольді тұтынуды, айқын иммуносупрессияны, дене салмағының анағұрлым жоғары индексін қоса алғанда) болып саналғанымен, остеонекроз жағдайлары, әсіресе АИТВ-ның үдемелі ауруы және/немесе БАРЕ ұзақ әсер етуі бар пациенттерде хабарланды. Пациенттерге, егер олар буындардың ауыруын, буындардың қимыл шектелісі немесе қозғалыстың шектелуі сезінсе, дәрігерге қаралу ұсынылады.
Ерте вирусологиялық активация
Үш нуклеозидті схемаларды сақтықпен қолдану керек. Үш нуклеозидті режимді қолданатын емде жүрген пациенттерге қатаң мониторинг қажет.
Дәрілік препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
• Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті және басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.