Ибупрофенді қолданумен байланысты жағымсыз реакциялардың даму жиілігі: өте жиі (1/10); жиі (1/100-ден 1/10-ға дейін); жиі емес (1/1000-нан 1/100-ге дейін); сирек (1/10000-нан 1/1000-ға дейін); өте сирек (< 1/10000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілікті анықтау мүмкін емес). Терафлекс Адванс дозалары белгіленген біріктірілген препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакциялардың даму жиілігінің көрсеткіштерін есептеу мүмкін емес, өйткені бұл деректер тіркеуден кейінгі кезеңде берілетін хабарламаларға негізделеді. Осылайша, көрсетілген жағымсыз реакциялар «жиілігі белгісіз» көрсеткішімен қосылады.
Жағымсыз реакциялардың кестелік тізбесі
Ағзалар жүйесінің класы (MedDRA) — Жағымсыз реакциялардың даму жиілігі және түрі
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте сирек: қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз). Мұндай бұзылулардың алғашқы симптомдары қызба, тамақ ауруы, ауыз қуысының беткейлік ойық жаралары, тұмауға ұқсас симптомдар, айқын әлсіздік, қан кету және шығу тегі белгісіз тері астындағы қан кетулер.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Жиі емес: есекжем, қышу, бөртпе. Өте сирек: жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары, оның ішінде анафилаксия (анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар және шок), ангионевроздық ісіну (бет, тіл немесе көмей тіндерінің ісінуі), ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия. Көп формалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және уытты эпидермальді некролизді (УЭН) қоса, эксфолиативті және буллезді дерматиттер. Жиілігі белгісіз: бронх демікпесінің өршуі және бронх түйілуі.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар / психикалық бұзылулар — Жиі емес: бас ауыруы. Өте сирек: асептикалық менингит, әсіресе бұрын аутоиммунды аурулары бар пациенттерде (жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тінінің аралас аурулары). Жиілігі белгісіз: бас айналуы, ұйқышылдық.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар — Жиілігі белгісіз: көру қабілетінің бұзылуы.
Есту және тепе-теңдік мүшелері тарапынан бұзылулар — Жиілігі белгісіз: құлақтың шуылдауы.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар — Жиілігі белгісіз: ісіну, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары ҚҚСП қолдану аясында тіркелген.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Жиі емес: іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия. Сирек: диарея, метеоризм, іш қату, құсу. Өте сирек: пептидтік жара, тесілуі немесе асқазан-ішектен қан кету, мелена, қан құсу (кейбір жағдайларда өліммен аяқталады), әсіресе егде жастағы пациенттерде ойық жаралы стоматит пен гастрит дамуы мүмкін. Жиілігі белгісіз: ішектің жарғақша стриктуралары (әсіресе ұзақ емдеуде), колиттің және Крон ауруының өршуі.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Өте сирек: бауыр функциясының өтпелі бұзылуы.
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар — Жиі емес: есекжем, қышу, бөртпе. Өте сирек: көп формалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және уытты эпидермальді некролизді (УЭН) қоса, эксфолиативті және буллезді дерматиттер.
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар — Өте сирек: жедел бүйрек жеткіліксіздігі және папиллярлық некроз (әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда) қан плазмасындағы мочевина концентрациясының жоғарылауымен және ісінудің дамуымен бірге. Жиілігі белгісіз: бүйрек функциясының бұзылуы, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит.
Зертханалық және құрал-аспаптық деректер — Жиілігі белгісіз: қандағы аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы.
Әдебиетте сипатталған басқа да жағымсыз реакциялар:
экстрасистолдар мен алопеция 1200 мг хондроитин сульфатын қолданған кезде байқалды, бірақ бұл жағдайлар өте сирек кездеседі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz