Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем для наружного применения
Саудалық атауы
Терафлекс® Хондрокрем Форте
Әсер етуші зат
Прочие
Мақсаты
Тірек-қимыл аппаратының дегенеративті-дистрофиялық ауруларының кешенді емі құрамында: остеоартроз
Өндіруші
АО Нижфарм
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм кремнің құрамында
белсенді заттар: хондроитин натрий сульфаты 50 мг, мелоксикам 10 мг;
қосымша заттар: диметилсульфоксид, пропиленгликоль, макрогол цетостеарил эфирі, цетостеарил спирті [цетил спирті 60 % артық емес, стеарил спирті 40 % кем емес], сұйық парафин, вазелин, имидомочевина, натрий дисульфиті, cу.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Диметилсульфоксидтің иісі бар, жасылдау реңді ақшыл-сарыдан жасылдау реңді сары түске дейінгі крем.
Тірек-қимыл аппаратының дегенеративті-дистрофиялық ауруларының кешенді емі құрамында:
• остеоартроз
• омыртқа бағанының остеохондрозы; ауыру синдромымен қатар жүретін буынның өзге аурулары.
Әсер ету механизмі
Хондроитин сульфаты – D-глюкурон қышқылы және N-ацетил-D-галактозамин құрамына кіретін мукополисахарид. Экстрацеллюлярлық матрикстің маңызды компоненті, ең көп таралған шеміршек тіні спецификалық протеогликанды ядролық ақуыз молекуласының мукополисахариді. Хондроитин сульфаты теріс зарядталуына байланысты, ауырлық түсетін жүктемелерге төзімділікті қамтамасыз ете отырып, шеміршек тінінде су молекулаларын ұстап қалуға ықпал етеді. Гиалурон қышқылының синовиоциттермен синтезін стимуляциялайды, осылайша синовиальді сұйықтық тұтқырлығын демейді. Жаңа шеміршек тінінің негізгі компоненттері – коллаген және протеогликандардың өндірілуін стимуляциялайды, хондроциттердің метаболизмдік белсенділігіне әсер етеді. Ревматизм аурулары бар пациенттердің синовиальді сұйықтығында жоғары концентрацияда анықталатын лейкоцитарлық эластаза және гиалуронидаза белсенділігін бәсеңдетуге қабілетті. In vitro зерттеулерде, хондроциттер өсірінділерінде хондроитин сульфаты олардың пролиферациясын дозаға тәуелді стимуляциялайтын қабілеті анықталды.
Мелоксикам циклооксигеназа 2 таңдамалы тежейді, арахидон қышқылы метаболизмін бұзады, қабыну ошағында простагландиндер мөлшерін (ауыру және қабыну медиаторларын) азайтады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Хондроитин сульфаты буындардың ауыруын азайтады және олардың қозғалғыштығын жақсартады.
Мелоксикам – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі, қабынуға қарсы, анальгетикалық әсерге ие. Мелоксикам хондронейтральді препарат болып табылады, шеміршек тініне теріс әсер көрсеткен жоқ, буын шеміршегі хондроциттерімен протеогликан синтезіне әсер етпейді.
Терафлекс Хондрокрем Форте ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсер көрсететін біріктірілген әсерге ие, осылайша буындағы (крем жағу аймағында) қозғалыс көлемінің артуына ықпал етеді.
Клиникалық зерттеулер
Тізе буынының остеоартрозы бар пациенттерде Терафлекс Хондрокрем Форте препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу бойынша ашық салыстырмалы рандомизацияланған көп орталықты клиникалық зерттеу нәтижелері оның жоғары ауыруды басатын белсенділігін көрсетті. Терафлекс Хондрокрем Форте препаратымен емдеу аясында зерттеуге қатысушылардың ҚҚСП (диклофенак) қажетті қосымша қабылдау дозасы 2 еседен артық төмендеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: кремнің 1-ден 5 см дейінгі жолағын ақырын уқалай отырып, күніне 2-3 рет жағады. Препараттың қажет мөлшері ауыратын аймақтың көлеміне байланысты. Препаратты жаққанан кейін қолды мұқият жуу қажет. Емдеу курсы көрсетілімдерге және анықталған әсеріне байланысты. Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңесу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Препаратты бүйрек және бауыр функциясы бұзылған, асқазан-ішек жолының айқын патологиясы (өршу фазасындағы ойық жара ауруы), қан жүйесінің айқын патологиясы бар пациенттерге, сондай-ақ егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 2-3 рет.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңесу керек.
• препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
• басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға аса жоғары сезімталдық;
• препаратты жағу аймағындағы тері жабындысының тұтастығының бұзылуы;
• 12 жасқа дейінгі балалар;
• жүктілік және лактация кезеңі.
Өте сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, қызару, тері бөртпесі, есекжем, Квинке ісінуі);
• жанаспалы дерматит, буллезді дерматит, пустулезді бөртулер;
• бронх түйілу реакциялары, демікпе (тез қабылдайтын пациенттерге мелоксикамды қоса, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді тағайындағаннан кейін);
• фотосенсибилизация реакциялары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Сыртқа қолданған кезде препараттың белсенді компоненттерінің жүйелі сіңірілуі аса төмен болуына байланысты іс жүзінде артық дозалану мүмкін емес.
Препаратты ашық жараларға тигізуге жол бермей, тек зақымданбаған теріге жағу керек. Препараттың көзге және шырышты қабыққа түсуіне жол бермеу керек.
Арнайы ескертулер
Терафлекс Хондрокрем Форте кремін басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бірге қолданар алдында, сондай-ақ препаратты 2 аптадан артық пайдалану қажеттілігі кезінде дәрігермен кеңесу керек.
Қосымша заттар (диметилсульфоксид, пропиленгликоль, цетостеарил спирттері) тері тітіркенуін және/немесе жанаспалы дерматитті тудыруы мүмкін.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу немесе үйлесімсіздік жағдайлары сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.