Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г жақпамай құрамында:
белсенді зат: тетрациклин құрғақ затқа және белсенділікке шаққанда 1000 мкг/мг – 0,01 г.
қосымша заттар: сусыз ланолин, вазелин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарыдан сарғыш-қоңыр түске дейінгі жақпамай.
AТХ коды S01AA09
Әсер ету механизмі
Фармакодинамикалық әсерлері
Тетрациклиндер тобының бактериостатикалық антибиотигі. Микробқа қарсы әсер ету механизмі тасымалдағыш РНҚ және рибосома арасындағы кешен түзілуінің бұзылуымен байланысты, ол микроб жасушасында ақуыз синтезінің басылуына әкеледі.
Мыналарға қатысты белсенді:
- грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus spp. (оның ішінде Staphylococcus aureus, пенициллиназа өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus pyogenes, Streptococcus pneumoniae (Diplococcus pneumoniae), Bacillus anthracis, Listeria spp.;
- грамтеріс микроорганизмдер: Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Haemophilus ducreyi, Klebsiella pneumoniae, Neisseria gonorrhoeae, Bordetella pertussis, Enterobacter spp., Francisella tularensis (Pasteurella pestis), Salmonella spp., Shigella spp.;
- жасушаішілік (интрацеллюлярлы) және басқа да микроорганизмдер: Chlamydia trachomatis, Chlamydia spp., Mуcoplasma spp., Rickettsia spp., Treponema spp.
Тетрациклинге төзімді микроорганизмдер: Pseudomonas aeruginosa, Proteus spp., Serratia spp., Bacteroides spp. көптеген штаммдары мен зеңдері, вирустар, бета-гемолиздік стрептококктар А тобы (Streptococcus pyogenes штаммдарының 44 %-ын қоса), сондай-ақ 74 % Enterococcus (Streptococcus) faecalis штаммдары.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Жеке деректер жоқ. Қайта өндірілген препарат.
Балалар
Жеке деректер жоқ. Қайта өндірілген препарат.
Дозалау режимі
Жергілікті.
Жақпамайдың 0,5-тен 1 см дейінгі жолағын төменгі қабаққа салады:
- блефарит және бактериялық блефароконъюнктивит: күніне 3-4 рет.
- бактериялық кератит және кератоконъюнктивит: күніне 2-3 рет.
Егер 3-5 күн ішінде жағдай жақсармаса, дәрігермен кеңесу керек.
- мейбомит (теріскен): түнге қарай қабыну симптомдары қайтқанға дейін;
- трахома: 1-2 апта бойы 2-4 сағат сайын немесе жиі. Қабыну үдерісі бәсеңдегенде препаратты күніне 2-3 рет қолданады.
Емдеу ұзақтығы
Блефарит, бактериялық блефароконъюнктивит, бактериялық кератит, кератоконьюнктивит емдеу курсының ұзақтығы 5-7 күннен аспауы тиіс.
Трахоманы емдеу курсының ұзақтығы 1-2 айдан аспауы керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек. Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес ғана қолданыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы
- жүктілік, лактация кезеңі
- 8 жасқа дейінгі балалар
Барлық дәрілік препараттар сияқты, Тетрациклин көзге арналған жақпамай да жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді.
Дәрілік препаратты қолдануды тіркеуден кейінгі кезеңде келесі жағымсыз реакциялар байқалды, олардың жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес):
- аллергиялық реакциялар
- қабақтың гиперемиясы және ісінуі
- көру арқылы қабылдаудың өтпелі айқын болмауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратты қолданған кезде артық дозалануы екіталай.
Арнайы ескертулер
Құрамында ланолин бар, ол жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аппликациядан кейін көру өткірлігін уақытша жоғалтқан пациенттерге оны қалпына келтіргенге дейін көлік құралдарын басқару және аса зейін қоюды қажет ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Анықталмады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Қаптаманы алғаш ашқаннан кейін 6 аптадан асырмай сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.