Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат: тетрациклин гидрохлориді, 3,226 г (тетрациклинге шаққанда, 3,000 г);
қосымша заттар: сусыз ланолин, церезин, натрий дисульфиті (натрий пиросульфиті), вазелин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сары түсті біртекті жақпамай.
Препарат ересектерге және 11 жастан асқан балаларға қолдануға көрсетілген.
- жұмсақ тіндердің іріңді инфекциялары
- фурункулез
- инфекция жұқтырған экземалар
- бөртпе, безеулік бөртпе
- фолликулит
Әсер ету механизмі
Тетрациклиндер тобының әсер ету ауқымы кең бактериостатикалық антибиотигі. Тасымалдағыш РНҚ мен рибосома арасындағы кешеннің түзілуін бұзады, бұл ақуыз синтезінің бәсеңдеуіне әкеледі.
Фармакодинамикалық әсері
Грамоң микроорганизмдерге (Staphylococcus spp. оның ішінде пенициллиназа өндіретін; Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae), Haemophilus influenzae, Listeria spp., Bacillus anthracis) және грамтеріс микроорганизмдер (Neisseria gonorrhoeae, Bordetella pertussis, Escherichia coli, Enterobacter spp., Klebsiella spp., Salmonella spp., Shigella spp., сондай-ақ Rickettsia spp., Chlamydia spp., Mycoplasma spp., Treponema spp.) қатысты белсенді.
Төзімді: Pseudomonas aeruginosa, Proteus spp., Serratia spp., көптеген Bacteroides spp. штаммдары және зеңдері, вирустары, А тобы бета-гемолиздік стрептококктары (44 % Streptococcus pyogenes штаммдары мен 74 % Streptococcus faecalis штаммдарын қоса).
Дозалау режимі
Жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне тәулігіне 1-2 рет жағады (окклюзиялық таңғышты төсеуге болады).
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қатерінің болуын көрсету
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- 11 жасқа дейінгі балалар
Аллергиялық реакциялар:
• дызылдау
• тері гипермиясы
• ісіну
• тітіркенудің басқа да белгілері
• фотосенсибилизация
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты терінің ауқымды бөліктеріне дұрыс қолданбағанда немесе ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем жүргізіледі.
Жоқ.
Арнайы ескертулер
Терең немесе шаншылған жараларда, ауыр түрдегі күйіктерде, офтальмологияда (1 % көз жақпамайын пайдаланады) қолдану ұсынылмайды.
Сыртқа қолдануға арналған бактерияларға қарсы дәрілерді пайдалану жоғары сезімталдық реакциялар дамуымен қатар жүретін организмнің сенсибилизациясына әкелуі мүмкін.
Егер 2 апта аралығында жағдайы жақсармаса, дәрігерден кеңес алу керек.
Педиатрияда қолдану
Препарат 11 жастан бастап балаларға қолдануға рұқсат етілген. Талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер 11 жасқа дейінгі балаларға жүргізілген жоқ; осы санаттағы пациенттер үшін дозасы анықталған жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы шарана мен бала үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Алайда, ұзақ уақыт емдеу қажет болғанда, бала емізуді тоқтату жайлы мәселені шешіп алу керек, өйткені тетрациклиннің емшек сүтіне өтуінің теориялық ықтималдығы бар.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын жүргізу қабілетіне және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін басқа да ықтималдығы зор қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.
Препаратты құрамында металл (алюминий, кальций, магний, висмут, марганец, мырыш, темір) иондары бар сыртқа қолданылатын дәрілермен бірге қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.