Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
150 мг
Саудалық атауы
Тетурам
Әсер етуші зат
Дисульфирам
Мақсаты
Алкогольге тәуелділіктің қайталануының алдын алу үшін адъювантты емде
Өндіруші
ПАО НПЦ «Борщаговский ХФЗ»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 150 мг дисульфирам (100 % құрғақ затқа шаққанда),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, жиегі кертілген (ойығы) және сызығы бар беткейі тегіс, ақ немесе сәл сарғыш-жасыл реңді ақ түсті таблеткалар.
- алкогольге тәуелділіктің қайталануының алдын алу үшін адъювантты емде
Әсер ету механизмі
Созылмалы алкоголизмді емдеуге арналған дәрі. Этил спиртінің метаболизміне қатысатын ацетальдегиддегидрогеназа ферментін тежейді, ол ацетальдегид – этанолдың аралық метаболиті концентрациясының жоғарылауына әкеледі.
Фармакодинамикалық әсері
Бұл метаболит бірқатар жағымсыз сезінулерді: бетке қан тебуін, жүрек айнуын, құсуды, дімкәстік сезімі, тахикардияны, артериялық қысымның төмендеуін туындатуға қабілетті, бұл препаратты қабылдаудан кейін алкоголь қабылдауды мүлдем жағымсыз етеді және спиртті ішімдіктің түріне және иісіне деген тұрақты теріс шартты рефлекс қалыптасуына мүмкіндік береді.
Дозалану режимі
Препаратты таңертең тамақтанудың алдында ашқарынға 0,45 г-ден тағайындайды. Препаратпен емдеуді әдетте классикалық сызба бойынша жүргізеді.
Алғашқы дисульфирам-алкогольдік сынаманы ем басталғаннан соң 7-10 күннен кейін жүргізеді. Препаратты таңертеңгі қабылдаудан кейін науқас 20-30 мл алкогольді ішімдікті, көбінесе 40% арақты қабылдайды. Қайталама сынамаларын стационар жағдайында 1-2 күннен кейін, амбулаторлық жағдайда – 3-5 күн өткеннен кейін жүргізеді. Әлсіз реакция кезінде алкогольді ішімдіктің дозасын кезекті сынамада 10-20 мл-ге арттырады. Арақтың ең жоғары дозасы 100 - 120 мл.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 1 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу басталғаннан бастап 1-3 жыл ішінде препараттың дозасын тәулігіне 0,15-0,3 г дейін біртіндеп төмендетеді. Жекелеген жағдайларда дәрігер емдеуді дербес сызба бойынша жүргізеді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Егер сіз препараттың дозасын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, бұл дозаны толығымен өткізіп жіберіп, келесі дозаны әдеттегі уақытында қабылдаңыз. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қолданбаңыз.
- тыныс алудың ауыр жеткіліксіздігі
• бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
• бүйрек жеткіліксіздігі
- жүрек-қантамырлық бұзылыстар
- қант диабеті
- неврологиялық және психикалық бұзылыстар
- эпилепсия
- дисульфирамды қабылдағанға дейін соңғы 24 сағат ішінде құрамында алькоголь бар спиртті сусындарды немесе дәрілік препараттарды қолдану
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Өте жиі
- бас ауыруы
-шаршағыштық
Жиі
- ұйқышылдық
- дисгевзия (ауызда дәмнің «темір» татуы)
- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
Сирек
• шеткері полинейропатиялар (сенсорлық және қимыл-қозғалыс бұзылулары)
Белгісіз
• гепатит (негізінен цитолиздік)
- бауыр трансплантациясын талап етуі немесе өліммен аяқталуы мүмкін бауыр жеткіліксіздігімен немесе шұғыл дамитын гепатитпен қатар жүретін ауыр жағдайлар
- сананың шатасуы, психоневрологиялық бұзылыстар, психоздық бұзылыстар және елестеулер
- дисульфирамды тоқтатқаннан кейін әдетте қайтымды болатын көру жүйкесінің невриті, жадыны жоғалту, құрысулар, энцефалопатия
- артериялық гипертензия
- жүрек айнуы, құсу, гастралгия, диарея, ауыздан жағымсыз иістің шығуы (галитоз), нәжістің өзгеше иісі болуы
- аллергиялық дерматит.
Дисульфирам-алкоголь біріктірілімімен байланысты жағымсыз реакциялар
Белгісіз
- неврологиялық асқынулар (сананың шатасуы, энцефалопатия және құрысулар)
- тахикардия, жүрек ырғағының бұзылулары, стенокардия ұстамалары, миокард инфаркті, кенеттен болатын өлім
- бетке қарқынды қан тебу, артериялық гипотония, жүрек-қан тамырлық коллапс
- тыныстың тарылуы
- құсу, жүрек айнуы
- эритема
- хал-ахуалдың нашарлауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: дисульфираммен ғана артық дозалану энцефалопатия сияқты күрделі неврологиялық бұзылуларға әкелуі ықтимал және сананың шатасуы және кома, құрысулар және экстрапирамидалық симптомдар сияқты сананың бұзылу себептері болуы мүмкін.
Этанолмен біріктірілген дисульфираммен артық дозалану комаға немесе психиканың бұзылу синдромына, кейде неврологиялық асқынулары болатын жүрек-қан тамырлық коллапсқа әкелуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық.
Дисульфираммен байланысты
Бауыр трансплантациясын қажет етуі немесе өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін ауыр уытты гепатит жағдайлары туралы хабарланды. Гепатитке күдік болғанда (астения, анорексия, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы немесе сарғаю), дереу клиникалық тексеруден өту және бауыр функциясының зертханалық мониторингін жүргізу керек (4.8 бөлімін қараңыз).
Дисульфираммен емдеу кезінде сананың шатасулары, жүйке-психикалық бұзылыстары, психоздық бұзылыстар және елестеулер болғаны туралы хабарланды. Дәрігерлер өз пациенттеріне, тіпті егер оларда мұндай проблемалар ешқашан болмаса да, психоздық бұзылыстар мен елестеулер қаупі туралы хабардар етуі тиіс. Дәрігерлер психикалық симптомдардың пайда болуын қадағалап, пациенттер мен оларға күтім жасаушыларға емдеу кезінде оларда психикалық симптомдар пайда болса, дереу өзінің емдеуші дәрігеріне қаралуына кеңес беруі тиіс (4.8 бөлімін қараңыз).
Дисульфирам мен алкоголь біріктіріліміне байланысты
Пациенттерді антабус әсерінің қаупі туралы хабардар ету керек (4.5 бөлімін қараңыз). Дисульфирам-алкогольдік реакциясы: бұл реакция (антабус әсері) дисульфирам қабылдаған пациенттерде алкогольді тіпті аз мөлшерде ішкенде де пайда болады. Басқа дәрілік заттардың құрамында алкоголь болған кезде (әсіресе пероральді қолдануға арналған ерітінділерде), тағамда, сонымен қатар қырыну құралдары мен иіс су сияқты күтімге арналған керек-жарақтарды қолданған кезде абай болу керек.
Жағымсыз симптомдар (беттің қызаруы, эритема, жүрек айну және құсу, өзін нашар сезіну, тахикардия, артериялық гипотония) алкогольді қабылдағаннан кейін 10 минуттан соң пайда болады және жарты сағаттан бірнеше сағатқа дейін созылады.
Алкогольмен реакциялар дисульфирам тоқтатылғаннан кейін 2 апта ішінде пайда болуы мүмкін. Ауыр реакциялар туралы хабарланды: жүрек ырғағының бұзылуы, стенокардия ұстамасы, жүрек-қан тамырлары коллапсы, миокард инфарктісі, тыныс алу бәсеңдеуі, неврологиялық төтенше жағдайлар (сананың шатасуы, энцефалопатия және құрысулар), кенеттен болатын өлім.
Дисульфирамды келесілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
- алкогольмен және құрамында спирт бар дәрілермен
- изониазидпен
- метронидазолмен
- фенитоинмен, фосфенитоинмен (4.5 бөлімін қараңыз).
Сақтық шаралары
Емдеуді нарколог-дәрігердің бақылауымен бастау қажет.
Науқас препараттың қасиеті мен ерекшеліктері туралы хабардар етілуі тиіс. Алкогольді немесе құрамында этанол бар дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаудың ықтимал салдары туралы пациентке ескерту қажет. Тетурам пациентке ескертілмей тағайындалмауы тиіс.
Тетурамды пациентті жан-жақты (клиникалық және зертханалық) медициналық тексеруден кейін ғана тағайындайды.
Дисульфираммен емдеуді бастамас бұрын трансаминазалар деңгейін анықтауды қоса алғанда, бауыр функциясына зертханалық диагностика (4.3 бөлімін қараңыз) жүргізу керек, содан кейін айына кемінде бір рет, әсіресе емдеудің алғашқы 3 айында жүйелі түрде зерттеу керек.
Трансаминазалар деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе және одан астам жоғарылауы емдеуді дереу және ұзақ уақыт тоқтатуды талап етеді. Содан кейін пациенттерді бауырға жүргізілетін тесттер толығымен қалыпқа келгенше мұқият бақылау керек.
Дисульфирамды гепатиттің даму қаупінің жоғарылауына байланысты никель экземасы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек (4.8 бөлімін қараңыз).
Дисульфирамды жүктіліктің кез келген мерзімінде, сондай-ақ контрацепция шараларын қолданбайтын, бала туу жасындағы әйелдерде қолдану ұсынылмайды (4.6 бөлімін қараңыз).
Препараттың бір таблеткасының құрамында 0,054 ммоль (1,24 мг) натрий бар, яғни препараттың бір реттік дозасы құрамындағы натрий 0,16 ммоль (3.72 г). Бір реттік дозасы құрамындағы натрий 1 ммольден аз (23 мг) препараттар «натрийсіз» болып саналады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге бұл препаратты қолдануға болмайды.
Жануарларды зерттеу деректері нақты емес, ал клиникалық деректер жеткіліксіз. Сондықтан дисульфирамды жүктілік кезінде оның мерзіміне қарамастан, сондай-ақ контрацепциялық заттарды қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдерде қолдану ұсынылмайды. Алкогольді қабылдау кезіндегі айтарлықтай антабус әсерінің дамуы шарана үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Дисульфираммен емдеу кезінде баланы емізу ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Емнің басындағы ұйқышылдық даму қаупі көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруды қауіпті етуі мүмкін.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Алкоголь (сусын сияқты немесе дәрілік препараттың қосымша заты ретінде): дисульфирамдық реакциялар (ысыну сезімі, терінің қызаруы, құсу, тахикардия). Дәрілік препарат пациенттің организмінен толығымен шығарылғанға дейін алкогольді сусындар мен құрамында алкоголь бар дәрілерді қабылдаудан аулақ болу керек. Препараттың жартылай шығарылу кезеңін бағдарға алу керек.
Изониазид: мінез-құлық пен қозғалыс үйлесімінің бұзылуы ықтимал.
Нитроимидазолдар (метронидазол, ординазол, секнидазол, тинидазол): бұл біріктірілімді тоқтатқанда қайтымды болатын жедел психоз эпизодтарының немесе сананың шатасуы пайда болу қаупі.
Фенитоин (және фосфенитоинге экстраполяциялаумен): қан плазмасындағы фенитоин деңгейінің (оның метаболизмінің бәсеңдеуі салдарынан) уыттылық көрініс бере отырып, елеулі және жылдам жоғарылауы. Егер мұндай біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, дисульфираммен емдеу кезінде және одан кейін клиникасын бақылап, қан плазмасындағы препараттың концентрациясына бақылау жүргізу керек.
Шара қолдануды талап ететін біріктірілімдер
Варфарин (ішу арқылы қабылданатын басқа да антикоагулянттарға экстраполяциялаумен): ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар әсері мен қан кету қаупінің жоғарылауы (бауырда варфарин метаболизмінің төмендеуі). Емдеу үдерісінде және дисульфирамды тоқтатқаннан кейін 8 күн бойы ХҚҚ жиірек бақылау және антикоагулянттар дозасын түзету ұсынылады.
Ескерілуі керек біріктірілімдер
Кокаин: дисульфирам кокаин метаболизмінің бәсеңдеуін тудыруы мүмкін, бұл қан плазмасындағы кокаин концентрациясының елеулі жоғарылауына және QT аралығының ұзару қаупінің артуына әкеледі. Кокаин қабылдайтын пациенттерге дисульфирамды сақтықпен қолдану керек.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.