Әсер ету механизмі
Долутегравир интегразаның белсенді аймағымен байланыса және АИТВ репликациясының циклі үшін қажетті ретровирусты дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) интеграциясы кезінде тізбектердің ауысу кезеңін бөгей отырып, АИТВ интегразаны тежейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Вирусқа қарсы in vitro белсенділігі
Шеткері қанның мононуклеарлық жасушаларын (ШҚМЖ) пайдалана отырып, әртүрлі зертханалық штаммдар үшін ӨЕ50 долутегравирдің мәні 0.5 нМ құрады, ал МТ-4 жасушаларын пайдаланған кезде 0.7-2 нМ диапазонында болды. Клиникалық изоляттар үшін ӨЕ50-дің ұқсас мәні кіші типтер арасында қандай да бір елеулі айырмашылықтарсыз байқалды; А, B, C, D, E, F және G филогенетикалық тармақтарының АИТВ-1 24 изоляттарының және О тобының панелінде ИК50-нің орташа мәні 0.2 нМ (диапазоны 0.02-2.14) құрады. АИТВ-2 3 изоляты үшін ӨЕ50 орташа мәні 0.18 нМ (диапазоны 0.09-0.61) құрады.
Басқа вирусқа қарсы препараттармен біріктірілімдегі вирусқа қарсы белсенділік
Вирусқа қарсы белсенділік басқа вирусқа қарсы препараттармен біріктірілімде in vitro жағдайында долутегравирді және зерттелетін басқа антиретровирустық препараттарды: ставудинді, абакавирді, эфавирензді, невирапинді, лопинавирді, ампренавирді, энфувиртидті, маравирокты және ральтегравирді қолданғанда антагонизм болған жоқ. Сонымен қатар, адефовирдің долутегравирге антагонизмі байқалмады, ал рибавирин долутегравирдің белсенділігіне айтарлықтай әсер етпеді.
Адам сарысуының әсері
Адамның қан сарысуының 100% - ында долутегравир белсенділігінің өзгеру жиілігінің орташа мәні 75-ті құрады, нәтижесінде ақуызға түзетілген ӨЕ90 0.064 мкг/мл құрады.
Резистенттілігі
In vitro жағдайындағы резистенттілігі
In vitro резистенттіліктің дамуы сериялық пассаж арқылы зерттелді. Ұзақтығы 112 күнді құрайтын пассаж кезінде АИТВ-1 IIIВ зертханалық штаммын пайдалану кезінде алынған мутациялар S153Y және F позицияларында ауыстырыла отырып, баяу дамыды, нәтижесінде сезімталдықтың ең жоғары 4 еселік өзгеруін туындатты (диапазоны 2-4). Бұл мутациялардың селекицялары клиникалық зерттеулерде долутегравир қабылдаған пациенттерде болған жоқ. NL432 штаммын қолданған кезде E92Q (өзгеру еселігі (ӨЕ) 3) және G193E (ӨЕ 3) мутациялары алынды. Бұл мутациялар ральтегравирге бұрыннан резистенттілігі бар, долутегравирмен ем қабылдаған пациенттерде бөлінді (долутегравирді қабылдау кезінде қайталама мутациялар ретінде аталған).
В кіші типінің клиникалық изоляттарын қолдана отырып, селекциямен жүргізілген кейінгі тәжірибелерде барлық бес изолятта (20 аптадан кейін және одан әрі) R263K мутациясы анықталды. С (n = 2) және A/G (n = 2) кіші типтегі изоляттарда R263K интегразасының алмасуы бір изолятта, ал G118R екі изолятта болды. Бұрын клиникалық зерттеулер бағдарламасында антиретровирустық ем қабылдаған және интеграза тежегіштерін қабылдамаған, бірақ in vitro долутегравирге сезімталдыққа әсер етпейтін В кіші типі және С кіші типі изоляттары бар екі жеке пациентте R263K мутациясы туралы хабарланды. G118R мутациясы сайтқа бағытталған мутанттарға (ӨЕ 10) долутегравирге сезімталдықты төмендетеді, бірақ III фазалы зерттеу бағдарламасында долутегравирді қабылдаған пациенттерде ол анықталған жоқ.
Ральтегравирге/элвитегравирге (Q148H/R/K, N155H, Y143R/H/C, E92Q, T66I) бастапқы мутациялар in vitro жағдайында долутегравирдің жалғыз мутация ретіндегі сезімталдығына әсер еткен жоқ. Интеграза тежегішімен байланысты қайталама ретінде көрсетілген мутациялар (ралтегравир/элвитегравир үшін) сайтқа бағытталған мутациялармен жүргізілген эксперименттерде бастапқы мутацияларға (Q148 қоспағанда) қосылған кезде, белгілі бір қайталама мутациялар біріктірілімінде өзгеру жиілігі 5-10 немесе одан көп болған Q148 мутация жағдайларын қоспағанда, долутегравирге сезімталдық өзгермейді (ӨЕ < 2 жабайы типті вируспен салыстырғанда). Q148 мутациясының әсері (H/R / K) сайтқа бағытталған мутациялармен өту тәжірибелерінде де сыналды. NL432 штаммының сериялық өтуі кезінде, N155H немесе E92Q мутациялары бар сайтқа бағытталған мутанттардан бастап, одан әрі резистенттілік селекциясы байқалмады (ӨЕ өзгеріссіз қалды және шамамен 1). Керісінше, Q148H (ӨЕ 1) мутациясы бар мутанттардан басталатын пассаж кезінде әр түрлі қайталама мутациялар байқалды, содан кейін ӨЕ> 10-ға дейін артты.
Фенотиптің клиникалық маңызды шекті көрсеткіші (жабайы типті вируспен салыстырғанда ӨЕ) анықталмаған, нәтиженің неғұрлым жақсы болжамдық факторы генотиптік резистенттілік болды.
Долутегравирге сезімталдыққа талдау ралтегравирге төзімді жеті жүз бес изолятта жүргізілді, олар ралтегравирді қабылдаған пациенттерден алынды. Долутегравир 705 клиникалық изоляттардың 94% қатысты ӨЕ кем дегенде 10 тең.
In vivo жағдайындағы резистенттілігі
IIb фазалы мен III фазалы зерттеу шеңберінде 2 КТНТ (кері транскриптазаның нуклеотидтік тежегіші) + долутегравир қабылдайтын бұрын ем алмаған пациенттерде интеграза немесе КТНТ тежегіштерінің кластарына резистенттіліктің дамуы (n = 1118, 48-96 апта ішінде кейінгі бақылау) байқалған жоқ.
GEMINI зерттеулерінде 144-аптаға дейін (n=716) долутегравир + ламивудин қабылдаған бұрын емделген пациенттерде интеграза тежегіштеріне немесе НИОТ кластарына төзімділік дамымаған.
Алдыңғы емнің сәтсіз тәжірибесі бар, бірақ бұрын интеграза препараттарын (SAILING зерттеуі) қабылдамаған пациенттерде долутегравир қабылдаған 354 пациенттің 4-інде (48 апта ішінде кейінгі бақылау) зерттеуші тағайындаған фондық ем режимімен (ФЕР) біріктірілімде интеграза тежегіштерінің алмасуы болды. Көрсетілген төрт пациенттің екеуі ең жоғары ӨЕ 1.93 интеграза генінде бірегей R263K алмасты, бір пациент ең жоғары ӨЕ 0.92 V151V/I интегразасын полиморфты алмасты және тағы бір пациентте бұрын интеграза мутациялары болған, осыған байланысты ол бұрын интеграза тежегіштерін қабылдаған немесе интеграза тежегіштеріне төзімді вирус жұқтырған деп болжанады. R263K мутациясы in vitro жағдайында да анықталды (жоғарыдан қараңыз).
Интеграза тежегіштері класының препараттарына резистенттілік болған кезде (VIKING-3 зерттеуі), келесі мутациялар 24 аптадан кейін хаттамаға сәйкес белгіленген және жұптасқан генотиптері бар алдыңғы ем тәжірибесі сәтсіз өтен 32 пациентте алынды (барлығы күніне екі рет 50 мг долутегравир қабылдады + оңтайландырылған фондық ем): L74L/M (n = 1), E92Q (n = 2), T97A (n = 9), E138K/A/T (n = 8), G140S (n = 2), Y143H (n = 1), S147G (n = 1), Q148H/K/R (n = 4), N155H (n = 1) және E157E/Q (n = 1). Емдеу кезінде туындайтын интеграза тежегіштеріне резистенттілік, әдетте, анамнезінде Q148 мутациясы бар пациенттерде орын алды (бастапқы деңгейде немесе анамнезінде). Зерттелген бес пациентте 24-тен 48-аптаға дейінгі алдыңғы терапиялардың сәтсіз тәжірибесі болды, осы 5-нің 2-інде емдеу кезінде пайда болған мутация болды. Емдеуде пайда болатын келесі мутациялар немесе олардың біріктірілімі байқалды: L74I (n = 1), N155H (n = 2).
VIKING-4 зерттеуінде скрининг кезеңінде интеграза тежегіштеріне бастапқы генотиптік төзімділігі бар 30 пациентте долутегравирді (оңтайландырылған фондық еммен бірге) қолдану зерттелді. Емдеу кезінде байқалған мутациялар VIKING-3 зерттеуіндегі мутацияларға сәйкес келді.
Бұрын интеграза препараттарын қабылдағандар, бұрын терапия сәтсіздігі бар педиатриялық пациенттерде G118R интеграза тежегіштерін алмастыру долутегравирді зерттеуші тағайындаған фондық терапия (РФТ) схемасымен біріктіріп емдеген 159 пациенттің 5-інде орын алды. Осы бес пациенттің 4 қатысушысында келесі интегразаға қатысты қосымша алмастырулар болды: L74M, E138E/K, E92E/Q және T66I. G118R бар 5 қатысушының төртеуінде фенотиптік деректер қол жетімді болды. Осы төрт қатысушы үшін долутегравирдің КИ (жабайы типтегі вирустың еселенген өзгеруі) 6-дан 25 есеге дейін ауытқиды.
Электрокардиограмма көрсеткіштеріне әсері
Клиникалық практикада қолданылатын дозадан шамамен 3 есе асатын дозаларда долутегравирді қабылдау кезінде QTc аралығына айтарлықтай әсері байқалған жоқ.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Бұрын ем алмаған пациенттер
Бұрын ем қабылдамаған АИТВ-инфекциясы бар пациенттердегі долутегравирдің тиімділігі ұзақтығы 96 апта болатын SPRING-2 (ING113086) және SINGLE (ING114467) белсенді бақылауымен екі халықаралық, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын зерттеу деректерін талдауға негізделген. Қосымша растау ұзақтығы 96 аптаны құрайтын FLAMINGO (ING114915) белсенді бақылауымен ашық, рандомизацияланған зерттеуде және ұзақтығы 144 аптаға дейін бірыңғай зерттеудің ашық фазасында алынды. Ересектердегі ламивудинмен біріктірілімдегі долутегравирдің тиімділігі GEMINI-1 (204861) және GEMINI-2 (205543) ұқсас екі, рандомизацияланған, көп орталықты, салыстырмалы жасырын, ұзақтығы 148-аптаны құрайтын зерттеулерде 48 аптада бастапқы соңғы нүкте деректерімен расталған, бұл зерттеулердің мақсаты зерттелетін препараттың тиімділігі бақылау препаратынан кем еместігін дәлелдеу.
SPRING-2 зерттеуінде тәулігіне бір рет 50 мг долутегравирдің немесе тәулігіне екі рет 400 мг ралтегравирдің (RAL) кемінде бір дозасын қабылдаған 822 ересек пациент екі жағдайда да абакавир / ламивудин (ABC/3TC) немесе тенофовир / эмтрицитабин (TDF/FTC) қабылдаумен рандомизацияланды. Зерттеудің басында пациенттердің орташа жасы 36 жасты құрады, қатысушылардың 14% - ы әйел, 15% - ы еуропоидтық нәсілге жатпайды, 11% - ында В және/немесе С гепатитінің қатар жүретін инфекциясы болған, 2% - ында АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) жіктемесіне сәйкес С класы анықталды. Аталған сипаттамалар пациенттердің барлық топтарында ұқсас болды.
SINGLE зерттеуінде тәулігіне бір рет 50 мг долутегравирдің кемінде бір дозасын, белгіленген дозалы абакавир-ламивудинмен (DTG + ABC/3TC) біріктіріп немесе белгіленген дозалы эфавиренз-тенофовир-эмтрицитабинмен (EFV/TDF/FTC) біріктіріп алған 833 пациент рандомизацияланды. Зерттеудің басында пациенттердің орташа жасы 35 жасты құрады, қатысушылардың 16% - ы әйел, 32% - ы еурпоидтық нәсілге жатпады, 7% - ы С гепатитінің қатар жүретін инфекциясы болды, 4% - ында CDC жіктемесіне сәйкес С класы анықталды. Аталған сипаттамалар пациенттердің барлық топтарында ұқсас болды.
Бастапқы соңғы нүкте және 48-аптада алынған SPRING-2 және SINGLE нәтижелері (негізгі бастапқы ковариат нәтижелерін қоса алғанда) 5-кестеде келтірілген.
Кесте 5 — SPRING-2 және SINGLE зерттеулерінде 48 аптадан кейін алынған жауап (лезде суретке түсіру алгоритмі, < 50 көшірме / мл)
SPRING-2 — SINGLE
50 мг долутегравир тәулігіне бір рет + 2 КТНТ N = 411 — RAL 400 мг тәулігіне екі рет + 2 КТНТ N = 411 — Долутегравир 50 мг + ABC/3TC тәулігіне бір рет N=414 — EFV/TDF/FTC тәулігіне бір рет N=419
АИТВ РНҚ < 50 көшірме/мл) — 88% — 85% — 88% — 81%
Емдеудегі айырмашылық* — 2.5% (95% СА: -2.2%, 7.1%) — 7.4% (95% СА: 2.5%, 12.3%)
Вирусологиялық жауаптың болмауы † — 5% — 8% — 5% — 6%
АИТВ-1 РНҚ <50 көшірме /мл бастапқы ковариаттар бойынша
Бастапқы вирустық жүктеме (көшірме /мл)
≤ 100,000 > 100,000 — 267 / 297 (90%) 94 / 114 (82%) — 264 / 295 (89%) 87 / 116 (75%) — 253 / 280 (90%) 111 / 134 (83%) — 238 / 288 (83%) 100 / 131 (76%)
CD4 + (жасушалар/мм3) бастапқы деңгейде
< 200 200-ден < 350 ≥ 350-ге дейін — 43 / 55 (78%) 128 / 144 (89%) 190 / 212 (90%) — 34 / 50 (68%) 118 / 139 (85%) 199 / 222 (90%) — 45 / 57 (79%) 143 / 163 (88%) 176 / 194 (91%) — 48 / 62 (77%) 126 / 159 (79%) 164 / 198 (83%)
КТНТ негізгі емі
ABC/3TC — 145 / 169 (86%) — 142 / 164 (87%) — Қатысты емес — Қатысты емес
TDF/FTC — 216 / 242 (89%) — 209 / 247 (85%) — Қатысты емес — Қатысты емес
Жынысы
Еркек Әйел — 308 / 348 (89%) 53 / 63 (84%) — 305 / 355 (86%) 46 / 56 (82%) — 307 / 347 (88%) 57 / 67 (85%) — 291 / 356 (82%) 47 / 63 (75%)
Нәсілдік тиістілігі
Еуропоидтық Афроамерикалықтар және басқалар — 306 / 346 (88%) 55 / 65 (85%) — 301 / 352 (86%) 50 / 59 (85%) — 255 / 284 (90%) 109 / 130 (84%) — 238 /285 (84%) 99 / 133 (74%)
Жасы (жыл)
< 50 ≥ 50 — 324/370 (88%) 37/41 (90%) — 312/365 (85%) 39/46 (85%) — 319/361 (88%) 45/53 (85%) — 302/375 (81%) 36/44 (82%)
Бастапқы мәндерден CD4 орташа өзгеруі — 230 — 230 — 246‡ — 187‡
* Бастапқы стратификация факторларын ескере отырып түзетілген † Фондық емнің жаңа режиміне (ФЕР) өткен немесе өзгертілген ФЕР хаттамада рұқсат етілмеген немесе 48 апта басталғанға дейін (тек SPRING-2 үшін) тиімділігінің жеткіліксіздігіне байланысты және тиімділіктің болмауы немесе төмендеуі себебінен 48 апта басталғанға дейін емді тоқтатқан пациенттер және 48 аптада > 50 көшірме көрсеткіші бар пациенттер. ‡ Емдеудегі түзетілген орташа айырмашылық статистикалық маңызды болды (р < 0.001)
48-аптада SPRING-2 зерттеуінде долутегравир ралтегравирден тиімдірек болды, ал SINGLE зерттеуінде долутегравир + ABC/3TC емі жоғарыда 5-кестеде көрсетілгендей эфавиренз/TDF/FTC (p = 0.003) қабылдаумен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетті. SINGLE зерттеуінде вирустық супрессияның басталуына дейінгі орташа уақыт долутегравирді қабылдаған пациенттерде қысқа болды (84 күнмен салыстырғанда 28 күн (p < 0.0001, алдын ала белгіленген параметрлерімен талдау және еселігі бойынша түзетілген).
96-аптада нәтижелер 48-аптада алынған мәліметтермен салыстырылды. SPRING-2 зерттеуінде долутегравирдің тиімділігі бұрынғыдай ралтегравирден кем болмады (76% пациенттермен салыстырғанда пациенттердің 81% - ында вирустық супрессия), CD4 саны орташа өзгергенде: тиісінше 264 жасуша/мм3салыстырғанда 276. SINGLE зерттеуінде долутегравир + ABC/3TC емі EFV/TDF/FTC қабылдаумен салыстырғанда жақсы нәтижелер көрсетті (пациенттердің 72% - ымен салыстырғанда пациенттердің 80% - ында вирустық супрессия, емдеу айырмашылығы 8.0% (2.3, 13.8), p = 0.006, CD4 саны орташа өзгергенде: тиісінше 281 жасуша/мм3 салыстырғанда 276. 144-аптада SINGLE зерттеуінің ашық фазасында вирустық супрессия сақталды, бұл ретте долутегравир + ABC/3TC (71%) тобындағы нәтижелер EFV/TDF/FTC (63%) қабылдаған топпен салыстырғанда жақсы болды, емдеудегі айырмашылық 8.3% (2.0, 14.6) құрады.
FLAMINGO (ING114915) белсенді бақылаумен ашық, рандомизацияланған зерттеуде бұрын антиретровирустық ем алмаған, АИТВ-1 жұқтырған 484 ересек адам тәулігіне бір рет 50 мг дозада долутегравир (n = 242) немесе дарунавир/ритонавир (DRV/r) тәулігіне бір рет 800 мг/100 мг дозада (n = 242), екі жағдайда да бір мезгілде ABC/3TC немесе TDF / FTC қабылдады. Зерттеудің басында пациенттердің орташа жасы 34 жасты құрады, пациенттердің 15% - ы әйел болды, қатысушылардың 28% - ы еуропоидтық нәсілге жатпады, 10% - ында В және/немесе С гепатитінің қатар жүретін инфекциясы болды және 3%-ында CDC жіктемесіне сәйкес С класы анықталды; аталған сипаттамалар пациенттердің барлық топтарында ұқсас болды. 48-аптада долутегравир тобындағы вирустық супрессия (АИТВ-1 РНҚ <50 көшірме /мл) долутегравир (90%) тобында DRV/r тобындағы ұқсас көрсеткіштен (83%) асып түсті. Пропорциялардағы түзетілген айырмашылықтар мен 95% СА 7.1% (0.9, 13.2), p = 0.025 құрады. 96-аптада долутегравир тобындағы вирустық супрессия (80%) DRV/r тобындағы ұқсас көрсеткіштен (68%) асып түсті ([DGT - (DRV+RTV)] емдеудегі түзетілген айырмашылық 12.4% құрады; 95% сенімділік аралығы: [4.7, 20.2])
GEMINI-1 (204861) және GEMINI-2 (205543) бірдей, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын ұзақтығы 148 апта құрайтын зерттеулерде бұрын антиретровирустық ем қабылдамаған, АИТВ-1 жұқтырған 1433 ересек пациент тәулігіне бір рет 50 мг дозада долутегравирді плюс тәулігіне бір рет 300 мг дозада ламивудинді екі препаратты немесе тәулігіне бір рет 50 мг дозадағы долутегравир және белгіленген дозамен TDF/FTC үш препараты бар топқа рандомизацияланды. Зерттеуге қан плазмасындағы АИТВ-1 РНҚ деңгейі 1000-нан 500000 көшірме/мл дейінгі пациенттер кірді. Зерттеудің басындағы бірлескен талдауда пациенттердің орташа жасы 33 жасты құрады, пациенттердің 15% - ы әйелдер болды, қатысушылардың 32% - ы еуропоидтық нәсілге жатпады, 6% - ында С гепатитінің инфекциясы болды және 9% - ында CDC жіктемесіне сәйкес С класы анықталды. Пациенттердің шамамен үштен бірінде АИТВ инфекциясының кіші типі В кіші типінен өзгеше болды; аталған сипаттамалар пациенттердің барлық топтарында ұқсас болды. 48-аптада долутегравирмен плюс ламивудинмен топтағы вирустық супрессия (АИТВ-1 РНҚ <50 көшірме/мл) 4-кестеде көрсетілгендей долутегравирмен плюс TDF/FTC тобымен салыстырғанда тиімділігі кем болмады. Біріктірілген талдау нәтижелері бастапқы соңғы нүктеге жеткен жеке зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес келді (лезде суретке түсіріп алу алгоритмі негізінде 48-аптада қан плазмасындағы АИТВ-1 РНҚ-ның < 50 көшірмесі/мл пропорциядағы айырмашылығы). GEMINI-1 зерттеуі үшін түзетілген айырмашылық -2.6% (95% СА: -6.7; 1.5) және 10% гипотезаны қабылдау шегі бар GEMINI-2 үшін -0.7% құрады (95% СА: -4.3; 2.9), бұл 50 мг дозада долутегравир плюс ламивудин тәулігіне бір рет 50 мг дозада долутегравирден және TDF/FTC тиімділігі кем болмады.
Кесте 6: — GEMINI-1 және 2 зерттеулерінде алынған жауап (<50 көшірме/мл, сурет), біріктірілген деректер 48 аптада
Dolutegravir + 3TC (N = 716) n/N (%) — Dolutegravir + TDF/FTC (N = 717) n/N (%)
Барлық пациенттер — 655/716 (91) — 669/717 (93)
Түзетілген айырмашылық -1.7% (95 СА -4.4. 1.1)а
АИТВ-1 РНҚ бастапқы вирустық жүктемесі бар пациенттер
≤100 000 көшірме/ мл — 526/576 (91) — 531/564 (94)
>100 000 көшірме/ мл — 129/140 (92) — 138/153 (90)
CD4+ бар пациенттер — 57%
≤ 200 жасуша /мм3 — 50/63 (79) — 51/55 (93)
> 200 жасуша/ мм3 — 605/653 (93) — 618/662 (93)
АИТВ-1 кіші типтері бойынша пациенттер
В кіші типі — 424/467 (91) — 452/488 (93)
В-дан басқа кіші типтері — 231/249 (93) — 217/229 (95)
Симптомдардың 48 аптаға дейін қайта басталуы b — 6 (<1) — 4 (<1)
48-аптадағы CD4 санының бастапқы деңгеймен салыстырғанда орташа өзгеруі, жасушалар/мм3 — 224 — 217
а Жүктемеге байланысты стратификация факторларына түзетумен: қан плазмасындағы АИТВ-1 РНҚ (≤100000 көшірме/ мл-мен салыстырғанда <100 000 көшірме/мл) және CD4 + жасушаларының саны (≤200 жасуша/мм3 салыстырғанда < 200 жасуша/мм3). b Қан плазмасындағы АИТВ-1 РНҚ-ның расталған деңгейі ≥ 200 көшірме/мл дейін алдын ала расталған супрессиядан кейін < 200 мл көшірме/мл дейін.
GEMINI зерттеулерінде 96 аптада және 144 аптада АИВ-1 РНҚ <50 көшірме/мл (сурет) бар пациенттер үлесіндегі түзетілген емдеу айырмашылығы үшін 95% сенімділік интервалының төменгі шегі - кемшіліксіз маржадан жоғары болды - 10%, жеке зерттеулер, сондай-ақ біріктірілген талдаулар үшін 7-кестені қараңыз.
Кесте 7 GEMINI 1 + 2 вирусологиялық нәтижелер (суретті түсіру алгоритмі), 96 және 144 апталардағы біріктірілген деректер
Біріктірілген деректер GEMINI-1 және GEMINI-2*
DTG + 3TC N=716 — DTG + TDF/FTC N=717 — DTG + 3TC N=716 — DTG + TDF/FTC N=717
96 Апта — 144 Апта
АИВ-1 РНҚ <50 көшірме/мл — 86% — 90% — 82% — 84%
Емдеудегі айырмашылық † (95% сенімділік интервалы) — -3.4% (-6.7, 0.0) — -1.8% (-5.8; 2.1)
Вирусологиялық жауап жоқ — 3% — 2% — 3% — 3%
Себептер
Бір терезедегі деректер, ≥50 көшірме/с/мл — <1% — <1% — <1% — <1%
Күші жойылды, тиімділік жоқ — 1% — <1% — 1% — <1%
Басқа себептермен бас тартылды, ≥50 көшірме/мл — <1% — <1% — <1% — 2%
AРT өзгерістері — <1% — <1% — <1% — <1%
96 және 144 аптада терезелерде вирусологиялық деректер жоқ. Себептері АЕ немесе өлімге байланысты зерттеуді тоқтатты Басқа себептермен зерттеуді тоқтату Келксі бақылау үшін бас тарту Келісімді қайтарып алу Протоколдың ауытқулары Дәрігерлердің шешімі Терезелердегі деректер жоқ, зерттеулер жалғасуда — 11% 3% 8% 3% 3% 1% 1% 0% — 9% 3% 5% 1% 2% 1% <1% <1% — 15% 4% 11% 3% 4% 2% 2% <1% — 14% 4% 9% 3% 3% 1% 1% <1%
DTG = долутегравир * Біріктірілген талдау нәтижелері жеке зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес келеді. † На основе стратифицированного анализа CMH с поправкой на следующие исходные факторы стратификации: РНК ВИЧ-1 в плазме (≤100 000 клеток/мл по сравнению с >100 000 клеток/мл) и количество клеток CD4+ (≤200 клеток/мм3 по сравнению с >200 клеток/мл). мм3). Общий анализ также стратифицированы по изучению. Оценивается с использованием допуска не меньшей эффективности в размере 10%. Келесі бастапқы стратификация факторлары үшін түзетілген стратификацияланған CMH талдауына негізделген: Плазмадағы АИТВ-1 РНҚ (≤100,000 жасуша/мл қарсы >100,000 жасуша/мл салыстырғанда) және CD4+ жасушалар саны (≤200 жасуша/мм3 қарсы > 200 жасуша/мл салыстырғанда). мм3). Жалпы талдау зерттеу арқылы да стратификацияланады 10% төмен емес төзімділік арқылы бағаланады. N = әр емдеу тобындағы субъектілер саны
CD4+ Т жасушаларының 144-ші аптадағы орташа ұлғаюы долутегравир плюс ламивудин тобында 302 жасуша/мкл және долутегравир плюс тенофовир/эмтрицитабин тобында 300 жасуша/мм3 құрады.
Бұрын ем алмаған, сәтсіз ем тәжірибесі бар пациенттерде ем барысында туындайтын резистенттілік
Ұзақтығы 96 аптаны құрайтын SPRING-2 және FLAMINGO зерттеулерінде және ұзақтығы 144 аптаны құрайтын SINGLE зерттеуінде долутегравир бар топтарда интеграза немесе КТНТ тежегіштеріне бастапқы төзімділіктің пайда болу жағдайлары анықталған жоқ. FLAMINGO зерттеуінде салыстыру препаратын қабылдаған топтарға қатысты да дарунавир/r қабылдаған пациенттерде тұрақтылықтың туындайтыны анықталған жоқ. SPRING-2 зерттеуінде ем RAL тобындағы КТНТ мутациясы бар төрт пациентте және ральтегравирге төзімділігі бар бір пациент үшін тиімсіз болып шықты; SINGLE зерттеуінде сәтсіз ем EFV/TDF/FTC тобындағы КТНЕТ-ке (кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері) төзімділігімен байланысты мутациялары бар алты пациентте тіркелді , бір пациентте КТНТ-ке мутация дамыды. 48 аптаға созылатын GEMINI-1 және GEMINI-2 зерттеулерінде DTG + 3TC тобында да, DTG + TDF/FTC тобында да интеграза немесе КТНТ тежегіштеріне төзімділік туындауының бірде-бір жағдайы анықталған жоқ.
Сәтсіз ем тәжірибесі бар, бірақ интеграза тежегіштерін қабылдамаған пациенттер
Халықаралық көпорталықты, салыстырмалы жасырын SAILING (ING111762) зерттеуінде бұрын антиретровирустық ем (АРЕ) тәжірибесі болған, АИТВ-1 жұқтырған 719 ересек пациент рандомизацияланды, олар тәулігіне бір рет 50 мг дозада долутегравир немесе тәулігіне екі рет 400 мг ральтегравир қабылдады, фондық ем ретінде зерттеушілер 2 препараттан тұратын схеманы таңдады (кем дегенде біреуі белсенді затты қоса алғанда). Зерттеудің басында пациенттердің орташа жасы 43 жасты құрады, пациенттердің 32% - ы әйел болды, қатысушылардың 50% - ы еуропоидтық нәсілге жатпады, 16% - ында В және/немесе С гепатитінің қатар жүретін инфекциясы болды, ал 46% - ында CDC жіктемесіне сәйкес С класы анықталды. Зерттеудің басында барлық пациенттерде АРЕ-ның кемінде екі кластағы препараттарына төзімділік болды, ал пациенттердің 49% - ында АРЕ-ның кемінде үш кластағы препараттарына төзімділік болды.
SAILING зерттеулерінің 48 аптадағы нәтижелері (негізгі бастапқы ковариат нәтижелерін қоса алғанда) 8-кестеде келтірілген.
Кесте 8 — SAILING зерттеуінде 48 аптадан кейін алынған жауап (лезде суретке түсіру алгоритмі, < 50 көшірме / мл)
20 мг дозада DTG тәулігіне бір рет + фондық ем N = 354§ — 400 мг дозада RAL тәулігіне екі рет + фондық ем N = 361§
АИТВ-1 РНҚ < 50 көшірме/мл — 71% — 64%
Емдеудегі түзетілген айырмашылық ‡ — 7.4% (95% СА: 0.7%, 14.2%)
Вирусологиялық жауаптың болмауы — 20% — 28%
АИТВ-1 РНҚ <50 көшірме /мл бастапқы ковариаттар бойынша
Бастапқы вирустық жүктеме (көшірме /мл)
≤ 50 000 көшірме/мл > 50 000 көшірме/мл — 186 / 249 (75%) 65 / 105 (62%) — 180 / 254 (71%) 50 / 107 (47%)
Бастапқы деңгейде CD4+ (жасушалар/мм3)
< 50 50-ден < 200-ге дейін 200-ден < 350 ≥ 350-ге дейін — 33 / 62 (53%) 77 / 111 (69%) 64 / 82 (78%) 77 / 99 (78%) — 30 / 59 (51%) 76 / 125 (61%) 53 / 79 (67%) 71 / 98 (72%)
Фондық ем
Генотиптік сезімталдық көрсеткіші * < 2 — 155 / 216 (72%) — 129 / 192 (67%)
Генотиптік сезімталдық көрсеткіші * = 2 — 96 / 138 (70%) — 101 / 169 (60%)
Дарунавирді (DRV) фондық емде қолдану
DRV қолданылмады — 143 / 214 (67%) — 126 / 209 (60%)
Протеаза тежегіштеріне бастапқы мутациялармен DRV қолдану — 58 / 68 (85%) — 50 / 75 (67%)
Протеаза тежегіштеріне бастапқы мутациясыз DRV қолдану — 50 / 72 (69%) — 54 / 77 (70%)
Жынысы
Еркек — 172 / 247 (70%) — 156 / 238 (66%)
Әйел — 79 / 107 (74%) — 74 / 123 (60%)
Нәсілдік тиістілігі
Еуропоидтық — 133 / 178 (75%) — 125 / 175 (71%)
Афроамерикалықтар және басқалар — 118 / 175 (67%) — 105 / 185 (57%)
Жасы (жыл)
< 50 — 196 / 269 (73%) — 172 / 277 (62%)
≥ 50 — 55 / 85 (65%) — 58 / 84 (69%)
АИТВ кіші түрі
В қоры — 173 / 241 (72%) — 159 / 246 (65%)
С қоры — 34 / 55 (62%) — 29 / 48 (60%)
Басқалар † — 43 / 57 (75%) — 42 / 67 (63%)
CD4 + Т-лимфоциттердің (жасушалар/мм3) орташа артуы — 162 — 153
‡Стратификацияның бастапқы факторларын ескере отырып, түзетілген көрсеткіш § 4 пациент бір зерттеу орталығында табылған мәліметтердің айырмашылығына байланысты тиімділікті талдаудан шығарылады * Генотиптік сезімталдық көрсеткіші (GSS) пациенттің вирустық изоляты генотиптік төзімділікке арналған тестілер негізінде бастапқы кезеңде сезімталдығын көрсеткен фондық режимдегі АРЕ түрлерінің жалпы саны ретінде айқындалған. † Басқа қорларға мыналар кірді: (43), F1 (32), A1 (18), BF (14) кешені, басқалары < 10.
SAILING зерттеуінің 48-аптасында Тивикай препаратын қабылдаған топтағы вирустық супрессия (АИТВ-1РНҚ < 50 көшірме/мл) (71%) ральтегравир (64%) қабылдаған топқа қарағанда статистикалық жоғары болды (p = 0.03).
Тивикай препараты бар топта ральтегравир (17/361, 5%) (p = 0.003) қабылдаған топпен салыстырғанда интеграза тежегіштеріне (4/354, 1%) емдеу туындатқан төзімділік болған кезде пациенттердің емі сәтсіз болды (толық ақпарат алу үшін жоғарыда орналасқан «Іn vivo жағдайларындағы резистенттілік» бөлімін қараңыз).
Интеграза тежегішін қолдануды (және интеграза тежегіштері класының препараттарына төзімділікті) қамтитын алдыңғы сәтсіз ем тәжірибесі бар пациенттер)
VIKING-3 (ING112574) көпорталықты, ашық, бақыланбайтын зерттеуінде зерттеу жүргізу кезінде немесе анамнезінде бұрын сәтсіз АРЕ тәжірибесі және ральтегравирге және/немесе элвитегравирге төзімділігі бар АИТВ-1 жұқтырған ересек пациенттер тәулігіне Тивикай препаратын күніне екі рет 50 мг дозада қабылдады, бастапқыда сәтсіз фондық ем 7 күнге созылды, бірақ содан кейін 8-күннен бастап фондық АРЕ оңтайландырылды. Зерттеуге 183 пациент кіреді: скрининг кезеңінде интеграза тежегіштеріне (ИТ) төзімділігі бар 133 қатысушы және анамнезінде тұрақтылығы расталған 50 қатысушы (скрининг кезеңінде емес). Ральтегравирді/элвитегравирді қабылдау 98/183 пациентте (басқа пациенттерде сәтсіз емнің алдыңғы тәжірибесінің бір бөлігі) ағымдағы сәтсіз емнің бір бөлігі болды. Зерттеудің басында пациенттердің орташа жасы 48 жасты құрады, пациенттердің 23% - ы әйел, қатысушылардың 29% - ы еуропоидтық нәсілге жатпады және 20% - ында В және/немесе С гепатитінің инфекциясы болған. Зерттеудің басында CD4+ орташа мөлшері 140 жасуша/мм3 құрады, алдыңғы АРЕ-ның орташа ұзақтығы 14 жылды құрады, қатысушылардың 56% - ында CDC жіктемесіне сәйкес С класы анықталды. Зерттеудің басында пациенттерде АРЕ кластарына көптеген төзімділік анықталды: 79%-ында ≥ 2 КТНТ-ға, 75%-ында ≥ 1 КТНЕТ-ға және 71%-ында ≥ 2 негізгі мутация интеграза тежегіштеріне; 62% - да R5-тен өзгеше вирус болды.
Бастапқы деңгейімен салыстырғанда АИТВ РНҚ көрсеткіштерінің орташа өзгерісі 8 күні (бастапқы соңғы нүкте) -1.4 log10 көшірме/мл құрады (95% СА -1.3 – -1.5 log10, p < 0.001). Жауап 8-кестеде көрсетілгендей, зерттеудің басында пайда болған ИТ-ге мутациямен байланысты болды.
Кесте 9. Ағымдағы сәтсіз емнің құрамында RAL/EVG қабылдаған пациенттерде функциялық монотерапияның 7 күнінен кейін вирустық жауап (8 күні), VIKING 3 зерттеуі
Бастапқы параметрлері — Тәулігіне екі рет 50 мг дозада DTG N=88*
n — Log10 көшірме/мл плазмадағы АИТВ-1 РНҚ-ның орташа (стандартты ауытқу) мөлшері — Орташа мәні
RAL/EVG (ралтегравир / элвитегравир) қабылдауды жалғастыратын зерттеудің басында алынған ИТ-ге мутациясы бар топ
Бастапқы мутация Q148H/K/Ra-дан өзгеше — 48 — -1.59 (0.47) — -1.64
Q148 + 1 қайталама мутацияb — 26 — -1.14 (0.61) — -1.08
Q148 + ≥ 2 қайталама мутацияb — 14 — -0.75 (0.84) — -0.45
* Ағымдағы сәтсіз ем құрамында RAL/EVG бар 98 пациенттің 88-інде зерттеу басында ИТ-ге бастапқы мутациялар анықталды, ал 8-күні бағалау жүргізу үшін плазмадағы АИТВ-1 РНҚ мөлшерінің нәтижесі алынды. а ВИ-ге бастапқы мутацияларды қоса алғанда: N155H, Y143C/H/R, T66A, E92Q b Қайталама мутациялар G140A/C/S, E138A/K/T, L74I.
Зерттеу басында бастапқы мутациялар анықталмаған пациенттерде (N=60) (яғни RAL/EVG қолдану ағымдағы сәтсіз емнің бір бөлігі болған жоқ) 8 күні вирустық жүктеменің 1.63 log10 төмендегені анықталды.
Функциялық монотерапия фазасы аяқталғаннан кейін пациенттерге мүмкіндігінше фондық емдеуді қайта оңтайландыру жүргізілді. Емнің 24 аптасынан кейін алынған жауаптың жалпы жиілігі 69% (126/183), жалпы 48 аптадан кейін АИТВ-1РНҚ < 50 көшірмесі/мл (ITT-E (емнің ең болмағанда бір дозасын қабылдаған пациенттер), лезде суретке түсіріп алу алгоритмі) бар 116/183 (63%) пациентте де сақталды. Емнің тиімсіздігі салдарынан оны тоқтатқан пациенттерді және хаттамадан айтарлықтай ауытқуларға жол бергендерді алып тастағаннан кейін (долутегравирдің дұрыс емес дозасын қабылдау, тыйым салынған препараттарды бір мезгілде қабылдау), жауаптың тиісті жиілігі «Вирусологиялық нәтижесі (ВН) бар популяцияға» кірген пациенттер үшін 75% (120/161, 24 аптада) және 69% (111/160, 48 аптада) құрады.
Зерттеу басында Q148 мутациясы болған жағдайда жауап беру жиілігі төмен болды, әсіресе ≥ 2 қайталама мутация болған кезде, 7-кестені қараңыз. Оңтайландырылған фондық ем сезімталдығының жалпы көрсеткіші (ОSS) 24 аптада да, 48 аптада да емделуге жауап берумен байланысты болмады.
Кесте 10. Зерттеудің бастапқы кезеңіндегі резистенттілікті ескергендегі жауап, VIKING-3. ВН популяциясы (АИТВ-1 РНҚ < 50 көшірме/мл, лезде суретке түсіру алгоритмі)
24 аптада (N=161) — 48 аптада (N=160)
ИТ-ге алынған мутациясы бар топ — OSS=0 — OSS=1 — OSS=2 — OSS=>2 — Барлығы — Барлығы
ИТ1-ге бастапқы мутациясыз — 2/2 (100%) — 15/20 (75%) — 19/21 (90%) — 9/12 (75%) — 45/55 (82%) — 38/55 (69%)
Бастапқы мутация Q148H/K/R2-дан өзгеше — 2/2 (100%) — 20/20 (100%) — 21/27 (78%) — 8/10 (80%) — 51/59 (86%) — 50/58 (86%)
Q148 + 1 қайталама мутация3 — 2/2 (100%) — 8/12 (67%) — 10/17 (59%) — - — 20/31 (65%) — 19/31 (61%)
Q148 + > 2 қайталама мутация3 — 1/2 (50%) — 2/11 (18%) — 1/3 (33%) — - — 4/16 (25%) — 4/16 (25%)
1 Тек ИТ-ге резистенттілік, фенотиптік немесе анамнезінде. 2 N155H, Y143C/H/R, T66A, E92Q 3 G140A/C/S, E138A/K/T, L74I OSS: генотиптік және фенотиптік төзімділіктің біріктірілген көрсеткіші (Monogram Biosciences кешенді бағалау деректері бойынша)
VIKING-3 зерттеуіндегі бастапқы деңгейден CD4+ Т-лимфоциттер санының орташа өзгеруі 24 аптада 61 жасуша/мм3 және 48 аптада 110 жасуша/мм3 құрады.
VIKING-4 (ING116529) салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын зерттеуінде ИТ-ге бастапқы генотиптік төзімділігі бар, скрининг кезеңінде 30 ересек пациент тәулігіне екі рет 50 мг дозада долутегравирді немесе плацебоны қабылдау үшін 7 күн бойы ағымдағы тиімсіз еммен бірге рандомизацияланды, одан кейін барлық қатысушылар долутегравир қабылдаған ашық фаза жүргізілді. Зерттеудің басында пациенттердің орташа жасы 49 жасты құрады, 20% - ы әйел, қатысушылардың 58% - ы еуропоидтық нәсілге жатпайды және 23% - ында В және/немесе С гепатитінің инфекциясы болған, CD4+ орташа мөлшері 160 жасуша/мм3 құрады, алдыңғы АРЕ-ның орташа ұзақтығы 13 жыл құрады, қатысушылардың 63% - ында CDC жіктемесіне сәйкес С класы анықталды. Зерттеудің басында пациенттерде АРЕ кластарына көптеген төзімділік анықталды: 80%-ында ≥ 2 КТНТ-ға, 73%-ында ≥ 1 КТНЕТ-ға және 67%-ында ≥ 2 негізгі мутация интеграза тежегіштеріне; 83% - да R5-тен өзгеше вирус болды. 30 пациенттің он алтысы (53%) Q148 вирусының тасымалдаушысы болды. Зерттеудің 8-күніндегі бастапқы соңғы нүкте тәулігіне екі рет 50 мг дозадағы долутегравирмен топтағы көрсеткіштер плацебо тобына қарағанда жақсы болғанын көрсетті; бастапқы деңгеймен салыстырғанда қан плазмасындағы АИТВ-1 РНҚ өзгеруіне қатысты түзетілген орташа айырмашылық -1.2 log10 көшірме/мл (95% СА -1.5 - 0.8 log10 көшірме/мл, p < 0.001) құрады. Плацебо бақыланатын зерттеудің 8-күніндегі жауаптар бастапқы деңгейдегі интеграза тежегіштеріне резистенттілік санаттары бойынша деректерді қоса алғанда, VIKING-3 (плацебо бақылауынсыз) зерттеуінде алынған нәтижелерге толық сәйкес келді. 48-аптада 30 (40%) пациенттің 12-сінде АИТВ-1РНҚ <50 көшірме/мл (ITT-E, лезде суретке түсіру алгоритмі) деңгейі болды.
VIKING-3 және VIKING-4 (n = 186, ВН популяциясы) зерттеулерінің нәтижелерін біріктірілген талдауда 48 аптада АИТВ-1 РНҚ < 50 көшірме/мл бар пациенттердің үлесі 123/186 (66%) құрады. АИТВ-1 РНҚ < 50 көшірме/мл Q148 мутациясы жоқ пациенттерде 96/126 (76%), Q148 + 1 қайталама мутациясы бар пациенттерде 22/41 (54%) және Q148 + ≥ 2 қайталама мутациясы бар пациенттерде 5/19 (26%) анықталған.
Антиретровирустық терапия алатын жүкті әйелдердің тізімі
Антиретровирустық терапияны алатын, яғни жүктілік кезінде Тивикай препаратын қолданған жүкті әйелдердің тізілімі бойынша тірі туылғандардың 1300-ден астам жағдайдлары тіркелді. Олар бірінші триместрде 870 тен астам әсерді қамтиды, жүктіліктің екінші/үшінші триместрінде 500-ден астам байланыс, соның ішінде сәйкесінше 29 және 25 туа біткен ақаулар. Бірінші триместрде долутегравирге ұшыраған тірі туылғандар арасында ақаулардың таралуы (95% ci) — 3,3% (2,2%, 4,7%), ал екінші / үшінші триместрде— 5,0% (3,2%, 7,3%).
Жылдық есептің қолда бар деректері жүктілік кезінде аналары долутегравирмен емделген балаларда туа біткен ақаулардың пайда болу қаупінің екі популяциялық қадағалау жүйесіндегі фондық көрсеткіштермен салыстырғанда (Атлантадағы туа біткен ақаулармен күресу бағдарламасы, мұнда ақаулар 100 тірі туылғанға 2,72 және туа біткен ақаулардың Техас тізілімі (100 тірі туылғанға 4,17) айтарлықтай өскенін көрсетпейді.
Балалар
I/II фазалы (P1093/ING112578) ұзақтығы 48 аптаны құрайтын көпорталықты, ашық зерттеуде АИТВ-1 жұқтырған, ем тәжірибесі бар, нәрестелерде, балалар мен жасөспірімдерде (≥ 4 аптадан <18 жасқа дейінгі ) емнің біріктірілген режимдеріндегі Тивикай препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар және ұсақталатын таблеткалар тәулігіне бір рет қабылдағаннан кейін фармакокинетикалық параметрлері, қауіпсіздігі, төзімділігі және тиімділігі бағаланды.
Тиімділік нәтижелері (11-кесте) үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалардың немесе ұсақталатын таблеткалардың ұсынылатын тәулігіне бір реттік дозаларын алған қатысушыларды қамтиды.
Кесте 11 Балалардағы 24 және 48 аптада вирусқа қарсы және иммунологиялық белсенділік
24 апта N=75 — 48 апта N=66
n/N — % (95% ДИ) — n/N — % (95% ДИ)
АИВ-РНҚ бар қатысушылардың үлесі <50 көшірмелер/млa, b — 42/75 — 56 (44.1, 67.5) — 43/66 — 65.2 (52.4, 76.5)
АИВ-РНҚ бар қатысушылардың үлесі <400 көшірмелер /млb — 62/75 — 82.7 (72.2, 90.4) — 53/66 — 80.3 (68.7, 89.1)
Орташа көрсеткіші (n) — (Q1, Q3) — Орташа көрсеткіші (n) — (Q1, Q3)
Жасушалар санының өзгеруі CD4+ базалық деңгеймен салыстырғанда (жасушалар/мм3) — 145 (72) — (-64, 489) — 184 (62) — (-179, 665)
Проценттік өзгеріс CD4+ базалық деңгеймен салыстырғанда — 6 (72) — (2.5, 10) — 8 (62) — (0.4, 11)
Q1, Q3= тиісінше бірінші және үшінші квартил a Нәтижелер <200 көшірмелер/мл АҚТҚ-1 РНҚ-ға тестілеу кезінде LLOD 200 көшірмелер/мл пайдалана отырып >50 көшірмелер/мл. бұл талдауда ретінде қабылданды b Талдау кезінде суретке түсіру алгоритмі қолданылды.
Бұрын интегразамен емделген, бұрын терапия сәтсіздігі бар педиатриялық пациенттерде G118R интеграза тежегіштерін алмастыру долутегравирді зерттеуші тағайындаған фондық терапия (РФТ) схемасымен біріктіріп емдеген 36 пациенттің 5-інде орын алды. Осы бес пациенттің 4 қатысушысында келесі интегразаға қатысты қосымша алмастырулар болды: L74M, E138E/K, E92E/Q және T66I. G118R бар 5 қатысушының төртеуі фенотиптік деректерге ие болды. Осы төрт қатысушы үшін долутегравирдің CI (жабайы типтегі вирустың қатпарлы өзгерісі) 6-дан 25 есеге дейін ауытқиды.
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік Тивикай препаратын АИТВ инфекциясы бар 4 аптадан 6 жасқа дейінгі балаларда зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесін кейінге қалдырды (педиатрияда пайдаланылу туралы ақпарат алу үшін 4.2 бөлімін қараңыз).
Балаларға долутегравир плюс ламивудинді емнің қоскомпонентті режимі ретінде қолдану туралы деректер жоқ.