Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для приема внутрь
Дозасы
200 мг/мл
Саудалық атауы
Тивортин Аспартат
Әсер етуші зат
Общетонизирующие препараты
Мақсаты
Функционалды астенияны қосымша емдеу
Өндіруші
Юрия-Фарм
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препарат құрамында
белсенді зат – аргинин аспартаты, 200 мг;
қосымша заттар: сорбитол (Е 420), натрий сахарині (Е 954), метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), «Карамель» тағамдық хош иістендіргіші, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Карамель иісі бар мөлдір сәл опалесцентті сарғыш ерітінді.
• функционалды астенияны қосымша емдеу.
Тивортин Аспартат гипоксияға қарсы, цитопротекторлық, антиоксиданттық, уытсыздандыратын, жарғақша тұрақтандыратын әсер танытады. Аммиакты бейтараптандыру үдерістерінде және оның организмнен шығарылуын көтермелеуде маңызды рөл атқарады, бауырдың уытсыздандыру функциясын күшейтеді. Гепатопротекторлық әсер танытады, гепатоциттерде энергиямен қамтамасыз ету үдерістеріне оң ықпал етеді.
Азот тотығының донаторы ретінде, Тивортин Аспартат организмді энергиямен қамтамасыз ету үдерістеріне қатысады, атеросклероз түйіндақтарының түзілуі мен дамуын болдырмай, тамырлар эндотелийіне лейкоциттер және тромбоциттердің адгезиялануы мен белсенділігін азайтады, фибриногенолиз, сперматогенез үдерістеріне қосылады.
Препарат орташа анаболизмдік әсер танытады, айырша без қызметін көтермелейді, инсулин синтезіне ықпал етеді және дене жүктемесі кезінде қандағы глюкоза мөлшерін реттейді, қышқыл-сілті тепе-теңдігін түзетуге ықпал етеді.
Дозалау режимі
Ересектерге:
• 5 мл (1 өлшегіш қасық ‒ 1 г препарат) тәулігіне 2-3 рет 15 күн бойы.
12 жастан үлкен балаларға:
• 5 мл (1 өлшегіш қасық ‒ 1 г препарат) тәулігіне 1-2 рет 15 күн бойы.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қолданып, аз мөлшерде суда сұйылтыңыз, жақсырақ тамақтанар алдында.
Ұсынылған емдеу курсы-15 күн.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
• миокард инфарктісі (оның ішінде анамнездегі)
• 12 жасқа дейінгі балаларға
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Сирек:
• өз бетінше басылатын, тікелей препаратты қолданудан кейін асқазан мен ішекте жеңіл жайсыздануды сезіну, жүрек айну.
Белгісіз:
• буындардың ауыруы,
• аса жоғары сезімталдық реакциялары, бронх түйілуін қоса,
• гиперкалиемия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Аргининді ұзақ уақыт қолдану немесе үлкен мөлшерде қабылдау іш өту, жүрек айну, іш ауруы, іштің ісінуі және құсу сияқты асқазан-ішек ауруларын тудыруы мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда аргинин аспартатымен емдеуді тоқтатып, симптоматикалық ем тағайындау керек.
Электролиттер алмасу бұзылуларында, бүйрек ауруларында абайлап қолдану керек.
Препаратты қолданғанда теңестірілген ұйқы және демалыс режимін ұстану, алкоголь, никотин және психостимуляторлардан бас тарту қажет. Егер препарат қабылдау аясында астения симптомдары арта түссе, емдеуді тоқтату қажет.
Препаратты стенокардиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар
Препарат құрамында сорбитол (E 420) бар, 100 мг – егер сізде кейбір қанттардың жақпаушылығы анықталса, осы дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Препарат құрамында аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін (баяу жүретін типте болуы мүмкін) метилпарагидроксибензоат (Е 218), 0,8 мг және пропилпарагидроксибензоат (Е 216), 0,2 мг, сияқты қосымша заттар бар.
Осы препарат құрамында 0,0196 ммоль (0,45 мг)/доза (5 мл) натрий бар, яғни натрийден бос деуге болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Препарат плацента арқылы өтеді, сондықтан жүктілік кезеңінде оны ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін зор қауіптен басым болса ғана қолдануға болады. Препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға қатысты деректер жоқ. Лактация кезеңінде қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.
Аргинин аспартатын қолдану кезінде аминофиллинді аргининмен бірге қолданудың қанда инсулин мөлшерінің жоғарылауымен; спиронолактонды аргининмен бірге қолданудың қанда калий деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін екенін ескеру қажет.
Аргинин тиопенталмен үйлесімсіз.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі – 14 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.