ТикоВак Джуниор вакцинасы 1 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды вирустық кене энцефалитіне (ВКЭ) қарсы белсенді (профилактикалық) иммунизациялау үшін көрсетілген
Өндіруші
Пфайзер Мануфактуринг Бельгия Н.В.
Ел
Бельгия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір доза 0,25 мл құрамында
белсенді зат – кене энцефалиті (Neudörfl штаммы) вирусының антигені1 1,19 мкг
қосымша заттар – гидратталған алюминий гидроксиді (гель, адъювант), адам қаны альбумині, натрий хлориді, динатрий гидрофосфаты дигидраты, калий дигидрофосфаты, сахароза, протамин сульфаты, инъекцияға арналған су, іздік мөлшері: формальдегид, неомицин, гентамицин.
1 Формальдегидпен белсенділігі жойылған кене энцефалиті вирусының антигені, гидратталған алюминий гидроксидіне сіңірілген, сахароза градиентінен тазартылған (0,17 миллиграмм Al3+). Қолданылған вирус жасушаларының шығу тегі: тауық эмбрионы жасушаларының супернатанты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сілкігеннен кейін бөгде қоспаларсыз ақ түсті дерлік біртекті бұлыңғырланатын суспензия.
ТикоВак Джуниор вакцинасы 1 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды вирустық кене энцефалитіне (ВКЭ) қарсы белсенді (профилактикалық) иммунизациялау үшін көрсетілген.
ТикоВак Джуниор вакцинасын ВКЭ-ге қарсы вакцинациялаудың қажеттілігі мен уақытына қатысты ресми ұсынымдарға сәйкес қолдану қажет.
Фармакодинамикалық әсерлер
Препараттың фармакодинамикалық әсері оған қарсы қорғануды қамтамасыз ету үшін ВКЭ вирусына антиденелердің жеткілікті жоғары концентрациясын өндіруді стимуляциялау.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулердің серологиялық деректері
ТикоВак Джуниор вакцинасының клиникалық зерттеулерінде серопозитивтілік иммуноферменттік талдау (ИФТ) > 126 вена бірлігі/мл нәтижелері немесе бейтараптандыру реакциясындағы (БР) 10 антиденелер титрі бойынша анықталды. Вакцинацияның дәстүрлі сызбасы кезінде екінші және үшінші дозадан кейінгі 21-күні ИФТ және БР деректері бойынша серопозитивтілік жиілігінің біріктірілген мәндері 1 және 2-кестеде берілген.
1-кесте. Иммунизацияның стандартты сызбасы, ИФТ және БР деректері бойынша серопозитивтілік жиілігінің біріктірілген мәндері1
1 жастан 5 жасқа дейінгі пациенттер — ИФТ2 — БР2
Доза — 2-ші — 3-ші — 2-ші — 3-ші
Серопозитивтілік жиілігі 1,%, (n / N) — 99,4 (501/504) — 100,0 (493/493) — 98,5 (196/199) — 99,5 (193/194)
2-кесте. Иммунизацияның стандартты сызбасы, ИФТ және БР деректері бойынша серопозитивтілік жиілігінің біріктірілген мәндері1
6 жастан 15 жасқа дейінгі пациенттер — ИФТ2 — БР2
Доза — 2-ші — 3-ші — 2-ші — 3-ші
Серопозитивтілік жиілігі 1, % (n/N) — 97,1 (496/511) — 99,8 (505/506) — 95,5 (274/287) — 99,7 (289/290)
1 Әрбір дозаны енгізгеннен кейін 21 күн өткен соң бағаланды.
2 Серопозитивтіліктің шекаралық мәні: ИФТ > 126 вена бірлігі/мл; БР ≥ 1: 10.
ИФТ және БР деректері бойынша серопозитивтілік жиілігінің ең жоғары мәндеріне үшінші дозаны енгізгеннен кейін қол жеткізілді. Осыған байланысты антиденелердің қорғаныс деңгейіне жету үшін барлық пациентке үш дозадан тұратын бастапқы вакцинация сызбасын аяқтау қажет.
Екінші вакцинациядан кейін бес айдан соң 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың 97 % - дан астамында және 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың 93 % - дан астамында ИФТ және БР деректері бойынша ВКЭ вирусына антиденелер деңгейі анықталды.
ВКЭ вирусына антиденелердің сақталуы зерттелген келесі зерттеу нәтижелері иммунизациялаудың бастапқы сериясынан кейін үш жылдан кешіктірмей алғашқы ревакцинацияны орындау қажеттілігін растайды. Бірінші ревакцинациядан кейін ұзақтығы 58 айға дейінгі кезең ішінде сероперсистенцияны талдау барлық жастағы қосалқы топтарда БР деректері бойынша серопозитивтіліктің жоғары жиілігін көрсетті: 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларда 96,6 %, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда 100 % және 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларда 100 %, бұл бірінші ревакцинацияны жүргізгеннен кейін бустерлік иммунизация үшін 5 жылдық аралықты растайды.
Вакцинаның нақты жағдайдағы тиімділігі
Бұрын қолданылған және қазіргі уақытта қолданылған ВКЭ вакциналарын қолданғаннан кейін иммунитеттің қалыптасу жиілігі 1984 жылдан бастап Австрияның барлық вакцинацияланған тұрғындарын үздіксіз бақылау барысында анықталды. Осы байқау шеңберінде бастапқы вакцинация сызбасы (3 доза) аяқталғаннан кейін 98%-дан астам балаларда қорғаныс иммундық жауаптың қалыптасу жиілігі 1994-2003 жылдар аралығында есептелген. Дәстүрлі және жеделдетілген вакцинация сызбалары бойынша алғашқы екі вакцинациядан кейін қорғаныс деңгейі бірдей жоғары болды. Тұрақты вакцинация жасамағандардың қорғаныс деңгейі айтарлықтай төмен болды. Австрияның барлық вакцинацияланған тұрғындарын бақылау негізінде балалардағы ВКЭ-ге қарсы вакцинацияның тиімділігі 2018-2022 жылдары 82,8% -дан 95% - ға дейін болды.
Нақты жағдайдағы вакциналардың тиімділігі туралы деректер Австрияда, Чехияда, Германияда және Латвияда балалардың қатысуымен жүргізілген 10 зерттеудің нәтижелері бойынша қолжетімді, олардың 7-і вакцинаның тиімділігін жас бойынша бағалауды стратификациялады. Бұл зерттеулер балалардың ВКЭ инфекциясын жұқтыруына қарсы ВКЭ қарсы вакциналардың тиімділігін көрсетті (тиімділік бағасы >92%). Латвияда жүргізілген бір зерттеу тек балалар арасында жүргізілді және ВКЭ инфекциясын жұқтыруына қарсы 95,5% (95% СА 67,1–99,4) және ВКЭ–ге байланысты ауруханаға жатқызуға қарсы 94,9% (95% СА 63,1-99,3) ТикоВак Джуниор вакцинасының үш немесе одан да көп дозасының тиімділігін көрсетті.
Вакцинация аралықтары ұсынылғаннан (≤ 12 жас) жоғары 6 жастағы және одан үлкен жастағы балалардың иммундық жадын сақтау жөніндегі зерттеу ТикоВак Джуниор вакцинасының бір «қуып жететін» дозасын енгізу ИФТ көмегімен өлшеу нәтижелері бойынша балалардың 99% - ында анамнездік иммундық жауапты тудыратынын көрсетті. БР көмегімен өлшенген иммундық жауап туралы деректер жоқ.
ТикоВак Джуниор вакцинасы ВКЭ вирусының еуропалық, сібір және қиыр шығыс штаммдарына бейтараптандыратын антиденелердің статистикалық баламалы титрлерінің өндірілуін индукциялайды. Жарияланған клиникалық зерттеуде омбы геморрагиялық қызбасы вирусына қатысты айқаспалы бейтараптандыратын антиденелердің елеулі өндірілуі де байқалды, алайда титрлер ВКЭ вирусының қосалқы түрлеріне қарағанда төмен болды.
Дозалау режимі
Бастапқы иммунизация сызбасы
Бастапқы иммунизация сызбасы 1 жастан 15 жасқа дейінгі барлық балалар үшін ұқсас және ТикоВак Джуниор вакцинасының үш дозасын қамтиды.
Бірінші және екінші дозаларды 1 айдан 3 айға дейінгі аралықпен енгізу керек.
Жедел иммундық жауапқа қол жеткізу қажет болған жағдайда екінші дозаны бірінші дозаны енгізгеннен кейін екі аптадан соң енгізуге болады. Алғашқы екі дозаны енгізгеннен кейін кене белсенділігінің ағымдағы маусымынан жеткілікті қорғауды күтуге болады.
Үшінші дозаны екінші дозаны енгізгеннен кейін 5-12 айдан соң енгізу керек. Үшінші дозаны енгізгеннен кейін кем дегенде 3 жыл бойы қорғанысты сақтау күтіледі.
Көктемде пайда болатын кененің маусымдық белсенуі алдында иммунитетті қалыптастыру үшін бірінші және екінші дозаларды қыс айларында енгізген дұрыс. Бастапқы иммунизация сызбасы дәл сол кене белсенділігі маусымында немесе кем дегенде келесі кене белсенділігі маусымы басталғанға дейін үшінші вакцинациямен аяқталуы керек.
Бастапқы иммунизация — Доза — Жоспарлы иммунизация сызбасы — Шұғыл (жеделдетілген) иммунизация сызбасы
1-доза — 0,25 мл — Таңдалған күн — Таңдалған күн
2-доза — 0,25 мл — 1-вакцинациядан кейін 1 айдан 3 айға дейін — 1-ші вакцинациядан кейін 14 күн өткен соң
3-доза — 0,25 мл — 2-вакцинациядан кейін 5 айдан 12 айға дейін — 2-вакцинациядан кейін 5 айдан 12 айға дейін
Ревакцинациялар (бустерлік дозалар)
Бірінші ревакцинацияны үшінші дозаны енгізгеннен кейін 3 жылдан соң жүргізген жөн.
Кейінгі ревакцинацияларды соңғы бустерлік дозаны енгізгеннен кейін әрбір 5 жыл сайын өткізу керек.
Ревакцинациялар — Доза — Уақыт
1-ревакцинация — 0,25 мл — Үшінші дозадан кейін 3 жыл
Келесі ревакцинация — 0,25 мл — Әр 5 жыл сайын
Вакцинацияның үзілген кестесі
Енгізулер арасындағы аралықтың ұлғаюы (иммунизацияның бастапқы сериясы дозалары мен ревакцинация) пациенттерді инфекциядан қорғаудың жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Алайда, иммунизация кестесі кем дегенде екі вакцинацияны жүргізгеннен кейін үзілген жағдайда вакцинация кестесін жалғастыру үшін бір «қуып жететін» дозаны енгізу жеткілікті.
6 жасқа дейінгі балаларда «қуып жететін» вакцинация туралы деректер жоқ.
Иммундық жүйе функциялары бұзылған балалар (иммуносупрессивті ем алатындарды қоса алғанда)
Негізге ала отырып дозалау бойынша ұсыныстар беруге болатын тиісті клиникалық деректер жоқ. Алайда, екінші дозаны енгізгеннен кейін және осы сәтте сероконверсия белгілері болмаған кезде пациентке қосымша дозаны тағайындағаннан кейін төртінші аптада антиденелердің концентрациясын анықтау мүмкіндігін қарастыруға болады. Бұл барлық кейінгі дозаларға да қатысты.
Енгізу әдісі мен жолы
Вакцинаны иықтың жоғарғы бөлігіне (дельта тәрізді бұлшықетке) бұлшықетішілік инъекция жолымен енгізу қажет.
18 айға дейінгі балаларда немесе бұлшықеттің дамуына және баланың нутритивтік статусына байланысты вакцина санның бұлшықетіне (санның латеральдық жалпақ бұлшықетіне) енгізіледі.
Тек ерекше жағдайларда (қан ұюы бұзылған пациенттерде немесе профилактикалық мақсатта антикоагулянттық ем алатын пациенттерде) вакцинаны тері астына енгізуге болады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» және «ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімдерін қараңыз).
Тамыр ішіне кездейсоқ енгізуді болдырмау үшін сақ болу керек («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңеске жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы вакцинаны қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
• әсер етуші затқа, «Қосымша мәліметтер» бөлімінде санамаланған қосымша заттардың кез келгеніне немесе технологиялық қоспаларға (формальдегид, неомицин, гентамицин, протамин сульфаты) аса жоғары сезімталдық. Неомицин мен гентамициннен бөлек басқа аминогликозидтерге айқаспалы аллергия мүмкіндігін ескеру керек.
• жұмыртқа мен тауық ақуыздарына ауыр аса жоғары сезімталдық (жұмыртқа ақуызын тағам ретінде қолданудан кейінгі анафилаксиялық реакция) сезімтал адамдарда ауыр аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (сонымен қатар «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
• егер пациентте орташа-ауыр немесе ауыр жедел аурулар (қызбасы бар немесе онсыз) болса, ВКЭ-ге қарсы вакцинацияны кейінге қалдыру керек.
Келесі жағымсыз реакциялар тіркелді.
Өте жиі ( 1/10 )
• Инъекция орнындағы реакциялар2, мысалы инъекция орнындағы ауырсыну.
Жиі ( 1/100 < 1/10-ға дейін)
• Тәбеттің төмендеуі.
• Бас ауыруы.
• Инъекция орнындағы реакциялар, мысалы: домбығу; тіндердің тығыздануы; эритема.
• Жүрек айнуы, құсу.
• Қатты қажу, дімкәстік4.
• Қозғалыс мазасыздығы1, ұйқының бұзылуы.
• Миалгия.
• Пирексия3.
Жиі емес (1/1000 <1/100 дейін)
• Лимфаденопатия.
• Іштің ауыруы.
• Артралгия.
• Қалтырау.
Сирек ( 1/10 000 < 1/1000-ға дейін)
• Инъекция орнының қышуы.
• Сезімталдықтың бұзылуы.
• Бас айналу.
• Вертиго.
• Диарея.
• Диспепсия.
• Есекжем.
Жиілік 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалардан алынған мәліметтер негізінде есептелді.
2 Бір пациентте 1-ден астам құбылыс байқалуы мүмкін.
3 Қызба үлкен жастағы балаларға қарағанда жас балаларда жиі байқалды (яғни, сәйкесінше өте жиі және жиі). Бастапқы серияның екінші және үшінші дозаларынан кейінгі қызбаның жиілігі әдетте біріншіден кейінгіге қарағанда төмен.
4 Жиілік 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалардан алынған мәліметтер негізінде есептелді.
Дене температурасын 3 жасқа дейінгі балаларда тік ішек арқылы және 3 жастан асқан балаларда ауыз қуысы арқылы өлшеді. Талдау вакцинациямен уақытша байланысы бар кез келген қызба бойынша, онымен себептік байланыстың болуына немесе болмауына қарамастан деректерді қамтиды.
Қызба жиілігі баланың жасына байланысты және вакцинация саны артқан сайын төмендейді.
Төменде тіркеуден кейінгі қолдану барысында тіркелген қосымша жағымсыз реакциялар сирек жиілігімен (≥1/10 000 < 1/1000-ға дейін) келтірілген.
• Анафилаксиялық реакция, аса жоғары сезімталдық.
• Энцефалит, құрысулар (соның ішінде фебрильді), менингизм, полинейропатия, қозғалыс дисфункциясы (біржақты парез/бет бұлшықеттерінің салдануы, сал/парез, неврит), Гийен-Барре синдромы.
• Көрудің бұзылуы, фотофобия, көздің ауыруы.
• Құлақ шулау.
• Ентігу.
• Бөртпе (эритематозды, макулопапулалы, везикулалы), эритема, қышыну, гипергидроз.
• Мойынның ауыруы, қаңқа-бұлшықет сіресуі (оның ішінде мойын бұлшықетінің қарысуы), аяқ-қолдың ауыруы.
• Жүрістің бұзылуы, тұмауға ұқсас ауру, астения, ісіну.
ТикоВак Джуниор вакцинасын дені сау ересектерде бұлшықет ішіне және тері астына енгізгеннен кейін иммундық жауапты шағын салыстырмалы зерттеуде тері астына енгізген кезде препараттың, әсіресе әйелдерде анағұрлым елеулі жергілікті реактогенділігі байқалды. Балаларға арналған деректер жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Балалардың вакцинаны ересектерге арналған шығарылу түрінде алу жағдайлары тіркелді. Мұндай жағдайларда вакцинадан кейінгі жағымсыз реакциялардың қаупі артуы мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық және анафилаксия
Барлық басқа инъекциялық вакциналардағы сияқты, анафилаксиялық реакция туындаған жағдайда тиісті шұғыл емдеуге оңай қол жеткізу мүмкіндігімен вакцинациядан кейін бақылау ұйымдастырылуы тиіс.
Жұмыртқа ақуызына ауыр емес аллергия ТикоВак Джуниор вакцинациясын үнемі қарсы көрсетілім болмайды. Осыған қарамастан, мұндай аллергиясы бар адамдарға тек тиісті бақылаумен және аса жоғары сезімталдық реакцияларын шұғыл емдеуге арналған құралдар болған жағдайда ғана вакцинация жасау керек.
Тамыр ішіне енгізу
Тамыр ішіне енгізуден аулақ болу керек, өйткені бұл ауыр реакцияларға, атап айтқанда аса жоғары сезімталдық реакцияларына және шокқа әкелуі мүмкін.
Тромбоцитопения және қан ұюының бұзылуы
Вакцинаны енгізудің ұсынылатын тәсілі бұлшықет ішіне енгізу болып табылады. Алайда, енгізудің бұл тәсілі қан ұюы бұзылған пациенттерге немесе профилактикалық мақсатта антикоагулянттық ем алатын пациенттерге жарамсыз болуы мүмкін. Дені сау ересек сыналушылардан алынған шектеулі деректер вакцинаның бустерлік дозасын тері астына және бұлшықет ішіне енгізу кезіндегі иммундық жауаптың салыстырмалы болуын айғақтайды. Алайда, тері астына енгізу кезінде жергілікті жағымсыз реакциялардың қаупі артуы мүмкін. Балаларға немесе жасөспірімдерге арналған деректер жоқ. Бұдан басқа, вакцинаны тері астына енгізумен бастапқы иммунизацияға қатысты да деректер жоқ.
Қызба
Балаларда, әсіресе өте кішкентай балаларда, алғашқы иммунизациядан кейін қызба пайда болуы мүмкін («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімін қараңыз). Әдетте, дене температурасы 24 сағат ішінде қалыпқа келеді. Екінші вакцинациядан кейін қызбаның тіркелген жиілігі біріншіге қарағанда жалпы төмен болды. Анамнезінде вакцинациядан кейін фебрильді құрысулары немесе жоғары қызбасы бар балаларға профилактикалық немесе емдік мақсатта қызуды түсіретін дәрілерді тағайындау мүмкіндігін қарастыруға болады мүмкін.
Айқас реактивтілік
Иммундық қорғаныстық жауап иммуносупрессивті ем алатын адамдарда жеткіліксіз болуы мүмкін.
Серологиялық зерттеу кейінгі дозаларды енгізу қажеттілігін анықтау үшін қажет деп саналатын барлық жағдайларда талдау тиісті тәжірибесі бар сертификатталған зертханада жүргізілуі тиіс. Бұл табиғи жағдайда басқа флавивирустармен байланыс нәтижесінде бұрыннан пайда болған антиденелерге айқаспалы реактивтілік немесе осы вирустардан туындаған ауруларға қарсы вакцинация (мысалы, жапон энцефалиті, сары қызба, денге қызбасы) жалған оң нәтиже беру мүмкіндігіне байланысты.
Аутоиммундық ауру
Вакцина енгізу жоспарланған адамда белгілі немесе болжамды аутоиммундық ауру жағдайында ВКЭ пайда болу қаупін осы аутоиммундық аурудың ағымына ТикоВак Джуниор вакцинасының қолайсыз әсер ету қаупіне қатысты салыстыру керек.
Бұрыннан бар неврологиялық бұзылыс
Бұрыннан белсенді демиелинизациялайтын аурулары немесе нашар бақыланатын эпилепсия сияқты ми тарапынан бұзылулар бар балаларды вакцинациялау туралы мәселені мұқият қарастыру керек.
Қарым-қатынастан кейінгі профилактика
ВКЭ вирусын жұқтырғаннан кейін ТикоВак Джуниор вакцинасын профилактикалық қолдану туралы деректер жоқ.
Вакцинаның тиімділігін шектеу
Барлық вакциналар сияқты, ТикоВак Джуниор вакцинасы барлық вакцинацияланған адамдарды қорғауға арналған инфекциядан қорғауды қамтамасыз етпеуі мүмкін. Иммундық жүйе функциялары бұзылған адамдарға немесе иммуносупрессивті ем алатын адамдарға препаратты тағайындау туралы толық ақпарат «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде берілген.
ВКЭ-ден басқа инфекциялар
Кенелер тек ВКЭ вирусын ғана емес, басқа инфекциялық қоздырғыштардың, оның ішінде клиникалық көрінісі кене энцефалитіне ұқсайтын ауруларды тудыруы мүмкін белгілі бір қоздырғыштардың да тасымалдағышы болуы мүмкін. ВКЭ қарсы вакциналар боррелийге қарсы қорғанысты қамтамасыз етпейді. Сондықтан вакцинацияланған адамда ВКЭ болжамды клиникалық белгілері мен симптомдарының пайда болуы ықтимал баламалы себептерді анықтау мақсатында оны мұқият тексеруге негіз болуы тиіс.
Арнайы сақтандырулар
ТикоВак Джуниор вакцинасындағы натрий мен калий мөлшері
Калий мен натрий бір дозада 1 ммольден аз мөлшерде болады, яғни вакцина құрамында «калий немесе натрий жоқ».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ТикоВак Джуниор вакцинасының баланың қозғалыс машықтарына (мысалы, көшеде ойнау немесе велосипедті айдау) немесе адамның автокөлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі екіталай. Алайда, инъекцияға реакция ретінде көру қабілетінің бұзылуы немесе бас айналуы туындауы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Жүкті әйелдерде ТикоВак Джуниор вакцинасын қолдану туралы деректер жоқ.
ТикоВак Джуниор вакцинасының адамның емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз.
Осыған байланысты, жүкті және бала емізетін әйелдерге ТикоВак Джуниор вакцинасын ВКЭ-ден қорғаудың шұғыл шарасы болып саналған кезде ғана және қаупі мен пайдасының арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана енгізу керек.
Препараттың басқа вакциналармен немесе дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуін зерделеу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Басқа вакциналарды ТикоВак Джуниор вакцинасымен бір мезгілде енгізу тек ресми ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Басқа вакциналарды бір мезгілде енгізу қажет болған жағдайда оларды басқа жерлерге және дұрысы әртүрлі аяқ-қолға енгізу керек.
Сақтау мерзімі
30 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.