Жергілікті қолданылатын басқа да офтальмологиялық препараттар сияқты тимолол жүйелі түрде сіңеді. Бұл жүйелік бета-адреноблокаторларды қолданғандағыдай жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі жүйелі қолданғанға қарағанда анағұрлым төмен болып табылады.
Төменде офтальмологиялық қолданылатын бета-адреноблокаторларды қолдану кезінде байқалатын жағымсыз реакциялар келтірілген.
Жиі
- бас ауыруы
Жиі емес
- депрессия
- мөлдір қабықтың сезімталдығының төмендеуі, беткейлік нүктелі кератит
- брадикардия
- диспноэ
- шаршау
Сирек
- үрей, қорқынышты түстер, сананың шатасуы
- бас айналуы
- құрғақ көз синдромы, блефароконъюнктивит, көрудің бұзылуы, диплопия, птоз
- жүрек жеткіліксіздігі, аритмия
- гипотензия, шеткері және ми қан айналымының бұзылуы
- бронх түйілуі (негізінен анамнезінде бронх аурулары бар пациенттерде), мұрын бітелуі
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, есекжем, алопеция)
- астения
Өте сирек
- мөлдір қабықтың елеулі зақымдануы бар кейбір пациенттерде құрамында фосфаты бар көзге тамызатын дәрісін қолданғанда мөлдір қабықтың кальцийлену жағдайлары туралы хабарланды
ТИММАЛ® қолдану кезінде дамуы ықтимал, офтальмологиялық бета-блокаторларды қолдану кезінде байқалатын қосымша жағымсыз реакциялар.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Ангионевроздық ісінуді, қышынуды, анафилаксиялық реакцияларды қоса, жүйелі аллергиялық реакциялар
Метаболизм және тамақтану бұзылуы — Гипогликемия
Психикалық бұзылыстар — Ұйқысыздық, жадыны жоғалту, елестеулер
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Естен тану, ми қан айналымының жедел бұзылуы, ми ишемиясы, миастения грависі және парестезия симптомдарының ұлғаюы
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар — Көз тітіркену симптомдары (мысалы, шымылдату, шаншу, қышу, жас ағу, қызару), кератит, анық көрмеу, фистулизациялайтын операциядан кейінгі тамыр қабығының ажырауы, мөлдір қабықтың ойық жарасы
Жүрек тарапынан бұзылулар — Кеуде аумағының ауыруы, жүрек соғуы жиілеуі, ісіну, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық блокада, жүрек тоқтауы
Тамырлар тарапынан бұзылулар — Рейно феномені
Тыныс алу жүйесі, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар — Жөтел
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Дисгевзия, жүрек айнуы, диспепсия, диарея, ауыз құрғауы, іштің ауыруы, құсу
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар — Псориазға ұқсас бөртпе немесе псориаздың өршуі
Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар — Миалгия
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар — Сексуалдық дисфункция, либидо төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz