Тимолол-DF көзге тамызатын дәрісі әдетте жақсы көтерімді. Жергілікті қолданылатын басқа офтальмологиялық препараттар сияқты, тимолол жүйелі қан ағымына сіңеді. Бұл жүйелі бета-адреноблокаторларды қолданғандағы сияқты жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі жүйелі қолданғанға қарағанда төмен.
Аталған жағымсыз реакциялар офтальмологиялық бета-адреноблокаторлар класында байқалатын реакцияларды қамтиды.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес
• Мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, беткейлік нүктелік кератит
Сирек
• Құрғақ көз синдромы, блефароконъюнктивит, көрудің нашарлауы, диплопия, птоз
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жиі емес
• Брадикардия
• Сирек
• Жүрек жеткіліксіздігі, аритмия
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Сирек
• Гипотензия, шеткері және церебральді қан перфузиясының төмендеуі
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
• Бас ауыруы
• Сирек
• Бас айналуы
Тыныс алу жүйесі, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар
Жиі емес
• Диспноэ (ентігу)
• Сирек
• Бронх түйілуі (негізінен демікпе немесе жүрек жеткіліксіздігі сияқты бронхообструкциялық аурулары бар пациенттерде), мұрынның бітелуі
Психика тарапынан бұзылулар
Жиі емес
• Депрессия
• Сирек
• Үрей, түнгі қорқынышты түстер, сананың шатасуы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Сирек
• Аса жоғары сезімталдық реакциялары: бөртпе, есекжем, алопеция
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар
• Жиі емес
• Қажу
• Сирек
• Астения
Офтальмологиялық бета-блокаторлармен байқалған қосымша жағымсыз реакциялар Тимолол-DF көзге тамызатын дәрісін қолдану кезінде потенциалды орын алуы мүмкін:
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Ангионевроздық ісінуді, қышынуды, анафилаксиялық реакцияны қоса, жүйелі аллергиялық реакциялар.
Метаболизмнің бұзылуы және тамақтанудың бұзылыстары
Гипогликемия
Психика тарапынан бұзылулар
Ұйқысыздық, жадыдан айырылу, елестеулер
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Естен тану, ми қанайналымының жедел бұзылуы, мидың ишемиясы, гравис миастениясы және парестезия симптомдарының күшеюі.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Көздің тітіркену симптомдары (мысалы, күйдіріп-ашыту, шаншу, қышыну, жас ағу, қызару), кератит, көрудің бұлыңғырлануы, фистулизациялайтын операциядан кейін тамырлы қабықтың ажырауы, мөлдір қабықтың ойық жарасы
Жүрек тарапынан бұзылулар
Кеуде аймағының ауыруы, жүректің жиі соғуы, ісіну, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлы блокада, жүректің тоқтап қалуы
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Рейно феномені
Тыныс алу жүйесі, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар
Жөтел
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Дисгевсия, жүрек айнуы, диспепсия, диарея, ауыздың құрғауы, іштің ауыруы, құсу.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Псориазға ұқсас бөртпе немесе псориаздың асқынуы
Қаңқы бұлшықетінің және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар
Миалгия
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар
Сексуалдық дисфункция, либидоның төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz