Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
8 мг
Саудалық атауы
ТИОЗИД®
Әсер етуші зат
Тиоколхикозид
Мақсаты
Ересектер мен 16 жастағы және одан асқан жасөспірімдерде омыртқа патологиясы кезінде бұлшықеттердің жедел контрактураларын адъювантты емдеуде
Өндіруші
АО "Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетка құрамында:
белсенді зат: тиоколхикозид 8 мг,
қосымша заттар: коллидон (VA 64), лактоза моногидраты, желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза РН 102, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий стеарил фумараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, беті тегіс, екі жағында ойығы және бір жағында сызығы бар сары түсті таблеткалар.
- ересектер мен 16 жастағы және одан асқан жасөспірімдерде омыртқа патологиясы кезінде бұлшықеттердің жедел контрактураларын адъювантты емдеуде
Тиоколхикозид бұлшықет миоредаксанттық белсенділігі бар колхикозидтің жартылай синтетикалық құрамында күкірт бар туындысы болып табылады.
Тиоколхикозид in vitro жағдайында тек γ-аминмай қышқылы (ГАМК) рецепторларымен және стрихнинге сезімтал глицин рецепторларымен байланысады. ГАМК-рецепторларының антагонисті ретінде әрекет ететін тиоколхикозид супраспинальді деңгейде реттеуші кешенді механизмдер арқылы өзінің тиімді миорелаксанттық әсерін көрсете алады, бірақ оның глицинергиялық әсер ету механизмдерін жоққа шығаруға болмайды. Тиоколхикозидтегі ГАМК-рецепторларымен өзара әрекеттесу сипаттамалары сапалық және сандық мәнде қан ағымындағы негізгі метаболит болып табылатын оның глюкуронид туындысындағыдай (5.2 бөлімін қараңыз).
Тиоколхикозидтің және оның негізгі метаболитінің миорелаксанттық қасиеттері егеуқұйрықтар мен қояндарға in vivo жүргізілген бірнеше эксперименттік модельдерде көрсетілді. Спинальдеуден кейін егеуқұйрықтарда тиоколхикозидтің миорелаксанттық әсерінің болмауы бұл қосылыстың басым супраспинальді әсері бар екенін көрсетеді.
Электроэнцефалографиялық зерттеулер тиоколхикозид пен оның негізгі метаболиті тыныштандыратын әсер етпейтінін көрсетті.
Дозалау режимі
Ұсынылатын және ең жоғары бір реттік доза әр 12 сағат сайын 8 мг құрайды (яғни күніне 16 мг).
Емдеу курсы 7 күн. Ұсынылған дозадан асатын дозаны немесе ұзаққа созылған қолданудан аулақ болу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
ТИОЗИД® препаратын балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Таблеткаларды бір стақан суды іше отырып, жұтады.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бұлшықет гипотониясы және сылбыр салдану
- контрацепцияның тиімді әдістерін қолданбайтын және емдеуді тоқтатқаннан кейін бір ай ішінде бала туу жасындағы әйелдер
- емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 3 ай ішінде тиімді контрацепция шараларын қолданғысы келмейтін ер адамдар
- жүктілік және лактация кезеңі
- 16 жасқа дейінгі балалар
Жиі
- ұйқышылдық
- диарея, гастралгия
Жиі емес
- жүрек айнуы, құсу
- терінің аллергиялық реакциялар
Сирек
- қышыну, есекжем
- ажитация, сананың шатасуы
- қыжыл
Өте сирек
- гипотензия
Белгісіз
- ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шокты қоса
- құрысу
- бауырдың дәрілік зақымдануы
- ісіну, эритема, қышыну, енгізу орнының айналасындағы ауырсыну, сондай-ақ бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін Николау синдромын ("дәрілік тері эмболиясы" және "ливедоидты дерматит") қоса, инъекция орнындағы реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратты қолдану кезінде артық дозалану жағдайлары осы уақытқа дейін тіркелген жоқ.
Кездейсоқ артық дозаланғанда симптоматикалық емді дереу бастау керек.
Егер қабылдағаннан кейін диарея пайда болса, препараттың дозасын азайту керек.
Тиоколхикозидті қолдануға байланысты маркетингтен кейінгі есептерде бауырдың зақымдануы туралы хабарланды. Тиоколхикозидпен бір мезгілде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді немесе парацетамолды қабылдаған пациенттерде ауыр жағдайлар (мысалы, шұғыл дамыған гепатит) тіркелді. Бауырдың зақымдану симптомдары пайда болған жағдайда пациенттер емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралуы керек.
Тиоколхикозид эпилепсиямен ауыратын пациенттерде немесе эпилепсиялық ұстамалар қаупі бар пациенттерде құрысуды туындатуы мүмкін.
Ең жоғары тәуліктік пероральді дозадан (16 мг) асырмаған жөн және оны 12 сағаттық аралықпен 2 қабылдауға бөлу керек.
Дозаны өткізіп алған жағдайда, дозаны бір-біріне жақын қабылдаудан аулақ бола отырып, өткізіп алған дозаны қабылдамай, келесі дозаны қабылдау қажет.
Геноуытты әлеует
Клиникаға дейінгі зерттеулер тиоколхикозид метаболиттерінің бірі (SL59.0955) адамның әсеріне жақын концентрацияда күніне екі рет пероральді 8 мг дозада анеуплоидияны (яғни, бөлінетін жасушалардағы хромосомалардың тең емес саны) туындатқанын көрсетті. Анеуплоидия тератогендіктің, эмбриоуыттылықтың / фетоуыттылықтың, өздігінен түскен түсік, ерлер фертильділігінің бұзылуы мен обыр дамуының қауіп факторы ретінде қарастырылады.
Сақтық шарасы ретінде препаратты ұсынылғаннан жоғары дозада немесе ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек.
Пациенттер жүктілік кезіндегі ықтимал қауіптер туралы және контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі хабардар болуы керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданған кезде ұйқышылдықтың пайда болуына байланысты көлік жүргізу және механизмдерді басқару кезінде абай болу керек.
Жүкті әйелдерде тиоколхикозидті қолдану туралы деректер шектеулі.
Сондықтан эмбрион мен шарана үшін ықтимал қауіптілік белгісіз.
ТИОЗИД® жүкті әйелдерге, сондай-ақ контрацепция әдістерін қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдерге қарсы көрсетілген.
Тиоколхикозид емшек сүтіне енетіндіктен, ол бала емізу кезінде қарсы көрсетілімді.
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Осындай емдік әсері бар препараттармен бір мезгілде қабылдағанда сақтық таныту ұсынылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.