Тиопентал-КМП сульфафуразолмен бір мезгілде қолданылғанда бастапқы дозасын азайту, ал қажет болса – қайталамалы дозалармен анестезияны сақтау көрсетілген.
Тиопентал β-блокаторлармен және кальций өзекшелері блокаторларымен өзара әрекеттесіп, қан қысымының түсіп кетуін туындатады.
Бір мезгілде β-блокаторлар және кальций өзекшелері блокаторлары, АӨФ тежегіштері, α-адреноблокаторлар, ангиотензин-ІІ антагонистері, фенотиазин, бензодиазепиндер, диазоксид, диуретиктер, метилдопа, моксонидин, нитраттар, шеткері вазодилататорлар (гидралазин, миноксидил, нитропруссид) сияқты препараттармен жалпы анестезияға арналған дәрілерді қолданғанда олардың гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін.
Анальгетиктер: алдын ала аспирин қолданылғанда Тиопентал-КМП белсенділігінің жоғарылау деректері бар. Тыныстың тарылуы мүмкін екеніне байланысты, есірткілік анальгетиктермен біріктірілімде Тиопентал-КМП абайлап қолданылу керек. Тиопентал-КМП петидиннің ауыруды басатын әсерін төмендетуі мүмкін.
Апиындар: тыныс алуды тарылтатын әрекетті күшейтеді. Әсері алкоголь, ұйықтататын таблеткалар, орталық әсер ететін бұлшықет босаңсытқыштары, анксиолитиктер, антипсихологиялық және антигистаминді препараттарымен күшейтіледі.
Тиопентал апиынды анальгетиктермен (ауырсынуға сезімталдықтың төмендеуі) және суфентанилмен (анестезия индукциясы кезінде барбитураттардың қажеттілігіне байланысты дозаның төмендеуі) өзара әрекеттеседі. Алкогольді немесе есірткіні шамадан тыс пайдаланатын пациенттерге жоғары дозалар қажет болуы мүмкін.
Алкоголь: этанолмен және апиынды анальгетиктермен бірге қолдану тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін. Алкогольді шамадан тыс пайдаланатын пациенттерге тиопентал дозасын жоғарылату қажет болуы мүмкін.
Антидепрессанттар: үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданған кезде аритмия мен гипотония қаупі артады. МАО тежегіштерімен Тиопентал-КМП біріктіріліп қолданылғанда гипотония мен гипертензияның даму қаупі болады.
Бактерияға қарсы препараттар: Жалпы анестезияға арналған дәрілердің изониазид гепатоуыттылығын күшейтуі мүмкін деректер бар; сезімталдықтың жоғарылауы және жағымсыз реакциялар Тиопентал-КМП біріктіріліп қолданылғанда және ванкомицин вена ішіне енгізілгенде де туындауы мүмкін.
Нейролептиктер: Тиопентал-КМП гипотензиялық және гипотермиялық дәрілік заттар әсерін күшейтеді, сондай-ақ препарат тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілердің, кетамин, нейролептиктер, магний сульфаты, этанолдың орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерін күшейтеді. Фенотиазинді нейролептиктер қабылдайтын пациенттерде гипотония қаупі артуы мүмкін (гипотонгияға тенденция байқалуы мүмкін). Кейбір фенотиазиндер, әсіресе прометазин, барбитуратты анестетиктерден туындаған бұлшықеттің өздігінен жиырылу жиілігін арттыруы мүмкін; циклизин ұқсас әсер етуі мүмкін. Тиопентал-КМП олардың седативті қасиеттерін арттыра алады.
Асқазан-ішек препараттары: Тиопентал-КМП метоклопрамидпен және дроперидолмен бір мезгілде қолданғанда Тиопентал-КМП дозасын азайту қажет.
Пробенецидті алдын-ала қолдану Тиопентал-КМП анестезиялық әсерін күшейтеді.
Препараттың белсенділігі сульфаниламидтермен, Н1 - гистаминоблокаторлармен және пробенецидпен жоғарылайды; аналептиктермен, кейбір антидепрессанттармен және аминофиллинмен төмендейді. Сондықтан жоғарыда аталған препараттармен Тиопентал-КМП сақтықпен қолдану керек.
Мидазолам Тиопентал-КМП анестезиялық әсерін күшейтеді.
Премедикация үшін ОЖЖ бәсеңдететін басқа препараттарды бір мезгілде қолданғанда, олардың әсер ету синергизмі болуы мүмкін, сондықтан кейбір жағдайларда жалпы анестезияға арналған препараттардың аз дозаларын пайдалану қажет. Фентанилмен бірге Тиопентал-КМП анестезиясын индукциялау кезінде брадикардияның пайда болуы туралы деректер бар.
Өсімдік препараттары: жануарларда шүйгіншөп пен шайқурай натрий тиопенталы және натрий карбонатының әсерін ұзартуы мүмкін екені көрсетілген.
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері
Барбитураттар мен кветиапинді бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы кветиапин концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Барбитураттар ферменттік индукция арқылы андрогендердің, кейбір эпилепсияға қарсы препараттардың, фелодипиннің, глюкокортикоидтардың, метронидазолдың, пероральді антикоагулянттардың және эстрогеннің шығарылуын арттырады және осылайша осы заттардың қан плазмасындағы концентрациясын төмендетеді.
Барбитураттар пероральді диабетке қарсы препараттардың (сульфонилмочевина) гипогликемиялық әсерін тежейді.
Барбитураттар бронходилататорлардың (аминофиллиннің) әсерін тежейді.
Басқа дәрілік препараттармен пайдалану
Тиопентал ерітіндісін антибиотиктермен (амикацин, бензилпенициллин, цефапирин), транквилизаторлармен, миорелаксанттармен (суксаметоний, тубокурарин), анальгетиктермен, эфедринмен, аскорбин қышқылымен, дипиридамолмен, хлорпромазинмен, кетаминмен, петидинмен, морфинмен, прометазинмен, сондай-ақ қышқылдармен және қышқыл тұздарымен бір шприцте араластыруға болмайды.
Натрий тиопенталына және натрий карбонатына тән сульфафуразолмен өзара әрекеттесу көрсетілгендіктен, кіріспе наркоз үшін дозаны азайту талап етілуі мүмкін, бірақ анестезияның сақталуы үшін дозаны қайталаудың қажет болу ықтималдығы бар.
Аспирин, пероральді антикоагулянттар, МАО тежегіштері және литий препараттары сияқты препараттарды ұзақ уақыт қабылдайтын пациенттер үшін дозаны түзету немесе жоғарыда көрсетілген препараттармен жоспарлы операцияға дейін емдеуді тоқтату қажет.
Тиопентал ерітіндісінің жеткіліксіз концентрациясы, 2,0%-дан аз, гемолизді тудыруы мүмкін.
Қант диабеті немесе гипертониясы бар пациенттерге анестезияға дейін базалық емнің дозаларын түзету қажет.
Дозаны арттыру.
Анамнезінде алкогольге немесе есірткілік заттарға дағдылануы немесе тәуелділігі бар пациенттерге дозаны арттыру қажет. Ондай жағдайларда қосымша анальгетиктер пайдалану ұсынылады.
Экстравазация.
Тамырдан тыс инъекциядан аулақ болу керек. Бұл препаратты вена ішіне енгізер алдында иненің венаның саңылауында екеніне көз жеткізу керек. Тамырдан тыс инъекция жеңіл ауырсыну мен түйілуден бастап қатты ауырсынумен және қабыршақтанумен кең некрозға дейін тіндердің химиялық тітіркенуін тудыруы мүмкін. Бұл, ең алдымен, препараттың клиникалық концентрациясының жоғары сілтілі рН (10-нан 11-ге дейін) байланысты. Егер экстравазация орын алса, ауырсынуды жеңілдету және вазодилатацияны күшейту үшін жергілікті 1% лидокаин енгізу арқылы жергілікті тітіркендіргіш әсерді азайтуға болады. Жергілікті жылуды қолдану жергілікті айналымның жоғарылауына және инфильтраттың жойылуына ықпал етуі мүмкін. 5% ерітіндіні енгізген кезде тромбофлебит дамуы мүмкін.
Артерия ішіне кездейсоқ енгізу.
Артерия ішілік инъекция байқаусызда пайда болуы мүмкін, әсіресе шынтақ шұңқырының медиальды бөлігінде аберрантты беткі артерия болса. Препаратты венаішілік енгізу үшін таңдалған аймақ пульсацияланатын тамырды анықтау үшін пальпациялануы керек. Кездейсоқ артерияішілік инъекция артериялық спазмды және қол мен саусақтардың бозаруымен артерия бойымен қатты ауырсынуды тудыруы мүмкін.
Тиопентал-КМП артерия ішіне кездейсоқ енгізілген жағдайда ине папаверин немесе прилокаин гидрохлориді сияқты спазмолитикалық препараттар енгізілген жерде қалуы тиіс. Ондай жағдайларда тромбоздың пайда болу қаупін төмендету мақсатында антикоагулянттық ем қолдану да ұсынылған. Қажет болса, ауырсынуды жеңілдету және коллатералдық қан айналымын ашуға көмектесу үшін иықтық өрімнің және/немесе жұлдызды ганглийдің симпатикалық блокадасын жасау керек. Қалауы бойынша, папаверинді бұғанаасты артерияға енгізуге болады. Вазоспастикалық аймаққа фентоламин сияқты альфа-адреноблокатордың жергілікті инфильтрациясын пайдалану мүмкін. Қажет болған жағдайда қосымша симптоматикалық емдеу қамтамасыз етіледі.
Бассүйекішілік қысымы жоғары неврологиялық пациенттерге қолдану.
Тиопентал-КМП инфузиясын жүргізу кезінде және оны тоқтатудан кейін рефрактерлі гипокалиемияның пайда болу қаупі бар. Ауыр рикошет гиперкалиемиясы Тиопентал-КМП инфузиясын тоқтатқаннан кейін пайда болуы мүмкін. Тиопенталмен емдеуді тоқтатқан кезде рикошет гиперкалиемиясының даму мүмкіндігін ескеру қажет.
Ауыз қуысының, жақтың және тамақтың қабынуын қамтитын жағдайлар сияқты тыныс алу жолдарының потенциалды ауытқулары бар пациенттерде сақ болу керек.
Тиопентал-КМП құрамында натрий (1 г құтыларда 118 мг) бар, аталған деректі гипонатрийлік диетада жүрген пациенттерге ескеру қажет.