Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного, внутримышечного введения
Дозасы
25 мг/мл
Саудалық атауы
Тиотриазолин
Әсер етуші зат
Тиазот қышқылы
Мақсаты
Жүректің ишемиялық ауруын кешенді емдеуде: стенокардия, миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз; жүрек аритмиясын емдеуде қосымша дәрі ретінде
Өндіруші
ПАО Галичфарм
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - тиазот қышқылының морфолиний тұзы 100 % затқа шаққанда – 25 мг, бұл 16,6 мг тиазот қышқылына баламалы
қосымша зат: инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш реңді сұйықтық.
Жүректің ишемиялық ауруын кешенді емдеуде:
- стенокардия, миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз; жүрек аритмиясын емдеуде қосымша дәрі ретінде.
Созылмалы гепатитті, алкогольдік гепатитті, фиброзды және бауыр циррозын кешенді емдеуде.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Тиазот қышқылының фармакологиялық әсері ишемияға қарсы, жарғақшаны тұрақтандыратын, антиоксиданттық және иммуномодуляциялық әсерге байланысты.
Препараттың әсер етуі анаэробтық гликолиздің компенсаторлы белсенділенуінің және Кребс циклында, жасушаішілік АТФ қорының сақталып, тотығу үдерістерінің белсенділенуінің күшеюі есебінен жүзеге асады. Тиазот қышқылы молекуласының құрылымында тотығу-тотықсыздану қасиеттері тән тиол күкіртінің, және сутегі иондарының артығын байланыстыратын үштік азоттың болуы антиоксидантты жүйенің белсенділенуін жүзеге асырады. Тиол тобының күшті тотықсыздандырғыш қасиеттері оттегінің белсенді түрлерімен және липидтік радикалдармен реакциясын тудырады. Радикалға қарсы ферменттердің –супероксиддисмутазаның, каталазаның және глутатионпероксидазаның реактивациясы – оттегінің белсенді түрлерінің инициациясын болдырмайды.
Тиазот қышқылының әсері миокардтың ишемиялық аймақтарында липидтердің тотығу процестерінің тежелуіне, миокардтың катехоламиндерге сезімталдығының төмендеуіне, жүректің жиырылу функциясының прогрессивті тежелуінің алдын алуға, сәйкесінше некроз және миокард ишемиясы аймағын тұрақтандыруға және азайтуға әкеледі. Қанның реологиялық қасиеттерінің жақсаруы фибринолитикалық жүйенің белсенділенуі есебінен жүзеге асады. Миокард метаболизмі үдерісінің жақсаруы, оның жиырылғыштық қызметінің жоғарылауы жүрек ырғағының қалыпты болуына ықпалын тигізеді, ол тиазот қышқылын жүректің ишемиялық ауруларының алуан түрлеріне шалдыққан науқастарды емдеу үшін ұсынуға мүмкіндік береді.
Кардиологияда препаратты қолданумен қатар, тиазот қышқылы бауыр мен басқа да ішкі ағзалардың ауруларын емдеуде, оның жоғары гепатопротекторлық қасиеттерін ескере отырып қолданылады. Препарат гепатоциттердің жойылуын болдырмайды, майлы инфильтрация дәрежесін және бауырдың центролобулярлық некроздары таралуын төмендетеді, гепатоциттердің қалпына келу процестеріне ықпал етеді, олардағы ақуыз, көмірсулар, липидтер мен пигмент алмасуын қалыпқа келтіреді. Өттің синтезі мен бөлініп шығу жылдамдығын арттырады, олардың химиялық құрамын қалыпты етеді.
Дозалау режимі
Миокард инфарктісінде және тұрақсыз стенокардияда Тиотриазолинді вена ішіне 4 мл 25 мг/мл ерітіндіні (100 мг) минутына 2 мл жылдамдықпен баяу немесе вена ішіне минутына 20-30 тамшы жылдамдықпен (4 мл 25 мг/мл ерітіндіні 150-250 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады) тамшылатып немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 2-3 рет 4 мл 25 мг/мл ерітіндіден (100 мг) енгізу керек. Емдеу курсы - 14 күн.
Жүктемелік стенокардияда Тиотриазолинді бұлшықет ішіне тәулігіне 2 рет (тәуліктік доза - 200 мг) 4 мл 25 мг/мл ерітіндіден енгізу керек. Емдеу курсы - 14 күн.
Тыныштық стенокардиясы және инфарктіден кейінгі кардиосклероз кезінде Тиотриазолинді бұлшықет ішіне тәулігіне 3 рет 2 мл 25 мг/мл ерітіндіден енгізеді. Емдеу курсы-20-30 күн.
Процестің айқын белсенділігі бар созылмалы гепатит кезінде Тиотриазолин алғашқы 5 күнде бұлшықет ішіне тәулігіне 2-3 рет 2 мл 25 мг/мл ерітіндіден (50 мг-ден) немесе тәулігіне 1 рет 2 мл/мин жылдамдықпен 4 мл 25 мг/мл ерітіндіден (100 мг) вена ішіне баяу немесе минутына 20-30 тамшы жылдамдықпен тамшылатып (2 ампула 25 мг/мл ерітінді 150-250 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылған) енгізу керек. Емнің 5-ші күнінен 20-шы күніне дейін Тиотриазолинді таблеткамен (100 мг тәулігіне 3 рет ) тағайындау керек.
Ең төменгі және орташа белсенділік дәрежесіндегі созылмалы гепатитте Тиотриазолинді бұлшықет ішіне тәулігіне 3 рет 2 мл 25 мг/мл ерітіндіден енгізу керек. Емдеу курсы-20-30 күн. Бауыр циррозымен емдеу курсы - 60 күн. Емдеуді 5 күн бойы тәулігіне 3 рет 2 мл 25 мг/мл ерітіндіні (50 мг) бұлшықет ішіне енгізуден бастап, содан кейін емдеуді таблеткалармен (100 мг тәулігіне 3 рет) жалғастыру керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізу керек.
• тиазот қышқылына жоғары сезімталдық;
• жедел бүйрек жеткіліксіздігі;
• жүктілік және бала емізу кезеңі;
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Препарат, әдетте, жақсы көтерімді.
Жеке сезімталдығы жоғары науқастарда туындауы мүмкін:
тері және тері асты шелі тарапынан: қышыну, тері гиперемиясы, бөртпе, есекжем жағдайлары;
иммундық жүйе тарапынан: басқа препараттарды қабылдау аясында ангионевроздық ісіну, анафилактикалық шок жағдайлары баяндалған;
басқалары: қызба, қалтырау жағдайлары және енгізу орнындағы өзгерістер.
Пациенттерде, негізінен егде жастағы адамдарда басқа препараттарды қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін:
орталық және шеткері жүйке жүйесі тарапынан:жалпы әлсіздік, бас айналу, құлақтағы шуыл, бас ауыруы;
жүрек-тамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, артериялық гипертензия, артериялық қысымды төмендету жағдайлары;
асқазан-ішек жолы тарапынан: диспепсиялық құбылыстардың көріністері, соның ішінде ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, іштің кебуі, құсу;
тыныс алу жүйесі тарапынан: ентігу және тұншығу.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: несепте натрий мен калий концентрациясының жоғарылауы.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алыңыз.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану.
Препаратты балаларда қолдану тәжірибесі жеткіліксіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Орталық және шеткері нерв жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда автокөлік құралдарын басқару және басқа да күрделі механизмдермен жұмыс істегенде сақ болу қажет.
Препаратты жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану тәжірибесі жеткіліксіз.
Тиотриазолинді кардиопротекторлы препарат ретінде жүректің ишемиялық ауруын емдейтін базистік дәрілермен біріктіріп қолдануға болады. Гепатопротекторлы дәрі ретінде этиологиясы сәйкес келетін гепатиттерді емдеудің дәстүрлі әдістерін тағайындаумен біріктірілуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.