Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечного введения
Дозасы
4 мг/2 мл
Саудалық атауы
Тиофлекс
Әсер етуші зат
Тиоколхикозид
Мақсаты
Ауыратын бұлшықет түйілулерін адъювантты емдеу
Өндіруші
"Мефар Илач Санайии А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
2 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – тиоколхикозид 4мг,
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сары түсті мөлдір ерітінді.
- ауыратын бұлшықет түйілулерін адъювантты емдеу
- 16 жас және одан үлкен жастағы ересектер мен жасөспірімдерде жедел жұлын патологиясы кезінде симптоматикалық емдеу.
Әсер ету механизмі
Тиоколхикозид – жартылай синтетикалық зат - колхикозид туындысы, фармакологиялық әсері бар бұлшықет релаксанты. Тиоколхикозид in vitro зерттеулеріндегі стрихнинге сезімтал ГАМҚ және глицинергиялық рецепторлармен ғана байланысады. ГАМҚ-рецепторының антагонисі ретінде әрекет ететін тиоколхикозид супраспинальді деңгейде реттейтін кешенді механизмдер көмегімен өзінің тиімді миорелаксациялық әсерін көрсете алады, алайда, оның глицинергиялық әсер ету механизмдерін жоққа шығаруға болмайды. . Тиоколхикозидтің ГАМҚ рецепторларымен өзара әрекеттесу сипаттамалары сандық және сапалық тұрғыда білінетін қан ағымындағы негізгі метаболиті – глюкуронид туындысына ұқсайды.
Дозалау режимі
Бұлшықет ішіне тәулігіне 2 рет 2 мл (4 мг) енгізіледі. Ең жоғары тәуліктік доза 8 мг. Созылмалы ауруларды ұзақ мерзімді емдеуге ұсынылмайды. Емдеу курсы 5 күн.
Физиотерапиялық емшараларға дайындық кезінде бұлшықет босаңсуының кезеңі бұлшықет ішіне инъекциядан кейін 30-40 минутты құрайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес беру үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
- белсенді затқа, қосымша компоненттерге аса жоғары сезімталдық
- жеңіл салдану
- бұлшықет гипотониясы
- қан құйылуға және/немесе антикоагулянттармен емдеуге бейімділік
- контрацепцияны пайдаланбайтын бала туу жасындағы әйелдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- 16 жасқа дейінгі балалар.
Жиі (≥1/100 < 1/10 дейін)
- ұйқышылдық
- диарея, гастралгия
Жиі емес (≥1/1000 < 1/100 дейін)
- есекжем
- тері эритемасы
Сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін)
- гипотензия
- ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок, терінің аллергиялық реакциясы, дерматит
- жүрек айнуы, құсу, қыжыл
Белгісіз
- анафилаксиялық реакциялар
- вазовагальді естен тану, әдетте бұлшықет ішіне енгізгеннен кейінгі алғашқы бірнеше минутта, құрысулар
- бауыр жеткіліксіздігі
- инъекция орнындағы реакциялар, соның ішінде ауырсыну, эритема, инъекция орнындағы домбығу , терідегі дәрі-дәрмектік эмболия (Николау синдромы)1
1Белгісіз (қолда бар деректер негізінде инъекция орнындағы реакциялардың жиілігін бағалау мүмкін емес): инъекция орнындағы ауырсынуды, қызаруды, домбығуды, қатты ісікті, ойық жараларды және қанталауды қоса, инъекция орнындағы реакция. Бұл инъекция орнының айналасындағы терінің және астындағы тіндердің қараюына және өліеттенуіне әкелуі мүмкін, ол тыртықпен жазылады, сондай-ақ Николау синдромы деп аталады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратты осы уақытқа дейін қолданғанда артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.
Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем.
Тиоколхикозидті 16 жасқа дейінгі балаларға енгізу ұсынылмайды.
Диарея жағдайында дозаны азайту керек.
Тиоколхикозид эпилепсиясы немесе эпилепсиялық ұстамалар қаупі бар пациенттерде құрысуды тудыруы мүмкін.
Вазовагальді естен тану мүмкіндігіне байланысты инъекциядан кейін пациентке бақылау орнату қажет.
Тиоколхикозид метаболиттерінің бірі (SL59.0955) күніне 2 рет 8 мг дозаны пероральді қабылдаған кезде анеуплоидия (жасушалардың бөлінуі кезінде хромосомалар санының тең болмауы) тудырады. Анеуплоидия эмбрионға тератогендік әсер ету қаупінің факторы, сондай-ақ обыр дамуы қаупінің ықтимал факторы, ерлердегі бала туу потенциалының төмендеуі болып табылады.
Ұсынылған дозалардан асып кету мен қолдану ұзақтығын болдырмаған жөн.
Пациенттер жүктілік кезіндегі ықтимал қауіп туралы және контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану қажеттілігі туралы хабардар етілуі тиіс.
Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуында сақтықпен қолдану керек. Ауыр жағдайлар (мысалы, жедел гепатит) ҚҚСП немесе парацетамолды бір уақытта қабылдаған пациенттерде хабарланды. Пациентке емдеуді тоқтату керек екендігі туралы ескертілуі керек және бауыр зақымдануының шамалы белгілері болса, дәрігермен кеңесу керек.
Арнайы ескертулер
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жұмысы шапшаң психикалық және физикалық реакцияны қажет ететін адамдарға препаратты тағайындау кезінде сақ болу ұсынылады.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дәрілік өзара әрекеттесу туралы деректер жоқ.
Бірдей емдік әсері бар препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу ұсынылады.
ОЖЖ бәсеңдететін препараттармен, оның ішінде алкогольмен, гипертензияға қарсы дәрілермен, кураре тәріздес препараттармен бір мезгілде қолданғанда миорелаксация күшеюі және ОЖЖ бәсеңдеуі, гипотония дамуы мүмкін.
Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупі жоғарылайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.