ATХ коды L01BC59
Әсер ету механизмі
1:0,5 молярлық қатынастағы тимидин, трифлуридин және тимидинфосфорилаза (ТФ) тежегіші, типирацил негізіндегі ісікке қарсы нуклеозидтің аналогы (массалық қатынас 1:0,471).
Трифлуридин обыр жасушаларына түскеннен кейін тимидинкиназамен фосфорланады, одан кейін жасушаларда дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) субстратына дейін метаболизденеді және ДНҚ-ға тікелей енеді, осылайша ДНҚ функциясын бұзады және жасушалардың пролиферациясын болдырмайды.
Алайда пероральді қабылдағаннан кейін трифлуридин ТФ әсерінен тез ыдырайды және бауыр арқылы алғаш рет өткенде оңай метаболизденеді, сондықтан препараттың құрамына ТФ тежегіші типирацил кіреді.
Клиникаға дейінгі зерттеулер барысында трифлуридин/типирацил 5-фторурацилге (5-ФУ) сезімтал және төзімді, колоректальді обыр жасушаларының желілеріне қатысты ісікке қарсы белсенділікті көрсетті.
Адам ісігінің бірнеше ксенотрансплантатына қатысты трифлуридиннің/типирацил гидрохлоридінң цитоуытты белсенділігі ДНҚ-ға енгізілген трифлуридин мөлшерімен айтарлықтай дәрежеде өзара байланысады. Бұл осы әсер ету механизмі препарат үшін негізгі екенін көрсетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ашық клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша, кеш сатыдағы тығыз ісіктері бар пациенттерде плацебомен салыстырғанда трифлуридин мен типирацил QT/QTc аралығының ұзаруына клиникалық маңызды әсер етпеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
мКРО
Плацебомен салыстырғанда монотерапиядағы трифлуридин мен типирацил гидрохлоридінң III фазасының рандомизацияланған зерттеуі
Трифлуридин мен типирацил гидрохлоридінң клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі ІІІ фазаның халықаралық, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуінде (RECOURSE) бұрын ем алған, мКРО бар пациенттерде бағаланды. Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі жалпы тіршілік қабілеті (ЖТҚ) болды, ал тиімділігінің қосымша соңғы нүктелері аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ), жалпы жауап жиілігі (ЖЖЖ) және ауруды бақылау жиілігі (АБЖ) болды.
Жалпы алғанда, 800 пациент трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін (n = 534) және оңтайлы демеуші емді (ОДЕ) немесе плацебоны (n = 266) және ОДЕ қабылдау үшін 2:1 қатынасында рандомизацияланды. Трифлуридин мен типирацил гидрохлоридінің дозасын таңдау 35 мг/м2 ДБА бастапқы бір реттік дозасымен ДБА-ға негізделген. Зерттелетін дәрілік препарат таңғы және кешкі астан кейін тәулігіне екі рет 2 апта бойы (аптасына 5 күн 2 күндік үзіліспен) содан кейін 14 күндік үзіліспен, осы циклді әр 4 апта сайын қайталай отырып, пероральді қабылданды. Пациенттер ауру үдегенге дейін немесе қолайсыз уыттылық дамығанға дейін емді жалғастырды (4.2. бөлімін қараңыз).
Клиникалық зерттеуде рандомизацияланған 800 пациенттің 61% -ы еркектер, 58% -ы еуропалық/ақ нәсілді, 35% -ы азиялық/шығыс тектес және 1% -ы қара нәсілді/афроамерикалық болды, жас медианасы 63 жасты құрады және барлық пациентте жалпы жағдайдың (ЖА) бастапқы деңгейі АҚШ-тың Шығыс біріккен онкологиялық тобының (ECOG) жіктеуі бойынша 0 немесе 1 құрады. Аурудың бастапқы орналасқан жері жуан ішекте (62%) немесе тік ішекте (38%) болған. KRAS статусы (ақуыздар тұқымдасының өкілі KRAS-протоонкоген генінің мутациялық статусы) клиникалық зерттеудің басында жабайы (49%) немесе мутантты типте (51%) болды. Метастаздық аурудың алдыңғы ем желілері санының медианасы 3 құрады. Барлық пациент бұрын фторпиримидин, оксалиплатин және иринотекан негізіндегі химиятерапия алған. 1 пациенттен басқасының барлығы бевацизумаб, ал KRAS жабайы типтегі ісіктері бар 2 пациенттен басқасының барлығы панитумумаб немесе цетуксимаб қабылдады. 2 емдеу тобы демографиялық сипаттамаларға және аурудың бастапқы сипаттамаларына қатысты салыстырмалы болды.
Жоспарланғандай жүргізілген клиникалық зерттеудегі ЖТҚ талдауы 72% (N = 574) оқиға кезінде тиісінше 5,3 аймен салыстырғанда ЖТҚ медианасы 7,1 ай; 1 жылдық тіршілік қабілеті тиісінше 26,6% және 17,6% трифлуридин және типирацил плюс ОДЕ тобы үшін плацебо плюс ОДЕ-мен салыстырғанда тіршілік қабілетінің клиникалық және статистикалық маңызды артықшылығын көрсетті (қауіптер қатынасы: 0,68, 95% сенім аралығы (СА) [0,58−0,81]; р < 0,0001). Трифлуридин және типирацил плюс ОДЕ қабылдаған пациенттерде ҮТҚ айтарлықтай артты (қауіптер қатынасы: 0,48, 95% СА [0,41−0,57], р < 0,0001 (7-кестені және 1 және 2-суреттерді қараңыз)).
7-кесте. МКРО бар пациенттердегі III фазаның клиникалық зерттеуінің (RECOURSE) деректері бойынша тиімділік нәтижелері
Трифлуридин және типирацил плюс ОДЕ (N = 534) — Плацебо плюс ОДЕ (N = 266)
Жалпы тіршілік қабілеті
Өліммен аяқталған жағдайлар саны, N (%) — 364 (68,2) — 210 (78,9)
ЖТҚ медианасы (ай)а [95% СА]б — 7,1 [6,5, 7,8] — 5,3 [4,6, 6,0]
Салыстырмалы қауіп [95% СА] — 0,68 [0,58, 0,81]
Р-мәнів — < 0,0001 (1-жақты және 2-жақты критерий)
Аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілеті
Аурудың үдеу оқиғаларының немесе өлім саны, N (%) — 472 (88,4) — 251 (94,4)
ҮТҚ медианасы (ай)а [95% СА]б — 2,0 [1,9, 2,1] — 1,7 [1,7, 1,8]
Салыстырмалы қауіп [95% СА] — 0,48 [0,41, 0,57]
Р-мәнів — < 0,0001 (1-жақты және 2-жақты критерий)
aКаплан-Мейер әдісімен есептеулер
бБукмеер және Кроули әдісі
вСтратификацияланған log-рангтық тест (страта: KRAS статусы, бірінші метастаз анықталғаннан бергі уақыт, орналасуы)
1-сурет. мКРО бар пациенттердегі ЖТҚ Каплан-Мейер қисықтары (RECOURSE)
Рандомизациядан кейінгі айларПлацебоӨліммен аяқталу қауіптерінің қатынасы, 0,68 (95% СА, 0,58−0,81) P < 0,0001Плацебо Тіршілік қабілетінің ықтималдығы (%)Трифлуридин және типирацил гидрохлоридіТрифлуридин және типирацил гидрохлоридіҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:Рандомизациядан кейінгі айларПлацебоӨліммен аяқталу қауіптерінің қатынасы, 0,68 (95% СА, 0,58−0,81) P < 0,0001Плацебо Тіршілік қабілетінің ықтималдығы (%)Трифлуридин және типирацил гидрохлоридіТрифлуридин және типирацил гидрохлоридіҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:
2-сурет – Метастаздық колоректальді обыры бар пациенттердегі үдеусіз тіршілік қабілетіне арналған Каплан-Мейер қисықтары (RECOURSE зерттеуі)
Лог-рангтық критерий пайдаланылатын, ауру үдеуінің басталу немесе өлім қауіптерінің қатынасы 0,48 (95% СА, 0,41−0,57) Р < 0,0001 Трифлуридин және типирацил гидрохлоридіПлацебоРандомизациядан кейінгі айларПлацебоТрифлуридин+ типирацил гидрохлоридіҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:Аурудың үдеуінсіз тіршілк қабілетінің ықтималдылығы (%) Лог-рангтық критерий пайдаланылатын, ауру үдеуінің басталу немесе өлім қауіптерінің қатынасы 0,48 (95% СА, 0,41−0,57) Р < 0,0001 Трифлуридин және типирацил гидрохлоридіПлацебоРандомизациядан кейінгі айларПлацебоТрифлуридин+ типирацил гидрохлоридіҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:Аурудың үдеуінсіз тіршілк қабілетінің ықтималдылығы (%)
2-сурет. мКРО бар пациенттердегі аурудың ҮТҚ Каплан-Мейер қисықтары (RECOURSE)
89% оқиғаға (n = 712) жасалған ЖТҚ жаңартылған талдауының нәтижелері 5,2 аймен салыстырғанда медианасы 7,2 ай; 1 жылдық тіршілік қабілеті сәйкесінше 27,1% және 16,6% трифлуридин мен типирацил плюс ОДЕ қолданған кезде плацебо плюс ОДЕ-мен салыстырғанда тіршілік қабілетінің клиникалық және статистикалық маңызды артықшылығын растады (қауіптер қатынасы: 0,69; 95% СА [0,59−0,81]; р < 0,0001).
ЖТҚ және ҮТҚ қатысты артықшылық пациенттердің барлық тиісті қосалқы тобында, оның ішінде нәсілі, географиялық аймағы, жасы (< 65; ≥ 65), жынысы бойынша, ECOG жіктеуі бойынша денсаулық жағдайы бойынша статус, KRAS статусы, бірінші метастаз анықталған сәттен бастап уақыт, метастаз ошақтарының саны және бастапқы ісіктің орналасуы бойынша қосалқы топта байқалды. Трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін қолданған кезде тіршілік қабілетіне қатысты артықшылық барлық маңызды болжамды факторды, атап айтқанда: бірінші метастаз анықталған сәттен бастап уақытты, ECOG жіктеуі бойынша денсаулық жағдайы бойынша статусты және метастаз ошақтарының санын ескере отырып, түзетуден кейін де сақталды (салыстырмалы қауіп 0,69, 95% СА [0,58−0,81]).
Барлық рандомизацияланған пациенттің алпыс бір пайызы (61 %, n = 485) рандомизация алдында соңғы емдеу режимінің бөлігі ретінде фторпиримидин қабылдады, оның 455-і (94 %) рандомизация кезінде фторпиримидинге рефрактерлі болды. Бұл пациенттердің ішінде трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін қолданғанда ЖТҚ-ға қатысты артықшылық сақталды (қауіптер қатынасы: 0,75, 95% СА [0,59-0,94]).
Барлық рандомизацияланған пациенттің он сегіз пайызы (18 %, n = 144) рандомизацияға дейін регорафениб қабылдады. Бұл пациенттердің ішінде трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін қолданғанда ЖТҚ-ға қатысты артықшылық сақталды (қауіптер қатынасы: 0,69, 95% СА [0,45−1,05]). Бұл әсер бұрын регорафениб қабылдамаған пациенттерде де сақталды (қауіптер қатынасы 95% СА кезінде 0,69 [0,57−0,83]).
АБЖ (толық жауап, ішінара жауап немесе аурудың тұрақтануы) трифлуридин және типирацил қабылдаған пациенттерде айтарлықтай жоғары болды (16%-бен салыстырғанда 44%, p < 0,0001).
Трифлуридинмен және типирацилмен плюс ОДЕ емдеу плацебо плюс ОДЕ емдеумен салыстырғанда ECOG (ОС) < 2 жіктеуі бойынша жалпы денсаулық жағдайының статусы ұзақтығының статистикалық маңызды артуына әкелді. Трифлуридин мен типирацил тобы және плацебо тобы үшін ЖЖ ≥ 2 тіркелгенге дейінгі уақыт медианасы 0,66 (95% СА: [0,56−0,78]), p < 0,0001 салыстырмалы қауіппен сәйкесінше 5,7 айды және 4,0 айды құрады.
Трифлуридинмен және типирацилмен жүргізілген монотерапиямен салыстырғандағы бевацизумабпен біріктірілген трифлуридин мен типирацил гидрохлоридінң III фазасының рандомизацияланған зерттеуі
Трифлуридинмен және типирацилмен жүргізілген монотерапиямен салыстырғанда бевацизумабпен біріктірілген трифлуридин мен типирацил гидрохлоридінң клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі бұрын таралған ауруды жүйелі емдеудің ең көп дегенде екі сызбасын, соның ішінде фторпиримидинді, иринотеканды, оксалиплатинді, VEGF-ке қарсы моноклонды антиденелерді және/немесе ісікте «жабайы» типтегі RAS гені бар пациенттерде EGFR-ге қарсы моноклонды антиденелерді алған мКРО бар пациенттерде III фазаның халықаралық, рандомизацияланған, ашық клиникалық зерттеуінде (SUNLIGHT) бағаланды. Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі ЖТҚ болды, ал тиімділігінің негізгі екінші соңғы нүктесі ҮТҚ болды.
Трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін бевацизумабпен (N = 246) қабылдау немесе трифлуридин мен және типирацилмен (N = 246) монотерапия үшін барлығы 492 пациент 1:1 қатынасында рандомизацияланған.
Пациенттер пероральді күніне екі рет әрбір 28 күндік циклдің 1-5 және 8-12 күндері бөлек немесе әр 4 апталық циклдің әр 2 аптасында (1 және 15 күндері) вена ішіне енгізілген бевацизумабпен (5 мг/кг) біріктірілімде тағайындалатын трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін (бастапқы дозасы 35 мг/м2) қабылдады. Пациенттер ауру үдегенге дейін немесе қолайсыз уыттылық дамығанға дейін емді жалғастырды (4.2. бөлімін қараңыз). Бевацизумабпен монотерапияға жол берілмеді.
Бастапқы сипаттамалар жалпы екі топ арасында теңдестірілді. Орташа жасы 63 жасты құрады (диапазоны: 20–90), 44 % ≥ 65 жас және 12 % ≥ 75 жас, пациенттердің 52%-ы еркектер және 95%-ы ақ нәсілді, 46%-ында ECOG PS 0 және 54%-ында ECOG PS 1 болды. Аурудың бастапқы орналасқан жері жуан ішек (73%) немесе тік ішек (27%) болған. Жалпы алғанда, пациенттердің 71 % - ында RAS генінде мутациясы бар ісік болды. Емдеудің орташа ұзақтығы трифлуридин және типирацил-бевацизумаб тобында 5 айды, ал трифлуридин және типирацил тобында 2 айды құрады. Жалпы алғанда, пациенттердің 92% - ы бұрын таралған колоректальді обыр себебімен ісікке қарсы емдеудің екі сызбасын қабылдаған, 5% - ы бір және 3% - ы екіден көбін қабылдаған. Барлық пациент алдын ала фторпиримидин, иринотекан және оксалиплатин қабылдады, 72%-ы алдын ала VEGF-ке қарсы моноклонды антиденелер алды, ісікте «жабайы» типтегі RAS гені бар пациенттердің 94%-ы алдын ала EGFR-ге қарсы моноклонды антиденелер алды.
Бевацизумабпен біріктірілген трифлуридин мен типирацил трифлуридинмен және типирацилмен жүргізілген монотерапиямен салыстырғанда ЖТҚ және ҮТҚ статистикалық маңызды жақсартты (8-кестені және 3 және 4-суреттерді қараңыз).
8-кесте. МКРО бар пациенттердегі III фазаның клиникалық зерттеуінің (SUNLIGHT) деректері бойынша тиімділік нәтижелері
Трифлуридин және типирацил плюс бевацизумаб (N = 246) — Трифлуридин және типирацил (N = 246)
Жалпы тіршілік қабілеті
Өліммен аяқталған жағдайлар саны, N (%) — 148 (60.2) — 183 (74.4)
ЖТҚ медианасы (ай)а [95% СА]б — 10.8 [9.4, 11.8] — 7.5 [6.3, 8.6]
Салыстырмалы қауіп [95% СА] — 0.61 [0.49, 0.77]
Р-мәнів — < 0,0001 (1 -жақты критерий)
Аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілеті (бір зерттеушіге)
Аурудың үдеу оқиғаларының немесе өлім саны, N (%) — 206 (83.7) — 236 (95.9)
ҮТҚ медианасы (ай)а [95% СА]б — 5.6 [4.5, 5.9] — 2.4 [2.1, 3.2]
Салыстырмалы қауіп [95% СА] — 0.44 [0.36, 0.54]
Р-мәнів — < 0,001 (1 -жақты критерий)
aКаплан-Мейер әдісімен есептеулер
бБукмеер және Кроули әдісі
вСтратификацияланған log-рангтық тест (страта: орналасуы, бірінші метастаз анықталғаннан бергі уақыт, RAS статусы)
3-сурет. мКРО бар пациенттердегі ЖТҚ Каплан-Мейер қисықтары (SUNLIGHT)
4-сурет. мКРО бар пациенттердегі аурудың ҮТҚ Каплан-Мейер қисықтары (RECOURSE)
ЖТҚ және ҮТҚ қатысты артықшылықтар жынысты, жасты (< 65, ≥ 65 жас), бастапқы аурудың орналасуын (оңжақта, солжақта), ECOG бойынша статусты (0, ≥ 1), алдыңғы хирургиялық резекцияны, метастаз ошақтарының санын (1−2, ≥ 3), нейтрофильдер мен лимфоциттердің арақатынасын (NLR < 3, NLR ≥ 3), метастаздық препараттармен алдыңғы емдеу сызбаларының санын (1, ≥ 2), BRAF онкогенінің статусын, микросателлиттік тұрақсыздық статусын (MSI), бевацизумабпен алдыңғы емді және регорафенибпен кейінгі емді қоса, рандомизацияның барлық қабатында және алдын ала анықталған қосалқы топтарда жүйелі түрде байқалды.
Асқазанның метастаздық обыры
Трифлуридин мен типирацил гидрохлоридінң клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі бұрын ем алған, таралған ауруды жүйелі емдеудің кем дегенде екі алдыңғы сызбасын, соның ішінде фторпиримидин, платина және не таксан, не иринотекан негізіндегі химиятерапияны, сондай-ақ, егер қолданылса, адамның эпидермалық өсу факторының (HER2) 2 типті рецепторына таргеттелген емді алған, асқазанның метастаздық обыры бар (гастроэзофагеальдік аймаққа өтетін жердің аденокарциномасын қоса) пациенттерде ІІІ фазаның халықаралық, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуінде (TAGS) бағаланды.
Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі ЖТҚ болды, ал тиімділігінің қосымша соңғы нүктелері ҮТҚ, ЖЖЖ, АБЖ, ECOG ≥ 2 функциялық статусы нашарлағанға дейінгі уақыт және өмір сүру сапасы болды. Ісіктерді тығыз ісіктердің жауабын 1.1 нұсқасындағы бағалау критерийлеріне (RECIST) сәйкес бағалауды әрбір 8 апта сайын пациенттің тұрғылықты жері бойынша дәрігер зерттеуші/рентгенолог жүргізді.
Жалпы алғанда, 507 пациент трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін (n = 337) және оңтайлы демеуші емді (ОДЕ) немесе плацебоны (n = 170) және ОДЕ қабылдау үшін 2:1 қатынасында рандомизацияланды. Трифлуридин мен типирацил гидрохлоридінң дозасын таңдау 35 мг/м2 ДБА бастапқы бір реттік дозасымен ДБА-ға негізделген. Зерттелетін дәрілік препарат таңғы және кешкі астан кейін тәулігіне екі рет 2 апта бойы (аптасына 5 күн 2 күндік үзіліспен) содан кейін 14 күндік үзіліспен, осы циклді әр 4 апта сайын қайталай отырып, пероральді қабылданды. Пациенттер ауру үдегенге дейін немесе қолайсыз уыттылық дамығанға дейін емді жалғастырды (4.2. бөлімін қараңыз).
Клиникалық зерттеуде рандомизацияланған 507 пациенттің 73% -ы еркектер, 70% -ы ақ нәсілді, 16% -ы азиялық және < 1% -ы қара нәсілді/афроамерикалық, жас медианасы 63 жасты құрады және барлық пациентте АҚШ-тың Шығыс біріккен онкологиялық тобының (ECOG) жіктеуі бойынша функциялық статустың бастапқы деңгейі (ФС) 0 немесе 1 құрады. Аурудың бастапқы орналасуы асқазан (71,0%) немесе гастроэзофагеальдік аймаққа өтетін жер (28,6%) немесе екі жерде орналасқаны (0,4%) болды. Метастаздық аурудың алдыңғы ем сызбалары санының медианасы 3 құрады. Пациенттердің барлығы дерлік (99,8%) бұрын фторпиримидин негізіндегі химиятерапияны, 100% - ы платинамен алдыңғы емді және 90,5% - ы таксанмен алдыңғы емді алды. Пациенттердің жартысына жуығы (55,4%) бұрын иринотекан, 33,3%-ы рамуцирумаб және 16,6%-ы HER2-таргет емін қабылдаған. Аурудың демографиялық және бастапқы сипаттамаларына қатысты 2 емдеу тобы салыстырмалы болды.
76% (n = 384) оқиға үшін жоспарланғандай жүргізілген клиникалық зерттеудегі ЖТҚ талдауы плацебо плюс ОДЕ-мен салыстырғанда қауіптер қатынасы (ҚҚ) 0,69 (95% СА: 0,56, 0,85; 1-ші және 2-ші жақты р-мәнінің нәтижелері тиісінше 0,0003 және 0,0006 болды) трифлуридин мен типирацил плюс ОДЕ ЖТҚ статистикалық маңызды жақсаруына әкелді, бұл трифлуридин мен типирацил тобында өлім қаупінің 31%-ға төмендеуіне сәйкес келетінін көрсетті. Трифлуридин және типирацил тобы үшін ЖТҚ медианасы плацебо тобы үшін 3,6 аймен (95% СА: 3.1, 4.1) салыстырғанда 5,7 айды (95% СА: 4.8, 6.2) құрады; 1 жылдық тіршілік қабілеті тиісінше 21,2% және 13,0%.
Плацебо плюс ОДЕ-мен салыстырғанда трифлуридин және типирацил плюс ОДЕ қабылдаған пациенттерде ҮТҚ айтарлықтай артты (ҚҚ 0.57; 95% СА [0,47−0,70]; р < 0,0001 (9-кестені, 5 және 6-суреттерді қараңыз).
9-кесте. Асқазанның метастаздық обыры бар пациенттердегі III фазаның клиникалық зерттеуі (TAGS) бойынша тиімділік нәтижелері
Трифлуридин және типирацил плюс ОДЕ (N = 337) — Плацебо плюс ОДЕ (N = 170)
Жалпы тіршілік қабілеті
Өліммен аяқталған жағдайлар саны, N (%) — 244 (72.4) — 140 (82.4)
ЖТҚ медианасы (ай)а [95% СА]б — 5.7 [4.8, 6.2] — 3.6 [3.1, 4.1]
Қауіптер қатынасы [95% СА] — 0.69 [0.56, 0.85]
Р-мәнів — 0,0003 (1-жақты критерий), 0,0006 (2-екіжақты критерий)
Аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілеті
Аурудың үдеу оқиғаларының немесе өлім саны, N (%) — 287 (85.2) — 156 (91.8)
ҮТҚ медианасы (ай)а [95% СА]б — 2.0 [1.9, 2.3] — 1.8 [1.7, 1.9]
Қауіптер қатынасы [95% СА] — 0.57 [0.47, 0.70]
Р-мәнів — < 0,0001 (1-жақты және 2-жақты критерий)
aКаплан-Мейер әдісімен есептеулер
бБукмеер және Кроули әдісі
вСтратификацияланған log-рангтық тест (страта: орналасуы, ECOG шкаласы бойынша бастапқы статус, рамуцирумабпен алдыңғы емдеу)
5-сурет. Асқазанның метастаздық обыры бар пациенттердегі ЖТҚ Каплан-Мейер қисықтары (TAGS)
Тіршілік қабілетінің ықтималдығы (%) Тіршілік қабілетінің ықтималдығы (%)Трифлуридин және типирацил гидрохлоридіПлацебоТрифлуридин және типирацил гидрохлоридіПлацебоҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:Қауіпке ұшыраған пациенттер саны:
6-сурет. Асқазанның метастаздық обыры бар пациенттердегі аурудың ҮТҚ Каплан-Мейер қисықтары (TAGS)
Трифлуридин және типирацил гидрохлоридіПлацебоТрифлуридин және типирацил гидрохлоридіПлацебоҚауіпке ұшыраған пациенттер саны:Қауіпке ұшыраған пациенттер саны: Тіршілік қабілетінің ықтималдығы (%) Тіршілік қабілетінің ықтималдығы (%)
ЖТҚ және ҮТҚ қатысты артықшылық барлық стратада және жынысты, жасты (< 65; ≥ 65 жас), этностық шығу тегіне, ECOG ФС, рамуцирумабпен алдыңғы емдеуді, иринотеканмен алдыңғы емдеуді, алдыңғы сызбалар санын (2; 3; ≥ 4), асқазанның алдыңғы резекциясын, бастапқы ісіктің орналасуын (асқазан; гастроэзофагеальдік айқмаққа өтетін жер) және HER2 статусын қоса, алдын ала анықталған қосалқы топтардың көпшілігінде байқалды.
ЖЖЖ көрсеткіші (толық жауап + ішанара жауап) трифлуридин және типирацил қабылдаған пациенттерде айтарлықтай жоғары болған жоқ (2,1%-бен салыстырғанда 4,5%, p мәні = 0,2833), бірақ АБЖ көрсеткіші (толық жауап немесе ішарана жауап немесе аурудың тұрақтануы) трифлуридин және типирацил қабылдаған пациенттерде айтарлықтай жоғары болды (14,5% қарсы 44,1%, p < 0,0001).
ECOG ФС ≥ 2 дейін нашарлағанға дейінгі орташа уақыт ҚҚ 0,69 (95% СА: 0.562, 0.854), р - мәні = 0,0005 плацебо тобындағы 2,3 аймен салыстырғанда трифлуридин мен типирацил тобында 4,3 айды құрады.
Балалар
Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттік рефрактерлі метастаздық колоректальді обыр және асқазанның рефрактерлі метастаздық обыры кезінде балалар популяциясының барлық қосалқы тобында трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін зерттеу нәтижелерін ұсыну міндетінен бас тартты (балаларда қолданылуы бойынша 4.2 бөлімін қараңыз).
Егде жастағы пациенттер
Трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін қабылдаған 75 және одан үлкен жастағы пациенттер бойынша шектеулі деректер бар:
• RECOURSE және TAGS клиникалық зерттеулерінің біріктірілген деректеріндегі 87 пациент (10%), оның ішінде 2 пациент 85 және одан үлкен жаста болды. Трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін қолданудың ЖТҚ әсері 65 жасқа толмаған және 65 және одан үлкен жастағы пациенттерде ұқсас болды.
- SUNLIGHT клиникалық зерттеуіндегі 58 пациент (12%) 75 және одан үлкен жаста болды, оның ішінде 1 пациент 85 және одан үлкен жаста болды. Бевацизумабпен біріктірілген трифлуридин мен типирацил гидрохлоридін қолданудың ЖТҚ әсері 65 жасқа толмаған және 65 және одан үлкен жастағы пациенттерде ұқсас болды.