Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь глазная
Саудалық атауы
ТОБРАДЕКС*
Әсер етуші зат
Дексаметазон в комбинации с противоинфекционными препаратами
Мақсаты
Ересектер мен 2 жастағы және одан үлкен балаларда сондай-ақ бактериялық көз инфекциясы бар немесе тобрамицинге сезімтал көптеген басқа антибиотиктерге, әсіресе Pseudomonas…
Өндіруші
с.а.Алкон-Куврер н.в.
Ел
Бельгия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г жақпамай құрамында
белсенді заттар: дексаметазон 1,0 мг,
тобрамицин 3,0 мг
қосымша заттар: сусыз хлорбутанол, сұйық парафин (минералдық май), ақ вазелин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті бір текті жақпамай
Ересектер мен 2 жастағы және одан үлкен балаларда сондай-ақ бактериялық көз инфекциясы бар немесе тобрамицинге сезімтал көптеген басқа антибиотиктерге, әсіресе Pseudomonas aeruginosa-ға төзімді микроорганизмдерге байланысты бактериялық көз инфекциясының қаупі бар кортикостероидтармен ем көрсетілімдегі стероидқа сезімтал офтальмологиялық қабыну ауруларын емдеу үшін.
Офтальмологиялық стероидтар стероидтарды қолдануға тән қауіп ісіну мен қабынуды азайту үшін кейбір инфекциялық конъюнктивиттер кезінде жарамды болғанда пальпебральді және бульбарлы конъюнктиваның, мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы кесігінің қабыну ауруларында қолданылады. Олар сондай-ақ созылмалы алдыңғы увеит және мөлдір қабықтың химиялық заттардан, радиациядан, термиялық күюден зақымдануы кезінде немесе бөгде денелер кіріп кеткенде тағайындалады (қарсы көрсетілімдерді ескеріп).
Құрамында кортикостероидтар бар көзге арналған жақпамайды тиісті офтальмологиялық тексерістен кейін ғана тағайындау керек.
Әсер ету механизмі
Препарат құрамында тобрамицин бар, жылдам әсер ететін бактерицидтік аминогликозидтық антибиотик. Ол жинақты тежеу жолымен және рибосомадағы полипептидтер синтезіне бактериялық жасушаларға негізгі әсер көрсетеді.
Резистенттілік механизмі
Тобрамицинге резистенттілік (1) бактериялық жасушадағы рибосомалық суббірліктің өзгеруін, (2) тобрамицинді жасушаға ауыстыруға араласу және (3) тобрамициннің бірге аденилдеуші, фосфорлаушы және ацетилдеуші ферменттердің белсенділігінің жойылуын қоса, бірнеше түрлі механизмдер арқылы жүреді. Белсенділікті жоюшы ферменттерді өндіру үшін генетикалық ақпарат бактериялық хромосомаға немесе плазмидтерге ауысуы мүмкін. Басқа аминогликозидтерге айқаспалы резистенттілік туындауы мүмкін.
Шектік мәндер
Шектік мәндер және in vitro спектрі, төменде көрсетілгендей, жүйелі пайдалануға негізделген. Осы шектік мәндер дәрілік препаратты жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін жарамсыз болуы мүмкін, себебі анағұрлым жоғары концентрацияларға жергілікті жетеді және енгізген жерде өнімнің белсенділігіне жергілікті физикалық/химиялық жағдайлар әсер етуі мүмкін. Еуропаның антимикробтық препараттарға сезімталықты сынау жөніндегі комитетінің нұсқауларына сәйкес тобрамицин үшін келесі шектік мәндер анықталған:
•Энтеробактериялар S ≤ 2 мг/л, R > 4 мг/л
•Pseudomonas spp. S ≤ 4 мг/л, R > 4 мг/л
•Staphylococcus spp. S ≤ 1 мг/л, R > 1 мг/л
•Түрлерді байланысты емес S ≤ 2 мг/л, R > 4 мг/л
ФК/ФД параметрлерінің өзара байланысы
ТОБРАДЕКС препараты үшін ФК/ФД параметрлерінің нақты өзара байланысы анықталмаған. Дексаметазон жануарларға қатысты жарияланған зерттеулерде дозаға тәуелді емес фармакокинетиканы көрсетті.
in vitro және in vivo жарияланған зерттеулер тобрамициннің сарысудағы төмен концентрацияларға қарамастан бактериялар өсімін тиімді басатын ұзақ постантибиотиктік әсері бар екенін көрсетті. Тобрамицинді жүйелі қолдану бойынша зерттеулер күніне бірнеше дозаны қабылдаумен салыстырғанда күніне бір рет қабылдау сызбасы кезінде анағұрлым жоғары максималды концентрацияларды көрсетті.
Алайда ағымдағы деректердің мәні бір тәуліктің дозаны жүйелі қолдану күніне бірнеше дозаны қолдану сияқты тиімді екенін растады. Тобрамицин концентрацияға тәуелді микробқа қарсы әсер және антибиотик деңгейін МПК немесе минималды бактерицидтік концентрациядан (МБК) жоғары ұлғайту кезінде үлкен тиімділікті көрсетеді.
Нақты патогендерге қарсы клиникалық тиімділік
Төменде келтірілген ақпарат микроорганизмдер осы препаратта тобрамицинге сезімтал бола ма, соның ықтималдығы бойынша болжалды нұсқау ғана береді. Мұнда конъюнктивит кезінде байқалатын сияқты бактериялардың сыртқы көз инфекцияларынан алынған түрлері ұсынылған.
Жекелеген түрлер үшін пайда болған резистенттіліктің таралуы географиялық тұрғыдан өзгеруі мүмкін және уақыт өте және әсіресе ауыр инфекцияларды емдегенде резистенттілік туралы аймақтық ақпарат болғаны дұрыс. Қажет болса резистенттіліктің аймақтық таралуы – тобрамицинді қолданудың жөндігі, кем дегенде, инфекциялардың кейбір типтері кезінде күдік тудыратындай кезде сарапшылардан кеңес сұрату керек.
ТАРАЛҒАН СЕЗІМТАЛ ТҮРЛЕРІ
Аэробты грамоң микроорганизмдер
Коринебактерия (Corynebacterium) түрлері
Алтын түстес стафилококк (Staphylococcus aureus, метициллинге сезімтал)
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер
Энтеробактер клоаки (Enterobacter cloacae)
Клебсиелла окситока (Klebsiella oxytoca)
Моракселла катарралис (Moraxella catarrhalis)
Менингококк (Neisseria meningitidis)
Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa)
Cеррация марцесценс (Serratia marescens)
Басқа да тиісті патогендерге қарсы бактерияға қарсы белсенділік
ПАЙДА БОЛҒАН РЕЗИСТЕНТТІЛІК ПРОБЛЕМА БОЛУЫ МҮМКІН ТҮРЛЕРІ Аэробты грамоң микроорганизмдер Дифтериялық коринебактерия (Corynebacterium diphtheriae) Алтын түстес стафилококк (Staphylococcus aureus, метициллин-резистентті) Стафилококк (Staphylococcus), басқа коагулаза-теріс түрлері (метициллин-резистентті) Аэробты грамтеріс микроорганизмдер Гонококктар (Neisseria gonorrhoeae) ТАБИҒИ РЕЗИСТЕНТТІЛІККЕ ИЕ ОРГАНИЗМДЕР
Аэробты грамоң микроорганизмдер
Пневмония стрептококкы (Streptococcus pneumoniae)
Пиогендік стрептококк (Streptococcus pyogenes)
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер
Гемофилюс инфлюэнца (Haemophilus influenzae)
Анаэробты бактериялар
Пропионды бактерия акне (Propionibacterium acnes) Өзгесі Хламидия трахоматис (Chlamydia trachomatis)
Дексаметазон — орташа күшті кортикостероид, көз тініне жақсы өтеді. Кортикостероидтар қабынуға қарсы, сондай-ақ тамыр тарылтатын әсер көрсетеді. Олар қабыну реакциясын және түрлі бұзылыстар кезіндегі симптомдарды бәсеңдетеді, бұл бұзылыстарды емдемейді.
Клиникалық зерттеу деректері
Клиникалық зерттеулерден алынған қауіпсіздік бойынша жиынтық деректер 4.8 бөлімде ұсынылған.
Бала пациенттер
ТОБРАДЕКС көзге тамызатын дәрісі мен көзге арналған жақпамайының балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі кең клиникалық пайдалану тәжірибесімен анықталған, бірақ шектеулі деректер ғана бар. Клиникалық зерттеуде ТОБРАДЕКС бактериялық конъюнктивитті емдеуге арналған суспензиясын 1-17 жас аралығындағы 29 педиатриялық пациент ТОБРАДЕКС тамшыларын 5 немесе 7 күн бойы 4 немесе 6 сағат сайын 1 немесе 2 тамшыдан қабылдайды. Осы зерттеуде ересек және педиатриялық пациенттер арасындағы қауіпсіздік бейінінде айырмашылықтар байқалмады. Педиатриялық пациенттерде пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін 4.2 және 4.4 бөл.қ.
Дозалау режимі
1-ден 1,5 см-ге дейінгі жақпамайдың аз мөлшерін күніне 3 немесе 4 ретке дейін конъюнктивалды қапқа жағыңыз немесе күні бойы қосымша көз тамшысын және ұйықтар алдында көз жақпамайын пайдаланыңыз.
Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілермен қатар емдеу жағдайында препараттарды кезекпен қолдану арасындағы 5-минуттық аралықты сақтау керек. Көз жақпамайын соңынан қолдану керек.
Енгізу жолы және тәсілі
Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін.
Түбек ұшының және жақпамайдың ластануын болдырмау үшін түбек ұшын қабаққа, маңындағы тіндерге немесе басқа беткейлерге тигізбеңіз. Пайдаланғаннан кейін түбекті тығыз жабылған күйінде сақтаңыз.
1.Басты шалқайтыңыз.
2.Саусақты бетке, тура көз астына қойыңыз да, V-тәрізді қалта пайда болғанша көз бен төменгі беттің арасында теріні абайлап төмен тартыңыз.
3.ТОБРАДЕКС* көз жақпамайының 1 см-ден 1,5 см-ге дейінгі аздаған мөлшерін V-тәрізді қалтаға енгізіңіз. Түбек ұшын көзіңізге тигізіп алмаңыз.
4.Көзді жабудан бұрын бірнеше секунд төмен қараңыз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қатысты емес
Емдеу ұзақтығы
Емді мерзімінен бұрын тоқтатпаған жөн.
• әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
• аминогликозидтерге аса жоғары сезімталдық
• қарапайым герпестік кератит
• осповакцина вирусы, желшешек және мөлдір қабықтың немесе конъюнктиваның басқа да вирустық инфекциясы (герпес зостер вирусы туындатқан кератитті қоспағанда)
• көз құрылымының зеңдік аурулары немесе көздің емделмеген паразиттік аурулары
• көздің микобактериялық инфекциялары
• инфекциялар немесе мөлдір қабықтың беткейлік эпителийімен шектелген зақымданулар
• ТОБРАДЕКС* препаратын бөгде денені мөлдір қабықтан асқындырмай алып тастаудан кейін пайдаланбаған жөн
Жиі емес
- көзішілік қысымның жоғарылауы1,2, көздің ауыруы1, көздің қышуы1, көздегі жайсыздық1, көздің тітіркенуі1,2, көз гиперемиясы2, анық көрмеу2
- аса жоғары сезімталдық3 (жергілікті)
- эритема3 (периорбитальді)
Сирек
- кератит1, көз аллергиясы1, анық көрмеу1, көздің құрғауы1, көз гиперемиясы1
- дисгевзия1
- көз инфекциясы2
- көру өткірлігінің төмендеуі2, глаукома2, көру өрісінің ақауы2, субкапсулярлы катаракта2
- қабақтың ісінуі3, қабақтың қышуы3, көздің ауыруы3 (периорбитальді)
- жазылудың бұзылуы2
- көру жүйкесінің зақымдануы2
Өте сирек
- бүйрекүсті функциясының бәсеңдеуі2
- көз инфекциясы3 (салдарлы)
- мөлдір қабықтың тесілуі2
Белгісіз
- аса жоғары сезімталдық1, анафилаксиялық реакция1
- бас айналуы1, бас ауыруы1
- қабақ ісінуі1, қабақ эритемасы1, мидриаз1, көп жас ағу1, ойықжаралы кератит1
- жүрек айнуы1, іш аумағындағы жайсыздық1
- бөртпе1, беттің ісінуі1, қышыну1, мультиформалы эритема1
- Кушинг синдромы2, бүйрекүсті бездері функциясының бәсеңдеуі2
- анық көрмеу2
1 – ТОБРАДЕКС* препаратын қолдану аясында байқалған жағымсыз реакциялар
2 – дексаметазонды қолдану аясында байқалған жағымсыз реакциялар
3 – тобрамицинді қолдану аясында байқалған жағымсыз реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Кездейсоқ жұтып қойған кезде емі симптоматикалық және демеуші.
Кейбір пациенттерде жергілікті қолданылатын аминогликозидтерге сезімталдық байқалуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциясының ауырлығы жергілікті әсерлерден эритема, қышыну, есекжем, тері бөртпесі, анафилаксия, анафилактоидты реакциялар немесе буллездік реакциялар сияқты жалпы реакцияларға дейін өзгеруі мүмкін. Егер осы дәрілік препаратты пайдалану кезінде аса жоғары сезімталдық дамыса емді тоқтату керек.
Басқа аминогликозидтерге айқаспалы аса жоғары сезімталдық байқалуы мүмкін және жергілікті қолданылатын тобрамицинге жоғары сезімталдығы бар пациенттер де басқа жергілікті және/немесе жүйелі аминогликозидтерге сезімтал болуы ықтималдығын ескеру керек.
Аминогликозидтермен жүйелі ем алатын пациенттерде нейроуыттылықты, отоуыттылықты және нефроуыттылықты қоса, күрделі жағымсыз реакциялар байқалды. ТОБРАДЕКС* препараты мен жүйелі аминогликозидтерді бір уақытта қолданғанда сақ болу керек.
ТОБРАДЕКС* препаратын миастения немесе Паркинсон ауруы сияқты жүйке-бұлшықеттік аурулары белгілі немесе соған күдігі бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек. Аминогликозидтер олардың жүйке-бұлшықеттік функцияға потенциалды ықпалына байланысты бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін.
Жергілікті офтальмологиялық кортикостероидтарды шамадан тыс және/немесе ұзақ пайдалану көзге қатысты асқынулардың даму қаупін ұлғайтады және жүйелі жағымсыз әсерлер туындатуы мүмкін. Егер қабыну ауруын емдеген кезде керекті уақыт кезеңінде жақсару болмаса, бұл қауіптерді төмендету үшін емнің басқа түрлерін тағайындау қажет.
Кортикостероидтарды жергілікті қолдану кортизол секрециясының несеппен төмендеуін, сондай-ақ кортизолдың плазмадағы концентрациясының төмендеуімен қатар жүруі мүмкін. Кортикостероидтардың гипоталамо-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуімен, Кушинг синдромымен және балаларда, әсіресе жоғары дозалы немесе ұзақ емдеу кезінде өсу қарқынының төмендеуімен байланысы анықталды.
Офтальмологиялық кортикостероидтарды ұзақ қолдану көзішілік қысымның жоғарылауына және/немесе глаукомаға, көру жүйкесінің зақымдануына, көру өткірлігінің төмендеуіне және көру өрісінің ақауларына, сондай-ақ артқы субкапсулярлық катарактаның түзілуіне әкелуі мүмкін. Кортикостероидтармен 10 күн бойы немесе одан ұзақ офтальмологиялық ем алып жүрген пациенттерде көзішілік қысымды, тіпті егер бұл, балаларда және дәрігер ұсыныстарына селқос қарайтын науқастарда қиын болса да, жүйелі түрде және жиі тексеріп отыру керек. Бұл әсіресе педиатриялық пациенттерде маңызды, өйткені кортикостероидтар туындатқан жоғары көзішілік қысымның даму қаупі балаларда жоғары болуы және ересектерге қарағанда ерте туындауы мүмкін. Отбасылық немесе жеке анамнезінде глаукомасы бар пациенттерде кортикостероидтар қолданудан туындаған көзішілік қысымның жоғарылау қаупі анағұрлым жоғары. Глаукомасы бар пациенттерге апта сайын мониторинг жүргізу керек.
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті пайдаланғанда көрудің нашарлауы тіркелуі мүмкін. Егер пациентте анық көрмеу сияқты симптомдар немесе көруге қатысты басқа да бұзылыстар байқалса пациентті ықтимал себептерін бағалау үшін офтальмологқа жіберу керек, оларға катаракта, глаукома немесе жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін тіркелген орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек аурулар кіруі мүмкін.
CYP3A4 тежегіштерін (ритонавир мен кобицистатты қоса) алып жүрген балалар мен пациенттерді қоса, бейім пациенттерде ұзақ және үздіксіз емнен кейін Кушинг синдромы және/немесе офтальмологиялық дексаметазонның жүйелі абсорбциясымен байланысты бүйрекүсті бездері функциясының бәсеңдеуі туындауы мүмкін. Бұл жағдайларда емді біртіндеп тоқтату керек.
Кортикостероидтарды ұзақ пайдалану бактериялық, вирустық, зеңдік немесе паразиттік инфекцияларға төзімділікті төмендетуі және оларды жұқтыруға ықпал етуі, сондай-ақ антибиотиктің тиімсіздігін анықтауға кедергі жасай отырып, инфекцияның клиникалық белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Сондықтан ТОБРАДЕКС* препаратын стероидты/қабынуға қарсы біріктірілген дәрілік препаратпен емдеу медициналық қажеттілік болып табылған кезде көздің жедел іріңді инфекцияларында ғана пайдалану керек. Мөлдір қабық ойықжарасының емделуі қиын пациенттерде зеңдік инфекцияға күдік туындайды. Зеңдік инфекция анықталса кортикостероидтармен емді тоқтату керек.
Зеңдерді қоса, сезімтал емес организмдердің шамамдан тыс өсуіне тобрамицин сияқты антибиотиктерді қолдану әкелуі мүмкін. Суперинфекция туындағанда тиісті емді бастау керек.
Басқа аурулардан кортикостероидтармен жүйелі немесе жергілікті ем алып жүрген пациенттерде қарапайым көз герпесі байқалды. Оларды қолдануға болмайтын кезде қарапайым герпес вирусы туындатқан эпителийлік кератиттен айырмашылығы бар қарапайым герпесті емдегенде кортикостероидты препараттарды пайдалану үлкен сақтықты қажет етеді; саңылаулы шамның көмегімен мезгіл-мезгіл микроскопия қажет.
Мөлдір қабықтың немесе ақ қабықтың жұқаруын тудыратын аурулар кезінде жергілікті кортикостероидтарды қолданғанда перфорация орын алады.
Жергілікті офтальмологиялық кортикостероидтар мөлдір қабық жарасының жазылуын баяулатуы мүмкін. Сондай-ақ жергілікті ҚҚСП жазылуды баяулататыны немесе оған кедергі жасайтыны белгілі. Жергілікті ҚҚСП және жергілікті стероидтарды қатар пайдалану емдеумен проблемалар пайда болу ықтималдығын ұлғайтуы мүмкін.
Емді мерзімінен бұрын тоқтату керек емес, өйткені антибиотиктермен немесе жоғарғы дозаларда кортикостероидтармен емдеуді кенеттен тоқтатқанда тиісінше инфекциялық немесе қабыну аурулар күрт көбеюі мүмкін.
Бейім (мысалы, диабетке) пациенттерде көзішілік қысымның жоғарылау және/немесе кортикостероидтарды қолданудан туындаған катарактаның түзілу қаупі ұлғаяды.
Көз инфекциясын немесе қабынуды емдеу кезінде жанаспалы линза тақпаған жөн.
Арнайы ескертулер
Тек офтальмологиялық қолдануға арналған. Инъекция немесе ішке қабылдау үшін емес.
Қақпақшаны алып тастағаннан кейін, егер алғашқы ашылуын бақылауға арналған бекіткіш сақина босап қалса, препаратты қолданар алдында оны алып тастаңыз.
Препараттың бастапқы және қайта тағайындалуын саңылаулы шамды пайдалана отырып, биомикроскопия әдісімен пациентті тексергеннен кейін және қажет болған жағдайда флуоресцеинмен бояғаннан кейін ғана жүргізу керек.
Педиатрияда қолдану
Көзішілік қысымды жиі тексеріп отырған жөн. Бұл әсіресе құрамында дексаметазон бар препараттармен ем алатын педиатриялық пациенттерде маңызды, өйткені кортикостероидтар туындатқан жоғары көзішілік қысымның даму қаупі балаларда жоғары болуы және ересектерге қарағанда ерте туындау мүмкін. Емдеу жиілігін және ұзақтығын мұқият есептеу, сондай-ақ стероидты препараттардың әсерімен педиатриялық пациенттерде КІҚ анағұрлым ерте даму қаупін және үлкен айқындық дәрежесін мойындай отырып, емнің ең басынан КІҚ бақылау керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ТОБРАДЕКС* препараты автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Алайда, көрудің уақытша анық болмауы немесе көруге қатысты басқа да бұзылыстар болуы мүмкін, бұл көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Егер препаратты қолданғанда анық көрмеу туындаса, автокөлікті жүргізуге немесе механизмдермен жұмыс істеуге кірісуден бұрын пациент көру қабілеті қалпына келгенге дейін күтуі қажет.
Жүктілік
Тобрамицин мен дексаметазонды жүкті әйелдерде жергілікті офтальмологиялық қолдану туралы деректер жоқ немесе олардың саны шектеулі. Тобрамицинді жүкті әйелдерге вена ішіне енгізгеннен кейін плацента арқылы шаранаға енеді. Тобрамицин жатыр ішіне әсер еткенде отоуыттылықты туындатпайды деп күтіледі. Кортикостероидтарды жүктілік кезінде ұзақ немесе көп рет пайдалану жатырішілік дамудың жоғары кідіру қаупімен байланысты. Жүктілік уақытында кортикостероидтардың елеулі дозаларын қабылдаған аналардан туған сәбилер гипоадренализм белгілерінің бар-жоғына қатысты мұқият текерілуі тиіс. Жануарларға жасалған зерттеулер дексаметазонды жергілікті қолданғаннан кейін және дексаметазон мен тобрамицинді жүйелі қолданғаннан кейін репродуктивтік функцияға уытты әсердің болуын көрсетті.
ТОБРАДЕКС* препаратын жүктілік уақытында қолдану ұсынылмайды.
Лактация
Тобрамицин жүйелі қолданғаннан кейін емшек сүтімен бөлінеді. Дексаметазонның емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейін тобрамицин мен дексаметазон емшек сүтіне бөліне ме, белгісіз. Тобрамицин мен дексаметазонның қандай да бір мөлшері емшек сүтінде анықталатыны немесе препаратты жергілікті қолданғаннан кейін сәбиге клиникалық әсерлер көрсете алатыны туралы ықтималдық аз.
Бала емізу кезінде бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Тиісті жағдайларда бала емізуді тоқтату немесе бала үшін емшек емізудің пайдасын және әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.
Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жекелеген компоненттерді жүйелі қолданғанда өзара әрекеттесулер туралы хабарланды. Жергілікті ҚҚСП және жергілікті стероидтарды қатар пайдалану мөлдір қабықты емдеумен проблемалардың пайда болу ықтималдығын ұлғайтуы мүмкін. Осыған қарамастан офтальмологиялық тобрамицин мен дексаметазонның жүйелі абсорбциясы төмен және кез келген өзара әрекеттесудің ықтималдығы аса төмен.
Көзішілік қысымды жоғарылатуы мүмкін қарашықты кеңейтуге арналған көз тамшыларын (атропин және басқа антихолинергиялық заттар) пайдаланғанда ТОБРАДЕКС* тамшысын бір уақытта қолдану көзішілік қысымның қосымша жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Ритонавир немесе CYP3A4 басқа да күшті тежегіштерін алатын пациенттерде плазмадағы дексаметазон концентрациясы жоғарылауы мүмкін.
CYP3A4 тежегіштері (ритонавирді және кобицистатты қоса) дексаметазон клиренсін төмендетуі мүмкін, бұл жағымсыз әсерлердің ұлғаюына және адренальді супрессияға/Кушинг синдромына әкелуі мүмкін. Егер пайда кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупінен асып кетпесе, препараттарды біріктіруден аулақ болу керек және бұл жағдайда пациенттерде кортикостероидтардың жүйелі әсерлерінің пайда болуын бақылау керек.
Егер бірден артық офтальмологиялық дәрілік препарат пайдаланылатын болса оларды қолдану арасында кемінде 5 минут аралық сақтау керек. Көз жақпамайын соңынан қолдану керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сықпаны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 28 күн.
Сақтау шарттары
27°C-ден төмен температурада сақтау керек. Салқындатуға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.