Төменде атап көрсетілген препараттарды осы өзара әрекеттесудің ауыр салдарының ықтимал даму мүмкіндігіне байланысты қатаң түрде қолдануға болмайды.
Томиклар препаратын цизапридпен, пимозидпен, домперидонмен, астемизолмен және терфенадинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл жүрек ырғағының ауыр бұзылуына әкелуі мүмкін (өмірге қауіп төндіретін жүрек ырғағы айқын бұзылуының ұстамалары).
Бұл препараттардың жедел уытты әсеріне байланысты эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен бір мезгілде қолдануға болмайды, ол тамырлардың түйілуімен, аяқ-қолдарда және орталық жүйке жүйесін қоса, басқа ағзаларда қан айналымының бұзылуымен көрінеді.
Егер бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі болса, колхицинмен және Р-гликопротеинмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Мидазоламның әсері ықтималды күшеюіне байланысты ішке қабылдауға арналған мидазоламмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі бұлшықет атрофиясы мен бұзылу қаупі артады, соның ішінде ауыр түрінде. Егер бұл препараттар қажет болса, дәрігер ең төменгі дозаны тағайындайды немесе мұндай әсер тудырмайтын препаратты таңдайды және сіздің жай-күйіңізді үнемі бақылап отырады.
Бауыр ферменттері деңгейінің ықтималды айқын жоғарылауына байланысты кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Тикагрелормен, ивабрадинмен немесе ранолазинмен (жүрек ұстамасы немесе инсульттің даму қаупін төмендету үшін стенокардияда қолданылатын препараттар) бір мезгілде қолдануға болмайды.
Томиклар препаратының әсеріне басқа дәрілік препараттардың әсері.
Рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай препараттары сияқты дәрілік препараттар Томиклар препаратының тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Рифабутин мен Томиклар препаратын бір мезгілде қолдану рифабутин әсерінің күшеюіне, көздің тамырлы қабығының қабынуының (увеит) даму қаупінің жоғарылауына және Томиклар препаратының әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Томиклар препаратының әсеріне ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін препараттар.
Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин, рифапентин және этравирин сияқты препараттар Томиклар препаратының тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
Флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда Томиклар препаратының дозасын өзгерту қажет емес.
Ритонавирмен бір мезгілде қолданғанда, бүйрек функциясының төмендеуі кезінде Томиклар препаратының дозасын төмендету қажет. Томиклар препаратын ритонавирмен + атазанавирмен немесе саквинавирмен бір мезгілде қолданғанда да Томиклар препаратының дозасын төмендету талап етіледі
Томиклар препаратының басқа препараттардың әсеріне ықпалы.
Электрокардиограммадағы QT аралығының ұзару қаупіне және негізінен жүрек жиырылуының жиілеуі есебінен жүрек ырғағының бұзылуына байланысты астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид және терфенадин қабылдаған пациенттерге Томиклар препаратын қолдануға болмайды.
Томиклар препаратын, сондай-ақ қастауыш алкалоидтарын, ішке қабылдауға арналған мидазоламды, ловастатинді, симвастатин, колхицин, тикагрелор және ранолазинді бір мезгілде қолданғанда да қолдануға болмайды.
Бауыр ферменттері деңгейінің ықтималды айтарлықтай жоғарылауына байланысты кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Карбамазепинмен ем қабылдап жүрген пациенттерде Томиклар препаратын қолданғанда сақ болу керек.
Дозаны түзету туралы мәселені қарастыруға болады және мүмкіндігінше кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде негізінен CYP3A метаболизденетін препараттардың сарысулық концентрациясын мұқият бақылау керек.
Төменде атап көрсетілген препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Томиклар препаратымен бір мезгілде қолдану төмендегі препараттармен бір мезгілде қолданған кезде әсерін ұзартуы және жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін: альпразолам, карбамазепин, цилостазол, циклоспорин, дизопирамид, ибрутиниб, метилпреднизолон, мидазолам (вена ішіне), омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан), атипті психозға қарсы препараттар (мысалы, кветиапин), хинидин, рифабутин, силденафил, сиролимус, такролимус, триазолам және винбластин, сондай-ақ фенитоин, теофиллин және вальпроат. Бұл тізім толық емес.
Жағымсыз әсерлерінің дамуымен организмге гормональді препараттардың (кортикостероидтардың) жалпы әсерінің ықтималды күшеюіне байланысты жалпы әсер ететін және ингаляцияға арналған кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. Инъекция немесе ингаляция арқылы енгізілетін, ішке қабылданатын кортикостероидтар организмнің иммундық жүйесін басу үшін қолданылады, бұл көптеген ауруларды емдеуде қажет.
Ішке қабылдауға арналған қанды сұйылту үшін қолданылатын препараттармен (мысалы, дабигатран, эдоксабан, ривароксабан, апиксабан) бір мезгілде қабылдағанда қан кетудің даму қаупі артады.
Хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда жүректің жиырылуы айқын жиілеуі мүмкін, сондықтан дәрігер ЭКГ бақылауын тағайындайды.
Пероральді қантты төмендететін препараттар/ инсулин: натеглинид және репаглинид сияқты кейбір қантты төмендететін препараттармен бір мезгілде қолданғанда, қандағы глюкоза деңгейінің айқын төмендеуіне байланысты ауыр жағдайдың дамуы мүмкін, сондықтан бұл жағдайларда қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Бір мезгілде қолданған кезде омепразолдың әсері күшеюі мүмкін.
Томиклармен бір мезгілде қолданған кезде силденафил, тадалафил, варденафил, теофиллин, карбамазепин және толтеродиннің әсері күшеюі мүмкін, бұл олардың дозасын азайтуды қажет етуі мүмкін.
Кларитромицинмен вена ішіне енгізуге арналған мидазоламды бір мезгілде қолданғанда мидазоламның әсері күшеюі мүмкін, сондықтан мидазолам дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Мидазоламды, ұртқа арналған ерітіндіні қолдану дәл осындай әсерге әкелуі мүмкін.
Дәл осындай сақтық шаралары триазолам мен альпразоламға да қолданылады. Темазепам, нитразепам, лоразепам үшін Томиклар препаратымен маңызды өзара әрекеттесулер ықтималдығы аз. Осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер болуы мүмкін, сондықтан триазолам ұйқышылдық пен сананың шатасуын тудырды.
Дәрілік өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Колхициннің әсері күшеюі мүмкін. Кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қолдануға болмайды.
Өлімге әкелетін жүрек ырғағының бұзылуын қоса, дигоксин әсері күшеюі мүмкін.
Томиклар препаратымен бір мезгілде қолданғанда зидовудиннің әсері төмендеуі мүмкін, сондықтан осы екі препаратты қабылдау арасында кемінде 4 сағат аралықты сақтау қажет.
Фенитоин мен вальпроаттың әсері күшеюі мүмкін.
Гидроксихлорохинмен немесе хлорохинонмен бір мезгілде қабылдау (ревматоидты артритті емдеу, безгекті емдеу немесе профилактикасы үшін қолданылады) жүрек ырғағының бұзылуын және жүрек тарапынан басқа да күрделі жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін (тіпті өлімге әкелуі мүмкін).
Екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесулер
Атазановирмен бір мезгілде қолданғанда кларитромицин мен атазанавирдің әсерінің күшеюі байқалады, сондықтан бүйректің орташа айқын және ауыр ауруы кезінде Томиклар препаратының дозасы төмендетіледі.
Амлодипинмен, дилтиаземмен, верапамилмен бір мезгілде қолданғанда жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін (қан қысымының төмендеуі, сирек жүректің жиырылуы және т.б. түрінде).
Бір мезгілде қолданғанда итраконазол мен Томиклар препаратының әсері күшеюі мүмкін, бірақ дозаны өзгерту әдетте қажет емес.
Бір мезгілде қолданған кезде саквинавир мен Томиклар препаратының әсері күшеюі мүмкін. Кларитромицинді саквинавирмен және ритонавирмен бірге қолданғанда, Томикларға әсер күшеюі мүмкін.