Жалпы (құрамында йод бар контрастылы заттарды қолдану тәсілдерінің бәріне қатысты):
Төменде ионды емес мономерлі контрастылы заттар қолданылған рентгенографиялық емшаралар жүргізумен байланысты болуы мүмкін жалпы жағымсыз әсерлер тізбеленген. Жағымсыз әсерлері қолдану тәсіліне қарай тиісті бөлімдерде көрсетілген.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары дозасы мен енгізу тәсіліне байланыссыз туындауы мүмкін, жеңіл симптомдар күрделі анафилактоидты реакция/ шоктың ізашарлары болуы мүмкін.
Контрастылы зат енгізуді дереу тоқтату және, қажет болса, арнайы емдік дәрілерді тамыр ішіне енгізу басталуы тиіс.
Құрамында йод бар контрастылы зат енгізуден кейін сарысулық креатининнің мардымсыз транзиторлық жоғарылауы жиі байқалады, контрастылы затпен индукцияланған нефропатия дамуы мүмкін.
Йодизм немесе йодты шошқаборық - 10 тәулікке дейін созылатын зерттеуден кейін сілекей бездерінің ұлғаюымен және ауырсынуымен білінетін құрамында йод бар контрастылы заттарды енгізуге деген сирек реакция.
Жағымсыз құбылыстардың туындау жиілігінің берілген мәндері бастапқы клиникалық құжаттамаға және 90000-нан астам пациенттер қатысқан жарияланған зерттеулер деректеріне негізделген.
Жиі:
• ысынуды сезіну
Жиі емес:
• жүрек айну
Сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (соның ішінде, ентігу, бөртпе, эритема, есекжем, қышыну, тері реакциялары, конъюнктивит, жөтел, ринит, түшкіру, васкулит, ангионевроздық ісіну, көмейдің ісінуі, ларингоспазм, бронхтың түйілуі немесе өкпенің кардиогенді емес ісінуі). Реакциялар инъекциядан кейін бірден туындауы мүмкін, бұл шок жағдайы дамуының басталуын білдіреді. Тері реакциялары, аса жоғары сезімталдық кезінде инъекциядан кейін бірнеше күн өткен соң пайда болуы мүмкін
• бас ауыруы
• брадикардия
• құсу
• пирексия
Өте сирек:
• дисгевзия (транзиторлық темір татуын сезіну)
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
• диарея, іштің ауыруы/жайсыздануы
• қалтырау
Белгісіз: (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
• анафилаксиялық/анафилактоидты реакция, анафилаксиялық/ анафилактоидты шок
• вазовагальді естен тану
• сілекей бездерінің ұлғаюы
• йодизм
• мидың қысқа мерзімді бұзылыстары (транзиторлық энцефалопатия), бұл сананың шатасуын, елестеулерді, көру қабілетінің жоғалуын, құрысуларды, үйлестіру қабілетінің жоғалуын, дененің бір жағында қозғалыстың жоғалуын, сөйлеу проблемаларын және естен тануды тудыруы мүмкін
Тамыр ішіне енгізу (артерия ішіне және вена ішіне)
«Жалпы» бөлімін алдымен оқып шығуды өтінеміз. Төменде ионды емес мономерлі рентгенконтрастылы заттарды тамыр ішіне енгізгенде туындайтын жағымсыз құбылыстар ғана сипатталған.
Артерия ішіне қолдануға тән жағымсыз әсерлердің сипаты инъекция орнына және енгізілетін дозаға байланысты. Селективті ангиография және контрастылы затты жоғары концентрацияларда белгілі бір ағзаға жеткізетін басқа емшаралар осы нақты бір ағзадағы асқынулармен қатар жүруі мүмкін.
Жиі:
• тыныс алу жиілігінің транзиторлық өзгерулері, тыныс алудың бұзылуы
Жиі емес:
• ауырсыну мен жайсыздық
Сирек:
• бас айналу, парез, салдану, көздің қарығуы, ұйқышылдық
• көру қабілетінің бұзылуы
• аритмия (соның ішінде брадикардия, тахикардия)
• жөтел, тыныс алудың тоқтауы
• бөртпе, қышу, есекжем
• диарея
• бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылуы
• астеникалық күйлері бар (мысалы, әлсіздік, шаршау)
Өте сирек:
• құрысулар, сананың бұзылуы, энцефалопатия, мелшию, сенсорлық сферадағы бұзылулар (соның ішінде гипестезия), парестезия, тремор
• миокард инфарктісі
• қан кернеулері
• ентігу
Белгісіз: (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
• тромбоцитопения
• тиреотоксикоз, транзиторлық гипотиреоз
• сананың шатасуы, қозу, мазасыздық, үрейлену сезімі
• транзиторлық контраст-индукцияланған энцефалопатия (соның ішінде транзиторлық жадыны жоғалту, бағдардан жаңылу, кома, ретроградтық амнезия, мидың ісінуі)
• транзиторлық кортикальді соқырлық
• транзиторлық есту қабілетін жоғалту; ауыр кардиологиялық асқынулар (соның ішінде жүректің тоқтап қалуы, жүректің және тыныс алудың тоқтап қалуы), жүрек жеткіліксіздігі, коронарлық артериялардың түйілуі, цианоз, кеуде қуысының ауыруы
• шок, артериялардың түйілуі, ишемия, тромбофлебит және тромбоз
• респираторлық бұзылулардың ауыр симптомдары мен белгілері, өкпенің ісінуі, жедел респираторлық дистресс-синдром, бронхтың түйілу, ларингоспазм, апноэ, бронх демікпесінің ұстамасы
• панкреатиттің өршуі, жедел панкреатит
• буллездік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жалпы симптомдармен болатын дәрілік бөртпе, псориаздың өршуі, эритема, дәрілік дерматит, терінің қабыршақтануы
• артралгия, бұлшықет әлсіздігі, тірек-қимыл аппаратының бұлшықеттерінің түйілуі
• енгізген жердегі реакциялар, соның ішінде экстравазация, арқаның ауыруы
• йодизм
Интратекальді енгізу
«Жалпы» бөлімін алдымен оқып шығуды өтінеміз. Төменде ионды емес мономерлі рентгенконтрастылы заттарды интратекальді енгізу кезінде туындайтын жағымсыз құбылыстар ғана сипатталған.
Интратекальді енгізгенде жағымсыз әсерлер диагностикалық емшарадан кейін бірнеше сағаттан немесе тіпті күннен соң туындауы мүмкін. Жағымсыз әсерлер жиілігі люмбальді пункциядан кейінгідей. Бас ауыру, жүрек айну, құсу немесе бас айналу елеулі дәрежеде пункция саңылауы арқылы ликвордың ағып кетуі салдарынан субарахноидальді кеңістікте қысымның төмендеу себебінен болуы мүмкін. Қысымның төмендеуін азайта түсу үшін ми-жұлын сұйықтығының тым көп мөлшерде шығарылуынан сақтану керек.
Өте жиі:
• бас ауыру (қатты ауыруы және ұзаққа созылуы мүмкін)
Жиі:
• жүрек айну, құсу
Жиі емес:
• асептикалық менингит (химиялық менингитті қоса)
Сирек:
• құрысулар, бас айналу
• мойынның ауыруы, арқаның ауыруы
• аяқ-қолдың ауыруы
Белгісіз: (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
• сананың шатасуы, қозу
• электроэнцефалограммадағы ауытқулар, менингизм, эпилепсиялық статус, транзиторлы энцефалопатия, уақытша есте сақтай алмауды, команы, мелшию мен ретроградты амнезияны, қозғалыс дисфункциясын (соның ішінде, сөйлеудің бұзылуы, афазия, дизартрия), парестезияны, гипестезияны және сенсорлы бұзылуларды қоса
• транзиторлы кортикальді соқырлық, көздің қарығуы
• транзиторлы естімей қалу
• бұлшықеттердің түйілуі
• енгізген жердегі реакциялар
Қуыс ішіне енгізу
«Жалпы» бөлімін алдымен оқып шығуды өтінеміз. Төменде ионды емес мономерлі рентгенконтрастылы заттарды қуыс ішіне енгізу кезінде туындайтын жағымсыз құбылыстар ғана сипатталған.
Өте жиі:
• диарея
• іштің төменгі тұсының ауыруы
• инъекция орнында ауырсыну
Жиі:
- панкреатит, қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы
- жүрек айну, құсу
Жиі емес:
• іштің ауыруы
Белгісіз: (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
• артрит
• емшарадан кейінгі ауырулар
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы.
Коронарлық, церебральді, бүйрек және шеткері артериялардың контрастылы ангиографиясынан кейін тромбоэмболиялық асқынулары туралы хабарланған. Контрастылы зат енгізу осы асқынулардың дамуына ықпал етуі мүмкін.
Контрастылы күшейтілген коронарлы ангиография кезінде немесе одан кейін, жедел миокард инфарктісін қоса, кардиологиялық асқынулар жағдайлары сипатталған. Жасы ұлғайған пациенттерде немесе коронарлық артериялардың ауыр ауруы, тұрақсыз стенокардия және сол жақ қарынша дисфункциясы болғанда кардиологиялық асқынулар қаупі жоғары.
Өте сирек жағдайларда контрастылы зат гематоэнцефалдық бөгет арқылы ми қыртысына өтуі мүмкін, бұл транзиторлы неврологиялық реакцияларға, атап айтқанда, құрысуларға, транзиторлы қозғалыстық немесе сенсорлық бұзылуларға, сананың шатасуына, есте сақтай алмауға және энцефалопатияға әкелуі мүмкін.
Анафилактоидты реакция мен шок кезінде айқын артериялық гипотензия және сонымен байланысты гипоксиялық энцефалопатия, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі сияқты симптомдар мен белгілер дамуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда контрастылы зат экстравазациясында жергілікті ауырулар мен ісінгіштік туындайды, бірақ бұл симптомдар зардаптарсыз басылады. Қабыну, тіндік некроз және компартмент- синдром жағдайлары сипатталған.
Педиатрияда қолдану
Балаларда, соның ішінде шала туған және жаңа туған нәрестелерде құрамында йод бар рентгенконтрастылы заттарды енгізуден кейін транзиторлы гипотиреоз жағдайлары туралы хабарланды. Шала туған нәрестелер йод әсерлеріне ерекше сезімтал. Шала туған емшектегі сәбиде транзиторлы гипотиреоз жағдайы туралы хабарланды. Осы сәбиді емізетін анаға бірнеше рет Томогексол® енгізілді.
Контрастылы зат енгізуге дейін және одан кейін талапқа сай гидратация қажет, бұл ерте жастағы балалар (және шала туғандар) үшін ерекше маңызды. Нефроуытты препараттар тоқтатылуы тиіс. Ерте жастағы балаларға тән төмендеген гломерулярлы сүзіліс рентгенконтрастылы заттардың баяу шығарылуына да әкелуі мүмкін.
Емшектегі балалар (<1 жас) және әсіресе жаңа туған нәрестелер электролитті теңгерім мен гемодинамиканың бұзылуына бейім болып келеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz