Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Саудалық атауы
Тонзилгон® Н
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Суық тиюдің алғашқы белгілерінде және соның барысында қолдану үшін, мысалы, тамақтың жыбырлауы, тамақтың ауыруы, жұтынудың қиындауы
Өндіруші
Роттендорф Фарма ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
ұнтақ түрінде:
жалбызтікен тамыры 8 мг
түймедақ гүлдері 6 мг
қырықбуын шөбі 10 мг
грек жаңғағының жапырақтары 12 мг
мыңжапырақ шөбі 4 мг
емен қабығы 4 мг
дәрілік бақ-бақ шөбі 4 мг
қосымша заттар:
таблеткалар ядросы: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, картоп крахмалы, стеарин қышқылы, глюкоза моногидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы;
таблеткалар қабығы: кальций карбонаты, майсана майы, глюкоза шәрбаты, сахароза, жүгері крахмалы, декстрин, монтан гликоль балауызы, повидон К 25, повидон К 30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, шеллак, тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, тегіс беткейлі ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
- суық тиюдің алғашқы белгілерінде және соның барысында қолдану үшін, мысалы, тамақтың жыбырлауы, тамақтың ауыруы, жұтынудың қиындауы
- жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларының (тонзиллит, фарингит, ларингит) профилактикасы және емдеу
- респираторлық вирустық инфекциялар кезіндегі асқынулардың профилактикасы және бактериялық инфекциялар кезіндегі антибиотиктермен емге қосымша ретінде
Тонзилгон Н иммуномодулятор белсенділігін иеленіп, фагоциттер мен киллерлердің табиғи жасушаларының пайызын арттырады. Бұдан басқа, қабынуға қарсы және антиоксиданттық белсенділік көріністелген.
Тонзилгон Н бактерияға қарсы және вирусқа қарсы әсерлері пневмококктар (S. Pneumoniae) және респираторлық-синцитиальді вирустар мөлшерінің төмендеуімен де көрініс берді. Осы бактериялар мен вирустар штаммдары респираторлық инфекциялардың туындауына себеп бола алады .
Дозалау режимі
Жедел ауруларда
6 – 11 жастағы балалар күніне 5 - 6 рет 1 таблеткадан қабылдайды
Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер күніне 5-6 рет 2 таблеткадан қабылдайды.
Жедел симптомдар жойылғаннан кейін
6 – 11 жастағы балалар күніне 5 - 6 рет 1 таблеткадан қабылдайдыЕресектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер күніне 3 рет 2 таблеткадан қабылдайды.
Жедел симптомдар жойылғаннан кейін емдеуді кемінде бір апта жалғастыру керек.
Таблеткаларды шайнамай және аздаған су мөлшерімен іше отырып, бүтіндей жұтады.
Бүйрек және / немесе бауыр дисфункциясы кезінде ерекше дозалауды ұсыну үшін деректер жеткіліксіз.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тонзилгон® Н таблеткаларын аурудың өткір кезеңінде тәулігіне 5-6 рет және жедел симптомдар жоғалғаннан кейін күніне 3 рет қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты дәрігермен кеңесусіз қатарынан 2 аптадан артық қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну ұсынылды
Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, дәрігерге қаралуға кеңес беріледі.
- белсенді заттарға немесе дәрілік препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
- күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктерге, мысалы, жусан, мыңжапырақ, хризантема, дәстүргүл, түймедақ гүлдеріне айқаспалы реакция деп аталатын белгілі аллергия;
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктоза жақпаушылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер;
- 6 жасқа дейінгі балалар;
Келесі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін:
Сирек
- асқазан-ішек жолының бұзылыстары (іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу)
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ентігу сияқты).
Белгісіз
• түймедақ гүлдері бар препараттарды қабылдау кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін
Қандай да бір жағымсыз реакциялар туындағанда препаратты қолдануды тоқтатып, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емдеу симптоматикалық.
Егер симптомдар 1 аптадан астам уақыт сақталса немесе ентігу, қызба, іріңді немесе қанды қақырық пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Арнайы ескертулер
Тонзилгон® Н құрамында глюкоза, сахароза және лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктоза жақпаушылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.
Қант диабеті бар пациенттер
1 таблетка шамамен 0,02 нан бірлігіне (НБ) баламалы.
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды
Жүктілік
Тонзилгон® Н қабықпен қапталған таблеткалар препаратын жүкті әйелдерде қолдану және репродуктивтік уыттылығын зерттеу туралы деректер жоқ.
Тонзилгон®Н қабықпен қапталған таблеткалар препаратын жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды
Бала емізу
Белсенді заттар немесе олардың метаболиттерінің адамда сүтке бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Емшек сүтімен қоректенетін балаға төнетін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Тонзилгон® Н қабықпен қапталған таблеткалар препаратын бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлікті басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Бактерияға қарсы дәрілік заттармен біріктіру мүмкін және орынды. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.