Тофацитинибті емдеуге қолайлы балама болмаған жағдайда ғана қолдану керек:
• 65 жастағы және одан асқан пациенттер;
• анамнезінде атеросклероздық жүрек-қантамырлары аурулары бар немесе жүрек-қантамырлары ауруларының басқа қауіп факторлары бар пациенттер (мысалы, қазіргі уақытта немесе бұрын ұзақ уақыт темекі шеккен);
• қатерлі жаңа түзілімдердің қауіп факторлары бар пациенттер (мысалы, қазіргі уақытта немесе анамнезінде қатерлі жаңа түзілім).
65 жастағы және одан асқан пациенттерде қолдану
65 жастағы және одан асқан пациенттерде тофацитинибті қолданғанда ауыр инфекциялар, миокард инфарктісі, қатерлі жаңа түзілімдер және барлық себептерден болатын өлім қаупінің жоғарылауын ескере отырып, препаратты мұндай пациенттерде қолайлы баламалар болмағанда ғана қолдану керек.
Емдеудің басқа түрлерімен біріктірілімі
Тофацитиниб зерттелмеген; оны ІНФ антагонистері, интерлейкин (IL)-1R антагонистері, IL-6R антагонистері, CD20-ға қарсы моноклоналды антиденелер, IL-17, IL-12/IL-23 антагонистері, антиинтегриндер, селективті костимуляция модуляторлары және иммуносупрессияның күшею және инфекция қаупінің жоғарылау ықтималдығына байланысты азатиоприн, 6-меркаптопурин, циклоспорин және такролимус сияқты күшті әсер ететін иммуносупрессанттарды биологиялық препараттармен бірге қабылдаудан аулақ болу керек.
РА клиникалық зерттеулерінде монотерапия ретінде тофацитинибпен салыстырғанда метотрексатты тофацитинибпен бірге қолданғанда жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарылауы байқалды.
Тофацитинибті фосфодиэстераза 4 тежегіштерімен біріктіріп қолдану тофацитинибтің клиникалық зерттеулерінде зерттелмеген.
Веналық тромбоэмболия (ВТЭ)
Кейбіреуі өлімге әкелетін өкпе эмболиясы (ӨЭ) мен терең вена тромбозын (ТВТ) қоса, ауыр ВТЭ тофацитиниб қабылдаған пациенттерде байқалды. Рандомизацияланған тіркеуден кейінгі қауіпсіздік зерттеуінде 50 жастағы және одан асқан және жүрек-қантамырлары ауруларының кем дегенде бір қосымша қауіп факторымен РА бар пациенттерде ІНФ тежегіштерімен салыстырғанда тофацитинибті қолданғанда ВТЭ қаупінің дозаға тәуелді жоғарылауы байқалды.
Осы зерттеудің аясында ретроспективті зерттеу талдауында белгілі ВТЭ қауіп факторлары бар пациенттер арасында ВТЭ кейінгі жағдайлары 12 ай емдеуден кейін D-димер деңгейі D-димер деңгейі<2×ҚЖШ бар пациенттермен салыстырғанда ≥ 2×ҚЖШ құраған тофацитиниб қабылдағандарда жиі байқалды; бұл ІНФ тежегіштерімен емделген пациенттерде айқын көрінбеді. Интерпретация ВТЭ жағдайларының аздаған санымен және D-димер тестінің шектеулі қол жетімділігімен лимиттеледі (тек бастапқы деңгейде, 12 айдан кейін және зерттеудің соңында бағаланды). Зерттеу кезінде ВТЭ болмаған пациенттерде D-димердің орташа деңгейі барлық емдеу топтарындағы бастапқы деңгеймен салыстырғанда 12 айдан кейін айтарлықтай төмендеді. Дегенмен, 12 айдан кейін D-димер≥2×ҚЖШ деңгейлері осы зерттеудегі D-димер тестілеуінің шектеулі спецификалығын көрсете отырып, кейіннен ВТЭ жағдайлары болмаған пациенттердің шамамен 30%-да байқалды.
Белгілі ВТЭ қауіп факторларымен, ауыр қолайсыз жүрек-қантамырлары оқиғалары және қатерлі жаңа түзілімдерімен ОК бар пациенттерге қолайлы балама емдеу мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, демеуші емдеу үшін тәулігіне 2 рет 10 мг дозада тофацитиниб ұсынылмайды.
Жүрек-қантамырлары немесе қатерлі аурулардың қауіп факторлары бар пациенттерде тофацитиниб қолайлы баламалар болмаған жағдайда ғана қолданылуы керек.
Тофацитинибті жүрек-қантамырлары оқиғаларының немесе қатерлі жаңа түзілімдердің ауыр қолайсыз қаупі факторларынан басқа, ВТЭ қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Жүрек-қантамырларының ауыр қолайсыз оқиғаларының немесе қатерлі жаңа түзілімдердің қауіп факторларынан басқа, ВТЭ қауіп факторларына алдыңғы ВТЭ, жасалған ауқымды операциялар, иммобилизация, біріктірілген гормоналды контрацептивтерді қабылдау немесе орын басатын гормональді емді қабылдау, тұқым қуалайтын қан ұюдың бұзылуы жатады. Тофацитинибпен емдеу кезінде пациенттерде ВТЭ қауіп факторларының өзгеруін мезгіл-мезгіл бағалау керек.
Белгілі ВТЭ қауіп факторларымен РА бар пациенттер үшін шамамен 12 ай емдеуден кейін D-димер деңгейін анықтау мүмкіндігін қарастыру керек. Егер D-димер тестінің нәтижесі ≥ 2×ҚЖШ болса, тофацитинибпен емдеуді жалғастыру туралы шешімді қабылдамас бұрын клиникалық пайданың қауіптен жоғары екеніне көз жеткізу керек.
ВТЭ белгілері мен симптомдары бар пациенттерді дереу тексеріп, дозасына немесе көрсетімдеріне қарамастан ВТЭ-ға күдік туындағанда тофацитиниб қабылдауды тоқтату керек.
Торқабықтың веналық тромбозы
Тофацитиниб қабылдаған пациенттерде торқабықтың веналық тромбозы туралы хабарланды. Пациенттерге торқабықтың веналық тромбозын көрсететін симптомдар пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсыну керек.
Ауыр инфекциялар
Тофацитиниб қабылдаған пациенттерде бактериялық, микобактериялық, инвазивті зеңдік, вирустық немесе басқа шартты-патогенді микроорганизмдерден туындаған ауыр, кейде өлімге әкелетін инфекциялар тіркелді. Азия географиялық аймақтарда оппортунистік инфекциялардың қаупі жоғары. Кортикостероидтарды қабылдайтын РА бар пациенттер инфекцияға бейім болуы мүмкін.
Тофацитинибті жергілікті орналасқан инфекцияларды қоса, белсенді инфекциялар бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Тофацитиниб препаратымен емдеуді бастамас бұрын пациенттер үшін пайда мен қауіпті ескеру қажет:
• қайталанатын инфекциялар кезінде,
• анамнезінде ауыр немесе оппортунистік инфекция болғанда
• микоздар бойынша эндемиялық аймақтарда тұру немесе бару кезінде
• инфекцияларға бейім болатын қатар жүретін аурулар болған кезде.
Пациенттерді тофацитинибпен емдеу кезінде және одан кейін инфекция белгілері мен симптомдарының болуына мұқият бақылау керек. Ауыр инфекция, оппортунистік инфекция немесе сепсис дамыған кезде емдеуді тоқтату керек. Тофацитинибпен емдеу кезінде жаңа инфекция пайда болған пациенттерге иммунокомпрометирленген пациенттерге қолданылатын жедел және толық диагностикалық тексеруді жүргізіп, тиісті микробқа қарсы емдеуді бастау және мұқият бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Егде жастағы адамдарда және қант диабеті бар пациенттерде инфекциялардың даму жиілігі жоғары болғандықтан, мұндай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек. 65 жастағы және одан асқан пациенттерде тофацитинибті емдеуге қолайлы балама болмаған жағдайда ғана қолдану керек.
Лимфопения дәрежесінің жоғарылауымен инфекция қаупі артуы мүмкін, сондықтан пациенттің жеке инфекциялану қаупін бағалау кезінде лимфоциттер санын ескеру қажет. Қабылдауды тоқтату және лимфопенияны мониторингтеу критерийлері «Қолдану тәсілі және дозасы» бөлімінде сипатталған.
Туберкулез
Тофацитинибті қолданар алдында туберкулез қоздырғышы бар пациенттерде және туберкулезге эндемиялық аудандарда тұратын немесе сол аудандарға баратын пациенттерде емдеудің пайдасы мен қаупінің арақатынасын бағалау керек.
Пациенттер қолданыстағы ұсынымдарға сәйкес тофацитинибті қолданар алдында және қолдану кезінде жасырын немесе белсенді инфекцияға тексерілуі және тестіленуі керек.
Тест нәтижелері оң болған жасырын туберкулезі бар пациенттерге тофацитинибті тағайындамас бұрын стандартты антимикобактериялық емдеуді жүргізу керек.
Туберкулезді зерттеу нәтижесі теріс болған, бірақ анамнезінде жасырын немесе белсенді туберкулез бар пациенттерде, туберкулезге қарсы емдеудің талапқа сай курсы расталмаған кезде, сондай-ақ туберкулезге зерттеу теріс нәтижесі болған, бірақ туберкулез инфекциясының қауіп факторлары бар пациенттерде тофацитинибті қабылдауды бастамас бұрын туберкулезге қарсы емді жүргізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Әрбір нақты пациентте туберкулезге қарсы емдеуді жүргізу қажеттілігіне қатысты шешім қабылдағанда фтизиатрмен кеңесу ұсынылады. Пациенттер емдеу басталғанға дейін жасырын туберкулезге тест нәтижесі теріс болған пациенттерді қоса, туберкулездің белгілері мен симптомдары дамуының бар-жоғына мұқият бақылануы тиіс.
Вирустық реактивация
Вирустық реактивация және герпес вирусының реактивация жағдайлары (мысалы, белдемелі герпес) тофацитиниб қабылдаған пациенттерде байқалды.
Тофацитиниб қабылдаған пациенттерде белдемелі герпестің пайда болу жиілігі келесі жағдайларда артады:
• жапон немесе корей ұлтының пациенттері,
• ЛАС деңгейі 1000 жасуша/мм3 төмен пациенттер ,
• бұрын екі немесе одан да көп биологиялық АМРҚП қабылдаған ұзақ мерзімді РА бар пациенттер,
• тәулігіне 2 рет 10 мг препарат қабылдайтын пациенттер.
Тофацитинибтің созылмалы вирустық гепатиттің реактивациясына әсері белгісіз. В немесе С гепатитіне тесті оң болған пациенттер клиникалық зерттеулерден шығарылды. Тофацитинибпен емдеуді бастамас бұрын клиникалық нұсқаулыққа сәйкес вирустық гепатиттің бар-жоғына скриниг жүргізу қажет.
Ауыр қолайсыз жүрек-қантамырлары оқиғалары (миокард инфарктісін қоса)
Тофацитиниб қабылдаған пациенттерде ауыр қолайсыз жүрек-қантамырлары оқиғалары байқалды. Рандомизацияланған тіркеуден кейінгі қауіпсіздік зерттеуінде 50 жастағы және одан асқан және жүрек-қантамырлары ауруларының кем дегенде бір қосымша қауіп факторымен РА бар пациенттерде ІНФ тежегіштерімен салыстырғанда тофацитиниб қолдану кезінде миокард инфарктісі жиілігінің жоғарылауы байқалды. 65 жастағы және одан асқан пациенттерде, қазіргі уақытта немесе бұрын ұзақ уақыт бойы темекі шегетін пациенттерде және анамнезінде атеросклероздық жүрек-қантамырлары аурулары бар немесе жүрек-қантамырлары ауруларының басқа қауіп факторлары бар пациенттерде тофацитиниб тек қолайлы баламалар болмаған жағдайда ғана қолданылуы керек.
Қатерлі жаңа түзілімдер және лимфопролиферативті аурулар
Тофацитиниб организмді қатерлі жаңа түзілімдерден қорғауға әсер етуі мүмкін. 50 жастағы және одан асқан және жүрек-қантамырлары ауруларының кем дегенде бір қосымша қауіп факторымен РА бар пациенттерде рандомизацияланған тіркеуден кейінгі қауіпсіздік зерттеуінде ІНФ тежегіштерімен салыстырғанда тофацитинибті қолданғанда қатерлі жаңа түзілімдердің, әсіресе меланомалық емес тері обыры (МЕТО), өкпе обыры және лимфома жиілігінің жоғарылауын көрсетті.
Тофацитиниб қабылдаған пациенттерде басқа клиникалық зерттеулерде және тіркеуден кейінгі практикада МЕТО, өкпе обыры және лимфома байқалды.
Тофацитиниб қабылдаған пациенттерде клиникалық зерттеулерде және тіркеуден кейінгі практикада сүт безі обыры, меланома, қуықасты безі обыры және ұйқы безі обыры сияқты басқа да қатерлі жаңа түзілімдер байқалды.
65 жастағы және одан асқан пациенттерде, қазіргі уақытта немесе бұрын ұзақ уақыт темекі шегетін пациенттерде, сондай-ақ қатерлі жаңа түзілімнің басқа қауіп факторлары бар (мысалы, сәтті емделген МЕТО қоспағанда, қазіргі уақыттағы немесе анамнезіндегі қатерлі жаңа түзілімі) пациенттерде тофацитинибті тиісті талапқа сай емдеу болмағанда ғана қолдану керек. Теріні мерзімді тексеру барлық пациенттерге, әсіресе тері обырының даму қаупі жоғары адамдарға ұсынылады.
Өкпенің интерстициялық ауруы
Сондай-ақ, анамнезінде созылмалы өкпе аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану ұсынылады, себебі, олар инфекцияларға бейім болуы мүмкін. Өкпенің интерстициялық ауруының жағдайлары (кейбіреулері өліммен аяқталатын) бұл жағдайларда Янус-киназаларын (JAK) тежеудің рөлі белгісіз болса да, РА клиникалық зерттеулерінде және тіркеуден кейінгі қолдану кезінде тофацитиниб қабылдаған пациенттерде тіркелді. РА бар шығу тегі азиялық пациенттерде өкпенің интерстициялық ауруы қаупі жоғары екені белгілі, сондықтан мұндай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек.
Асқазан-ішек жолының (АІЖ) тесілуі
Клиникалық зерттеулерде, бұл жағдайларда JAK тежелуінің рөлі белгісіз болса да, АІЖ тесілуі туралы хабарланды. Тофацитинибті АІЖ тесілу қаупі жоғары пациенттерде сақтықпен қолдану керек (мысалы, анамнезінде дивертикулит бар пациенттерде, кортикостероидтарды және/немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде). Абдоминальді белгілері мен симптомдары алғаш пайда болған пациенттерді АІЖ тесілуін ерте анықтау үшін дереу тексеру керек.
Сынулар
Тофацитиниб қабылдаған пациенттерде сынықтар байқалды. Тофацитиниб препаратын егде жас, әйел пациенттер және көрсетілімдері мен дозасына қарамастан кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттер сияқты сынулар қаупінің белгілі факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Бауыр ферменттері
Тофацитиниб қабылдау кейбір пациенттерде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауымен астасты. Аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейі жоғары пациенттерде тофацитинибпен, әсіресе метотрексат сияқты ықтимал гепатоуытты дәрілік заттармен бірге емдеуді бастау туралы мәселені мұқият қарастыру керек. Емдеу басталғаннан кейін бауыр тестілеулерінің дағдылы ағымда мониторингісін және бауырдың дәрілік зақымдануының ықтимал жағдайларын анықтау үшін бауыр ферменттері белсенділігі жоғарылауының кез-келген себептерін тез анықтау ұсынылады. Бауырдың дәрілік зақымдануына күдік болған кезде тофацитинибті енгізуді осы диагнозды жоққа шығаруға дейін тоқтату керек.
Аса жоғары сезімталдық
Тіркеуден кейінгі практикада тофацитинибті қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық жағдайлары туралы хабарланды. Аллергиялық реакцияларға ангионеврозық ісіну және есекжем кірді; сондай-ақ, ауыр реакциялар да орын алды. Қандайда бір ауыр аллергиялық немесе анафилаксиялық реакция пайда болған жағдайда тофацитиниб қабылдауды дереу тоқтату керек.
Зертханалық параметрлер
Лимфоциттер
Тофацитинибпен емдеу плацебомен салыстырғанда лимфопения жиілігінің жоғарылауымен байланысты болды. 750 жасушадан/мм3-тен аз лимфоциттер саны ауыр инфекциялар жиілігінің жоғарылауымен астасты. Лимфоциттер саны 750 жасуша/мм3-тен аз екендігі расталған пациенттерде тофацитинибпен емдеуді бастау немесе жалғастыру ұсынылмайды. Лимфоциттерді бастапқы деңгейде, содан кейін әр 3 ай сайын бақылау керек. Лимфоциттер санына негізделген ұсынылған модификациялар үшін «Қолдану тәсілі және дозасы» бөлімін қараңыз.
Нейтрофилдер
Тофацитинибпен емдеу плацебомен салыстырғанда нейтропения жиілігінің жоғарылауымен (2000 жасуша/мм3-тен аз) байланысты болды. НАС 1000 жасушадан/мм3 аз ересек пациенттерде және НАС 1200 жасушадан/мм3 кем балаларда тофацитинибпен емдеуді бастау ұсынылмайды. НАС бастапқы деңгейде және емдеудің 4-8 аптасынан кейін, содан кейін әр 3 айда бақылануы керек. НАС-на негізделген ұсынылған модификациялар үшін «Қолдану тәсілі және дозасы» бөлімін қараңыз.
Гемоглобин
Тофацитинибпен емдеу гемоглобин деңгейінің төмендеуімен байланысты болды. Гемоглобин деңгейі 9 г/дл-ден аз ересек пациенттерде және 10 г/дл-ден аз балаларда тофацитинибпен емдеуді бастау ұсынылмайды. Гемоглобинді бастапқы деңгейде және емдеудің 4-8 аптасынан кейін, содан кейін әр 3 айда бақылау керек. Гемоглобин деңгейіне негізделген ұсынылған модификациялар үшін «Қолдану тәсілі және дозасы» бөлімін қараңыз.
Липидтерді монитоорингтеу
Тофацитинибпен емдеу жалпы холестерин, тығыздығы төмен липопротеин (ТТЛП) холестерині және тығыздығы жоғары липопротеин (ТЖЛП) холестерині сияқты липидтер көрсеткіштерінің жоғарылауымен байланысты болды. Ең жоғары әсерлер әдетте 6 апта ішінде байқалды. Липидтер параметрлерін бағалауды тофацитинибпен емдеуді бастағаннан кейін 8 аптадан кейін жүргізу керек. Пациенттерді гиперлипидемияны емдеу бойынша клиникалық нұсқауларға сәйкес жүргізу керек. Тофацитинибпен байланысты жалпы холестерин және ТТЛП холестеринінің жоғарылауын статиндермен емдеу арқылы алдындағы емдеу деңгейіне дейін төмендетуге болады.
Қант диабетінен ем қабылдайтын пациенттердегі гипогликемия
Қант диабетінен ем қабылдайтын пациенттерде тофацитиниб қабылдауды бастағаннан кейін гипогликемия туралы хабарламалар болды. Гипогликемия дамыған жағдайда диабетке қарсы препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Вакцинация
Тофацитинибпен емдеуді бастамас бұрын барлық пациенттерге, әсіресе полиартикулярлық ЮИА және ювенильді ПсА бар пациенттерге қазіргі иммундау нұсқауларына сәйкес барлық вакцинацияларды салу ұсынылады. Тофацитиниб препаратымен бір мезгілде тірі вакциналарды енгізу ұсынылмайды. Тофацитиниб препаратымен емдеуді бастамас бұрын тірі вакциналарды қолдану туралы шешімді қабылдау кезінде пациенттегі иммуносупрессия ескерілуі тиіс.
Белдемелі герпеске қарсы профилактикалық вакцинацияны вакцинация ұсынымдарына сәйкес қарастыру керек. Бұрын екі немесе одан да көп биологиялық АМРҚП қабылдаған ұзақ мерзімді РА бар пациенттерге ерекше назар аудару керек. Белдемелі герпеске қарсы тірі вакцинаны тек анамнезінде желшешек ауруы бар пациенттерге немесе желшешек вирусына серопозитивті пациенттерге енгізу керек. Егер анамнезінде желшешектің болуы күмәнді немесе сенімсіз болып саналса, желшешекке қарсы антиденелер тестісін жүргізу ұсынылады.
Тірі вакциналармен вакцинациялау тофацитинибті қолдану басталғанға дейін кемінде 2 апта бұрын, дұрысы, 4 апта бұрын немесе иммуномодуляциялайтын препараттарға қатысты вакцинациялау бойынша қолданыстағы ұсынымдарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Тофацитиниб қабылдайтын пациенттерге тірі вакциналармен инфекцияның қайталама берілуі туралы деректер жоқ.
Арнайы ескертулер
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Полиартикулярлық ЮИА және ювенильді ПсА бар 2 жасқа дейінгі балаларда тофацитинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.
18 жасқа толмаған балаларда тофацитинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі басқа көрсетілімдермен (мысалы, ОК) анықталған жоқ. Деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
65 жастағы және одан асқан пациенттерде дозаны түзету талап етілмейд. 75 жастағы және одан асқан пациенттер туралы шектеулі деректер бар. 65 жастан асқан пациенттерде қолдануға арналған «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
6 Кесте. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету
Бауыр жеткіліксіздігінің санаты — Жіктемесі — Әр түрлі мөлшердегі таблеткалар үшін бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі дозаны түзету
Жеңіл — Чайлд-Пью бойынша А — Дозаны түзету қажет емес
Орташа — Чайлд-Пью бойынша В — Дозаны тәулігіне 1 рет 5 мг-ге дейін азайту керек, бұл ретте бауырдың қалыпты функциясы кезінде тәулігіне 2 рет 5 мг доза көрсетіледі. Дозаны тәулігіне 2 рет 5 мг-ге дейін азайту керек, бұл ретте бауырдың қалыпты функциясы кезінде тәулігіне 2 рет 10 мг доза көрсетіледі
Ауыр — Чайлд-Пью бойынша С — Тофацитиниб препаратын бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
7 кесте. Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі дозаны түзету
Бүйрек жеткіліксіздігінің санаты — Креатинин клиренсі — Әр түрлі дозалы таблеткалар үшін бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі дозаны түзету
Жеңіл — 50-80 мл/мин — Дозаны түзету қажет емес
Орташа — 30-49 мл/мин — Дозаны түзету қажет емес
Ауыр (гемодиализдегі пациенттерді қоса) — ˂ 30 мл/мин — Дозаны тәулігіне 1 рет 5 мг-ге дейін азайту керек, бұл ретте бүйректің қалыпты функциясы кезінде тәулігіне 2 рет 5 мг доза көрсетіледі. Дозаны тәулігіне 2 рет 5 мг-ге дейін азайту керек, бұл ретте бүйректің қалыпты функциясы кезінде тәулігіне 2 рет 10 мг доза көрсетілген. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер гемодиализден кейін де төмендетілген дозада қалуы керек
Қосымша заттар
Тофацитиниб-ВМ құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы аурулары, Лаппа лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қолдануға болмайды.
Тофацитиниб-ВМ таблеткасының құрамында 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ» дерлік.
Жүктілік кезінде
Жүкті әйелдерде тофацитинибті қолдану бойынша талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Тофацитиниб егеуқұйрықтар мен үй қояндарға тератогендік әсер етті және тууға және пери/постнатальды дамуға әсер етті. Сақтандыру шарасы ретінде жүктілік кезінде тофацитинибті қолдануға болмайды.
Бала тууға қабілетті әйелдер / әйелдердегі контрацепция
Бала тууға қабілетті әйелдерге тофацитинибпен емдеу кезінде және соңғы дозаны қабылдағаннан кейін кем дегенде 4 апта ішінде тиімді контрацепцияны қолдану ұсынылады.
Бала емізу
Тофацитиниб препаратының емшек сүтіне еніп-енбейтіні белгісіз. Еметін нәресте үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Тофацитиниб емізетін егеуқұйрықтарда сүтпен бөлінді. Сақтандыру шарасы ретінде емізу кезінде тофацитинибті қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тофацитиниб автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.