Жағымсыз құбылыстарды анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте жиі
• бас айналуы
• жүрек айнуы
Жиі
• бас ауыруы, ұйқышылдық
• ауыздың құрғауы, құсу, іш қату
• тершеңдік, қажу
Жиі емес
• жүрек-қантамырларының реттелісіне әсері (жүрек қағуы, тахикардия). Бұл жағымсыз реакциялар негізінен препаратты вена ішіне енгізгенде немесе елеулі дене жүктемесінде байқалады.
• жүрек-қантамырларының реттелісіне әсері (ортостаздық гипотензия немесе коллапс). Бұл жағымсыз реакциялар негізінен препаратты вена ішіне енгізгенде немесе елеулі дене жүктемесінде байқалады.
• құсық келуі, эпигастриядағы ауырлық сезімі
• метеоризм, диарея
• тері реакциялары (мысалы, қышыну, эритема, есекжем)
Сирек
• брадикардия
• артериялық қысымның жоғарылауы
• тәбеттің өзгеруі
• тыныс алудың бәсеңдеуі, ентігу. Орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) бәсеңдететін басқа препараттарды бір мезгілде қолдана отырып, ұсынылатын дозалардан едәуір асып кеткенде тыныс алудың бәсеңдеуі ықтимал.
• бронх демікпесінде жағдайдың нашарлауы (алайда препаратты қолданумен себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ)
• сөйлеудің бұзылуы, парестезия, тремор, эпилепсия тәрізді ұстамалар, еріктен тыс бұлшықет жиырылуы, координацияның бұзылуы, естен тану.
• эпилепсия тәрізді ұстамалар (трамадолдың жоғары дозасын қолданғаннан кейін немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін препараттармен бір мезгілде қолданғанда болуы мүмкін)
• елестеулер, сананың шатасуы, ұйқының бұзылуы, сандырақтау, үрейлену, делирий және қорқынышты түстер көру
• көңіл-күйдің өзгеруі (әдетте эйфория, кейде дисфория), белсенділіктің өзгеруі (әдетте төмендеу, кейде жоғарылау), когнитивті функциялардың және қабылдап түйсінудің бұзылуы (мысалы, шешім қабылдау процесі, қабылдап түйсінудің бұзылыстары)
• дәріге тәуелділік дамуы; апиындарды «тоқтату» симптомдарына ұқсас «тоқтату» симптомдары болуы мүмкін: ажитация, үрейлену, күйгелектік, ұйқының бұзылуы, гиперкинезия, тремор және асқазан-ішек жолы тарапынан болатын симптомдар Трамадолды тоқтатқан кезде өте сирек кездесетін басқа симптомдар мыналар: үрейлі шабуылдар, ауыр үрей, елестеулер, парестезия, құлақтың шуылдауы және ОЖЖ тарапынан болатын басқа да аса сирек симптомдар (абдырау, елестеу, деперсонализация, дереaлизация, паранойя).
• миоз, мидриаз, бұлыңғыр көру
• бұлшықет әлсіздігі
• несеп шығарудың бұзылуы (несеп шығарудың қиындауы, дизурия және несеп шығарудың кідіруі)
• аллергиялық реакциялар (ентігу, бронх түйілуі, ысқырып дем алу, ангионевроздық ісіну) және анафилаксия
Өте сирек
– үрейлі шабуылдар, үрей, елестеулер, парестезия
– құлақтың шуылдауы
– деперсонализация, дереализация, паранойя
Белгісіз
• гипогликемия
• ықылық тию
• серотониндік синдром
Жекелеген жағдайларда уақыт жағынан трамадолмен емге сәйкес келетін бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы байқалды.
Егер сіз осы препараттармен өзара әрекеттестік реакциясына түсуі мүмкін кейбір антидепрессанттарды қабылдап жүрсеңіз, жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғарылай түседі, және сізде серотониндік синдром дамуы мүмкін.
Серотониндік синдром психикалық статустың өзгерістері (мысалы, қозу, елестеулер, кома) және қызба, жүрек соғуының жиілеуі, артериялық қысымның тұрақсыздануы, бұлшықеттердің еріксіз тартылулары, бұлшықеттің сіресуі, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы және / немесе асқазан-ішек симптомдары (мысалы, жүрек айнуы, құсу, диарея) сияқты басқа жағымсыз реакциялар түрінде көрініс беруі мүмкін.
Дәрілік тәуелділік
Трамадолды қайта қолдану емдік дозаларда да дәрілік тәуелділікке әкелуі мүмкін. Есірткіге тәуелділіктің даму қаупі пациенттің жеке қауіп факторларына, дозасына және апиынмен емдеу ұзақтығына байланысты өзгеруі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz