Сүйек-бұлшықет жүйесінің ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Аталурен.
АТХ коды: M09AX03
Әсер ету механизмі
ДНҚ нонсенс-мутациясы мРНҚ терминациялау кодонының мезгілінен бұрын пайда болуына әкеледі. Осы мРНҚ-да мезгілінен бұрын болған стоп-кодонның толық өлшемді ақуыз түзілуіне дейін берілуін үзе отырып, ауыруды туындатады. Аталурен құрамында осындай мезгілінен бұрын болатын стоп-кодон бар мРНҚ рибосомалық танылымын қамтамасыз етеді, бұл толық өлшемді ақуыздың түзілуіне әкеледі.
Фармакодинамикалық әсері
Нонсенс-мутация кезінде жасушалардың жай-күйін бағалауға және аталурен ерітіндісінде өсірілген балық балаңқұрттарын зерттеуге бағытталған клиникаға дейінгі in vitro тәжірибелері аталуреннің концентрация-қоңырау тәріздес пішінді (төңкерілген U түрінде) реакцияның өзара әрекеттесуінде терминатордың рибосомалық танылымын қамтамасыз ететінін көрсетті. Доза-реакцияның in vivo тәуелділігі қоңырау пішінінде де болуы мүмкін деген жорамал бар, бірақ in vivo деректері нмДБД үшін тышқандар үлгісінде және адамдарда осы жорамалды растау үшін жеткіліксіз болды.
Клиникаға дейінгі in vitro зерттеулері аталуреннің үздіксіз әсер етуі дәрілік зат белсенділігінің барынша жоғарылауы үшін маңызды болуы мүмкін, ал белсенді заттың мезгілінен ерте стоп-кодондардың рибосомалық танылымына әсер етуінің аталурен қабылдауды тоқтатудан кейін тез арада кері әсері басым болуы мүмкін деп жорамалдауға мүмкіндік береді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
«Трансларна» препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі нонсенс-мутациядан туындаған Дюшенн бұлшықет дистрофиясынан зардап шегіп жүрген пациенттерге кездейсоқ іріктеу әдісімен жүргізілген плацебо-бақыланатын салыстырмалы жасырын екі зерттеуде бағаланды. Екі зерттеуде де тиімділігін тексерудің негізгі бақылау нүктесі 48 аптада 6 минут (6MWD) ішінде жаяу жүріп өткен қашықтықтағы өзгерістер болды. Екі зерттеуде де басқа бақылау нүктелері 6MWD көрсеткішінің тұрақты 10% нашарлау уақытымен, 48 аптада 10 метр жүріп өту/жүгіріп өтуге қажетті уақыт өзгерістерімен, 48 аптада 4 сатыға көтерілуге қажетті уақыт өзгерістерімен және 48 аптада 4 саты төмен түсуге қажетті уақыт өзгерістерімен берілді. Пациенттерден генетикалық секвенирлену жолымен анықталған дистрофин генінде нонсенс-мутацияның бар-жоғын құжат жүзінде растау талап етілді.
1-ші зерттеуге 5-тен 20 жасқа дейінгі ер жынысты 174 пациент қатысты. Барлық пациенттер 6 минут ішінде жүріп өтетін (6MWT) скрининг-тест уақытында арнайы құрылғылардың көмегін керек етпей, ≥75 метр жүріп өтуге қабілетті болуы тиіс. Топтардың бәрінде пациенттердің көп бөлігі еуропалық ақ нәсілге (90%) жатады. Пациенттер 1:1:1 арақатынасында кездейсоқ іріктеу әдісімен бөлінді және күніне 3 рет (таңертең, күндіз, кешке) аталурен немесе плацебо қабылдады; осы орайда 57 пациент аталуренді 40 мг/кг/күн (10, 10, 20 мг/кг) дозада қабылдады, 60 пациент аталуренді 80 мг/кг/күн (20, 20, 40 мг/кг) дозада қабылдады және 57 пациент плацебо алды.
Зерттеуде негізгі бақылау нүктесінің 1 ретроспективті талдауы бастапқы нүктеден бастап 48 аптаға дейін 40 мг/кг/күн аталурен қабылдаған пациенттерде өлшемі 12.9 метрлік 6MWD орташа төмендеуін көріністегенін, ал плацебо алған пациенттерде осы төмендеудің 44.1 метрге жеткенін көрсетті (1 сурет). Осылайша, зерттеудің басталуынан 48 аптаға дейін 6MWD орташа өзгеруі, плацебо алған пациенттермен (p = 0.056) салыстырғанда, 40 мг/кг/күн аталурен қабылдаған пациенттер тобында 31.3 метрден аз болды. Статистикалық модельде есептік орташа айырмасы 31.7 метр құрады (түзетілген p = 0.0367). Күніне 80 мг/кг аталурен және плацебо қабылдаған пациенттер топтарының арасында айырмашылық анықталмады.
Осы нәтижелер 40 мг/кг/күн аталурен қабылдаудың нмДБД бар пациенттерде жүру қабілетінің жоғалуын баяулататынын көрсетеді.
1 сурет. 6 минут ішінде жаяу жүріп өткен қашықтықтың орташа өзгерістері (1 зерттеу)
6MWD көрсеткішінің тұрақты 10% нашарлау уақытын ретроспективті талдау аурудың 48 аптаға қарай үдеуі 40 мг/кг/күн аталурен тобындағы пациенттердің 26%-да және плацебо тобындағы (p = 0.0652) 44%-да анықталғанын көрсетті (2 сурет). Күніне 80 мг/кг аталурен және плацебо қабылдаған пациенттер топтарының арасында айырмашылық анықталмады. Осы нәтижелер 48 апта ішінде 6MWD көрсеткішінің 40 мг/кг/күн аталурен тобындағы пациенттердің аз санында нашарлағанын көрсетеді.
2 сурет. 6MWD көрсеткішінің тұрақты 10% нашарлау уақытын көріністеуге арналған Каплан-Майер қисығы (1 зерттеу)
Аталурен қабылдаған пациенттер 10 метр жүріп өту/жүгіріп өтуге қажетті уақытқа, 4 сатыға көтерілуге қажетті уақытқа және 4 сатыдан төмен түсуге қажетті уақытқа жүргізілген хронометрленген функционалдық зерттеулерде, сынақтарда 10 метр жүріп өту/жүгіріп өтуге, 4 сатыға көтерілу мен түсуге қажетті уақыт көрсеткішінің жақсарғанын көріністеді, плацебомен салыстырғанда, бұл нмДБД үдеуінің баяулағанын көрсетеді.
Хронометрленген функционалдық зерттеулерде орташа өзгеру зерттеудің басталуынан 48 аптаға дейін 40 мг/кг/күн аталурен тобында, плацебо тобына қарағанда, үздік болды, бөліп атасақ, 10 метр жүріп өту/жүгіріп өту уақыты (1.5 секундқа ілгері), 4 сатыға көтерілу уақыты (2.4 секундқа ілгері) және 4 сатыдан төмен түсу уақыты (1.6 секундқа ілгері) болды, 3 сурет.
3 сурет. Хронометрленген функционалдық зерттеулердегі орташа өзгерістер (1 зерттеу)
350 метрден аз 6MWD базалық желісіндегі пациенттерде 6MWD көрсеткіші бойынша нәтижелер
350 метрден аз 6MWD базалық желісіндегі пациенттерде зерттеудің басталуынан 48 аптасына дейін бақыланған 6MWD орташа өзгеруі 40 мг/кг/күн аталурен тобында, плацебо (p = 0.0053) тобына қарағанда, 68 метрден аз болды.
Осы пациенттерде хронометрленген функционалдық зерттеулер кезіндегі орташа өзгеріс зерттеудің басталуынан 48 аптасына дейін 40 мг/кг/күн аталурен тобында, плацебо тобына қарағанда, үздік болды, бөліп атасақ, 10 метр жүріп өту/жүгіріп өту уақыты (3.5 секундқа ілгері), 4 сатыға көтерілу уақыты (6.4 секундқа ілгері) және 4 сатыдан төмен түсу уақыты (5.0 секундқа ілгері) болды.
2 зерттеуге 7-ден 14 жасқа дейінгі ер жынысты 230 пациент қатысты. Барлық пациенттер 6 минут (6MWT) ішіндегі жүріске скрининг-тест кезінде ≥150 метр (және арнайы құрылғылар көмегінсіз осы аралықтың 80%-дан аз) жүріп өтуге қабілетті болуы тиіс болды. Топтардың бәрінде пациенттердің көп бөлігі еуропалық ақ нәсілге жатады (76%). Пациенттер 1:1 арақатынасында кездейсоқ іріктеу әдісімен бөлінді және күніне 3 рет (таңертең, күндіз, кешке) 40 мг/кг/күн дозада аталурен (115 пациент) немесе плацебо (115 пациент) қабылдады.
Аталурен қабылдаған пациенттерде клиникалық жақсарулар байқалды, оны тиімділігінің біріншілік және екіншілік бақылау нүктелері бөлігінде плацебо тобындағы пациенттерден айырмасының өте қолайлы сандық көрсеткіштері айғақтайды. Біріншілік бақылау нүктесі (зерттеудің басталуынан 48 аптасына дейінгі 6MWD өзгерістері) статистикалық мәніне (p ≤ 0.05) жетпегендіктен, барлық қалған р мәндерін номиналды деп есептеу керек.
Препараттың кемінде бір дозасын қабылдаған барлық рандомизацияланған пациенттер тобында аталурен және плацебо топтары арасындағы айырма зерттеудің басталуынан 48 аптасына дейін бақыланған 6MWD көрсеткішінің орташа өзгерістері бөлігінде 40 мг/кг/күн аталурен тобында, плацебо тобына қарағанда, 15.4 метрге үздік болды. Статистикалық үлгіде есептік орташа айырмасы 13.0 метр (p = 0.213) құрады, 4 сурет. Аталурен мен плацебо арасындағы бөлініс зерттеудің 16 аптасынан бастап соңына дейін сақталды.
4 сурет. 6 минут ішінде жүріп өткен қашықтық көрсеткішінің орташа өзгерісі (2 зерттеу).
48 апта ішінде аталурен қабылдаған пациенттер бұлшықеттер функциясының азырақ нашарлауын атап көрсеткен, оны аталурен қабылдаған пациенттер тобында, плацебо тобымен салыстырғанда, 10 метр жүріп өту/жүгіріп өту, 4 сатыға көтерілу және 4 сатыдан төмен түсу уақыты бөлігіндегі аздаған ілгерілеулер айғақтайды. Хронометрленген функционалдық зерттеулерде препараттың кемінде бір дозасын алған барлық рандомизацияланған пациенттер тобында 48 аптадағы орташа өзгерістер бөлігінде, плацебомен салыстырғанда, аталурен пайдасының айырмасы клиникалық маңызды айырмашылыққа тән шектік мәндерге жетті (шектік өзгерулер ~1-1.5 секунд).
Хронометрленген функционалдық зерттеулердегі зерттеудің басталуынан 48 аптаға дейінгі орташа өзгеру 40 мг/кг/күн аталурен тобында, плацебо тобына қарағанда, үздік болды, бөліп атасақ, 10 метр жүріп өту/жүгіріп өту уақыты (1.2 секундқа ілгері, р = 0.117), 4 сатыға көтерілу (1.8 секундқа ілгері, р = 0.058) және 4 сатыдан төменге түсу (1.8 секундқа ілгері, р = 0.012) болды, 5 сурет.
5 сурет. Хронометрленген функционалдық зерттеулердегі орташа өзгеру (2-ші зерттеу)
6MWD көрсеткішінің 10% нашарлауының басталуына дейінгі уақыт 6MWD көрсеткіші базалық желісінде 10%-дан нашар болмаған кездегі соңғы уақыт сәті ретінде айқындалды. Препараттың кемінде бір дозасын қабылдаған барлық рандомизацияланған пациенттер тобында сәттік қауіп коэффициенті аталурен үшін, плацебомен салыстырғанда, 0.75 (р = 0.160) құрады, бұл 6MWD көрсеткішінің 10% нашарлау қаупінің 25% төмендеуі түрінде болды.
Балалар жасындағы пациенттер
«Трансларна» препаратының қауіпсіздігі, фармакокинетикасы және тиімділігінің ізденістік көрсеткіштері нмДБД зардабын шегіп жүрген 2-ден 5 жасқа дейінгі балалардың қатысуымен ашық зерттеуде бағаланды. «Трансларна» препаратының тиімділігі 2-ден 5 жасқа дейінгі балалар үшін 5 жастан үлкен пациенттер деректерін экстраполяциялау арқылы анықталды.
Нонсенс-мутациясы тудырған кистозды фиброз бар пациенттер үшін аталуренмен монотерапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеудің клиникалық бағдарламасында ересектерде және балаларда 6 жастан бастап клиникалық нәтижелердің біріншілік және шешуші екіншілік көрсеткіштеріне (ppFEV1 және өкпедегі өршулер жиілігі) қатысты статистикалық мәнді әсері байқалмады.
Нонсенс-мутациясынан туындаған Дюшенн бұлшықет дистрофиясы (нмДБД) бар 2 жастан 7 жасқа дейінгі 20 пациентті қамтитын ашық зерттеу аясында (045 зерттеу) емдеуді бастамас бұрын және аталурен терапиясының 40 аптасынан кейін бұлшықет тініндегі дистрофиннің сандық мөлшері бағаланды. Дистрофиннің мөлшері электрохемилюминесцентті талдау (ЭХЛ) және иммуногистохимиялық зерттеу (ИГХ) көмегімен өлшенді. Зерттеудің басында және емдеу кезеңінің соңында балтыр бұлшықеті мен алдыңғы жіліншік бұлшықетінен пункциялық биопсия арқылы әрбір қатысушыдан үш үлгіде бұлшықет тінінің үлгілерін іріктеу жүргізілді. 045 зерттеу аясында сонымен қатар функционалдық тесттерге талдау жасалды (уақыт тесттілер көмегімен (TFTs) және пациенттің қозғалғыштығын бағалау жүйесінің North Star (rNSAA) қайта қаралған шкаласы арқылы).
Зерттеудің басында ЭХЛА арқылы өлшенген дистрофин деңгейінің медианалық мәні қалыптыдан 0,42 % құрады (0,00% - дан 41,85% - ға дейінгі диапазонда). Зерттеудің соңында өлшенген дистрофин деңгейінің медианалық мәні қалыптыдан 0,33 % құрады (0,04% - дан 48,55% - ға дейінгі диапазонда). Зерттеудің басында ИГХ арқылы өлшенген оң бұлшықет талшықтарының үлесі (медианалық мән) 73% құрады (0,42% - дан 99,6% - ға дейінгі диапазонда). Зерттеу соңында бұл көрсеткіш 66 % құрады (0,51% - дан 99,77% - ға дейінгі диапазонда).
Зерттеудің соңында rNSAA бойынша бастапқы деңгейге қатысты орташа (медиана) нашарлау көрсеткіші жалпы бағалаудан 0,1 (1,0) баллды құрады, ал уақыт бойынша бастапқы деңгейге қатысты орташа (медиана) өзгеріс жатқан күйден тік күйге көтерілуге кеткен уақыт, 10 метр қашықтықты жүріп өту немесе жүгіру, 4 сатыға көтерілу уақыты және 4 сатыдан түсу уақыты сәйкесінше -1,56 (-0,6), -0,41 (-0,35), -1,09 (-0,5) және -2,43 (-0,7) секундты құрады.
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі, осы қолдану көрсетілімдеріне қатысты балаларда жүргізілген зерттеу Жоспарының аясында қабылданған шешімге сәйкес, нмДБД бар балалар жасындағы пациенттердің екі қосалқы санатында (жас топтары: туғаннан бастап 28 күнге дейін және 28 күндігінен 6 айдан аз уақытқа дейін) аталурен зерттеуінің нәтижелерін ұсыну міндеттемелерін орындауды талап ету құқығынан бас тартты (балалар жасындағы пациенттер туралы ақпарат 4.2 бөлімінде берілген).
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі, осы қолдану көрсетілімдерінің деректеріне қатысты балаларда жүргізілген зерттеу Жоспарының аясында қабылданған шешімге сәйкес, нмДБД бар 6 айлықтан бастап 2 жастан аз уақытқа дейінгі балалар жасындағы пациенттердің қосалқы санатында аталуренді зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемелерін орындауды кейінге қалдырды (балалар жасындағы пациенттер туралы ақпарат 4.2 бөлімінде берілген).
Осы дәрілік зат «шартты мақұлдау» деп аталатын сызба бойынша тіркелді. Бұл осы дәрілік зат жөніндегі жаңа деректердің пайда болуы күтілетінін білдіреді. Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік осы дәрілік зат туралы жаңа ақпаратқа, ең кемінде, жыл сайын талдау жасайды және дәрілік заттың осы сипаттамасы қажеттілігіне қарай жаңартылатын болады.