Трастузумаб препаратымен емді бастағанға дейін ісіктік HER2 гиперэкспрессиясын тестілеу міндетті болып табылады.
Препаратты тағайындау және енгізу білікті және тәжірибелі толық көлемде реанимациялық шаралар жүргізу үшін қажетті жағдайлар болған кезде химиотерапевт дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс.
Инфузияға ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат дәрілік түріндегі Трастузумабты тек вена ішіне тамшылатып енгізеді! Препаратты вена ішіне сорғалатып немесе болюсті енгізуге болмайды!
Стандартты дозалау режимі
Сүт безінің метастаздық обыры
Апта сайын енгізу
Жүктеме доза: дене салмағына 4 мг/кг.
Демеуші доза: аптасына бір рет дене салмағына 2 мг/кг. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 1 аптадан соң енгізіледі.
Баламалы енгізу – 3 аптадан соң
Жүктеме доза: дене салмағына 8 мг/кг.
Демеуші доза: жүктеме дозаны енгізгеннен кейін бастап, 3 аптада бір рет аралықпен, дене салмағына 6 мг/кг.
Паклитакселмен немесе доцетакселмен біріктірілімде қолдану
Паклитакселді немесе доцетакселді Трастузумаб препаратын (доза бойынша ұсынымдарды Трастузумабтың тиісті медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарынан қараңыз) енгізгеннен кейін келесі күні немесе алдыңғы енгізу кезінде Трастузумаб препараты жаққан болса Трастузумаб препаратын енгізгеннен кейін бірден енгізуге болады.
Ароматаза тежегішімен біріктірілімде қолдану
Трастузумаб пен анастрозолды емнің бірінші күнінен бастап бірге қолданудағы шектеулерсіз тағайындайды (доза бойынша ұсынымдарды анастрозолдың немесе басқа ароматаза тежегіштерінің тиісті медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарынан қараңыз).
Сүт безі обырының ерте кезеңдері
Апталық сызбасы
Апта сайын енгізгенде Трастузумаб дене салмағына 4 мг/кг жүктеме дозасында енгізіледі, әрі қарай демеуші дозада аптасына бір рет дене салмағына 2 мг/кг. Демеуші доза жүктеме дозадан 1 аптадан соң енгізіледі.
Үш апталық сызба
3 аптадан кейін енгізген кездегі жүктеме доза: дене салмағына 8 мг/кг.
Демеуші доза: әр үш апта сайын дене салмағына 6 мг/кг. Демеуші доза жүктеме дозадан 3 аптадан соң енгізіледі.
Таралған асқазан обыры
Үш апталық сызба
Жүктеме доза: дене салмағына 8 мг/кг.
Демеуші доза: әрбір 3 апта сайын дене салмағына 6 мг/кг. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 3 аптадан соң енгізіледі.
Дозалау режимін түзету
Трастузумаб дозасын төмендету ұсынылмаған. Химиятерапиядан туындаған қайтымды миелосупрессия пайда болған кезеңде Трастузумабпен емдеу курсы нейтропениямен шартталған асқынуларды мұқият бақылау жағдайында химиятерапия дозасын төмендеткеннен кейін немесе оны уақытша тоқтатқаннан кейін жалғастырылуы мүмкін. Цитостатиктер дозасын төмендету бойынша нұсқаулықты сақтау қажет.
Сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы (СҚЛФ) бастапқыдан ≥10 бірлікке төмендегенде және 50% мәннен төмен болғанда ем тоқтатылуы тиіс. СҚЛФ қайта бағалау шаммамен 3 аптадан соң жүргізілуі тиіс. СҚЛФ көрсеткішінің жақсаруы болмаған кезде немесе оның әрі қарай төмендеуінде немесе созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) симптомдары пайда болғанда тек нақты бір пациент үшін пайда қауіптерден басым болмаса Трастузумаб препаратымен емді тоқтату туралы мәселені қарастыру қажет. Барлық осы пациенттер тексерістен өту үшін кардиологқа жіберілуі және қадағалауда болуы тиіс.
Емдеу ұзақтығы
СБО метастаздық және ерте сатылары және таралған асқазан обыры
СБО метастаздық немесе таралған асқазан обыры бар пациенттерді трастузумабпен емдеу аурудың үдеуіне дейін жүргізіледі.
СБО ерте сатыларындағы пациенттерді емдеуді 1 жыл бойы немесе негізгі ауру үдегенге дейін, қайсысының ерте басталуына байланысты жалғастырады. СБЖО емдеуді 1 жылдан артыққа созу ұсынылмаған.
Қолдану тәсілі және жолы
Трастузумабтың жүктеме дозасы вена ішіне 90-минуттық инфузия түрінде енгізіледі. Егер мұның алдындағы дозаның жағымдылығы жақсы болса, кейінгі инфузияларды 30 минут ішінде енгізуге болады.
Трастузумаб препаратын әрбір енгізу кезінде қалтырау, қызба және басқа да инфузиялық реакциялардың пайда болуына (алғашқы инфузия басталғаннан кейін 6 сағат ішінде және келесі инфузиялар басталғаннан кейін 2 сағат ішінде) қатысты пациентті мұқият қадағалау қажет. Шұғыл көмек көрсетуге арналған жинақ қолжетімді болуы тиіс, ал инфузияны анафилаксияны емдеуде тәжірибелі медицина маманы жүргізуі тиіс.
Инфузиялық реакциялар пайда болғанда инфузияны тоқтатады. Инфузиялық реакциялардың NCI-CTC (АҚШ-тағы Ұлттық обыр институты жалпы уыттылық критерийлері) сәйкес ауырлықтың жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдары жоғалғаннан кейін инфузияны жаңартуға болады. Өмірге қауіп төндіретін ауыр инфузиялық реакциялар дамыған жағдайда Трастузумаб препаратымен әрі қарайғы емді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Назар аударыңыз! Трастузумаб ақуыз агрегациясы мүмкіндігіне байланысты 5% декстроза ерітіндісімен үйлеспейді.
Трастузумабты басқа дәрілік препараттармен араластыруға немесе бірге сұйылтуға болмайды.
Трастузумаб ерітіндісі поливинилхлоридтен, полиэтиленнен және полипропиленнен дайындалған инфузиялық пакеттермен үйлесімді.
Ерітіндіні дайындау
Препаратты енгізуге дайындау асептикалық жағдайларда жүргізілуі тиіс.
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентратты дайындау жөніндегі нұсқаулық
440 мг Трастузумаб препараты бар құтының ішіндегісін бірге жеткізілетін, құрамында микробқа қарсы консервант ретінде 1,1% бензил спирті бар инъекцияға арналған 20 мл бактериостатикалық суға ерітеді. Нәтижесінде рН 6.0 болатын 1 мл-де 21 мг трастузумаб бар, көп рет пайдалануға жарайтын ерітінді концентраты алынады.
Еріткен кезде препаратпен абайлап жұмыс істеу керек. Еріткен кезде шамадан тыс көбіктенуіне жол бермеу керек, бұл препараттың қажетті дозасын құтыдан алуды қиындатуы мүмкін.
1. 440 мг Трастузумаб препараты бар құтыға инъекцияға арналған 20 мл бактериостатикалық суды стерильді шприцпен, сұйықтық ағынын тікелей лиофилизатқа бағыттап, баяу енгізу керек.
2. Еріту үшін құтыны айналдыра отырып, ақырын шайқау керек. Сілкуге болмайды!
Препарат еріген кезде көбінесе аздаған мөлшерде көбік түзіледі. Көбіктің шектен тыс түзілуі құтыдан препараттың керек дозасын сорып алуды қиындатуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ерітіндіні 5 минутқа жуық қозғамай қоя тұру қажет. Дайындалған концентрат мөлдір және түссіз болуы немесе бозғылт-сары түсті болуы тиіс.
Инъекцияға арналған бактериостатикалық суда дайындалған Трастузумаб препаратының ерітіндісі бар құты 2-8°С температурада 28 күн бойы тұрақты. 28 күннен соң ерітіндінің пайдаланылмаған қалдығын тастау керек. Дайындалған концентратты мұздатып қатыруға болмайды!
440 мг Трастузумаб препаратының еріткіші ретінде инъекцияға арналған стерильді суды (консервантсыз) пайдалануға жол беріледі. Дайындау берілген нұсқауға ұқсас. Бұл жағдайда концентратты дайындағаннан кейін бірден пайдалану керек. Қажет болса, ерітіндіні 2–8°С температурада 24 сағаттан асырмай сақтауға болады. Дайындалған концентратты мұздатып қатыруға болмайды!
Инфузияға ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулық
Ертіндінің көлемін анықтау:
• дене салмағына шаққанда 4 мг/кг тең трастузумабтың жүктеме дозасы, немесе 2 мг/кг тең демеуші дозасы келесі формула бойынша анықталады:
Көлем (мл)
• дене салмағына шаққанда 8 мг/кг тең трастузумабтың жүктеме дозасын, немесе әр 3 апта сайын 6 мг/кг тең демеуші дозасын енгізу үшін қажеттісі келесі формула бойынша анықталады:
Дайындалған концентраты (концентрацияланған ерітіндісі) бар құтыдан тиісті көлемді құйып алу және оны 250 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісі бар инфузиялық пакетке енгізген жөн. Содан кейін инфузиялық пакетті, көбіктің түзілуіне жол бермей, ерітіндіні араластыру үшін ақырын төңкеру керек. Енгізер алдында ерітіндіде механикалық қоспалардың жоқтығын және түсінің өзгермегенін (көзбен) тексеру керек. Инфузияға арналған ерітіндіні дайындап болған соң дереу енгізеді.
Егер сұйылту асептикалық жағдайларда жүргізілсе, инфузияға арналған ерітіндіні пакетте 2–8°С температурада 24 сағаттан асырмай сақтауға болады. Дайын ерітіндіні мұздатып қатыруға болмайды. Пайдаланылмаған немесе жарамдылық мерзімі өткен препаратты жою жөніндегі нұсқаулық
Дәрілік препараттың қоршаған ортаға түсуіне барынша жол бермеу керек. Препаратты ағын сумен немесе тұрмыстық қалдықтармен бірге жоюға болмайды. Мүмкіндігінше дәрілік препараттарды жоюға арналған арнайы жүйелерді пайдалану қажет.
Пациенттердің жекелеген топтары
Егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ бүйрек және бауыр функциялары бұзылған пациенттерде препараттың фармакокинетикасына арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Популяциялық фармакокинетикалық талдау, жасқа және бүйрек функциясына байланысты, трастузумаб кинетикасында өзгерулердің жоқтығын көрсетті.
Балалар
Препаратты балаларға қолдану көрсетілмеген.
Жағымсыз реакциялар
Қазіргі уақытта трастузумабты пайдаланғанда хабарланған ең күрделі және/немесе жиі жағымсыз реакциялар мыналар: кардиоуыттылық, инфузиялық реакциялар, гематоуыттылық (атап айтқанда нейтропения), инфекциялар мен өкпе тарапынан болатын бұзылыстар.
Жағымсыз реакциялардың жиілігін сипаттау үшін аталған бөлімде келесі жіктеу пайдаланылады: өте жиі ( 1/10), жиі ( 1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10000, бірақ <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде есептеу мүмкін емес). Әрбір топ шеңберінде жағымсыз реакциялар күрделілігінің төмендеуіне сәйкес ұсынылған.
Өте жиі
– инфекциялар, назофарингит
– фебрильді нейтропения, анемия, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения
– дене салмағының азаюы, анорексия
– ұйқысыздық
– парестезиялар, дисгевзия (дәм сезудің бұрмалануы); тремор1, бас айналуы, бас ауыруы
– конъюнктивит, жас бөлінудің артуы
– артериялық қысымның (АҚ)1 төмендеуі және жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы1, жүрек қағуы1, жыпылықтау (жүрекшелер немесе қарыншалар)1, сол жақ қарыншадан лықсу фракциясының төмендеуі*, «қан құйылулар»
– сырыл†1, ентігу† , жөтел, мұрыннан қан кету, ринорея
– стоматит, диарея, құсу, жүрек айну, еріннің ісінуі1, іштің ауыруы, диспепсия, іш қату
– алақан-табан синдромы, эритема, бөртпе, беттің ісінуі1, алопеция, тырнақ құрылымының бұзылуы
– артралгия, бұлшықет сіресуі1, миалгия
– шеткері ісіну, астения, кеуденің ауыруы, қалтырау, әлсіздік, тұмауға ұқсас синдром, инфузиялық реакциялар, ауыру, қызба, мукозит
Жиі:
– фарингит, нейтропениялық сепсис, цистит, Herpes zoster, тұмау, синусит, тері инфекциялары, ринит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, тілме, флегмона, целлюлит
– аса жоғары сезімталдық реакциялары
– үрейлену, депрессия, ойлаудың бұзылуы
– шеткері нейропатия, бұлшықет гипертонусы, ұйқышылдық, атаксия
– көздің құрғауы
– жүрек жеткіліксіздігі (созылмалы)†, суправентрикулярлық тахиаритмия†1, кардиомиопатия, артериялық гипотензия†1, вазодилатация
– пневмония†, бронх демікпесі, өкпе функциясының бұзылуы, плевралық жалқық†
– панкреатит, геморрой, ауыздың құрғауы
– гепатит, бауыр аумағының ауырғыштығы, гепатоцеллюлярлы зақымдану
– акне, тері құрғақтығы, экхимоз, гипергидроз, макуло-папулезді бөртпе, терінің қышыну, онихоклазия, дерматит
– артрит, арқаның ауыруы, оссалгия, бұлшықет түйілуі, мойын аймағының ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы
– бүйрек ауруы
– сүт безінің қабынуы/мастит
– дімкәстік, ісінулер
- жаралану
Жиі емес
– сепсис
– кереңдік
– перикардиальді жалқық
- есекжем
Сирек
– парез
– пневмонит
– сарғаю
Белгісіз
– қатерлі жаңа түзілімнің үдеуі, жаңа түзілімнің үдеуі
– гипопротромбинемия, иммундық тромбоцитопения
– анафилаксиялық реакциялар†, анафилаксиялық шок†
– гиперкалиемия
– мидың ісінуі
– көру жүйкесі дискінің ісінуі, торқабыққа қан құйылу
– кардиогендік шок, перикардит, брадикардия, «шабыс» ырғағы
– өкпенің интерстициальді ауруы, өкпе фиброзы†, тыныс алу жеткіліксіздігі†, өкпе инфильтрациясы†, өкпенің жедел ісінуі†, жедел респираторлық дистресс-синдром†, бронх түйілуі†, гипоксия†, гемоглобиннің оттекпен қанығуының төмендеуі†, көмей ісінуі, ортопноэ, өкпе ісінуі
– бауыр жеткіліксіздігі
– ангионевроздық ісіну
– жарғақшалық гломерулонефрит, гломерулонефропатия, бүйрек жеткіліксіздігі
– олигогидрамнион, фатальді өкпе гипоплазиясы және гипоплазия және/немесе шаранадағы бүйрек функциясының бұзылуы
† хабарламаларда өліммен аяқталған жағдайға астасқан жағымсыз реакциялар.
1 негізінен инфузиялық реакциялармен астасып хабарланған жағымсыз реакциялар. Дәл пайыздық мөлшері анықталмаған.
* антрациклиндерден кейін біріктірілген емде және таксандармен біріктірілімде байқалған жағымсыз реакциялар.
Төменде жекелеген жағымсыз реакциялар бойынша ақпарат ұсынылған.
Жүрек дисфункциясы
NYHA (Нью-Йорк Кардиологтар Қауымдастығының жіктеуі) бойынша II-IV функционалдық кластағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі трастузумабты қолданғандағы жиі жағымсыз реакция болып табылады және фатальді жағдаймен астасқан. Трастузумаб қабылдаған пациенттерде жүрек функциясы бұзылуының келесі белгілері мен симптомдары байқалды: ентігу, ортопноэ, жөтелдің күшеюі, өкпе ісінуі, «атшабысы» ырғағы немесе сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының төмендеуі.
Трастузумабты адъювантты химиятерапиямен біріктіріп қолданғанда 3/4 дәрежеде жүрек дисфункциясының жиілігінің (атап айтқанда, симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) химиятерапия ғана (яғни трастузумабсыз) алатын пациенттердегі және таксандар мен трастузумабты бірінен соң бірін қабылдайтын пациенттердегі (0,3-0,4%) осындайлармен салыстырғанда айырмашылық болмады. Трастузумабты таксандармен бірге қабылдаған пациенттерде жоғары жиілікте болды (2,0%).
Трастузумабты антрациклиндердің төмен дозалы режимдерімен біріктірілімде неоадъювантты емде пайдалану тәжірибесі шектеулі.
Трастузумабты адъювантты химиятерапия аяқталған соң бір жыл ішінде қолданғанда NYHA бойынша III-IV функционалдық кластағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі 12 ай қадағалау медианасында 0,6% пациентте және 8 жыл қадағалау медианасында 0,8% пациентте байқалған. Сол жақ қарыншаның жеңіл симптоматикалық және симптомсыз дисфункциясының жиілігі 4,6% құрады. Ауыр СЖЖ 71,4% жағдайда қайтымды болған (қайтымдылығы пайда болғаннан кейін СҚЛФ ≥50% көрсеткішінің кемінде екі рет қатарынан жоғарылауы анықталды). Сол жақ қарыншаның жеңіл симптоматикалық және симптомсыз дисфункциясы 79,5% жағдайда қайтымды болған. Жүрек дисфункциясымен байланысты шамамен 17% құбылыс трастузумабпен ем аяқталған соң туындаған.
Метастаздық СБО кезінде трастузумабты паклитакселмен біріктіріп вена ішіне енгізгенде жүрек дисфункциясының жиілігі паклитакселмен монотерапия үшін 1%-4%-бен салыстырғанда 9%-дан 12%-ға дейін ауытқыды. Трастузумаб монотерапиясы үшін жиілігі 6%-9% құрады. Жүрек дисфункциясының ең үлкен жиілігі трастузумабты антрациклиндермен/циклофосфамидпен (27%) бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалды, бұл антрациклиндермен/циклофосфамидпен (7%-10%) емге қарағанда едәуір жоғары. Жүрек функциясының проспективті мониторингін зерттеуде симптоматикалық СЖЖ трастузумаб мен доцетаксел қабылдаған пациенттерде жиілігі доцетакселмен монотерапия қабылдаған пациенттердің 0% салыстырғанда 2,2% құрады. Жүрек дисфункциясы бар пациенттердің көбінде (79%) СЖЖ стандартты ем алғаннан кейінгі жағдайдың жақсаруы байқалды.
Инфузиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық реакциялары
Трастузумаб қабылдайтын шамамен 40% пациенттер белгілі бір формада инфузиялық реакцияларды сезінеді деп есептелген. Алайда инфузиялық реакциялардың көбі ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл және орташа болып табылады (NCI-CTC сәйкес) және емнің басында туындау үрдісіне ие, яғни 1, 2 және 3-ші инфузия уақытында, келесі енгізулер кезінде сирек туындайды. Реакцияларға келесі симптомдар кіреді: қалтырау, қызба, ентігу, артериялық гипотензия, өкпедегі қорыл, бронх түйілуі, тахикардия, гемоглобиннің оттегімен қанығуының төмендеуі, респираторлық дистресс-синдром, бөртпе, жүрек айнуы, құсу және бас ауыруы.
Ауырлықтың барлық дәрежесіндегі инфузиялық реакциялардың жиілігі ауытқиды және қолданылуына, ақпарат жинақ әдіснамасына байланысты, сондай-ақ трастузумаб химиятерапиямен бірге енгізілді ме немесе монотерапияда қолданылды ма соған байланысты.
Шұғыл қосымша медициналық араласуды талап ететін ауыр анафилаксиялық реакциялар көбінесе өлім жағдайымен астасқан реакциялар сияқты трастузумабтың бірінші немесе екінші инфузиясы кезінде туындауы мүмкін.
Жекелеген жағдайларда анафилактоидтық реакциялар байқалған.
Гематологиялық уыттылық
Фебрильді нейтропения және лейкопения өте жиі туындаған. Жиі туындайтын жағымсыз реакцияларға анемия, лейкопения, тромбоцитопения және нейтропения кіреді. Гипопротромбинемияның туындау жиілігі белгісіз. Нейтропения қаупі трастузумабты антрациклиндік қатардағы препараттармен емдеуден кейін доцетакселмен біріктірілімде қолдану кезінде біраз жоғары болуы мүмкін.
Өкпе тарапынан болатын бұзылыстар
Трастузумабты қолдану өкпе тарапынан болатын ауыр жағымсыз (оның ішінде өліммен аяқталатын) құбылыстармен астасады. Аталған реакцияларға мыналар кіреді (бірақ мұнымен шектелмейді): өкпедегі инфильтраттар, жедел респираторлық дистресс-синдром, пневмония, пневмонит, плевралық жалқық, өкпенің жедел ісінуі және тыныс алу жеткіліксіздігі.
Иммуногенділік
СБМО неоадъювантты-адъювантты емінде Трастузумабты в/і қабылдаған пациенттердің 10,1 %-да, антиденелердің бастапқыда болғанына қарамай, трастузумабқа антидене түзілді. Трастузумабқа бейтараптандыратын антиденелер Трастузумабты в/і қабылдаған 30 пациенттің 2-уінде байқалды.
Антиденелердің клиникалық маңызы белгісіз, алайда антидененің препаратты в/і енгізуге жағымсыз реакциялардың дамуына ықпалы бақыланбайды.
Асқазанның таралған обырын емдеуде препараттың иммуногенділігі жөнінде деректер жоқ.
Күтілетін дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге ұсыным беретін
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС
Қазақстан Республикаcы
100009, Қарағанды қ., Ғазалиев көш., 16 құр.
Тел (7212)90-80-43, e-mail medinfo@kphk.kz, сайт: www.kphk.kz