Қазіргі уақытта трастузумабты пайдаланғанда хабарланған ең ауыр және/немесе жиі жағымсыз реакциялар мыналар: жүрек дисфункциясы, инфузиялық реакциялар, гематоуыттылық (атап айтқанда нейтропения), инфекциялар мен өкпе тарапынан болатын бұзылулар.
Осы бөлімде жағымсыз реакциялардың жиілігін сипаттау үшін келесі жіктеу пайдаланылады: өте жиі ( 1/10), жиі (1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10000, бірақ <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде есептеу мүмкін емес). Әрбір топ шеңберінде жағымсыз реакциялар ауырлығының төмендеуіне сәйкес ұсынылған.
Төменде трастузумабты монотерапия ретінде де, сондай-ақ базалық клиникалық зерттеулерде және маркетингтен кейін пайдалану кезінде химиотерапиямен біріктірілімде қолданғанда да хабарланған жағымсыз реакциялар ұсынылған.
Жиілігі базалық клиникалық зерттеулерде көп кездесетіндерге сәйкес көрсетілген.
Өте жиі
– инфекциялар, назофарингит
- фебрильді нейтропения, анемия, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения
- дене салмағының төмендеуі, анорексия
- ұйқысыздық
- парестезиялар, дисгевзия (дәм сезудің бұрмалануы), тремор 1, бас айналу, бас ауырулары
- конъюнктивит, көзжасының көп ағуы
- артериялық қысымның төмендеуі және жоғарылауы (АҚ)1, жүрек ырғағының бұзылуы1, жүректің соғуы1, жыпылықтау (жүрекшелер немесе қарыншалар)1, солжақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуі*, «ысыну»
- сырылдар†1, ентігу†, жөтел, мұрыннан қан кету, ринорея
- стоматит, диарея, құсу, жүрек айну, еріннің ісінуі1, іштің ауыруы, диспепсия, іш қату
- алақан-табан синдромы, эритема, бөртпе, беттің ісінуі1, алопеция, тырнақ құрылымының бұзылуы
- артралгия, бұлшықеттің сіресуі1, миалгия
- шеткері ісіну, астения, кеуденің ауыруы, қалтырау, әлсіздік, тұмауға ұқсас ауру, инфузиялық реакциялар, ауырсынулар, қызба, мукозит
Жиі
- фарингит, нейтропениялық сепсис, цистит, тұмау, синусит, тері инфекциясы, ринит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, тілме, флегмона
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
- үрей, депрессия
- шеткері нейропатия, бұлшықет гипертонусы, ұйқышылдық, атаксия
- көздің құрғақтығы
- жүрек функциясының жеткіліксіздігі (созылмалы)†, суправентрикулярлық тахиаритмия†1, кардиомиопатия, артериялық гипотензия†1, вазодилатация
- пневмония†, бронх демікпесі, өкпе функциясының бұзылуы, плевралық жалқық†; жиі емес – пневмонит, сырылдар
- панкреатит, геморрой, ауыздың құрғауы
- гепатит, бауыр аумағының ауырсынғыштығы, гепатоцеллюлярлық зақымдану
- акне, тері құрғақтығы, экхимоз, гипергидроз, макуло-папулезді бөртпе, қышыну, онихоклазия, дерматит
- артрит, арқа ауыруы, оссалгия, бұлшықеттердің түйілуі, мойын аумағының ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы
- бүйрек ауруы
- сүт безінің қабынуы/ мастит
- дімкәстік, ісінулер
- соғып алу
Жиі емес
- сепсис
- кереңдік
- перикардиалық жалқық
- есекжем
Сирек
- сарғаю
Белгісіз
- қатерлі жаңа түзілімдердің үдеуі, жаңа түзілімдердің үдеуі;
- гипопротромбинемия, иммундық тромбоцитопения
- анафилаксиялық реакциялар†, анафилаксиялық шок†
- гиперкалиемия, ісік лизисінің синдромы
- көру жүйкесі дискісінің ісінуі, торқабыққа қан құйылу
- кардиогенді шок, брадикардия, «ат шабыс» ырғағы
- өкпенің интерстициялық ауруы, өкпе фиброзы†, тыныс алу жеткіліксіздігі†, өкпе инфильтрациясы†, өкпенің жедел ісінуі†, жедел респираторлық дистресс-синдром†, бронхтың түйілуі†, гипоксия†, гемоглобиннің оттекпен қанығуының төмендеуі†, көмейдің ісінуі, ортопноэ, өкпе ісінуі
- ангионевроздық ісіну
- жарғақшалық гломерулонефрит, гломерулонефропатия, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
- олигогидрамнион, өкпенің фатальді гипоплазиясы және шаранадағы гипоплазия және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы.
† – хабарламаларда өліммен аяқталған жағдайға астасқан жағымсыз реакциялар.
1 – негізінен инфузиялық реакциялармен астасып хабарланған жағымсыз реакциялар. Дәл пайыздық мөлшері анықталмаған.
* – антрациклиндерден кейін біріктірілген емде және таксандармен біріктірілімде байқалған жағымсыз реакциялар.
Төменде жекеленген жағымсыз реакциялар туралы ақпарат берілген.
Жүрек дисфункциясы
Жүрек функциясының NYHA (Нью-Йорк Кардиологтар Қауымдастығының жіктеуі) бойынша II–IV функциялық кластағы созылмалы жеткіліксіздігі трастузумабты қолданғандағы жиі жағымсыз реакция болып табылады және өліммен аяқталу жағдайымен астасқан. Трастузумаб қабылдаған пациенттерде жүрек функциясы бұзылуының келесі белгілері мен симптомдары байқалды: ентігу, ортопноэ, жөтелдің күшеюі, өкпе ісінуі, «ат шабыс» ырғағы немесе солжақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуі.
Трастузумабты адъювантты химиотерапиямен біріктіріп қолданылған 3 базалық клиникалық зерттеуде жүректің 3/4 дәрежелі дисфункциясы жиілігінің (атап айтқанда, жүрек функциясының симптоматикалық созылмалы жеткіліксіздігі) химиотерапия ғана (яғни трастузумабсыз) алатын пациенттердегі және таксандар мен трастузумабты бірінен соң бірін қабылдайтын пациенттердегі (0,3-0,4%) осындайлармен салыстырғанда айырмашылық болмады. Трастузумабты таксандармен бірге қабылдаған пациенттерде жиілігі ең жоғары болды (2,0%).
Трастузумабты антрациклиндердің төмендозалы режимдерімен біріктірілімде неоадъювантты емде пайдалану тәжірибесі шектеулі.
Трастузумабты адъювантты химиотерапия аяқталған соң бір жыл ішінде қолданғанда жүрек функциясының NYHA бойынша III–IV функциялық кластағы жеткіліксіздігі 12 ай қадағалау медианасында 0,6% пациентте және 8 жыл қадағалау медианасында 0,8% пациентте байқалған. Солжақ қарыншаның жеңіл симптоматикалық және симптомсыз дисфункциясының жиілігі 4,6% құрады. Ауыр ЖФСЖ 71,4% жағдайда қайтымды болған (қайтымдылығы пайда болғаннан кейін СҚЛФ ≥50% көрсеткішінің кемінде екі рет артынша жоғарылауы ретінде анықталды). Солжақ қарыншаның жеңіл симптоматикалық және симптомсыз дисфункциясы 79,5% жағдайда қайтымды болған. Жүрек дисфункциясымен байланысты шамамен 17% құбылыс трастузумабпен ем аяқталған соң туындаған.
Метастаздық СБО кезіндегі базалық клиникалық зерттеулерде трастузумабты паклитакселмен біріктіріп вена ішіне енгізгенде жүрек дисфункциясының жиілігі паклитакселмен монотерапия үшін 1%-4%-бен салыстырғанда 9%-дан 12%-ға дейін ауытқыды. Трастузумаб монотерапиясы үшін жиілігі 6%-9% құрады. Жүрек дисфункциясының ең үлкен жиілігі трастузумабты антрациклиндермен/циклофосфамидпен (27%) бір уақытта қабылдаған пациенттерде байқалды, бұл антрациклиндермен/циклофосфамидпен (7%-10%) емге қарағанда едәуір жоғары. Жүрек функциясының проспективті мониторингімен жүргізілген зерттеуінде симптоматикалық ЖФСЖ трастузумаб мен доцетаксел қабылдаған пациенттерде жиілігі доцетакселмен монотерапия қабылдаған пациенттердің 0% салыстырғанда 2,2% құрады. Жүрек дисфункциясы бар пациенттердің көбінде (79%) ЖФСЖ стандартты емін алғаннан кейінгі жағдайдың жақсаруы байқалды.
Инфузиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық реакциялары
Трастузумаб қабылдайтын шамамен 40% пациенттер сол немесе басқа формада инфузиялық реакцияларды сезінеді деп есептелген. Алайда инфузиялық реакциялардың көбі ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл және орташа болып табылады (NCI-CTC сәйкес) және емнің басында туындау үрдісіне ие, яғни 1, 2 және 3-инфузия уақытында, келесі енгізулер кезінде сирек туындайды. Реакцияларға келесі симптомдар кіреді: қалтырау, қызба, ентігу, артериялық гипотензия, өкпе сырылдары, бронх түйілуі, тахикардия, гемоглобиннің оттекпен қанығуының төмендеуі, респираторлық дистресс-синдром, бөртпе, жүрек айну, құсу және бас ауыру.
Барлық ауырлық дәрежесіндегі инфузиялық реакциялардың жиілігі ауытқиды және қолданылуына, ақпаратты жинақтау әдіснамасына байланысты, сондай-ақ трастузумаб химиотерапиямен бірге енгізілді ме немесе монотерапияда қолданылды ма соған байланысты.
Шұғыл қосымша медициналық араласуларды талап ететін ауыр анафилаксиялық реакциялар көбінесе өліммен аяқталу жағдайымен астасқан реакциялар сияқты трастузумабтың бірінші немесе екінші инфузиясы кезінде туындауы мүмкін. Жекелеген жағдайларда анафилактоидтық реакциялар байқалған.
Гематологиялық уыттылық
Фебрильді нейтропения мен лейкопения өте жиі туындады. Жиі туындайтын жағымсыз реакцияларға анемия, лейкопения, тромбоцитопения және нейтропения кіреді. Гипопротромбинемияның туындау жиілігі белгісіз. Нейтропения қаупі трастузумабты антрациклин қатарындағы препараттармен емдеуден кейін доцетакселмен біріктірілімде қолдану кезінде біраз жоғары болуы мүмкін.
Өкпе тарапынан бұзылулар
Трастузумабты қолдану өкпе тарапынан болатын ауыр жағымсыз (оның ішінде өліммен аяқталатын) құбылыстармен астасады. Аталған реакцияларға мыналар кіреді (бірақ мұнымен шектелмейді): өкпедегі инфильтраттар, жедел респираторлық дистресс-синдром, пневмония, пневмонит, плевралық жалқық, өкпенің жедел ісінуі және тыныс алу жеткіліксіздігі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz