Препарат кешенді ем құрамында:
- созылу, буынның шығуы, соғылу, гематома, гемартроз, сыну сияқты жарақаттарда
- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі ісіну, жұмсақ тіндердің домбығуы
- әртүрлі ағзалар мен тіндердің, оның ішінде тірек-қимыл аппаратының қабынуымен байланысты қабыну және дегенеративтік үдерістерінде (тендовагинит, стилоидит, эпикондилит, бурсит, иық-жауырын периартриті)
- ұршық буыны, тізе мен шағын буындар артрозында қолданылады
Гомеопатиялық дәрілік препарат.
Әсер ету механизмі
Траумель С – көп компонентті гомеопатиялық препарат.
Препарат қабынуға қарсы, ауыруды басатын, экссудатқа қарсы, геморрагияға қарсы, вена тонусын көтеретін, иммуномодуляциялайтын және репаративті әсері бар. Препараттың әсері гомеопатиялық сұйылтуларда препараттың құрамына кіретін өсімдік және минерал тектес заттар есебінен организмнің қорғаушы күші мен бұзылған функцияларын қалпына келтіруін белсендіруге негізделеді.
Кальций және Aconitum және Arnica сияқты өсімдік тектес компоненттер қантамырлардың қабырғаларын нығайтады, ісінуді және жалқықтардың түзілуін азайтады. Сынаптың гомеопатиялық дозасы қабыну дәрежесін азайтады. Aconitum, Arnica, Hamamelis, Hypericum, Millefolium, Bellis perennis жарақат кезіндегі қан кетуді тоқтатады және гематомалар түзілуіне кедергі болады. Aconitum, Arnica және Hypericum бір мезгілде Chamomilla, Atropa belladonna-мен бірге ауыруды басатын әсер етеді. Hepar sulfur және Arnica, Calendula, Echinacеa және Symphytum сияқты өсімдік компоненттері зат алмасу үдерісін белсендіреді және регенерацияны жақсартады, иммунитетті жоғарылатады. Траумель С рецептурасының жекелеген компоненттерін пайдалануға көрсетілімдердің қысқаша сипаттамасы:
Arnica montana D2 - қан кету, веналық іркілісі, жүктемеден кейінгі миалгия; артериялық және вена тамырлары аурулары. Кез келген жарақат, контузия. Сепсистік жағдай: іріңді инфекциялар профилактикасы. Бұлшықет тонусын көтермелейтін дәрі.
Calendula officinalis D2 - тез жазылмайтын жаралар, ойық жаралар, соғылып-жыртылған жаралар, үсік және тері күйіктері. Айқын қабынумен, іріңдеумен және ауырсынумен жарақаттар. Теріде сау грануляциялар қалыптасуына және жараның бастапқы тегістеліп жазылуының жылдамдауына ықпал етеді. Қан тоқтататын дәрі.
Hamamelis virginiana D1 - веналардың варикоздық кеңеюі, геморрой, тері мен шырышты қабықтардан қан кету. Веналар ауырсынуының жоғарылауы. Вена қабырғасына (босаңсытатын) әсер етеді. Операциядан кейінгі кезеңде ауыруды басады.
Achillea millefolium D3 - әртүрлі типті қан кету, құрысу кезіндегі ауыру. Қысылған жарық. Ұзақ уақытқа созылған қызба синдромы. Түйрей шаншып ауыру.
Atropa bella-donna D2 - қызбамен, әсіресе тері мен буындардың жедел қабыну аурулары. Гиперемия және дәнекер тіндер мен шырышты қабықтың ісінуі. Ауыспалы ревматизмдік ауырулар, аяқ-қолдың тартылып-дірілдеуі. Түйілулер.
Aconitum napellus D2 - қызбамен жедел қабыну аурулары; ауыру сезімімен білінетін жүйке аурулары. Серозды қабықтардың және бұлшықеттердің зақымдануы (қабынуы).
Mercurius solubilis Hahnemanni D6 - іріңдеудің кез келген түріне бейімділік. Аппендицит. Тілде өңездер мен тіс дақтары болатын бауыр аурулары, қатты шөлдеу, ауыздың күлімсі иістенуі. Лимфа бездерінің ұлғаюы және қабынуы, жүдеу. Лимфа жүйесінің, сүйектер мен ішкі ағзалардың зақымдануы. Сүйектің ауыруы.
Hepar sulfuris D6 - тері мен шырышты қабықтардың қабынуы және іріңдеуі.
Chamomilla recutita D3 - қатты ауыру, қозу жағдайы, депрессия. Жансызданумен қатар жүретін адам төзгісіз ауыру. Жатырдан қан кету. Люмбаго. Мойын бұлшықеті сіресуі.
Symphytum officinale D6 - эпителизацияны жылдамдатады. Гастралгия, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы. Синовиальді қабықтың, сіңірдің зақымдануы. Барлық буындарға жалпы әсер етеді. Сынғаннан кейін сүйектердің бітпеуінде. Сүйекқабының шаншып ауыруы және ауырсынуы.
Bellis perennis D2 - қантамырларының тегіс бұлшықеттеріне әсер етеді. Қан кету, қан құйылу. Созылу, соғылу. Сыздауықтар. Экссудация, іркіліс, ісіну. Бұлшықеттің, әсіресе шамадан тыс жүктемеден кейін ауыруы. Венадағы іркілу. Жарақаттар, әсіресе терең жатқан тіндерде.
Echinacea D2 - ауыр қызба инфекцияларын демеуші ем (иммунитетті көтеру). Сепсис симптомдары. Тілме қабынуы және іріңді ойық жара. Сыздауықтар. Гангрена. Босанғаннан кейінгі инфекциялар.
Echinacea purpurea D2 - ауыр қызба инфекцияларын демеуші ем (иммунитетті көтеру).
Hypericum perforatum D2 - жүйкенің, әсіресе қол және аяқ саусақтарының зақымдануы. Өте қатты ауырушаңдық. Операциядан кейінгі ауырғанды едәуір жеңілдетеді.
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға
Аптасына 1-3 рет бұлшықет ішіне, тері ішіне, тері астына (оның ішінде периартикулярлы), буын ішіне немесе вена ішіне 1-2 ампуланы қолданыңыз. Жедел жағдайларда – күн сайын. Созылмалы түрлерінде 1-2 ампуланы бұлшықет ішіне, тері ішіне, тері астына (оның ішінде периартикулярлы), буын ішіне немесе вена ішіне аптасына 1-3 рет қолданыңыз. Симптомдардың жеңілдеуі орын алса, қолдану жиілігін қысқарту керек.
Қолдану тәсілі
Бұлшықет ішіне, тері ішіне, тері астына (оның ішінде периартикулярлы), буын ішіне, вена ішіне.
Емдеу ұзақтығы
Буынның шығуы мен созылуында – 2 апта және одан көп, қабыну ауруларында – кем дегенде 3-4 апта. Емдеу ұзақтығы бір аптадан артық болса емдеуші дәрігермен талқылануы тиіс.
Бұл өнімнің құрамында эхинацея бар болғандықтан, бұл өнімді дәрігермен кеңесусіз 8 аптадан артық үзбей пайдалануға болмайды.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда осы дәрілік препаратты қолдануға қатысты деректердің жеткіліксіздігіне байланысты 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдану керек.
Ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық:
Сақтықпен қолдану керек. Ампуланы ашуға арналған нұсқаулықты қатаң ұстаныңыз. Шыны ампуланы кесудің қажеті жоқ. Ампуланың басын қиғаштай жоғары ұстаңыз және бүкіл дәрі ампуланың түбіне ағып түсуі үшін ампуланы жақсылап сілкіңіз. Содан соң өзіңізден кері итере түрлі түсті нүктесіне қысым түсіре отырып, ампуланың басын сындырыңыз. Ампуладағы пайдаланылмай қалған препаратты тастаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, сізге дәрігермен кеңесу керек.
- белсенді заттарға (тау арникасы, дәрілік түймедақ, кәдімгі мыңжапырақ немесе күрделі гүлдер тұқымдас басқа өсімдіктер) немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық.
Белгісіз
- компоненттерге (мысалы, тау арникасы, дәрілік түймедақ, кәдімгі мыңжапырақ, меркуриус солюбилис) анафилаксиялық реакцияларды қоса аса жоғары сезімталдық реакциялары, бұл симптомдарда препаратты тоқтату керек
- құрамында эхинацея экстрактісі бар препараттармен емдегенде тері бөртпесі және қышыну, сондай-ақ сирек жағдайларда беттің ісінуі, ентігу, бас айналу және қан қысымының төмендеуі байқалады
- сілекей бөлінудің жоғарылауы (препарат қабылдауды тоқтату және дәрігермен кеңесу)
- инъекция орнының қызаруы және ісінуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы сақтандырулар
Үдемелі жүйелі ауруларында (мысалы, туберкулез, саркоидоз), лейкоциттік жүйенің жүйелі ауруларында (мысалы, лейкемия немесе лейкемия тәрізді аурулар), аутоиммунды ауруларында (мысалы, дәнекер тіннің қабыну аурулары (коллагеноз), жайылған склероз), иммунитет тапшылығында (ЖИТС/АИТВ-инфекция), иммуносупрессия жағдайларында (мысалы, ағзаларды немесе сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) ұсынылмайды. Кейбір жағдайларда құрамында эхинацея бар дәрілік заттарда терінің бөртпесі, қышыну, сирек беттің ісінуі, ентігу, бас айналуы және артериялық қысымның төмендеуі сияқты аллергиялық реакциялар байқалды. Атопиялық аурулары бар пациенттерде (мысалы, нейродермит, аллергиялық демікпе, пішен қызбасы) аллергиялық реакциялардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Сондықтан препаратты атопиялық аурулары бар пациенттерге дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек. Құрамында эхинацея бар препараттарды қолдану кейбір жағдайларда аутоиммунды аурулардың пайда болуымен байланысты болды. Бірен-саран жағдайда, ұзақ уақыт қолданғанда (8 аптадан астам) лейкоциттер санының төмендеуі тіркелді.
Симптомдары уақытша асқынуы мүмкін. Мұндай жағдайда препарат дозасын төмендету және оны қабылдау арасындағы аралықтарды ұзарту немесе препарат қабылдауды уақытша тоқтату керек. Егер симптомдар тоқтамаса, дәрігерден кеңес алу қажет.
Бұл дәрілік препарат құрамында бір дозада 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар, яғни негізінен «натрийсіз».
Педиатрияда қолдану
Балаларға осы препаратты пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттамалық расталуы жоқ болғандықтан, 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.
Жүктілік және лактация кезеңінде пайдалануға қатысты клиникалық мәліметтер жоқ.
Жүктілік кезінде немесе бала емізу кезінде кез-келген дәрі препараттарды қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
15 С-ден 30 С-ге дейінгі температурада сыртқы картон қаптамасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.