AТХ коды G04BE08
Әсер ету механизмі
Тадалафил 5 типті спецификалық фосфодиэстераза (ФДЭ-5) - циклдық гуанозин монофосфатының (цГМФ) қайтымды селективті тежегіші болып табылады. Сексуалдық қозу азот тотығының жергілікті босап шығуын тудырған уақытта тадалафилмен ФДЭ-5 тежелуі жыныс мүшесінің кавернозды денесіндегі цГМФ деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі. Соның салдарынан артериялардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуы және жыныс мүшесінің тіндеріне қанның ағып келуі болады, бұл эрекцияны туындатады. Тадалафил сексуалдық көтермелену болмаса, әсер етпейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Тадалафил ФДЭ-5 селективті тежегіші болып табылады. ФДЭ5 – бұл кавернозды дененің тегіс бұлшықеттерінен, ішкі ағзалар тамырларының тегіс бұлшықеттерінен, қаңқа бұлшықеттерінен, тромбоциттерден, бүйректен, өкпеден және мишықтан табылатын фермент. Тадалафилдің ФДЭ-5 тарапына әсері басқа фосфодиэстеразалардан күштірек болады. Тадалафилдің ФДЭ-5 қатысты әсері жүректе, мида, қан тамырларында, бауырда және басқа ағзаларда шоғырланатын ФДЭ-1, ФДЭ-2 және ФДЭ-4 қатысты әсеріне қарағанда, 10 000 еседен артық басымдылық иеленеді. Тадалафил, жүректен және қан тамырларынан табылатын ФДЭ-3 ферментіне қарағанда, ФДЭ-5-ті 10 000 есе белсендірек бөгейді. ФДЭ-5 қатысты бұл селективтілік, ФДЭ-3-пен салыстырғанда, зор маңызды, өйткені ФДЭ-3 – жүрек бұлшықетінің жиырылуына қатысатын фермент. Бұдан бөлек, тадалафил ФДЭ-6-ға қарағанда, ФДЭ-5-ке шамамен 700 есе белсендірек әсер етеді, ол көз торқабығында болады және фотоберіліске жауап береді. Тадалафил ФДЭ-5 тарапына, оның ФДЭ-10 арқылы ФДЭ-7-ге ықпалымен салыстырғанда, 10 000 еседен күштірек әсер етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Препаратты үй жағдайларында қабылдауға жауап реакциясын анықтау үшін 1054 пациенттің қатысуымен 3 клиникалық зерттеу жүргізілді. Тадалафил, плацебомен салыстырғанда, эректильді функцияның статистикалық мәнді жақсаруын және препаратты қабылдаудан кейін 36 сағат ішінде сәтті жыныстық қатынасқа қабілетін, сондай-ақ пациенттердің препаратты қабылдаудан кейін 16 минуттан соң-ақ сәтті жыныстық қатынас үшін эрекцияға қол жеткізуге және сақтап тұруға қабілеттілігін көріністеді.
Дені сау субъектіге енгізілген тадалафил шалқасынан жатқан қалыпта (тиісінше, 1.6/0.8 мм сын.бағ. орташа ең жоғары төмендеуі) систолалық және диастолалық артериялық қысымда елеулі айырмашылықтар тудырмады, ал плацебомен салыстырғанда жүректің жиырылу жиілігі өзгермеді.
Фарнсворт-Манселл 100 реңді түс ажырату тестісінің көмегімен тадалафилдің көру қабілетіне әсері бағаланатын зерттеуінде түстерді ажыратудың (көк/жасыл) нашарлауы байқалмады. Осы қорытынды, ФДЭ-5-пен салыстырғанда, тадалафилдің ФДЭ-6-мен төмен тектестігімен байланысты. Сирек жағдайларда ғана түс тану қабілетінің өзгерістері туралы хабарланды (< 0,1%).
Тадалафилмен емдеу кезінде сперматозоидтар саны және олардың концентрациясы азаюы мүмкін, олардың клиникалық мәнді болу ықтималдығы аз. Бұл әсерлер басқа параметрлер (қозғалғыштық, морфология және ФСГ) өзгерісімен өзара байланысты болмады.
Тадалафил 2-ден 100 мг дейін ауырлығы (жеңіл, орташа, ауыр), этиологиясы, жасы (диапазон 21-86 жастан бастап) және этностық тегі әртүрлі дәрежедегі эректильді дисфункциясы бар субъектілерді қоса, 3250 пациенттің қатысуымен 16 клиникалық зерттеуде бағаланды. Хабарламалардың көпшілігі кемінде 1 жылға созылған эректильді дисфункция жөнінде келіп түсті. Жалпы қауымдағы тиімділігінің бастапқы зерттеулерінде пациенттердің 81%-ы, плацебо тобындағы 35%-бен салыстырғанда, тадалафил қабылдау нәтижесінде эрекция жақсаруын хабарлады. Бұдан бөлек, барлық ауырлық санаттарында эректильді дисфункциясы бар пациенттер тадалафил қабылдау кезінде эрекция жақсарғанын хабарлады (жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі 86%, 83% және 72%-бен салыстырғанда, плацебо қабылдау кезіндегі 45%, 42% және 19%-бен салыстырғанда). Тиімділігінің бастапқы зерттеулерінде жыныстық қатынас әрекеттерінің 75%-ы тадалафил қабылдаған пациенттерде, плацебо алған пациенттердің 32%-мен салыстырғанда, сәтті болды.
Жұлын-ми зақымдануы салдарынан болған эректильді дисфункциясы бар 186 пациенттегі 12-апталық зерттеуде (142 тадалафил, 44 плацебо) тадалафил эректильді функцияны едәуір жақсартты, бұл 10 немесе 20 мг (икемді доза, сұрау бойынша) дозада тадалафил қабылдаған пациенттерде, плацебо қабылдау кезіндегі 17%-бен салыстырғанда, сәтті әрекеттердің 48%-ға тең орташа мәніне алып келді.
Балалар
Бұлшықеттік Дюшен дистрофиясы (БДД) бар балалардың қатысуымен тиімділігінің дәлелдері анықталмаған зерттеу жүргізілді. Үш топта да тадалафилдің рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын қатарлас зерттеуі кортикостероидтармен қатарлас ем қабылдаған БДД бар 7-14 жастағы ер жынысты 331 субъект қатысуымен жүргізілді. Зерттеу пациенттер күнделікті 0,3 мг/кг тадалафил, 0,6 мг/кг тадалафил немесе плацебо қабылдау үшін рандомизацияланған 48-апталық салыстырмалы жасырын кезеңді қамтыды. Тадалафил қозғалу қабілетінің төмендеуін баяулататын әсерін көрсетті, ол бастапқы 6-минуттық жүрістің (6MWD) соңғы нүктесі бойынша өлшенді: 6MWD ең аз шаршылар әдісі бойынша өзгеріс (LS) 48 аптадан соң 0,3 мг/кг тадалафил тобындағы -64,7 (р = 0,307) және 0,6 мг/кг тадалафил тобындағы -59,1 мәндерімен (р = 0,538) салыстырғанда, плацебо тобында -51,0 м (м) құрады. Бұдан бөлек, осы зерттеуде орындалған екіншілік талдаулардың бір де бірінде тиімділігінің дәлелдері байқалмады. Осы зерттеудің ортақ қауіпсіздік нәтижелері, жалпы алғанда, тадалафилдің белгілі қауіпсіздік бейініне және кортикостероидтар қабылдап жүрген БДД бар балалар қауымында күтілетін жағымсыз құбылыстармен (ЖҚ) сәйкес болды. Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік эректильді дисфункцияны емдеуге қатысты балалар қауымының барлық қосалқы топтарында жүргізілген зерттеулер нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен бас тартты. Педиатрияда пайдаланылуы жөнінде ақпарат алу үшін 4.2 бөлімін қараңыз.