Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл дәрілік препарат жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін, бірақ олар барлық пациенттерде дамымайды.
• Мынадай жағдайда дереу дәрігерге хабарлаңыз:
• веналарда, әсіресе аяқ веналарында тромбтар пайда болғанда (симптомдары ісіну, ауырсыну және аяқтың қызаруын қамтиды), қантамырлар арқылы өкпеге ауысып кеуденің ауыруын және тыныс алуды қиындатуы мүмкін. Егер осы симптомдардың кез-келгені анықталса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
• бұрыннан бар деменцияның аясында ментальді статустың кенеттен өзгеруі байқалады, кенеттен әлсіздік немесе беттің, қолдың немесе аяқтың, әсіресе бір жақты ұйып қалуы, түсініксіз сөйлеу, тіпті қысқа уақыт ішінде болса да. Бұл инсульттің белгілері болуы мүмкін.
• қызба, бұлшықеттердің сіресуі, терлеу немесе ақыл-естің азаюы («қатерлі нейролептикалық синдром» деп аталатын бұзылыс) болғанда. Шұғыл медициналық көмек қажет болуы мүмкін.
• ер пациенттерде ұзаққа созылған немесе ұзақ эрекцияның пайда болуы. Бұл жағдай приапизм деп аталады. Шұғыл медициналық көмек қажет болуы мүмкін.
• тілдің, ауыздың және беттің еріксіз ырғақты қозғалыстарының пайда болуы. Палиперидонды тоқтату қажет болуы мүмкін.
• қызбамен, ауыздың, беттің, еріннің немесе тілдің ісінуімен, ентігумен, қышынумен, тері бөртпесімен және кейде артериялық қысымның төмендеуімен («анафилаксиялық реакция» деп аталады) сипатталатын ауыр аллергиялық реакцияның дамуы. Пероральді палиперидон немесе рисперидон мұның алдында жағымды болса да, палиперидон инъекциясынан кейін сирек жағдайларда аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
• көзге операцияны жоспарлау кезінде офтальмологқа осы дәрілік препаратты қабылдау туралы хабарлау қажет. Көз бұршағының бұлдырауына (катаракта) байланысты көзге жасалатын операция кезінде нұрлы қабық операция кезінде босаң («босаң нұрлы қабық синдромы» ретінде де белгілі бұзылыс) болып қалуы мүмкін, бұл көздің зақымдануына әкеп соғуы мүмкін.
• инфекциямен күресу үшін қажет болатын, белгілі бір типтегі лейкоциттердің өте төмен саны.
Келесі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін:
Өте жиі
• ұйықтап кетудің немесе ұйықтаудың қиындығы
Жиі
• әдеттегі суық тию симптомдары, несеп шығару жолдарының инфекциясы, тұмауға ұқсас жағдай
• Тревикта® препараты қан талдауы бойынша анықталатын пролактин гормонының деңгейін жоғарылатуы мүмкін (ол тиісті симптомдарға әкелуі немесе әкелмеуі мүмкін). Пролактиннің жоғары деңгейінің симптомдары сүт бездерінің ісінуін, эрекцияға қол жеткізу немесе ұстап тұру қиындықтарын немесе басқа жыныстық дисфункцияны қамтуы мүмкін; (әйелдерде) сүт бездеріндегі ыңғайсыздық, сүт бездерінен сүттің бөлінуі, етеккір оралымының болмауы немесе етеккір оралымымен басқа кінараттар
• қандағы жоғары қант деңгейі, дене салмағының артуы, дене салмағының азаюы, тәбеттің төмендеуі
• ашушаңдық, депрессия, мазасыздық
• мазасыздық сезімі
• паркинсонизм: берілген жағдай баяу немесе бұзылған қозғалысты, қозғалыс шектелуін немесе бұлшықеттердің түйілуін сезіну (қимыл-қозғалыстың алшақтығы), кейбір жағдайларда қозғалыстың «қатып қалуын» сезіну, кейіннен оның жалғасуын қамтуы мүмкін. Паркинсонизмнің басқа белгілеріне баяу тырпылдатып жүру, тынығу кезіндегі тремор, қатты сілекей ағу және/немесе сілекей бөліну және бет әлпетіндегі эмоцияның жоғалуы жатады.
• мазасыздық, ұйқышылдық немесе зейін қоюдың төмендеуі
• дистония: бұлшықеттің баяу немесе тұрақты еріксіз жиырылуын қамтитын жағдай. Дистония дененің кез-келген бөлігіне әсер етуі мүмкін (және аномальді қалыпқа әкелуі мүмкін), ол көбінесе бет бұлшықеттеріне, соның ішінде көздің, ауыздың, тілдің немесе жақтың аномальді қозғалыстарына әсер етеді
• бас айналу
• дискинезия: бұл жағдай еріксіз бұлшықет қозғалыстарын қамтиды, қайталанатын, спастикалық немесе ирелеңдеген қозғалыстар немесе тербелістер болуы мүмкін
• тремор (дірілдеу)
• бас ауыру
• жүректің жиі соғуы
• жоғары артериялық қысым
• жөтел, мұрынның бітелуі
• іштің ауыруы, құсу, жүрек айну, іш қату, диарея, асқазанның қорытпауы, тіс ауыру
• қандағы бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы
• сүйектің немесе бұлшықеттің ауыруы, арқаның, буындардың ауыруы
• етеккір оралымының болмауы
• қызба, әлсіздік, шаршау (қажу)
• инъекция орнындағы реакциялар, қышынуды, ауырсынуды немесе ісінуді қоса
Жиі емес
• пневмония, бронхит, тыныс алу жолдарының инфекциясы, синусит, қуық инфекциясы, құлақ инфекциясы, тонзиллит, тырнақтың зеңдік инфекциясы, тері инфекциясы, тері астындағы абсцесс
• лейкоциттер санының төмендеуі, организмді инфекциядан қорғауға көмектесетін белгілі бір типті лейкоциттердің төмендеуі, анемия
• аллергиялық реакция
• диабет немесе диабеттің нашарлауы, қандағы инсулин деңгейінің жоғарылауы (қандағы қант деңгейін бақылайтын гормон)
• тәбеттің артуы
• тамақтанудың бұзылуына және дене салмағының аздығына әкелетін тәбеттің жоғалуы
• қан триглицеридтерінің (майлар) жоғары деңгейі, қандағы холестериннің жоғарылауы
• ұйқының бұзылуы, көтеріңкі көңіл-күй (мания), сексуалдық қалаудың төмендеуі, күйгелектік, қорқынышты түстер
• кешеуілдеген дискинезия (беттің, тілдің немесе дененің басқа бөліктерінің бақыланбайтын құрысуы немесе дірілдеген қозғалыстары). Тіл, ауыз және бет бұлшықеттерінің еріксіз ырғақты қозғалысы пайда болған кезде дереу дәрігерге хабарлаңыз. Осы дәрілік препаратты тоқтату қажет болуы мүмкін
• естен тану, дененің бөліктерін үнемі қозғалту қажеттілігі, тұру кезінде бас айналу, зейін қоюдың бұзылуы, сөйлеу кінәраттары, дәм сезудің жоғалуы немесе бұзылуы, ауырсыну шегі мен тері сезімталдығының төмендеуі, терінің шымылдатуы, шаншуы немесе ұйып қалу сезімі
• көрудің бұлыңғырлануы, көз инфекциясы немесе жедел эпидемиялық конъюнктивит, көздің құрғауы
• айналуды сезіну (бас айналу), құлақтағы шуыл, құлақтың ауыруы
• жүректің жоғарғы және төменгі бөліктері арасындағы өткізгіштіктің бұзылуы, жүректің электр өткізгіштігінің бұзылуы, жүректің QT аралығының ұзаруы, тұрған кезде жүректің жиі соғуы, баяу жүрек ырғағы, жүректің аномальді электр өткізгіштігі (электрокардиограмма немесе ЭКГ), кеудедегі діріл немесе соғу сезімі (жүректің қағуын сезіну)
• төмен артериялық қысым, тұру кезінде төмен артериялық қысым (бұл препаратты қабылдаған кейбір пациенттер әлсіздік, бас айналу немесе кенеттен тұрғанда немесе отырғанда есінен айырылуы мүмкін)
• ентігу, тамақтың ауыруы, мұрыннан қан кету
• іштегі жайсыздық, асқазан немесе ішек инфекциясы, жұтынудың қиындауы, ауыздың құрғауы, газдың шамадан тыс пайда болуы немесе метеоризм
• қандағы ГГТ (гаммаглютамилтрансфераза деп аталатын бауыр ферменті) деңгейінің жоғарылауы, қандағы бауыр ферменттерінің деңгейінің жоғарылауы
• есекжем, қышыну, бөртпе, шаштың түсуі, экзема, терінің құрғауы, терінің қызаруы, безеу
• қандағы КФК (креатинфосфокиназа) деңгейінің жоғарылауы, кейде бұлшықет ауруы кезінде шығарылатын фермент
• бұлшықеттің түйілуі, буындардың қимыл қозғалысының тежелуі, бұлшықет әлсіздігі
• несепті ұстай алмау, жиі несеп шығару, несеп шығару кезіндегі ауырсыну
• эректильді дисфункция, эякуляцияның бұзылуы, етеккір оралымының болмауы немесе басқа цикл проблемалары (әйелдерде), ерлердегі сүт бездерінің дамуы, жыныстық дисфункция, сүт бездерінің ауыруы, сүт бездерінен сүт бөлінуі
• беттің, ауыздың, көздің немесе еріннің ісінуі, дененің, қолдың немесе аяқтың ісінуі
• дене температурасының жоғарылауы
• жүрістің өзгеруі
• кеуденің ауыруы, кеудедегі жайсыздық, дімкәстік
• терінің қатқылдануы
• құлау
Сирек
• көз инфекциясы
• кене шағуынан туындаған терінің қабынуы, бас немесе дене терісінің қабыршақтанған қышуы
• қандағы эозинофилдер деңгейінің жоғарылауы (лейкоциттер түрі)
• тромбоциттер санының төмендеуі (қан кетуді тоқтатуға ықпал ететін қан жасушалары)
• несеп көлемін бақылайтын гормонның жеткіліксіз секрециясы
• несептегі қант
• бақыланбайтын қант диабетінің өмірге қауіп төндіретін асқынулары
• қандағы төмен қант деңгейі
• суды шамадан тыс тұтыну
• сананың шатасуы
• бастың еріксіз шайқалуы
• ояу кезде қозғалыстар мен реакциялардың болмауы (кататония)
• ұйқылы-ояу жүру
• эмоцияның болмауы
• оргазмға қол жеткізе алмау
• қатерлі нейролептикалық синдром (сананың шатасуы, ақыл-естің кемуі немесе естен айырылу, жоғары температура және бұлшықеттің айқын сіресуі), мидың қан тамырларындағы кінарат, соның ішінде миды қанмен кенеттен қамтамасыз ете алмай қалу(инсульт немесе «мини» инсульт), тітіркендіргіштерге бейімсіздігі, естен айырылу, сананың төмен деңгейі, құрысулар (ұстамалар), тепе-теңдіктің бұзылуы
• қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы
• глаукома (көз алмасындағы қысымның жоғарылауы)
• көздің қозғалысындағы кінараттар, көздің айналуы, көздің жарыққа сезімталдығының жоғарылауы, көзден көп жас ағу, көздің қызаруы
• жүрекшелердің фибрилляциясы (жүректің аномальді ырғағы), жүректің жүйесіз соғуы
• веналардағы тромбтар, әсіресе аяқтағы (симптомдарға аяқтың ісінуі, ауыруы және қызаруы жатады). Егер осы симптомдардың кез-келгені пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз
• кеуденің ауыруын және тыныс алуды қиындататын өкпедегі тромб. Егер осы симптомдардың кез-келгені анықталса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
• ысынулар
• ұйықтап жатқанда тыныс алудың қиындауы (ұйқыдағы апноэ)
• өкпедегі іркіліс, тыныс алу жолдарының бітелуі, сырыл
• өкпедегі сырыл
• ұйқы безінің қабынуы, тілдің ісінуі, нәжісті ұстай алмау, өте қатты нәжіс
• ішектің бітелуі
• еріндегі жарықтар
• дәрілік затпен байланысты терідегі бөртпе, терінің қалыңдауы, қайызғақ
• буынның ісінуі
• несеп шығара алмау
• сүт бездеріндегі жайсыздық, сүт бездерінің ұлғаюы, емшектің ұлғаюы
• қынаптан бөлінділер
• приапизм (хирургиялық емдеуді қажет етуі мүмкін ұзаққа созылған эрекция)
• өте төмен дене температурасы, қалтырау, шөлдеу сезімі
• препаратты тоқтату симптомдары
• инъекция орнындағы инфекциядан туындаған іріңнің жиналуы, терінің терең инфекциясы, инъекция орнындағы киста, инъекция орнының көгеруі
Белгісіз
• инфекциямен күресу үшін қажет, белгілі бір типтегі лейкоциттердің өте төмен саны
• қызбамен, ауыз қуысының, беттің, еріннің немесе тілдің ісінуімен, ентігумен, қышынумен, тері бөртпесімен және кейде артериялық қысымның төмендеуімен сипатталатын ауыр аллергиялық реакция
• суды шамадан тыс тұтыну
• ұйқының бұзылуымен байланысты тамақтану бұзылысы
• бақыланбайтын диабетке байланысты кома
• тез, үстіртін демалу, тамақтың өкпеге өтіп кетуінен туындаған пневмония, дауыстық бұзылыс
• организмнің кейбір бөліктеріндегі оттегі мөлшерінің азаюы (қан ағымының төмендеуіне байланысты)
• бітелуге әкелетін, ішек бұлшықеттерінің қозғалыссыз қалуы
• тері мен көздің сарғаюы (сарғаю)
• ауыз қуысының, мұрынның, көздің және гениталий ішінде және айналасында басталып, дененің басқа бөліктеріне таралуы мүмкін (Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз) терінің күлдіреуімен мен қабыршақтануымен қатар жүретін ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін бөртпе
• тыныс алудың қиындауына әкелетін тамақтың ісінуін қоса, ісінумен бірге жүретін ауыр аллергиялық реакциялар
• тері түсінің өзгеруі
• аномальді мүсін
• Тревикта® препаратын жүктілік кезінде қабылдаған аналардан туған жаңа туған нәрестелерде препараттың жағымсыз реакциялары және/немесе ашушаңдық, бұлшықеттің баяу немесе ұзаққа созылған жиырылуы, тремор, ұйқышылдық, тыныс алу немесе тамақтану кінәраттары сияқты тоқтату симптомдары болуы мүмкін
• дене температурасының төмендеуі
• инъекция орнында тері жасушаларының жансыздануы және инъекция орнында ойық жара
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz