Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
2.5 мг
Саудалық атауы
ТРИГРИМ, таблеткалар, 5 мг, 10 мг
Әсер етуші зат
Торасемид
Мақсаты
Бастапқы артериялық гипертензия
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат –5.0 мг немесе 10.0 мг торасемид,
қосымша заттар - лактоза моногидраты FlowLac®100, жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек, сызығы бар жалпақ таблеткалар.
ТРИГРИМ, таблеткалар, 5 мг
• бастапқы артериялық гипертензия
• жүректің іркілісті жеткіліксіздігі кезіндегі ісіну синдромында, шығу тегі бауырлық, өкпелік немесе бүйректік ісінулерде
ТРИГРИМ, таблеткалар, 10 мг
• жүректің іркілісті жеткіліксіздігі кезіндегі ісіну синдромында, шығу тегі бауырлық, өкпелік немесе бүйректік ісінулерде
ATX коды C03CA04
Торасемид ілмектік диуретик болып табылады. Алайда төмен дозаларда оның фармакодинамикалық бейіні диурез деңгейі және ұзақтығы тұрғысынан тиазидтік диуретиктерді еске түсіреді. Жоғары дозаларда торасемид диурезді дозасына байланысты күшейтеді.
Диурездік әсерінің негізгі механизмі Генле ілмегінің жоғары қарай кететін жуан сегментінің апикальді жарғақшасында Na+/2Cl-/K+ ко-тасымалдаушымен кері байланысуымен жүзеге асырылады, соның салдарынан Генле ілмегінің жоғары қарай кететін бөлігінде натрий және хлор иондарының ренальді реабсорбциясы төмендейді немесе толық бәсеңдейді, жасушаішілік сұйықтықтың осмостық қысымы және судың реабсорбциясы азаяды. 5-100 мг дозалар ауқымында диурездің артуы дозаның логарифміне пропорционалды. Диурездің артуы несеп айдайтын басқа препараттар (мысалы, тиазидтер), мысалы, бүйрек функциясы шектелген кезде, жеткілікті әсер етпейтін жағдайларда туындайды. Ісінулерді жояды, гипертензияға қарсы әсер етеді, ол артериялардың бұлшықет қабатының жасушаларында бос кальций мөлшерінің азаюы және бұзылған электролиттік теңгерімнің қалыпқа келуі есебінен қантамырлардың шеткері кедергілерінің азаюымен жүзеге асады. Осының салдарынан организмнің өзінің прессорлық заттарына, атап айтқанда катехоламиндерге қантамырлардың контрактильдігі және реакциясы төмендейді. Алдыңғы- және кейінгі жүктемені азайту есебінен жүректің жұмыс жағдайлары жақсарады. Пероральді қолданудан кейін ең жоғары диурездік әсері 1-3 сағатқа созылады, ал диурездік әсері 12 сағат дерлік бойы сақталады. Препараттың гипотензиялық әсері алғашқы апта ішінде біртіндеп дамиды және ең жоғары шегіне 12 аптадан кешікпей жетеді.
Дозалау режимі
Ересектер
Бастапқы артериялық гипертензия
Ұсынылатын доза – ішке тәулігіне бір рет 2,5 мг. Қажет болған кезде доза тәулігіне бір рет 5 мг дейін арттырылуы мүмкін. Зерттеулер тәулігіне 5 мг-ден жоғары дозалар қан қысымының әрі қарай төмендеуіне әкелмейтінін айғақтады.
Ең жоғары гипотензиялық әсер шамамен 12 апта емдеу ұзақтығымен көрініс береді.
Ісіну синдромы
Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 5 мг. Қажет болған жағдайда, дозаны біртіндеп, тәулігіне бір рет 20 мг дейін арттыруға болады. Жекелеген жағдайларда тәулігіне 40 мг торасемидті тағайындауға болады.
Препаратты ұзақ мерзімге немесе ісінулер жойылған сәтке дейін тағайындайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзетудің қажеті жоқ
Балалар
Торасемидті балаларда қолдану тәжірибесі жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауырдың жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде торасемид пен оның метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі тек болар-болмас ұзарады, ондай жағдайларда пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Анамнезінде бауыр циррозы, асцит, бауыр энцефалопатиясы болған пациенттерге ерекше сақтық қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды шайнамай, аздаған мөлшердегі сумен ішіп жұту керек. Қолайлы болуы үшін таблеткаларды таңертең ішу керек
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданбас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• белсенді затқа, сульфонилмочевина туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• ануриямен қоса жүретін бүйрек жеткіліксіздігі
• бауырлық кома және кома алдындағы жай-күй
• артериялық гипотензия
• жүрек аритмиялары
• гиповолемия, гипонатриемия, гипокалиемия
• несеп шығарудың айқын бұзылулары, мысалы, қуық асты безінің гипертрофиясы нәтижесінде
• подагра
• аминогликозидтік антибиотиктерді немесе цефалоспориндерді бір мезгілде қабылдау немесе бүйректің зақымдануын туындатататын басқа дәрілік препараттарды қолданудан кейінгі бүйрек жеткіліксіздігі
• жүктілік және лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі жас (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ).
Барлық дәрілік препараттар сияқты, препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді. Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес). Жағымсыз реакциялар ауырлық дәрежесінің кему тәртібімен ұсынылған.
Қан және лимфалық жүйе тарапынан
жиілігі белгісіз – тромбоцитопения, лейкопения, анемия.
Иммундық жүйе тарапынан
өте сирек - аллергиялық реакциялар, мысалы, қышыну, экзантема, фотосенсибилизация
жиілігі белгісіз – терінің ауыр реакциялары (Стивенс–Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермальді некролиз (УЭН))
Зат алмасу тарапынан
жиі —метаболизмдік алкалоз, гиповолемия, гипонатриемия
Жүйке жүйесі тарапынан
жиі— бас ауыруы, бас айналу
жиілігі белгісіз — церебральді ишемия, сананың шатасуы, парестезиялар
Көру мүшелері тарапынан
жиілігі белгісіз – көрудің бұзылуы
Есту мүшелері тарапынан және лабиринттік бұзылулар
жиілігі белгісіз – құлақтың шуылдауы және естімей қалу
Жүрек тарапынан
жиілігі белгісіз - жедел миокард инфарктісі, миокард ишемиясы, стенокардия, естен тану, гипотензия
Қантамырлар жүйесі тарапынан
жиілігі белгісіз –эмболия
Ас қорыту жүйесі тарапынан
жиі: ас қорыту жолының бұзылыстары (тәбеттің жоғалуы, іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу, диарея, іш қату)
жиілігі белгісіз: ауыз ішінің құрғауы, панкреатит
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан
жиі емес: қан плазмасында кейбір «бауыр» ферменттері (мысалы, гамма-глутамилтрансфераза) белсенділігінің жоғарылауы
Тері және теріасты тіндері тарапынан
өте сирек - аллергиялық реакциялар, мысалы, қышыну, экзантема, фотосенсибилизация
жиілігі белгісіз – терінің ауыр реакциялары (Стивенс–Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермальді некролиз (УЭН)).
Тірек-қимыл аппараты тарапынан
жиі – бұлшықет түйілулері
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан
жиі емес – несептің іркілуі, қуықтың созылып кетуі
сирек – қанда мочевина мен креатинин концентрацияларының жоғарылауы.
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар
жиі – астения (жүдеу), қажығыштық
Зертханалық көрсеткіштер
жиі емес – қанда несеп қышқылы және глюкоза концентрацияларының жоғарылауы, сондай-ақ гиперлипидемия (соның ішінде холестериннің және триглицеридтердің жоғарылауы)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Уыттанудың өзіне тән белгілері белгісіз. Егер артық дозалану орын алса, сұйықтықтың және электролиттердің жоғалу қаупі бар диурез білінуі ықтимал, ол ұйқышылдыққа және сананың шатасуына, гипотензияға және циркуляторлық коллапсқа әкелуі мүмкін. Асқазан-ішектің бұзылулар білінуі мүмкін.
Емі
Спецификалық антидоты жоқ. Артық дозаланудың симптомдары және белгілері дозаны төмендетуді немесе торасемид қабылдауды тоқтатуды, сондай-ақ сұйықтықты және электролиттерді бір мезгілде алмастыруды қажет етеді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған жағдайда қабылданатын шаралар
Ұмытып өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Жүрек ырғағының бұзылулары (мысалы, синоатриальді блокада, II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада).
Аритмиясы бар пациенттерде ілмекті диуретиктерді қабылдау электролиттер (калий, натрий, кальций және магний) концентрациясының өзгеруіне байланысты өмір үшін әлеуетті қатер төндіретін қауіпті туғызуы мүмкін.
Электролиттерді жоғалту мен гемоконцентрацияның белгілерін, әсіресе емдеудің басында және егде жастағы пациенттерде бақылау қажет.
Торасемидпен ұзақ емдеген кезде электролиттік теңгерімді, атап айтқанда қан сарысуындағы калий деңгейін (әсіресе оймақгүл гликозидтерімен, глюкокортикоидтармен, минералокортикоидтармен немесе іш жүргізетін дәрілермен қатарлас ем алатын пациенттерде), глюкозаны, несеп қышқылын, креатининді, қан липидтерін және қанның формалық элементтерінің санын (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) жүйелі бақылау ұсынылады.Гиповолиемиясы бар пациенттерге торасемидті тек ерекше жағдайларда ғана тағайындауға болады.
Гиперурикемия мен подаграға бейімділігі бар пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады.
Жасырын немесе манифесті қант диабеті жағдайында көмірсулар алмасуын бақылау қажет.
Бауыр циррозы және асциті бар пациенттерге диуретиктермен емдеуді стационарда бастау ұсынылады. Ондай пациенттерде шамадан тыс диурез ауыр электролиттік бұзылуларға және бауыр функциясының ауыр бұзылуына (бауыр комасына) түрткі болуы мүмкін. Анамнезінде бауыр энцефалопатиясы болған пациенттерге торасемидті тағайындағанда сақтық таныту керек.
Гипокалиемияның және метаболизмдік алкалоздың алдын алу үшін альдостерон антагонистерін немесе калийсақтағыш препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылады.
Торасемидті қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болуына байланысты, келесі жағдайларда торасемидпен емдеуді бастамау керек:
• қышқылдық-сілтілік теңгерімнің патологиялық өзгерістері
• литиймен қатарлас емдеу
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
• қан жасушаларының патологиялық өзгерістері (мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі жоқ пациенттердегі тромбоцитопения немесе анемия).
Торасемидпен емдеуді бастар алдында несеп шығару бұзылыстарын жою қажет (мысалы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында).
Торасемидті несептің жедел іркілісі бар пациенттерге тағайындағанда ерекше сақтық талап етіледі. Несеп шығару жолдарының ішінара окклюзиясы бар пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.
ТРИГРИМ препаратын қолдану допинг-тесттердің оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін. ТРИГРИМ препаратын дұрыс пайдаланбау допинг-бақылауда денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
ТРИГРИМ дәрілік препаратының құрамында лактоза бар.
Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қан қысымына әсер ететін басқа дәрілік заттар сияқты, пациенттерде бас айналуы немесе осыған ұқсас симптомдар болған жағдайда көлік құралдарын басқаруға және механизмдермен жұмыс істеуге болмайтыны туралы ескертілуі керек.
Торасемидтің жүкті әйелдерде қолданылуы жөніндегі деректер жеткіліксіз.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік уыттылығын көрсетті.
Әйелдің клиникалық жай-күйі торасемидпен емдеуді қажет ететін жағдайлардан басқасында, торасемидті жүктілік кезінде қолданбау керек.
Торасемидтің емшек сүті арқылы шығарылатыны туралы деректер жеткіліксіз. Емшектегі бала үшін қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды. Ілмектік диуретиктер лактацияны бәсеңдетуі мүмкін. Емшек сүтімен қоректендірудің бала үшін пайдасы мен емнің әйел үшін пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе торасемидпен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.
Торасемид диабетке қарсы препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін.
Колестираминмен бір мезгілде емдеу пероральді қабылданған торасемидтің сіңуін және тиісінше әсерін төмендетуі мүмкін.
Торасемид теофиллиннің әсеріне және кураре тәрізді препараттардың бұлшықет босаңсытқыш әсеріне ықпал етуі мүмкін (күшейту немесе әлсірету). Қан сарысуындағы теофиллин деңгейін бақылау ұсынылады.
Торасемид пен литиймен бір мезгілде емдеу қан сарысуындағы литий концентрациясының жоғарылауына, және тиісінше литийдің әсері мен жағымсыз әрекетінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Торасемид катехоламиндердің тамыр тарылтатын әсерін (мысалы, адреналин, норадреналин) азайтуы ықтимал.
Торасемид P450 цитохромы, CYP2C8 және CYP2C9 үшін субстрат болып табылады. Бір ғана фермент үшін лигандалар арасында өзара әрекеттесу болуы мүмкін. Сондықтан қан сарысуындағы препараттар концентрациясының жоғарылауын немесе төмендеуін болдырмау үшін осы цитохромның изоформаларымен катализденетін препараттарды бір мезгілде қабылдауды мұқият бақылау қажет. Мұндай өзара әрекеттесу кумарин туындылары үшін де көріністелді. Дәрілік өзара әрекеттесу мүмкіндігі терапиялық диапазоны тар заттар үшін қатер шегінде болуы мүмкін.
Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда бұл препараттарға жүрек бұлшықетінің сезімталдығы калий және/немесе магний тапшылығы салдарынан жоғарылауы мүмкін. Минералокортикоидтардың, глюкокортикоидтардың, сондай-ақ іш жүргізетін дәрілердің калийуретиктік әсері күшеюі мүмкін.
Гипертензияға қарсы препараттардың, әсіресе АӨФ тежегіштерінің әсері бір мезгілде қабылдағанда күшеюі мүмкін. Бірізді немесе біріктірілімде емдеу немесе АӨФ тежегіштерімен жаңа бірлескен қабылдауды бастау артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұны АӨФ тежегіштерінің бастапқы дозасын азайтумен және/немесе АӨФ тежегіштерімен емді бастар алдында 2-3 күн бұрын торасемид қабылдауды азайтып немесе уақытша тоқтатып, ең аз етуге болады.
Торасемид аминогликозидті антибиотиктердің нефроуыттылық және отоуыттылық әсерін, платина қосылыстарының уытты әсерін және цефалоспориндердің нефроуыттылық әсерін, әсіресе жоғары дозалы терапияда күшейтуі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (мысалы, индометацин) простагландиндер синтезін тежеу арқылы болжам бойынша торасемидтің диуретиктік және гипотензиялық әсерін төмендете алады.
Пробенецид өзекшелік секрецияны бәсеңдете отырып, торасемид тиімділігін әлсіретуі мүмкін.
Салицилаттардың жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде торасемид салицилаттардың шығарылуын тежеу арқылы салицилат уыттылығының даму қаупін арттырады. Сонымен қатар, салицилаттарды қабылдайтын пациенттерде подагра ұстамаларының қайталану қаупі артады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.