Өте жиі (≥1/10)
- гиперкалиемия, гипонатриемия. Пневмоцисталық пневмониясы бар пациенттерде қолданылатын триметопримнің жоғары дозалары пациенттердің едәуір бөлігінде қан сарысуындағы калий концентрациясының үдемелі, бірақ қайтымды жоғарылауын тудырады. Калий метаболизмі бұзылған немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гиперкалиемияны тудыратын препараттарды қабылдайтындарда триметоприм өте жиі (пациенттердің 60% - дан астамына дейін) ұсынылған дозаларда да гиперкалиемияны тудыруы мүмкін.
Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)
- жүрек айну, құсу
- қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің артуы
- орныққан дәрілік эритема, эксфолиативті дерматит, макулопапулезді бөртпе, қызылша тәрізді бөртпе, эритема, қышыну, тері бөртпесі
- қандағы мочевина мен креатинин деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
• кандидоз сияқты зеңдік инфекциялар
• құрысулар
• диарея, жалған жарғақшалы энтероколит
• билирубин деңгейінің жоғарылауы, гепатит
• есекжем
• бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылуы.
Сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін)
- лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, анемия (мегалобластты, иммуногемолиздік, аплазиялық анемия)
- қант диабетінсіз пациенттерде гипогликемия, әдетте емдеудің алғашқы бірнеше күнінде пайда болатын. Бүйрек функциясы бұзылған, бауыр ауруы немесе тойып жемейтін пациенттерде және триметоприм/сульфаметоксазолдың жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде ерекше қауіп бар.
- елестеулер, делирий, психоз, әсіресе егде жастағы пациенттерде
- нейропатия (шеткері неврит пен парестезияны қоса)
- глоссит, стоматит
- холестаз
- кристаллурия
Өте сирек (<1/10000)
- агранулоцитоз, метгемоглобинемия, панцитопения
Гематологиялық өзгерістердің көп бөлігі әлсіз айқын және емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды болды.
- қызба, ангионевроздық ісіну, анафилактоидты реакциялар және сарысу ауруы сияқты аллергиялық реакциялар
- асептикалық менингит немесе менингитке ұқсас симптомдар, атаксия
- увеит
- аллергиялық миокардит, QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті тахикардия
- пурпура, Генох-Шенлейн пурпурасы
- аллергиялық өкпе реакциялары (өкпе инфильтраттары, интерстициялық және эозинофильді пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі). Бұл реакциялар АИТВ/ЖИТС жұқтырған пациенттерде жиі кездеседі. Эозинофильді немесе аллергиялық альвеолитпен бірге байқалатын өкпе инфильтраттары жөтел немесе ентігу сияқты симптомдарды көрсетуі мүмкін.
- бауыр некрозы
- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік бөртпе, фотосезімталдық, жедел жайылған экзантематозды пустулез
- рабдомиолиз
- интерстициялық нефрит, диурездің жоғарылауы, әсіресе жүрек ісінуі бар пациенттерде
- бас айналу, құлақтағы шуыл
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- өздігінен түсік түсіру
- церебральді васкулит
- ретинальді васкулит
- васкулит, некроздаушы васкулит, полиангиитпен грануломатоз, түйіндік полиартерит
- өкпе васкулиті
- панкреатит
- жоғалып бара жатқан өт жолдарының синдромы
- жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы)
- артралгия, миалгия
- несеп-тас ауруы. Триметоприм/сульфаметоксазолмен ем қабылдаған пациенттерде несеп-тас ауруы жағдайлары туралы хабарланды. N-ацетилсульфаметоксазол (толық немесе ішінара) кристалдарының агрегациясы салдарынан бүйректе тастардың түзілу жағдайлары сипатталған. Пациентте кристаллурия немесе несеп шығару жылдамдығының төмендеуі сияқты белгілі бір қауіп факторлары болған кезде бүйректегі тастар мен триметоприм/сульфаметоксазол метаболиттері (толық немесе ішінара) арасындағы себеп-салдарлық байланыс анықталды.
АИТВ жұқтырған пациенттердегі жағымсыз реакциялар
Жиі қатарлас аурулары бар және оларды емдейтін АИТВ жұқтырған пациенттер, әдетте, пневмоцисталық пневмонияның профилактикасы немесе Тримокс Форттың жоғары дозаларымен емін қабылдады. Бұл пациенттерде жағымсыз әсерлердің спектрі бар - бірнеше қосымша жағымсыз реакцияларды қоспағанда - АИТВ жұқтырылмаған жалпы қауыммен бірдей. Алайда, кейбір жағымсыз реакциялар жиірек пайда болады (шамамен 65%) және жиі ауыр болады, бұл пациенттердің 20-25% препаратпен емдеуді тоқтата тұруды немесе тоқтатуды талап етеді.
Өте жиі (≥1/10)
• нейтропения, анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения
• тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, диарея
• трансаминазалардың белсенділігінің жоғарылауы, холестаздық сарғаю
• қышынумен қатар жүретін және препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды макулопапулезді бөртпе
• дене температурасының жоғарылауы, әдетте тері бөртпесімен бірге
• гиперкалиемия. Пневмоцисталық пневмониясы бар пациенттерде қолданылатын триметопримнің жоғары дозалары пациенттердің едәуір бөлігінде қан сарысуындағы калий концентрациясының үдемелі, бірақ қайтымды жоғарылауын тудырады. Калий метаболизмі бұзылған немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гиперкалиемияны тудыратын препараттарды қабылдайтындарда триметоприм өте жиі (пациенттердің 60% - дан астамына дейін) ұсынылған дозаларда да гиперкалиемияны тудыруы мүмкін.
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
• гипогликемия
• азотемия, кристаллурия
• гипонатриемия
Сирек (≥1/10 000, <1/1000)
• фотосенсибилизация
Өте сирек (<1/10 000)
• жедел психоз
• паркинсонизм көріністері бар тыныштық треморы, кейде апатиямен, табанның клонусымен және аяқты кең адымдап жүру түріндегі жүрістің бұзылуымен қатар жүреді
• панкреатит
• гепатит
• артралгия, миалгия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкерлеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz