Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Тримспа 200
Әсер етуші зат
Тримебутин
Мақсаты
Ас қорытудың функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауыруларды, транзиттік бұзылыстарды және ішектегі жайсыздықты симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 200 мг тримебутин малеаты,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 101), лактоза, шарап қышқылы, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза (PH 102), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза, диэтилфталат, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған тальк.
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес тегіс беткейлі, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
• ас қорытудың функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауыруларды, транзиттік бұзылыстарды және ішектегі жайсыздықты симптоматикалық емдеу
Әсер ету механизмі
Тримебутин - апиын рецепторларының синтетикалық энкефалинергиялық агонисті, ас қорыту жолының перистальтикасын реттеуші болып табылады. Тегіс бұлшықет жасушаларына тікелей прокинетикалық әсер көрсетеді. Апиын рецепторларымен тектес бола отырып, ішектің тегіс бұлшықеттерінің гипокинетикалық жағдайларында қоздырудың шеткері δ-, μ- және κ-апиын рецепторларына әсер етеді және спазмолитикалық әсер етумен моториканы көтермелейді, ал гиперкинетикалық жағдайларда ішек моторикасын бәсеңдетеді. Энкефалинергиялық механизмдерге әсер ете отырып, асқазан-ішек жолының әртүрлі аурулары кезінде ішек бұлшық етінің қалыпты физиологиялық қозғалыс белсенділігін қалпына келтіреді. Осыған байланысты, науқастарда оны асқазан-ішек жолының гипо- және гиперкинезиялары кезінде де қолдануға болады.
Тримебутин асқазан-ішек жолының бүкіл бойына әсер етеді, өңеш сфинктерінің қысымын төмендетеді, асқазанның босауына және ішек перистальтикасының күшеюіне ықпал етеді, сондай-ақ тоқ ішек тегіс бұлшықеттерінің тағамдық тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясына ықпалын тигізеді. Висцеральді сезімталдықты қалпына келтіре отырып, тримебутин абдоминалды ауыру синдромында анальгетикалық әсерді қамтамасыз етеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: ас қабылдағанға дейін күніне 2 немесе 3 рет 200 мг-ден (1 таблетка).
Ең жоғарғы тәуліктік доза – тәулігіне 600 мг.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы бөлмеңіз және шайнамаңыз. Таблетканы аз мөлшерде сумен немесе басқа алкогольсіз сұйықтықпен бүтіндей жұтыңыз.
Емдеу ұзақтығы
Тримспа 200 препаратымен емдеу курсы әдетте 30 күннен аспайтын қысқа мерзімді болуы тиіс. Емдеудің ең аз ұзақтығы әдетте 20 күнді құрайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Егер сіз Тримспа 200 қабылдауды ұмытып кетсеңіз, өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қабылдамаңыз. Өткізіп алған дозаны өткізіңіз және әдеттегідей келесісіне өтіңіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрігердің кеңесінсіз осы дәріні қабылдауды тоқтатпаңыз және қабылдау тәсілін өзгертпеңіз.
Дәріні қабылдауды бастамас бұрын өзіңіздің дәрігеріңізге кез-келген медициналық жай-күйіңіз немесе аллергияңыз туралы, сіз қабылдап жүрген кез-келген дәрілер туралы, жүктісіз бе немесе бала емізесіз бе, сондай-ақ өз денсаулығыңыз туралы кез-келген басқа да маңызды фактілер туралы хабарлаңыз. Бұл факторлар сіз осы дәріні қалай пайдалануыңызға әсер ететін болады.
Бұл дәріні басқа біреуге бермеңіз, өйткені препарат ол сіздікімен бірдей белгілері болса да, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
- тримебутин малеатына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp- (ЛАПП) лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес)
Жиі емес:
• тері бөртпесі
Белгісіз:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну және сирек жағдайларда анафилаксиялық шок)
- жайылған макулопапулезді бөртпе, эритема, экзематозды реакциялар, жедел жайылған экзантематозды пустулез, мультиформалы эритема, қызбамен бірге дәрілік бөртпені қоса, терінің ауыр реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек айнуы, диарея, ұйқышылдық, құрысу және естен тану.
Артық дозалану жағдайында брадикардия, QTc аралығының ұзаруы немесе тахикардия сияқты жүрек бұзылыстары және ұйқышылдық, құрысулар және кома сияқты неврологиялық бұзылыстар байқалады.
Емі: егер пациент препараттың тым көп дозасын ішке қабылдаса, асқазанды шаю керек. Емі симптоматикалық.
Арнайы ескертулер
Препаратты қатаң көрсетілімдер бойынша қолдану керек.
Тримспа 200 ұйқышылдық тудыруы мүмкін, сондықтан оны ОЖЖ депрессиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Барлық емдеу курсы бойына алкогольді қабылдаудан бас тарту керек.
Қосымша заттар
Бұл препараттың құрамында бір таблеткада 1 ммольден аз (15 мг) натрий бар, яғни "іс жүзінде құрамында натрий жоқ".
Препарат құрамында аз мөлшерде лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы проблемалары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерде жақпаушылық белгілері болуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Бұл препаратты дәрігердің тағайындауынсыз балаларға беруге болмайды. Балаларда шаншу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мүмкін болатын жанама әсерлерді ескере отырып, көлік құралын немесе зейін қоюды талап ететін қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Препаратты жүктіліктің I триместрінде және лактация кезеңінде қолдануға болмайды, өйткені оны пайдалану қауіпсіздігі туралы клиникалық мәліметтер жоқ. Дәрігермен кеңеспей бұл препаратты өз бетіңізше қабылдамаңыз.
Анасы үшін потенцалды пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптерден асып кетсе ғана, бұл дәрі тек дәрігердің тағайындауы бойынша жүктіліктің соңына дейін қолданылуы керек.
Тримебутин д-тубо-курарин туындатқан кураре тәрізді әсерді ұзартады.
Тримебутин емдік әсердің бұрмалануына дейін құрамында спирт бар сұйықтықтармен үйлеспейді. Тримспа 200 ОЖЖ депрессанттарының және/немесе этанол седациясын арттыруы мүмкін.
Басқа ешқандай дәрілік өзара әрекеттесулер сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.