Аса жоғары сезімталдық / тері және тері астындағы тіндер
Аллергиялық реакциялар, оның ішінде өмірге қауіп төндіруі мүмкін анафилаксиялық шок пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда метронидазолды қабылдауды тоқтату керек және тиісті емдеуді тағайындау керек.
Метронидазолды қолдану аясында тері жабындысының тарапынан ауыр реакциялар жағдайлары, оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез байқалған.
Терінің ауыр өзгерістері дамыған кезде: қызару, тері астындағы түйнектері мен күлдіреуіктері бар терінің кебек тәрізді бөртпесі немесе тұмауға ұқсас симптомдар пайда болса, үдемелі бөртпе (көбінесе күлдіреуіктермен немесе шырышты қабықтардағы өзгерістермен) емдеуді тоқтату және дәрігермен кеңесу керек.
Орталық жүйке жүйесі
Энцефалопатия симптомдары немесе мишық синдромы пайда болған кезде (мысалы, атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм, тремор, бас айналу, сананың шатасуы, құрысулар, шеткері нейропатия, бас ауыруы) пациентті емдеуді дереу қайта қараған жөн және метронидазолмен емдеуді тоқтату керек.
Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде метронидазолды қолдану аясында энцефалопатия жағдайлары тіркелген. Сондай-ақ, МРТ жүргізу кезінде энцефалопатиямен қатар жүретін патологиялық өзгерістерді анықтау жағдайлары тіркелді. Зақымдану орындары жиі мишық (негізінен тісті ядрода) және сүйелді дене буылтығы аймағында орналасқан. Көптеген жағдайда энцефалопатия және МРТ патологиялық өзгерістер емдеуді тоқтатқаннан кейін болмаған. Жекелеген өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген.
Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы бар пациенттерде энцефалопатияға тән белгілердің дамуын немесе аурудың ауырлық деңгейінің артуын қадағалау қажет.
Метронидазолмен емнің аясында асептикалық менингит дамығанда емдеуді қайта бастау ұсынылмайды, немесе ауыр инфекция жағдайында мұндай емнің пайдасы мен қаупінің арақатынасын бағалау қажет.
Шеткері жүйке жүйесі
Шеткері нейропатияның дамуын көрсететін белгілердің пайда болуын, әсіресе ұзақ емделгенде немесе шеткері жүйке жүйесінің ауыр, созылмалы немесе үдемелі ауруларынан зардап шегетін пациенттерде бақылау қажет.
Психикалық бұзылыстар
Емдеудің ең басынан бастап психоздық реакциялардың пайда болуы мүмкін, онда пациент, әсіресе анамнезінде психиатриялық бұзылыстар бар болса, өзіне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда метронидазолды қолдануды тоқтату керек, емдеуші дәрігерге жүгіну және қажетті емдеуді бастау керек.
Қан тарапынан бұзылулар
Жоғары дозаны қабылдағанда және/немесе ұзақ емделгенде және анамнезінде гематологиялық аурулар бар болса қан талдауын үнемі жүргізу, негізінен, лейкоцитарлық формуланы бақылау ұсынылады.
Лейкопения кезінде емдеуді жалғастыру мүмкіндігі инфекция ауырлығының деңгейіне байланысты болады.
Параклиникалық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер
Метронидазол трепонемаларды иммобилизациялауы мүмкін және осылайша Нельсон тесті бойынша жалған-оң нәтиже алуға ықпал етеді.
Метронидазол кейбір зертханалық көрсеткіштерді өзгерте алады (АЛТ, АСТ, лактатдегидрогеназа, триглицеридтер, глюкоза), бұл жалған-теріс немесе қалыптан тыс төмен нәтижеге әкелуі мүмкін.
Жүйелі қолдануға арналған метронидазол препараттарымен емдеуді бастағаннан кейін Коккейн синдромы бар пациенттерде ауыр гепатоуыттылық/бауырдың жедел жеткіліксіздігі, соның ішінде тез үдемелі, өліммен аяқталатын жағдайлар байқалды. Бұл популяцияда метронидазолды, егер пайдасы қауіптен асып түседі деп саналмаса және балама емдеу болмаса, пайдалануға болмайды.
Бауыр функциясының көрсеткіштерін емдеу басталғанға дейін, оның бүкіл кезеңінде және аяқталғаннан кейін олардың деңгейлері қалыпты немесе бастапқы мәндерге оралғанға дейін анықтау керек. Егер емдеу кезінде бауыр функциясының көрсеткіштері едәуір жоғарыласа, препарат қолдануды тоқтату қажет.
Егер бауырдың зақымдану симптомдары пайда болса, дереу дәрігермен кеңесіп, метронидазолды қолдануды тоқтату керек.
Арнайы ескертулер
Әсері белгілі қосымша зат
Препарат құрамында 100 мл бір құтыға 310,21 мг натрий бар, бұл ересек адам үшін ДДҰ ұсынған 2 г натрийдің ең жоғары тәуліктік дозасының 15,51% баламалы. Натрий мөлшері төмен диетадағы пациенттерде және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде назарға алу қажет.
Препараттың көлік құралын немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қабылдау шарттары көлік құралдарын басқаруға және техниканы қолдануға сәйкес келмесе де, пациенттерге бас айналуы, сананың шатасуы, елестеулер, құрысулар немесе көру бұзылуы туындауының ықтимал қаупі туралы ескертіп, оларға көлік құралдарын жүргізбеуге және мұндай бұзылыстар болған жағдайда машиналарды пайдаланбауға кеңес беру керек.