Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель для наружного применения
Саудалық атауы
Троксевазин® Нео
Әсер етуші зат
Қатысы жоқ
Мақсаты
Аяқтың веналық жеткіліксіздігіне байланысты ісіну-ауырсыну синдромы және микроциркуляторлық-трофиялық бұзылулар (веналардың варикоздық кеңейюі, жедел және созылмалы тромбофлебит…
Өндіруші
Балканфарма-Троян АД
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г гельдің құрамында:
белсенді зат – 0,17 г натрий гепарині (30000 ХБ сәйкес келеді)
2 г троксерутин,
5 г декспантенол.
қосымша заттар – 980 NF карбомер, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, троламин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарғыштан жасыл-сары түске дейін мөлдір немесе мөлдір дерлік гель.
- аяқтың веналық жеткіліксіздігіне байланысты ісіну-ауырсыну синдромы және микроциркуляторлық-трофиялық бұзылулар (веналардың варикоздық кеңейюі, жедел және созылмалы тромбофлебит, тромбофлебиттен кейінгі синдром, созылмалы лимфостаз);
- жұмсақ тіндердің жарақаттары (гематомалар, буын шығып кетулері, созылулар);
- регенерация фазасында трофиялық ойық жаралардың түйіршіктелуін және эпителизациясын жеделдету үшін (айқын экссудация болмаған кезде).
Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Фармакологиялық әсер оның құрамына кіретін заттарға байланысты.
Троксерутин- ангиопротекторлық дәрі. Бұл флавоноид (рутин туындысы); оның фармакологиялық қасиеттері троксерутинді тотығу-тотықсыздану процестеріне және гиалуронидазаның тежелуіне қатысумен байланысты, соның арқасында жасуша жарғақшаларының гиалуронидазасы тұрақтандырылады, капиллярлардың өткізгіштігі мен сынғыштығы төмендейді. Троксерутин эндотелий жасушаларының базальді жарғақшасының оған әртүрлі факторлардың әсерінен зақымдануын болдырмайды, тамыр қабырғасындағы экссудативті қабынуды азайтады, оның тромбоциттер бетіне жабысуын шектейді. Ол Р-дәрумендік белсенділікке ие, веноуытты, венопротекторлық, деконгестанттық, қабынуға қарсы, қан ұюына қарсы және антиоксиданттық әсерге ие; капиллярлардың тонусын арттырады, тамыр қабырғасының тығыздығын арттырады. Цитопротективті әсері нейтрофилдердің белсенденуі мен адгезиясын тежеу, эритроциттердің агрегациясын төмендету және олардың деформацияға төзімділігін арттыру, қабыну медиаторларының бөлінуін азайту нәтижесінде пайда болады. Тіндердің микроциркуляциясы мен трофикасын қалыпқа келтіруге көмектеседі, іркілістік құбылыстарды азайтады, ісінуді азайтады, ауырсынуды, ауырлықты және веноздық жеткіліксіздікпен байланысты басқа патологиялық көріністерді азайтады.
Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, организмнің табиғи қан ұюына қарсы факторы. Тромбозды болдырмайды, қанның фибринолитикалық қасиеттерін белсендіреді, жергілікті қан ағымын жақсартады, гематомалар мен қан ұйығыштарының сіңу процесіне ықпал етеді және тіндердің ісінуін азайтады. Ол қабынуға қарсы әсерге ие, гиалуронидаза белсенділігін тежеу арқылы дәнекер тіннің қалпына келуіне ықпал етеді.
Терідегі Декспантенол (В5 провитамині) ацетилдену және тотығу процестерінде маңызды рөл атқаратын А коферментінің құрамына кіретін пантотен қышқылына айналады. Метаболизм процестерін жақсарту арқылы декспантенол зақымдалған тіндердің қалпына келуіне ықпал етеді; гепариннің сіңуін жақсартады.
Қолдану тәсілі
Сыртқа қолданады. Егер дәрігер басқаша ұсынбаса, онда ұзындығы 1-3 см болатын гель жолағы (зардап шеккен беткейдің ауданына байланысты) теріге жұқа қабатпен күніне 2 рет таңертең және кешке жағылады, терінің бетіне толығымен сіңгенше жеңіл ысқылау қозғалыстарымен біркелкі таралады. Қажеттілігіне қарай гелді бинт немесе эластикалық шұлықтың астына жағуға болады.
Емдеу ұзақтығы
Препаратпен емдеудің сәттілігі оны ұзақ уақыт бойы үнемі қолдануына байланысты. Емдеу курсы 2-3 аптаны құрайды. Ұзақ емдеу қажеттілігін емдеуші дәрігер анықтайды.
Емдеудің қайталама курсын жылына 2-3 рет жүргізу ұсынылады.
Күшейтілген әсер ету үшін Троксевазин® Нео гельді Троксевазин® капсулаларын қабылдаумен біріктіру ұсынылады.
- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуында;
- гепаринге, декспантенолға немесе троксерутинге немесе препараттың кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділік пен қауіпсіздік жөніндегі деректердің болмауына байланысты);
- жүктіліктің I триместрі;
- бала емізу кезеңі.
- Тері мен тері астындағы тіндер тарапынан бұзылулар: гельді қолдану орнындағы аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну).
Препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін симптомдар тез жоғалады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Гельдің белсенді заттарының аз жүйелі сіңуіне байланысты артық дозалану екіталай.
Арнайы ескертулер
Гельді тек терінің зақымдалмаған беткейіне жағу керек.
Ашық жараларға, көзге және шырышты қабаттарға түсуден аулақ болу керек.
Троксевазин® Нео препараты офтальмологияда қолдануға, интравагинальді және ректальді енгізуге арналмаған.
Сақтықпен
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қажет болған жағдайда препаратты ұзақ уақыт қолдану.
Қосымша заттар
Пропиленгликоль
Тороксевазин® Нео гель құрамында пропиленгликоль бар. Пропиленгликоль терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат
Троксевазин Нео гель препаратының құрамында консерванттар ретінде метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат бар, олар аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (баяу түрдегі реакциялар болуы мүмкін).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат айрықша зейін қою мен жылдам реакцияны талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқаруға әсер етпейді.
Жүктілік кезінде препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Троксевазин® Нео препаратын I триместрде қолдану бақыланатын клиникалық зерттеулер деректерінің болмауына байланысты қолдануға болмайды.
Жүктіліктің II және III триместрінде – ықтимал, егер терапияның ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін қауіптен асып кетсе.
Лактация
Препараттың емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Бала емізу кезінде препаратты қолдану ұсынылмайды.
Троксевазин® Нео препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.