Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы твердые
Дозасы
300 мг
Саудалық атауы
Троксерутин Дансон
Әсер етуші зат
Троксерутин
Мақсаты
Созылмалы веналық жеткіліксіздік симптомдары: ісіну, ауыру, аяқтағы ауырлық, құрысулар, парестезиялар, тынымсыз аяқ синдромы
Өндіруші
ВЕТПРОМ АД
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 300 мг троксерутин
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, макрогол 6000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
капсула қабығының құрамы: корпус - титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), желатин, қақпағы - титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), желатин
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Піл сүйегі түсті корпусы мен қақпақшасы бар №0 қатты цилиндрлі желатинді капсулалар.
Капсулалардың ішіндегісі - сарыдан сары-қоңыр түске дейінгі ұнтақ, агломераттардың болуына жол беріледі.
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға көрсетілген
• созылмалы веналық жеткіліксіздік симптомдары: ісіну, ауыру, аяқтағы ауырлық, құрысулар, парестезиялар, тынымсыз аяқ синдромы
• тромбофлебиядан кейінгі синдром: ауыру, бұлшықет құрысуы, қышыну, шаншу, ісіну, терінің гиперпигментациясы, липодерматосклероз, трофикалық ойық жара
• склеротерапиядан кейінгі жағдайлар, веналарға операциядан кейінгі асқынулардың профилактикасы
• компрессиялық тоқымамен (шұлық, колготкалар) бірге созылмалы веналық жеткіліксіздіктің кешенді емінде
• жедел және созылмалы геморройдың өршу симптомдарын емдеу
• лимфедеманың кешенді емінде
• диабеттік ретинопатияның кешенді емінде
Әсер ету механизмі
Троксерутин Дансон құрамында кем дегенде 95% троксерутин бар. Троксерутин веналық-артериялық рефлюксті арттырады және веналарды қайта толтыру уақытын арттырады, микроциркуляцияны және микротамырлық перфузияны жақсартады. Ол тамырлардың эндотелий қабатында таңдаулы түрде жиналады, қоршаған тіндермен салыстырғанда едәуір жоғары концентрация жасай отырып, веналық қабырғаның субэндотелий қабатына терең енеді. Тотығу реакцияларынан туындаған жасуша жарғақшалары зақымдануының алдын алады.
Препараттың антиоксиданттық әсері оттегінің тотығу қасиеттерінің алдын алу және жоюда, липидтердің тотығуын бәсеңдетуде және тамырлардың эндотелийін гидроксильді радикалдарының тотығу әсерінен қорғауда көрінеді.
Цитопротекторлық әсер нейтрофилдердің белсенуі мен адгезиясының бәсеңдеуінің, эритроциттердің агрегациясының төмендеуінің және олардың деформацияға төзімділігінің жоғарылауының, қабыну медиаторларының босап шығуының төмендеуінің нәтижесі болып табылады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Троксерутин тромбозға қарсы және ангиопротекторлық әсер етеді. Капиллярлардың өткізгіштігінің жоғарылауын азайтады, веналық тамырлардың тегіс бұлшықеттерінің тонусын арттырады, ісінуге қарсы әсер етеді, тамыр қабырғасындағы қабынуды жояды. Тіндердің трофикасын жақсартады, ісінуді азайтады, ауыруды, ауырлық сезімін және веналық жеткіліксіздікпен байланысты басқа патологиялық көріністерді азайтады.
Капилляр қабырғаларының өткізгіштігі мен резистенттілігіне әсер ету арқылы троксерутин диабеттік ретинопатияның үдеуін бәсеңдетуге көмектеседі. Троксерутиннің қанның реологиялық қасиеттеріне әсері тор қабықтың тамырлардың микротромбозының дамуының алдын алуға көмектеседі.
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
Дозалау режимі
Ересектер мен егде жастағы адамдар
Созылмалы веналық жеткіліксіздік және оның асқынулары, жедел және созылмалы геморройдың өршуін симптоматикалық емдеу
Ұсынылатын доза - симптомдардың ауырлығына байланысты тәулігіне 2-3 рет (600-900 мг) 1 капсуладан (300 мг). Емдеу симптомдар толығымен жоғалғанға дейін жалғасады (ауыру, қышыну, ісіну және т.б.), кем дегенде 2 апта. Симптомдар қайта пайда болған кезде емдеуді сол дозада қайта бастауға немесе дозаны төмендетуге болады – тәулігіне 2 рет 1 капсула (600 мг). Емдеу курсы 3-4 аптаны құрайды.
Қол жеткізілген әсер кем дегенде 4 апта бойы сақталады.
Лимфедема
Ұсынылатын тәуліктік доза 3000 мг құрайды: 5 капсуладан тәулігіне 2 рет. Емдеу курсы пациенттің симптомдарының ауырлығына байланысты.
Диабеттік ретинопатия
Ұсынылатын тәуліктік доза 1800 - 3000 мг құрайды: 3-5 капсуладан тәулігіне 2 рет. Емдеу курсы 3-4 аптаны құрайды.
Едәуір ұзақ емдеу қажеттілігі дәрігермен жеке кеңескеннен кейін анықталады.
Енгізу әдісі және жолы
Троксерутин Дансон пероральді қолдануға арналған. Капсулаларды стақан сумен іше отырып, тамақтану кезінде тұтастай қабылдайды.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
• жүктілік кезеңі (1 триместр) және бала емізу
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Сирек
• асқазанның ауыруы, асқазандағы жайсыздық, диспепсия, метеоризм, диарея
• бөртпе, қышыну, есекжем
Өте сирек
• анафилаксиялық шок, анафилактоидты реакциялар, аса жоғары сезімталдық реакциялары
• бас айналу, бас ауыруы
• экхимоз
• шаршау
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалану жағдайлары байқалмады. Өте жоғары дозалар қабылдаған жағдайда немесе күрделі жағымсыз реакциялар пайда болған кезде, Троксерутин Дансон препаратымен емдеуді тоқтатып, симптоматикалық емді тағайындау керек.
Троксерутин Дансон препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Троксерутинді тамақтану кезінде қабылдайды, өйткені ол асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.
Арнайы сақтандырулар
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препаратты бауыр мен өт қабының ауыр аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолданады.
Троксерутин бауырдың ісінуі кезінде тиімді емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Троксерутин шығу тегі бүйрек және жүрек-қантамырлық ісінуі кезінде тиімді емес.
Қосымша заттар
Қосымша зат ретінде препарат құрамында лактоза моногидраты бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты қабылдамаған жөн.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты осы жас тобында қолданбаған жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Троксерутин Дансон автокөлік құралын басқару және қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Троксерутин Дансон капсулаларын жүктілік кезінде қолдану (II және III триместрлер), егер ана үшін күтілетін пайда жатырішілік шарана үшін ықтимал қауіптен жоғары болса, мүмкін болады.
Лактация кезінде препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік өзара әрекеттесу анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 °C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.