Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой
Дозасы
100 мг
Саудалық атауы
Тромбопол
Әсер етуші зат
Ацетилсалицил қышқылы
Мақсаты
Тұрақсыз стенокардия – стандартты ем аясында, жедел миокард инфарктісі – стандартты ем аясында
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 100.00 мг ацетилсалицил қышқылы,
қосымша заттар: ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (С типі)
қабықтың құрамы: гипромеллоза, ACRYL-EZE® қызғылт: метакрил қышқылының сополимері, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтилцитрат (Е1505), понсо 4R (Е124), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) (Е551), натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ішекте еритін қабықпен қапталған, қызғылт түсті, екі беті дөңес, дөңгелек таблеткалар.
• тұрақсыз стенокардия – стандартты ем аясында
• жедел миокард инфарктісі – стандартты ем аясында
• қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы
• операциядан немесе артерияларға басқа да араласулардан кейін (мысалы, аортокоронарлық шунттаудан, тері арқылы транслюминальді катетерлі ангиопластикадан кейін)
• аурудың алғашқы белгісінің манифестациясынан кейін транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) және инсульттің профилактикасында
Кавасаки синдромы:
• қызба кезеңіндегі қабынуды азайту үшін
• коронарлық тамырлардың аневризмаларында тромбоциттер агрегациясын профилактикалық тежеу үшін
Тромбопол 100 мг жедел коронарлық синдром кезінде тек аса қажетті жағдайларда, ацетилсалицил қышқылының (АСҚ)*әдеттегі (ішекте еритін емес) түріне қолжетімділік болмаған кезде ғана қолдануға болады. Тромбопол ауырсынумен байланысты жағдайларды емдеуге жарамайды.
Әсер ету механизмі
Ацетилсалицил қышқылы тромбоциттер агрегациясын қайтымсыз басады; бұл антитромбоцитарлық әсеріне тромбоциттердегі тромбоксан А2 (тромбоциттер агрегациясын күшейтетін және тамырдың түйілуін тудыратын простагландин) түзілуін қайтымсыз тежейтін циклооксигеназаны ацетилдеу арқылы жетеді. Әсері ұзаққа созылады және әдетте тромбоциттің бүкіл сегіз күндік тіршілігі бойы жалғасады.
Ацетилсалицил қышқылы тамырлардың эндотелийлік жасушаларындағы простациклиннің (ол да тромбоциттер агрегациясын күшейтетін, бірақ тамырларды кеңейтетін простагландин) түзілуін де тежейтіні таңғаларлық. Бұл әсері транзиторлық сипатқа ие: ацетилсалицил қышқылы қаннан шайылып кете салысымен, құрамында ядро бар эндотелийлік жасушалар простациклин өндіруді қайта жаңғыртады. Соның салдары ретінде, ацетилсалицил қышқылының тәулігіне 1 рет төмен дозасын (тәулігіне <300 мг) қабылдау простациклин қалыптасуының елеулі бұзылуынсыз тромбоциттердегі тромбоксан А2 тежелуіне әкеліп соғады.
Ацетилсалицил қышқылы қышқыл түзуші қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тобына жатады, және ауыруды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсерге иеленген. Ацетилсалицил қышқылының әсер ету механизмі простагландиндер синтезіне қатысатын циклооксигеназа ферменттерін қайтымсыз тежеуге негізделген.
Ацетилсалицил қышқылы жеңілден орташаға дейінгі ауыруды, жоғары температура мен жедел және созылмалы қабыну ауруларын (мысалы, ревматоидты артрит) емдеу үшін жоғарырақ дозаларда ішу арқылы қолданылады.
Эксперименттік деректер ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданғанда ибупрофен ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларының тромбоциттер агрегациясына әсерін тежей алатынын көрсетеді. 400 мг ибупрофенді жылдам босап шығатын ацетилсалицил қышқылы (81 мг) препаратын қабылдағанға дейін 8 сағат бұрын немесе қабылдағаннан соң 30 минуттан кейін бір реттік доза ретінде қабылдаған зерттеуде тромбоксан түзілуіне немесе тромбоциттер агрегациясына ацетилсалицил қышқылы әсерінің төмендеуі байқалды. Алайда, қолда бар деректердің шектеулі болуына және ex vivo деректерін клиникалық жағдайға экстраполяциялау салдарынан белгісіздікке байланысты ацетилсалицил қышқылын үнемі қолдануға қатысты қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік жоқ.
Ex vivo деректерін клиникалық жағдайға экстраполяциялау салдарынан белгісіздікке байланысты ибупрофенді үнемі қолдануға қатысты қандай да бір нақты қорытынды жасау мүмкін емес. Ибупрофенді кейде бір қолданғанда клиникалық маңызды өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.
Дозалау режимі
Тұрақсыз стенокардия
100 мг Тромбопол препаратының 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).
Жедел миокард инфарктісі
100 мг Тромбопол препаратының 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).
Қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы
100 мг Тромбопол препаратының 3 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау (тәулігіне 300 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы) ұсынылады.
*Жедел коронарлық синдром кезінде жүктеме дозасы 150–300 мг құрайды.
АСҚ-ның жылдам сіңуін қамтамасыз ету және қажетті антитромбоциттік әсерге қол жеткізу үшін пациент АСҚ таблеткасын шайнауы немесе тіспен бөлу керек.
Операциядан немесе артерияларға басқа да араласулардан кейін (мысалы, аортакоронарлық шунттаудан, тері арқылы транслюминальді катетерлі ангиопластикадан кейін)
100 мг Тромбопол препаратының 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).
Емнің басталуына ең қолайлы уақыт, шамасы, аортакоронарлық шунттаудан кейін 24 сағаттан соң басталады.
Аурудың алғашқы белгісінің манифестациясынан кейін транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) және инсульттің профилактикасында
100 мг Тромбопол препаратының 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).
Кавасаки синдромы
Қызба кезеңіндегі қабынуды азайту үшін
Емдеуді иммуноглобулиндермен емдеу аясында тәулігіне 4 қабылдауға бөлінген, дене салмағының кг-ге ацетилсалицил қышқылының 80-100 мг дозасынан бастау керек.
Коронарлық тамырлардың аневризмаларында тромбоциттер агрегациясын профилактикалық тежеу үшін
Емдеуді кейінірек (аурудың 2-3 аптасында) Тромбопол препаратының таблеткаларын тәулігіне дене салмағының кг-ге 3-5 мг дозада қабылдаумен жалғастыру қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен жасөспірімдер
Тромбопол препаратының 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Деректер жоқ. Осыған байланысты, Тромбопол препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды дәрігермен кеңесусіз ұзақ уақыт бойы немесе жоғары дозаларда қабылдамау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Тромбопол препаратының ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларын, кем дегенде, тамақтан 30 минут бұрын, көп мөлшердегі сумен ішу арқылы және тұтас жұтып қабылдаған дұрыс болады, ішектің сілтілі ортасында таблеткалардың толық босап шығуын қамтамасыз ету үшін оларды ұсақтауға, сындыруға немесе шайнауға болмайды.
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды қолданған кезде ацетилсалицил қышқылының асқазанға жағымсыз реакциялары азаяды.
Сондықтан, жедел коронарлық синдромы кезінде қолдану жағдайларын қоспағанда, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды бөлуге болмайды
Жедел миокард инфарктісін емдеу үшін бірінші таблетканы тіспен бөлу немесе шайнау керек.
Тромбопол препараты ұзақ уақыт қолдануға арналған. Емдеудің ұзақтығы туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдауы тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• ацетилсалицил қышқылына, басқа салицилаттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• анамнездегі салицилаттарды немесе әсері соған ұқсас заттарды қабылдаудан, әсіресе қабынуға қарсы стероидты емес препараттардан индукцияланған бронх демікпесі
• асқазан-ішек жолының ойық жаралы ауруының жедел кезеңі
• геморрагиялық диатез
• бауыр жеткіліксіздігі
• бүйрек жеткіліксіздігі
• талапқа сай емделмеген кездегі ауыр жүрек жеткіліксіздігі
• метотрексатпен аптасына 15 мг немесе одан көп дозада үйлестіріп қолдану
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)
• жүктіліктің соңғы триместрінде 100 мг-ден жоғары тәуліктік дозада
Жиі
• қыжыл, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және диарея сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
• асқазан-ішек жолынан аздаған қан жоғалту (микроқанкету)
Жиі емес
• асқазан-ішек жолдарының ойық жаралары, өте сирек жағдайда перфорацияға әкеледі
• асқазан-ішектен қан кетулер
Тромбопол препаратын ұзақ уақыт қолдану асқазан-ішек жолынан
жасырын қан жоғалту салдарынан темір тапшылығы анемиясына әкеліп соғуы мүмкін.
• асқазан-ішек жолының қабынуы
• тері реакциялары (өте сирек жағдайларда экссудативті мультиформалы эритемаға дейін)
Сирек
• ауыр қан кетулер, мысалы: миға қан құйылу, әсіресе бақыланбайтын
артериялық гипертониясы бар және/немесе бір мезгілде
антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде, олар жекелеген
жағдайларда өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
• тері, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолы және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан аса жоғары сезімталдық реакциялары, әдетте бронх демікпесі бар пациенттерде. Симптомдар мыналарды қамтуы мүмкін: артериялық гипотензия, ентігу ұстамалары, ринит, мұрынның бітелуі, анафилаксиялық шок немесе ангионевроздық ісіну
Өте сирек
• гипогликемия
• ацетилсалицил қышқылы төмен дозаларда несеп қышқылының
экскрециясын төмендетеді. Бұл оған бейімділігі бар пациенттерде
подагра ұстамаларына әкеліп соғуы мүмкін.
• бауыр функциясы көрсеткіштері деңгейінің жоғарылауы
• бүйрек функциясының бұзылуы және жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Белгісіз
• глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа (Г6ФД) жеткіліксіздігінің ауыр түрлері бар пациенттердегі гемолиз және гемолиздік анемия
• қан кетулер, мысалы, мұрыннан, қызыл иектен, теріден немесе несеп-жыныс жолынан, қан кету уақытының ұзару мүмкіндігімен. Бұл әсер препаратты тоқтатқаннан кейін 4-8 күн бойы жалғасуы мүмкін
• бас ауыруы, бас айналуы, естудің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы, сананың шатасуы препараттың артық дозалану белгілері болуы мүмкін. (Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар бөлімді қараңыз).
• егер ішек шырышты қабығында бұрыннан бар зақым болса, ішек саңылауында көптеген жарғақтар түзілуі мүмкін, бұл кейіннен стенозға әкелуі мүмкін. Пациентте қара түсті нәжіс (қарамай тәрізді) немесе қан құсу байқалса, асқазаннан күрделі қан кетудің белгісі болып табылады, бұл туралы дәрігерге дереу хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ацетилсалицил қышқылының негізінен орталық жүйке жүйесі тарапынан, ұйқышылдық, бас айналу, сананың шатасуы немесе жүрек айну («салицилизм») сияқты көріністермен созылмалы артық дозалануын, және жедел улануды ажырата білу керек.
Жедел улану
Жедел уланудың басты көрінісі қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің ауыр бұзылуы болып табылады. Тіпті емдік дозалар аясында тыныс алудың күшеюі салдарынан респираторлық алкалоз дамиды. Бұл жай-күй рН қалпына келуіне әкелетін бикарбонаттардың бүйрекпен шығарылуының жоғарылауы арқылы реттеледі. Уытты дозаларда компенсация жеткіліксіз; рН және қандағы бикарбонаттар концентрациясы төмендейді. Плазмалық РСО2 деңгейі уақытша қалып шегінде қалады. Симптомдардың клиникалық манифестациясы метаболизмдік ацидозға негізделген, алайда шын мәнінде, респираторлық және метаболизмдік ацидоздың үйлесуі орын алады. Себептері: уытты дозаларға байланысты тыныс алудың шектелуі, ішінара көмірсулар метаболизмінің бұзылуы салдарынан бүйрекпен шығарылудың төмендеуіне байланысты қышқылдардың жинақталуы (күкірт, фосфор, салицил, сүт, ацетосірке қышқылдары). Бұған қосымша электролиттік теңгерім бұзылады; калийдің көп мөлшерде жоғалуы жүреді.
Жедел улану симптомдары:
Жеңілірек улану симптомдары (200-400 мкг/мл):
Қышқылдық-негіздік және электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуына (мысалы, калий жоғалту) қосымша гипогликемия, тері бөртпесі және асқазан-ішектен қан кету, асқын желдетілу, құлақтағы шуыл, жүрек айну, құсу, көрудің және естудің бұзылуы, бас ауыруы, бас айналу және сананың шатасуы байқалды.
Ауыр улану симптомдары (400 мкг/мл-ден жоғары):
делирий, тремор, тыныс алудың қиындауы, тершеңдік, сусыздану,
гипертермия және кома дамуы мүмкін.
Фатальді аяқталған улануда өлім әдетте тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан болады.
Емі: ацетилсалицил қышқылмен улануға қатысты емдік шаралар уланудың таралғандығына, сатысына және клиникалық симптомдарына байланысты болады. Олар белсенді заттың сіңуін азайтудың стандартты шараларын, су-электролиттік теңгерімге, температуралық реттеудің және тыныс алудың бұзылуына мониторинг жүргізуді қамтиды. Емдеу препараттың шығарылуын жылдамдатуға әрі су-электролиттік және қышқылды-негізді тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған. Натрий гидрокарбонаты және калий хлориді ерітінділерінің инфузиясы диуретиктермен тағайындалады. Салицилаттардың иондану дәрежесін арттыру және өзекшелерге кері диффузиялану жылдамдығын азайту үшін несептің реакциясы сілтілік болуы тиіс.
Қатаң түрде рН, РСО2, гидрокарбонат, калий және т.б. бақылау ұсынылады. ауыр жағдайларда гемодиализ қажет болуы мүмкін.
Препаратты мұқият медициналық бақылау аясында қолдану керек:
• анальгетиктерге, қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы препараттарға немесе басқа аллергенді заттарға аса жоғары сезімталдықта (Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз)
• ацетилсалицил қышқылының антитромбоцитарлық әсерін әлсіретуі мүмкін ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) бір мезгілде қабылдауда. Егер пациенттер ацетилсалицил қышқылын қабылдап жүрсе немесе кез келген ҚҚСП қабылдауды бастауға дайындалса, емдеуші дәрігеріне жүгінуді ұсыну керек (Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі бөлімін қараңыз)
• басқа аллергиялық жай-күйлерде: тері реакциялары, қышыну, есекжем,
• бронх демікпесі, пішен қызбасы, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері), тыныс жолдарының созылмалы аурулары
• антикоагулянттармен бірге қолданғанда
• анамнезде асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы немесе асқазан-ішектен қан кетулер болғанда
- бауыр функциясының бұзылуында
• бүйрек функциясының немесе қан айналымының бұзылуында (мысалы, бүйрек тамырларының зақымдануында, іркілген жүрек жеткіліксіздігінде, айналымдағы қан көлемі азайғанда, ауқымды хирургиялық араласуларда, сепсисте немесе ауқымды қан кетулерде), өйткені ацетилсалицил қышқылы бүйрек дисфункциясының немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін қосымша жоғарылатуы мүмкін
• хирургиялық араласымдарда (шағын хирургиялық араласымдарды, мысалы, тіс жұлуды қоса): қан кету ықтималдығы жоғарылауы мүмкін
• глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа жеткіліксіздігінің ауыр түрінде; ацетилсалицил қышқылы гемолизді немесе гемолиздік анемияны индукциялауы мүмкін. Гемолиз қаупін арттыруы мүмкін факторларға, мысалы, препараттың жоғары дозалары, қызба немесе жедел инфекциялар жатады.
Басқа да сақтық шаралары
Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) төмен дозаларда несеп қышқылының шығарылуын азайтады, бұл подаграға бейім адамдарда оның шабуылына түрткі болуы мүмкін.
Балалар мен жасөспірімдер
Дәрігердің қатаң ұсынысы мен басқа емдеу әдістерінің тиімсіздігі жағдайларын қоспағанда, қызба жағдайлары бар балалар мен жасөспірімдерде Тромбополды қолдануға болмайды. Мұндай аурулардың аясында ұзақ құсу Рей синдромының белгісі болуы мүмкін - өте сирек кездесетін, бірақ өмірге қауіп төндіретін ауру, ол жедел медициналық көмекті қажет етеді.
Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды ұзақ уақыт бойы немесе дәрігермен кеңесусіз үлкен дозаларда қолдануға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар
Тромбопол құрамында 0,08 мг (0,003 ммоль) натрий бар, яғни 1 таблеткада 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, сондықтан іс жүзінде құрамында натрий жоқ деп есептеледі.
Тромбопол құрамында 0.32 мг понсо 4R (Е124) бояғышы бар, ол аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Тромбополды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ацетилсалицил қышқылы көлік құралын немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.
Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктілік ағымына және/немесе эмбрионның немесе шарананың дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері жүктіліктің ерте кезеңінде простагландин синтезінің тежегіштерін қолданғанда, сондай-ақ жүрек ақаулары мен гастрошизис қаупінің жоғарылауын айғақтайды. Дозаның жоғарылауынан және емдеу ұзақ болған сайын қаупі жоғарылайды деп саналады.
Жүктіліктің соңғы триместрінде қабылданған АСҚ аналгезиялық дозалары простагландин синтезін тежеу арқылы жүктілік мерзімі ұзақтығының артуына әкелуі мүмкін. Мұндай дозаларда, егер олар туар алдында сәл бұрын қабылданса, ана мен баланың қан кетуге бейімділігінің артуы, сондай-ақ шала туған нәрестелерде бассүйекішілік қан кетудің жоғарылауы күтіледі.
Төмен дозалары (100 мг/күнге дейін, қоса алғанда):
Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, күніне 100 мг-ға дейінгі дозалар ерекше бақылауды қажет ететін акушерлікте шектеулі қолдану үшін қауіпсіз болады.
тәулігіне 100 мг астам және тәулігіне 500 мг дейінгі дозалар:
тәулігіне 100 мг астам және тәулігіне 500 мг дейінгі дозаларды қолданудың клиникалық тәжірибесі жеткіліксіз. Сондықтан тәулігіне 500 мг және одан жоғары дозаларға арналған келесі нұсқаулар да осы доза диапазонына жатады.
тәулігіне 500 мг және одан астам дозалар:
Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап 100 мг ацетилсалицил қышқылын қолдану шарананың бүйрек функциясының бұзылуынан туындаған олигогидрамниозды тудыруы мүмкін. Бұл емдеуді бастағаннан кейін көп ұзамай пайда болуы мүмкін және әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады. Сонымен қатар, жүктіліктің екінші триместрінде емдеуден кейін артериялық түтіктің тарылуы болған жағдайлар туралы хабарланды, дегенмен көп жағдайларда ол емдеуді тоқтатқаннан кейін регрессияланды. Сондықтан АСҚ 100 мг, аса қажет жағдайлар болмаса, жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде тағайындалмауы керек. Егер 100 мг АСҚ жүкті болуға ұмтылып жүрген немесе жүктіліктің бірінші немесе екінші триместрінде жүрген әйелде қолданылса, доза мүмкіндігінше төмен болуы керек, ал емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек.
Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап бірнеше күн ішінде 100 мг АСҚ қабылдағаннан кейін, олигогидрамниозға және артериялық түтіктің тарылуына пренаталды бақылауды қарастырған жөн. Егер олигогидрамниоз немесе артериялық түтіктің тарылуы анықталса препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландин синтезінің барлық тежегіштері шарананы келесі қауіптерге ұшыратуы мүмкін:
• жүрек-өкпе уыттылығы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын тарылуы/ мерзімінен бұрын жабылуы және өкпе гипертензиясы);
• бүйрек функциясының бұзылуы;
жүктіліктің соңында анасы мен жаңа туған нәрестені келесі қауіптерге ұшыратады:
• қан кету уақытының ұзаруы мүмкіндігі, тромбоциттерге қарсы әсері, бұл тіпті өте төмен дозаларда да көрініс беруі мүмкін;
• жатырдың жиырылуын тежеу, бұл босанудың кешігуіне немесе ұзаққа созылатын босану процесіне әкелуі мүмкін.
Сондықтан 100 мг Тромбопол жүктіліктің III триместрінде тәулігіне 100 мг-дан астам дозада қарсы көрсетілімде (4.3 бөлімін қараңыз). Тәулігіне 100 мг дейінгі дозаларды қоса алғанда, қатаң акушерлік бақылаумен ғана қолдануға болады.
Ацетилсалицил қышқылының және оның метаболиттерінің аздаған мөлшері емшек сүтіне өтеді. Қазіргі сәтте балаға зиянды әсерлері туралы хабарланған жоқ, сондықтан егер тәуліктік доза 150 мг-ден аспаса, бала емізуді тоқтату талап етілмейді. Жоғары дозаларын (тәулігіне 150 мг-ден астам) қабылдаған кезде емшек емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз реакциялардың даму қаупінің жоғарылауына ықпал ететін әсерлердің күшеюі:
• антикоагулянттар/тромболитиктер: ацетилсалицил қышқылы тромболитиктік емнің алдында қолданған кезде қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Осыған байланысты тромболитиктік ем жоспарланған пациенттерде сыртқы және ішкі қан кетулердің (мысалы, қанталаулар) белгілеріне назар аудару керек
• антитромбоцитарлық препараттар, мысалы, тиклопидин, клопидогрель: қан кету уақытының ұзаруы мүмкін
• басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және ревматизмге қарсы жалпы дәрілер: асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануының немесе асқазан-ішектен қан кетудің қаупі жоғарылайды
• жүйелі глюкокортикостероидтар, Аддисон ауруының орын басу еміне арналған гидрокортизонды қоспағанда: асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар қаупі жоғарылайды
• алкоголь: асқазан-ішек ойық жараларының және қан кетулердің қаупі жоғарылайды
• дигоксин: қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылауы
• диабетке қарсы дәрілер (инсулин, сульфонилмочевина): қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі мүмкін
• метотрексат: шығарылуының және салицилаттардың плазма ақуыздарымен байланысудан ығыстыруының төмендеуі
• вальпрой қышқылы: салицилаттардың плазма ақуыздарымен байланысудан ығыстыруы
• серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері: әсер етуінің синергизмі салдарынан асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы
Әсерлердің әлсіреуі
• альдостерон антагонистері (спироналоктон және канреноат)
• ілмектік диуретиктер (мысалы, фуросемид)
• гипертензияға қарсы препараттар (әсіресе ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері)
• урикозуриялық препараттар (мысалы, пробенецид, бензбромарон)
• ҚҚСП: ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір ҚҚСП бір мезгілде (бір күн ішінде) қабылдау ацетилсалицил қышқылының қайтымсыз антитромбоцитарлық әсерін әлсіретуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы белгісіз. Кардиоваскулярлық қаупі жоғары пациенттерді ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір ҚҚСП емдеу ацетилсалицил қышқылының кардиопротективтік әсерін төмендетуі мүмкін
• метамизол: натрий метамизолын бірге қолданғанда ацетилсалицил қышқылының тромбоциттердің агрегациясына әсерін азайтуы мүмкін. Сондықтан бұл біріктірілімді кардиопротекция үшін (тромб түзілуінің профилактикасында) ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын қабылдайтын пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен қолдану керек.
Демек, емдеуші дәрігер оларды қабылдауды талап ететін жағдайлардан басқасында, пациенттер Тромбопол препаратын жоғарыда аталған препараттардың қандай да біреуімен үйлестіріп қолданбауы тиіс.
Сақтау мерзімі
1 жыл 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.