Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой
Дозасы
75 мг
Саудалық атауы
Тромбопол Neo
Әсер етуші зат
Ацетилсалицил қышқылы
Мақсаты
Жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы
Өндіруші
Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА», АО Производственный отдел в Новой Дембе
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат– ацетилсалицил қышқылы, 75 мг,
қосымша заттар- ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмал гликоляты; қабықтың құрамы: триэтилцитрат, гипромеллоза, Acryl-Eze white: метакрил қышқылының С кополимері, тальк, титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жүрек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
• жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы
• жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі факторлары болуы мүмкін келесі белгілердің бірі немесе бірнешеуі бар 50 жастан асқан адамдарда тромбоз және жедел коронарлық синдром сияқты жүрек-қантамыр ауруларының бастапқы профилактикасы: гипертония, гиперхолестеринемия, қант диабеті, семіздік (ДСИ > 30) және 55 жасқа дейінгі миокард инфарктісінің отбасылық анамнезі, кем дегенде ата-анасының, ағасының немесе әпкесінің біреуі
• қайталанған миокард инфарктісінің және қан тамырлары тромбозының профилактикасы
Тромбопол Neo препаратын жедел коронарлық синдром кезінде ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) әдеттегі (ішекте ерімейтін) түріне қол жетімділік болмаған кезде ғана қолдануға болады.
Ацетилсалицил қышқылымен және қолданылатын дозалармен емдеуді бастау туралы шешімді дәрігер қабылдауы тиіс.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
ATХ коды: B01AC06
Әсер ету механизмі
Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) бұл ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, қызуды түсіретін дәрі, сонымен қатар тромбоциттердің агрегация процесін болдырмайды, бұл қанның ұю уақытын ұзартады.
АСҚ негізгі фармакологиялық әсері простагландиндер мен тромбоксандардың түзілуін тежеу болып табылады.
Анальгетикалық әсер етуі - циклооксигеназа ферментінің тежелуімен байланысты шеткері әсер.
Қабынуға қарсы әсер PGE2 синтездің тежелуіне байланысты қан ағымының төмендеуімен байланысты.
Фармакодинамикалық әсерлер
Аса ацетилденеді және простагландин G/H синтазасын қайтымсыз тежейді, тромбоциттердегі бұл әсер организмде аса болған уақытқа қарағанда ұзағырақ сақталады. АСҚ тромбоциттердегі тромбоксан биосинтезіне және қан кету уақытына әсері емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше тәулік бойы сақталады. Плазмада жаңа тромбоциттер пайда болуына қарай бұл әсері азаяды.
Салицилат (белсенді метаболит) қабынуға қарсы әсерге қосымша тыныс алу, қышқыл-сілті теңгерімі және асқазанға әсер етеді. Салицилаттар негізінен ұзынша миға тікелей әсер ету арқылы тыныс алуды көтермелейді. Салицилаттар асқазанның шырышты қабығына тікелей тітіркендіргіш әсер етеді, бұл тамыр тарылтатын және цитопротекторлы простагландиндерді тежеу арқылы ойық жара түзілуіне бейімділікті қалыптастырады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Көптеген бақыланатын зерттеулердің нәтижелері қантамырлар қабырғаларының циклооксигеназасына қатысты тромбоциттер циклооксигеназасын оңтайлы тежеуді ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын, яғни тәулігіне 40 мг бастап 150 мг дейін қолданғанда алуға болатындығын көрсетеді. Қабықпен қапталған таблеткалар түріндегі АСҚ белсенді затының асқазанда босап шығуын болдырмайтын аздаған дозалары, порталды қан айналымында циклооксигеназаның тромбоциттерді тежеуі үшін жеткілікті концентрацияларын түзеді деп шамаланады, ал шеткері қан айналымында төмен дозалары қантамыр қабырғаларында простациклин синтезінің тым күшті тежелуінен және жағымсыз әсерлерден сақтайды. Осылайша, АСҚ төмен дозалары жоғары дозаларға қарағанда тиімді әрекет ете алады, сонымен бірге жағымсыз реакцияларды азайтады.
Дозалау режимі
Жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы
Бастапқы доза ретінде 150 мг, сосын күнделікті 75 мг.
Жедел миокард инфаркті/тұрақсыз стенокардия
150 - 450 мг, алғашқы симптомдар пайда болғаннан кейін барынша тезірек.
Ескертпе: жедел миокард инфарктісі кезінде немесе жедел миокард инфарктісіне күдік болғанда, егер қабықсыз таблеткаларда АСҚ болмаса тек ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды қолдануға болады.
Бұл жағдайда аса тез АСҚ сіңуін қамтамасыз ету үшін ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды өте мұқият шайнау керек.
Қайталанатын тромбоздар профилактикасы
Бастапқы доза ретінде 150 мг, сосын күнделікті 75 мг.
Тромбопол Neo препаратын жедел коронарлық синдром кезінде АСҚ әдеттегі (ішекте ерімейтін) түріне қол жетімділік болмаған кезде ғана қолдануға болады.
Жедел коронарлық синдромның жүктеме дозасы 150 - 300 мг құрайды.
Мүмкіндігінше АСҚ тез сіңуін қамтамасыз ету және қажетті тромбоциттерге қарсы әсерге қол жеткізу үшін пациент құрамында АСҚ бар таблетканы өте мұқият шайнауы тиіс.
50 жастан асқан пациенттер
Бастапқы профилактика, жүрек-қантамырлар аурулары дамуының айрықша қаупі болған кезде: күнделікті 75 мг.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Таблеткаларды тамақтан кейін, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен (½ стакан су) ішіп, бүтіндей жұту керек.
Таблеткалар ішекте еритін қабықпен қапталған және асқазанда ыдырамайды, нәтижесінде ацетилсалицил қышқылының асқазан шырышты қабығына тітіркендіргіш әсері төмендейді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру мақсатында қосарлы дозаны қолдануға болмайды.
• Ацетилсалицил қышқылына, салицилаттарға, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе препарат қосымша заттарының кез келгеніне белгілі немесе күмәнді аса жоғары сезімталдық
• Геморрагиялық диатез; К дәруменінің тапшылығы; тромбоцитопения, гемофилия
• Асқазанның және (немесе) он екі елі ішектің ойық жара ауруы, өршу фазасында
• Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ ˂ 0,2 мл/с (10 мл/мин))
• Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
• Жүректің ауыр жеткіліксіздігі
• Анамнезінде аспириндік демікпе деп аталатын салицилаттарды немесе ұқсас әсер ететін басқа да заттарды, атап айтқанда (ҚҚСП) қолданудан туындаған ұстамалар
• Метотрексатпен бірге аптасына 15 мг және одан да көп дозада қолдану
• Жүктіліктің III триместрінде тәулігіне 100 мг асатын дозалар
• Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі
• Бауыр мен миға зақым келтіретін сирек кездесетін ауру – Рейе синдромының даму қаупіне байланысты 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде
Жиі
• Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар, мысалы, қыжыл, жүрек айну, құсу, іш тұсының ауыруы және диарея.
• Асқазан-ішек жолынан аздап қан жоғалту (сәл қан кету).
Жиі емес
• Өте сирек жағдайларда тесілуге әкелуі мүмкін асқазан-ішек жолы жарасы.
• Асқазан-ішектен қан кету.
АСҚ ұзақ уақыт қолдану асқазан-ішек жолынан қанның жасырын жоғалуы салдарынан темір тапшылығы анемиясын тудыруы мүмкін.
• Асқазан-ішек жолдарының қабынуы.
• Тері реакциялары (өте сирек мультиформалы экссудативті эритемаға дейін).
Сирек
• Тері, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолдары және жүрек-қантамырлар жүйесі тарапынан, әсіресе демікпесі бар пациенттердегі жоғары сезімталдық реакциялары. Симптомдары қамтуы мүмкін: гипотензия, ентігу ұстамалары, ринит, мұрынның бітелуі, анафилаксиялық шок және ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі).
• Церебральді қан кету сияқты ауыр қан кетулер, әсіресе бақыланбайтын гипертензиясы бар пациенттерде және/немесе антикоагулянттармен қатар жүретін ем кезінде, бұл кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
• Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығының ауыр түрлерімен пациенттерде гемолиз және гемолиздік анемия жағдайлары туралы хабарланды.
• Қан кету, мысалы, мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанағыштығы, теріден қан кету немесе қан кету ұзақтығының ұлғаюымен несеп-жыныс жолдарынан қан кетуі мүмкін. Көрсетілген әсері қолданғаннан кейін 4-тен 8 күнге дейін сақталуы мүмкін.
Өте сирек
• Қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі (гипогликемия).
• Төмен дозада АСҚ несеп қышқылының шығарылуын азайтады. Бұл ауруға бейім пациенттерде подагра ұстамасын тудыруы мүмкін.
• «Бауыр» ферменттері деңгейінің жоғарылауы
• Бүйрек жеткіліксіздігі және жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• Егер ішек шырышты қабығының зақымдануы болса, ішек қуысында бірнеше стриктураның пайда болуы мүмкін, одан әрі стеноз пайда болуы ықтимал.
Егер пациентте қара нәжіс (қара май тәрізді нәжіс) немесе қанды құсу (асқазанда ауыр қан кетудің белгілері) болса, бұл туралы дәрігерге шұғыл түрде хабарлау қажет.
• Бас ауыруы, бас айналуы, есту қабілетінің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы, сананың шатасуы артық дозаланудың белгілері болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Симптомдары: қызба, тахипноэ, құлақтың шуылдауы, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, сылбырлық, аздап сусыздану, жүрек айну, құсу.
Салицилаттармен ауыр немесе жедел уыттану симптомдарына гипогликемия, энцефалопатия, кома, артериялық гипотензия, өкпе ісінуі, құрысулар, коагулопатия, мидың ісінуі және аритмия жатады. Салицилаттармен жедел уыттану (>300 мг/кг) көбінесе жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудырады, ал 500 мг/кг жоғары дозаны қабылдау өлімге әкелуі мүмкін.
Уыттанудың ауырлығы, әдетте, созылмалы дозаланғанда немесе препаратты теріс пайдаланғанда, сондай-ақ егде жастағы пациенттер қабылдаған кезде айқынырақ болады.
• Емі: салицилаттармен жедел артық дозаланғанда асқазанды шаю керек. Егер пациент препараттың дозасын 120 мг/кг артық қабылдады деген күдік болса, белсендірілген көмірдің дозасын екі есе арттыруға болады. Қан сарысуындағы салицилат деңгейі қан сарысуындағы салицилат деңгейі препаратты қабылдағаннан кейін кем дегенде әр 2 сағат сайын және салицилат деңгейі үнемі төмендей бастағанша және қышқылдық-сілтілік теңгерім жақсарғанға дейін өлшенуі тиіс.
Протромбиндік уақытты және/немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚО), әсіресе қан кетуге күдік болған кезде бақылау керек.
Сұйықтық пен электролит теңгерімін қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүргізу қажет. Плазмадан салицилатты жоюдың тиімді әдістері сілтілі диурез және гемодиализ болып табылады. Гемодиализді қолдану ауыр уыттану жағдайында маңызды, өйткені ол салицилатты тез шығаруға және қышқыл-сілті және су-тұз теңгерімін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды ұзақ уақыт бойы немесе дәрігермен кеңесусіз жоғары дозада қабылдауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Құрамында 75 мг ацетилсалицил қышқылы бар таблеткалар қабынуға қарсы / анальгетикалық / қызуды түсіретін дәрі ретінде қолдануға жарамайды.
Ереше мұқият медициналық бақылау қажет:
• анальгетиктерге, қабынуға қарсы препараттарға, ревматизмге қарсы препараттарға аса жоғары сезімталдық, сондай-ақ басқа заттарға аллергиялық реакциялар кезінде;
• кейбір ҚҚСП, мысалы, ибупрофен немесе напроксенді бір мезгілде қолданған жағдайда. Олар АСҚ тромбоциттерге қарсы әсерін азайтуы мүмкін. Егер АСҚ қабылдаса және қандай да бір ҚҚСП қабылдауды жоспарлап жүрсе, пациенттер дәрігермен кеңесуі керек;
• басқа аллергиялық жағдайлары бар пациенттерде (мысалы, тері реакциялары, қышыну, есекжем);
• бронх демікпесі, сенна қызбасы, мұрын шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері), тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар пациенттерде;
• антикоагулянттармен бірге қолданған кезде;
• асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы немесе анамезде асқазан-ішектен қан кету болған кезде;
• бауыр функциясы бұзылған пациенттерде;
• бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе қан айналымы бұзылған (мысалы, бүйрек артерияларының зақымдануы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, гиповолемия, ауқымды хирургиялық араласым, сепсис немесе жаппай қан кету жағдайлары салдарынан туындайтын) пациенттерде, өйткені АСҚ жедел бүйрек жеткіліксіздігі мен бүйрек функциясының бұзылу қаупін арттыруы мүмкін;
• болжалды хирургиялық араласым алдында (соның ішінде тістерді жұлу сияқты кішігірім процедуралар): қан кету ықтималдығы артуы мүмкін;
• глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығының ауыр түрлерінде АСҚ гемолизді немесе гемолитикалық анемияны тудыруы мүмкін. Гемолиздің даму қаупін арттыратын факторлар жоғары дозалар, қызба, жедел инфекциялар болып табылады.
Басқа сақтандыру шаралары
АСҚ төмен дозада несеп қышқылының шығарылуын азайтады, бұл ауруға бейім пациенттерде подагра ұстамасын тудыруы мүмкін.
Қосымша заттар
Тромбопол Neo препаратында ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаlа 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Егде жастағы пациенттер
Жедел немесе созылмалы ишемиялық жүрек ауруы мен инсультті емдеу үшін, сондай-ақ асқазан-ішектен қан кету қаупіне байланысты инсульт пен жүректің ишемиялық ауруының профилактикасы үшін егде жастағы пациенттерде АСҚ төмен дозаларын сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Тромбопол Neo препаратын қызба жағдайындағы балалар мен жасөспірімдерде, тек дәрігердің қатаң ұсынымы жағдайларын қоспағанда және басқа емдеу әдістері тиімсіз болған жағдайда ғана, қолдануға болмайды. Осы аурулардың аясында ұзақ жалғасатын құсу Рейе синдромының белгісі болуы мүмкін - бұл өте сирек кездесетін, бірақ өмірге қауіп төндіретін ауру, ол жедел медициналық көмекті қажет етеді.
Осыған байланысты препаратты айрықша көрсетілімдер жағдайларын қоспағанда, 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару немесе қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аз әсер етеді.
Төмен дозалар (тәулігіне 100 мг дейін)
Клиникалық зерттеулер тәулігіне 100 мг дейінгі дозалар арнайы бақылауды қажет ететін акушерлікте пайдалануға қауіпсіз екенін көрсетеді.
Тәулігіне 100 мг-ден 500 мг-ға дейінгі дозалар
Тәулігіне 100 мг жоғары дозаларды тәулігіне 500 мг дейін қолданудың клиникалық тәжірибесі жеткіліксіз, сондықтан төменде көрсетілген ұсынымдар тәулігіне 500 мг және одан жоғары дозалар үшін де осы дозалар диапазонына дейін қолданылады
Тәулігіне 500 мг және одан жоғары дозалар
Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап АСҚ қолдану шаранада бүйрек функциясының бұзылуы салдарынан қағанақ суының аздығына әкелуі мүмкін. Бұл емдеуді бастағаннан кейін көп ұзамай пайда болуы мүмкін және әдетте оны тоқтатқаннан кейін қайтымды болады. Сонымен қатар, жүктіліктің екінші триместрінде емдеуден кейін артериялық түтік стенозы жағдайлары туралы хабарланды, олардың көпшілігі емдеуді тоқтатқаннан кейін басылған. Осыған байланысты, егер бұл өте қажет болмаса, жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде АСҚ қабылдауға болмайды.
Егер АСҚ жүктілікті жоспарлап отырған әйелдерде немесе жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде қолданылса, доза мүмкіндігінше төмен және емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап бірнеше күн бойы АСҚ әсер еткеннен кейін қағанақ суының аздығына және артериялық түтік стенозына пренатальді мониторинг жүргізу мүмкіндігін қарастырған жөн. Егер қағанақ суының аздығы немесе артериялық түтіктің стенозы анықталса, АСҚ қабылдауды тоқтату керек.
Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландин синтезінің барлық тежегіштері шаранада тудыруы мүмкін:
• өкпе және жүрек уыттылығы (артериялық түтіктің ерте стенозы/жабылуы және өкпе гипертензиясы);
• бүйрек жеткіліксіздігі (жоғарыдан қараңыз);
жүктіліктің соңында ана мен жаңа туған нәрестеде:
• қан кету уақытының ұзаруы, антиагрегантты әсер, тіпті өте төмен дозаларда да білінуі мүмкін;
• жатыр жиырылуының бәсеңдеуі, бұл босанудың кешігуіне немесе ұзап кетуіне әкеледі.
Осыған байланысты жүктіліктің үшінші триместрінде тәулігіне 100 мг асатын дозада АСҚ қолдануға болмайды (Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз).
Тәулігіне 100 мг дейінгі дозаларды қоса алғанда дәрігердің қатаң бақылауымен ғана қолдану керек.
Бала емізу
Лактация кезінде қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты, бала емізу кезеңінде АСҚ тағайындар алдында, емшек жасындағы балалар үшін потенциалды қауіпке қатысты препаратпен емдеудің потенциалды пайдасын бағалау керек.
Фертильділік
АСҚ қолдану фертильділікті төмендетуі мүмкін, сондықтан оны жүкті болғысы келетін әйелдерде қолдануға болмайды. Жүкті болу қиынға соғатын немесе бедеулікке қатысты тексерілген әйелдерге ацетилсалицил қышқылын қабылдауды тоқтату ұсынылады. Жүкті әйелдер үшін аса қабылдауды тоқтату туралы ойлану керек. АСҚ фертильділікке әсері қайтымды болып табылады.
Жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруға дейін әрекетті күшейту
• Антикоагуляциялық/тромболитикалық препараттар: АСҚ тромболитикалық препараттармен терапия басталғанға дейін қабылданса, қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Осы себепті тромболитикалық терапия жоспарланған пациенттерде сыртқы немесе ішкі қан кету белгілерінің (мысалы, қанталау) болуы мүмкін екендігіне назар аудару керек.
• Тромбозға қарсы препараттар (мысалы, иклопидин, клопидогрел): қан кету ұзақтығы артуы мүмкін.
• ҚҚСП және салицилаттар бар ревматизмге қарсы препараттар: асқазан-ішек ойық жаралары мен қан кету қаупінің жоғарылауы.
• Жүйелік глюкокортикоидтар (Аддисон ауруы үшін алмастырушы ем ретінде пайдаланылатын гидрокортизонды қоспағанда): асқазан-ішек ойық жаралары мен қан кету қаупінің жоғарылауы.
• Алкоголь: асқазан-ішек ойық жарасы мен қан кету қаупінің жоғарылауы.
• Дигоксин: қан плазмасындағы концентрацияның жоғарылауы.
• Диабетке қарсы препараттар, мысалы, инсулин, сульфонилмочевина тобының препараттары жоғары дозада ацетилсалицил қышқылымен біріктірілгенде: қандағы глюкоза деңгейі төмендеуі мүмкін.
• Метотрексат: препараттың организмнен шығарылу деңгейінің төмендеуі және плазма ақуыздарымен байланысатын бөліктерден салицилаттардың ығысуы.
• Вальпрой қышқылы: салицилаттардың плазма ақуыздарымен байланысатын бөліктерден ығысуы.
• Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері: синергетикалық әсерге байланысты асқазан-ішектен қан кетуі даму қаупінің жоғарылауы.
Әсер етуінің бәсеңдеуі:
• Альдостерон антагонистері (спиронолактон және канреноат).
• Ілмекті диуретиктер (мысалы, фуросемид).
• Гипертензияға қарсы препараттар (әсіресе AӨФ тежегіштері).
• Урикозуриялық препараттар (мысалы, пробенецид, бензбромарон).
• ҚҚСП: мысалы, ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір ҚҚСП бір мезгілде қолдану (сол бір күнде) АСҚ қайтымсыз тромбоциттерге қарсы әсерін әлсіретуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір ҚҚСП қабылдайтын жүрек-қантамырлар қаупі жоғары пациенттерді емдеу АСҚ кардиопротекторлық әсерін төмендетуі мүмкін.
• Бір мезгілде қабылдағанда метамизол АСҚ тромбоциттер агрегациясына әсерін азайтуы мүмкін. Сондықтан бұл біріктірілімді кардиопротекция үшін АСҚ төмен дозаларын қабылдайтын пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Тромбопол Neo препаратын жоғарыда аталған заттардың кез келгенімен, тек оларды бірге қолдануды дәрігер тағайындаған жағдайларды қоспағанда, бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.