Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Тропикамид
Әсер етуші зат
Тропикамид
Мақсаты
Офтальмологияда тексеру жүргізу кезінде мидриаз бен циклоплегияға қол жеткізу үшін
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат- 10.00 мг тропикамид,
қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Көзге көрінетін бөлшектерсіз іс жүзінде мөлдір түссіз ерітінді.
Офтальмологияда тексеру жүргізу кезінде мидриаз бен циклоплегияға қол жеткізу үшін.
ATХ коды S01FA06
Тропикамид антихолинергиялық дәрі болып табылады, ол қарашықтың кеңеюін (мидриаз) тудыра отырып, қарашық сфинктері мен цилиарлы бұлшықеттің М-холинорецепторларын бөгейді. Тропикамид ерітінділері жоғары концентрацияда (1%) аккомодацияның салдануын тудырады. Препараттың әсері жылдам және салыстырмалы түрде қысқа.
Дозалау режимі
Ересектер, егде жастағы пациенттер және балалар
Циклоплегиялық рефракция
1% ерітіндінің 1-2 тамшысын 5 минут аралықпен конъюнктивалық қалтаға тамызады. Егер әсерді ұзарту қажет болса, 20-30 минуттан кейін препараттың 1 тамшысын қосымша тамызу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен жасөспірімдер
Тропикамидтің балаларда циклоплегиялық әсері жеткіліксіз екендігі хабарланды, осыған байланысты атропин сияқты күшті әсер ететін циклоплегиялық дәріні қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін.
Кішкентай балаларда препарат 0,5% - дан аспайтын концентрациясында қолданылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат тек офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған.
Препаратты қолданар алдында қорғаныс қақпағын алып тастағаннан кейін құтыдан қауіпсіздік сақинасын алыңыз.
Препаратты тамызғаннан кейін көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қалтасын басу ұсынылады (көз жасы арнасының окклюзиясы) немесе қабақтарды жабу керек, бұл препараттың жүйелік қан ағымына түсуін азайтып, жүйелік жағымсыз реакциялардың даму қаупін төмендетуі мүмкін.
Бірнеше офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолданған кезде оларды енгізу арасындағы аралық кемінде 5 минут болу қажет, көзге арналған жақпамайларды ең соңында қолдану керек.
Құтының ішіндегісімен контаминация болдырмау үшін тамшылатқыш ұштығының кез келген беткейлермен жанасуын болдырмау қажет.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- глаукома немесе глаукомаға бейімділік (мысалы, көздің алдыңғы камерасының тар бұрышы)
- 8 жасқа дейінгі балалар
Белгісіз
- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық
- аса жоғары сезімталдық
- психоздық бұзылыс, мінез-құлық бұзылыстары
- бұлыңғыр көру, көздің қарығуы, көздің ауыруы, көздің тітіркенуі, көз гиперемиясы, көзішілік қысымның жоғарылауы, жабық бұрышты глаукома
- жүрек-өкпе жеткіліксіздігі
- естен тану, гипотензия, тамыр коллапсы
- жүрек айнуы
- бөртпе
- препараттың ұзаққа созылған әсері (мидриаз).
Циклоплегиялық дәрілер көзішілік қысымды жоғарылатуы және бейім пациенттерде жабық бұрышты глаукоманың дамуын туғызуы мүмкін.
Препараттың осы класын қолданғанда, әсіресе балаларда психоздық реакциялардың, мінез-құлық бұзылуларының және жүрек-өкпе коллапсының дамуы туралы хабарланды.
Антихолинергиялық препараттардың басқа уытты көріністеріне терінің қызаруы, ауыздың құрғауы, шырышты қабықтың құрғауы, терінің құрғауы, брадикардия, кейіннен пальпитация және аритмиямен бірге тахикардия, тер бездері секрециясының төмендеуі және ауыздың құрғауы, асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеуі және іш қату, несеп шығаруға аса қажеттілік, несеп шығарудың қиындауы және несептің кідіріп шығарылуы және мұрын, бронх және көз жасы бездері секрециясының төмендеуі.
Жергілікті реакциялар: көзішілік қысымның жоғарылауы, қысқа мерзімдік ашытып күйдіру сезімі және қарашықтың кеңеюі аясында жарыққа сезімталдық. Ұзақ мерзімді енгізу жергілікті тітіркендіргіш әсерге, гиперемияға, ісінуге және конъюнктивитке әкелуі мүмкін.
Жүрек айнуы, вертиго және теңселу дамуы мүмкін, балаларда бөртпе, сәбилерде іш кебу пайда болуы мүмкін.
Бала жасындағы пациенттер
Тропикамид жаңа туған нәрестелер мен балалар үшін қауіпті болуы мүмкін орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар тудыруы мүмкін.
Циклоплегиялық препараттарды қолдану кезінде жүйелік уыттылықтың даму қаупінің жоғарылауы жаңа туған нәрестелерде, кішкентай балаларда немесе шала туған нәрестелерде, Даун синдромы, спазмдық салдануы немесе мидың зақымдануы бар балаларда байқалады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде артық дозаланғанда препарат көзден (екі көзден) жылы сумен шаю кезінде кетірілуі мүмкін.
Препаратты жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде жүйелі уытты әсерлер дамуы мүмкін, әсіресе балаларда. Симптомдарға терінің қызаруы мен құрғауы (балаларда бөртпе пайда болуы мүмкін), көру жітілігінің нашарлауы, жиі және ырғақты емес тамыр соғысы, дене температурасының жоғарылауы, іштің кебуі (кішкентай балаларда), құрысулар мен елестеулер, жүйке-бұлшықет үйлесімділігінің жоғалуы жатады.
Емі
Емі симптоматикалық және демеуші болып табылады (физостигминді демеуші емге қолданудың артықшылығы туралы дәлелдер жоқ). Кішкентай балаларда теріні ылғалдандыру керек. Препаратты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда құсу немесе асқазанды шаю керек.
• Тропикамид көзішілік қысымның жоғарылауын тудыруы мүмкін. Кейбір пациенттерде, әсіресе егде жастағыларда анықталмаған глаукома болуы мүмкін. Препаратты қолданар алдында көзішілік қысымды өлшеу және көздің алдыңғы камерасы бұрышының тереңдігін бағалау қажет.
• Антихолинергиялық препараттарға сезімталдығы жоғары пациенттерде тропикамидпен индукцияланған психоздық реакциялар мен мінез-құлық бұзылыстары туындауы мүмкін.
• Жүйелік уытты әсерлердің даму қаупінің жоғарылауына байланысты Тропикамидті балаларда және белладонна алкалоидтарына сезімталдығы жоғары пациенттерде аса сақтықпен қолдану керек.
• Тропикамидті көздің қабыну аурулары кезінде сақтықпен қолдану керек, өйткені гиперемия кезінде препараттың конъюнктива арқылы жүйелі сіңу жылдамдығы едәуір артады. Жүйелік сіңуін азайту үшін препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 2 минут бойы көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қалтасы аумағына саусағыңызбен (көз жасы арнасының окклюзиясы) басу ұсынылады.
• Тропикамид құрамында бензалконий хлориді бар, ол көздің тітіркенуін тудырады және жұмсақ жанаспалы линзалардың түсін өзгертеді. Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасудан аулақ болыңыз. Пациенттерге Тропикамидті қолдануды бастамас бұрын жанаспалы линзаларды шешу қажеттілігі туралы нұсқау беру керек және қайта тағар алдында кем дегенде 15 минут күту керек.
• Препарат вена ішіне инъекциялауға арналмаған; тропикамидті вена ішіне енгізген кезде пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағымсыз реакциялардың дамуы туралы хабарланды.
• Тропикамидті белгілі дәріге немесе алкогольге тәуелділігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек; дұрыс қолданбаған кезде артық дозалануға және өлімге әкелуі мүмкін; пациенттер жарыққа сезімтал болуы мүмкін және қарашық кеңейген кезде көзді қатты жарықтан қорғау керек; кейбір пациенттерде толық жазылу 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін; гипертония, гипертиреоз, қант диабеті немесе жүрек қызметінің бұзылуы бар пациенттер құрамында тропикамид бар офтальмологиялық препараттарды жергілікті қолданғаннан кейін мұқият бақылауда болуы тиіс.
Тропикамид.
Балалар
• Тропикамид балалардың, соның ішінде кішкентай балалардың өміріне қауіп төндіретін орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар тудыруы мүмкін.
• Препаратты балаларда ұсынылған дозадан жоғары дозада қолдану жүйелі уытты әсерлердің дамуымен қатар жүруі мүмкін. Препаратты кішкентай балаларда, шала туған немесе дамуында кемістігі бар балаларда, сондай-ақ Даун синдромы, спазмдық салдануы немесе мидың зақымдануы бар балаларда аса сақтықпен қолдану керек.
• Ата-аналарға препаратты ішке қабылдаған жағдайда оның ықтимал уытты әсері туралы, сондай-ақ препаратты әр тамызғаннан кейін баланың қолы мен өз қолыңызды жуу қажеттілігі туралы хабарлау қажет.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне орташа айқын әсер етеді.
Тропикамидті қолдану ұйқышылдықпен, көру жітілігінің бұзылуымен және жарыққа жоғары сезімталдықпен қатар жүруі мүмкін. Пациент көру қабілеті толық қалпына келгенше автокөлікті немесе механизмдерді басқарудан бас тартуы керек (көру қабілетінің толық қалпына келуіне 6 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін).
Жүктілік
Жүктілік және лактация кезеңінде әйелдерде қолданған кезде препараттың қауіпсіздігі туралы шектеулі деректер бар. Тропикамидті жүктілік кезінде әйелдерде дәрігердің тағайындауы бойынша өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек.
Лактация
Тропикамид/тропикамид метаболиттері адамда емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Препараттың емшек сүтімен қоректенетін баланың организміне түсу қаупін жоққа шығаруға болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе препаратпен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде, емшек сүтімен емізудің балаға пайдасы мен терапияның әйелге пайдасын назарға алу керек.
Антихолинергиялық препараттардың әсерлері амантадин, кейбір антигистаминді және психозға қарсы дәрілер, фенотиазин туындылары және трициклді антидепрессанттар сияқты антихолинергиялық қасиеттері бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданған кезде күшеюі мүмкін.
Бірнеше офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолданған кезде оларды енгізу арасындағы аралық кемінде 5 минут болу қажет, көзге арналған жақпамайларды ең соңында қолдану керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі - 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.