Әсер ету механизмі
Дулаглутид ұзақ әсер ететін глюкагон тәрізді пептид 1 (ГТП-1) рецепторының агонисі болып табылады. Молекуласы дисульфид-байланысқан екі ұқсас тізбектен тұрады, олардың әрқайсысының құрамында адамдағы иммуноглобулиннің (IgG4) ауыр тізбегінің модификацияланған фрагментімен (Fc) шағын пептидтік байланыстырғыш агенті арқылы ковалентті байланысқан адамдағы ГТП-1 аналогының модификацияланған тізбегі болады. Дулаглутидтің ГТП-1-ге ұқсас бөлігі адамдағы нативті ГТП-1-ге шамамен 90% ұқсас (7-37). ДПП-4 және бүйрек клиренсінің әсерінен ыдырауына орай, нативті ГТП-1 жартылай шығарылу кезеңі 1,5-2 минутқа созылады. Нативті ГТП-1-ден өзгешелігі, дулаглутид ДПП-4 тарапынан ыдырауға төзімді және өлшемі үлкен, ол сіңуін баяулатады және бүйректік клиренсін төмендетеді. Құрылымының осындай ерекшеліктері ерігіш түрін және 4,7 күнге созылатын жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруын қамтамасыз етеді, бұл оны аптасына бір рет тері астына енгізу үшін қолайлы етеді. Бұдан бөлек, дулаглутид молекуласы құрылымындағы өзгерістер Fcγ-рецепторы себеп болған препаратқа иммундық жауап болмауына, әрі соның салдары ретінде оның иммуногенділігінің төмендеуіне алып келді.
Дулаглутидтің гипергликемияға қарсы әсеріне ГТП-1 бірнеше әсер ету механизмі себеп болады. Глюкоза концентрациясы жоғарылағанда дулаглутид ұйқы безінің бета-жасушаларындағы жасушаішілік циклдық аденозинмонофосфат (цАМФ) мөлшерін арттырады, бұл инсулиннің босап шығуына әкеледі. Дулаглутид 2 типті қант диабеті бар пациенттерде парадоксты жоғарылауы белгілі болған глюкагонның шамадан тыс секрециясын бәсеңдетеді. Глюкагон концентрациясының төмендеуі бауырдың глюкозаны лықсытуының азаюына алып келеді. Дулаглутид асқазанның босауын да баяулатады.
Фармакодинамикалық әсерлері
2 типті қант диабеті бар пациенттерде дулаглутид алғаш енгізуден кейін-ақ аш қарында, ас ішер алдында және ас ішуден кейін қан глюкозасы концентрациясының тұрақты төмендеуі есебінен гликемияның бақылануын жақсартады, бұл келесі дозасын енгізуге дейін бір апта бойы сақталады.
Дулаглутид 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда инсулин секрециясының бірінші фазасының плацебомен сау адамдарда байқалатын деңгейден жоғары деңгейге дейін қалпына келуін, сондай-ақ инсулин секрециясының екінші кезеңінің көктамырішілік болюсті глюкозаға жауап ретінде жақсарғанын көрсетеді. Осындай зерттеуде дулаглутид 1,5 мг дозада бір рет енгізілгенде ұйқы безінің β-жасушаларымен инсулиннің ең жоғары секрециялануы арта түседі және 2-ші типті қант диабеті бар пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, β-жасушалар функциясы жақсарады.
Дулаглутидтің фармакокинетикалық бейіні мен тиісті фармакодинамикалық бейіні препаратты аптасына 1 рет енгізуге мүмкіндік береді (5.2 бөлімін қараңыз).
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Гликемиялық бақылау
Дулаглутид қауіпсіздігі мен тиімділігі 2-ші типті қант диабеті бар 8 035 пациент қатысқан 3 фазадағы рандомизацияланған бақыланатын он зерттеу барысында бағаланды. Оның ішінде 1 644 пациент ≥ 65 жаста болды, ал олардың 174-ы ≥ 75 жаста болды. Осы зерттеулерге дулаглутид қабылдаған 5 650 пациент қамтылды, оның ішінде 1558 пациент аптасына бір рет 0,75 мг Трулисити, 2862 пациент 1,5 мг Трулисити, 616 пациент - 3 мг Трулисити, 614 пациент - 4,5 мг Трулисити қабылдады. Зерттеулердің бәрінде дулаглутид гликирленген гемоглобин (HbA1c) бойынша бағаланған гликемия бақылауының клиникалық мәнді жақсаруын қамтамасыз етті.
Монотерапия
Дулаглутидті монотерапия режимінде қолдану 52 аптаға созылған метформинмен салыстырмалы белсенді бақылаумен клиникалық зерттеу барысында зерттелді. Аптасына 1 рет Трулисити 1,5 мг немесе 0,75 мг тиімділігі HbAlc төмендеуіне қатысты тәулігіне 1500-2000 мг дозадағы метформин тиімділігінен асып түсті, ал 26 аптадан соң пациенттердің едәуір көп саны, метформинмен салыстырғанда, аптасына бір рет Трулиситидің 1,5 мг немесе 0,75 мг дозаларын қолдану кезінде <7,0% және ≤ 6,5% HbAlc мақсатты көрсеткішіне жетті.
1 кесте. Дулаглутидтің екі дозасымен және салыстыру препараты – метформинмен монотерапия белсенді бақыланатын 52-апталық зерттеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7,0% (%) — ≤6,5% (%) — (ммоль/л) — (кг)
26 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=269) — 7,63 — -0,78†† — 61,5# — 46,0## — -1,61 — -2,29
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=270) — 7,58 — -0,71†† — 62,6# — 40,0# — -1,46 — -1,36#
Метформин 1500-2000 мг/тәулік (n=268) — 7,60 — -0,56 — 53,6 — 29,8 — -1,34 — -2,22
52 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=269) — 7,63 — -0,70†† — 60,0# — 42,3## — -1,56# — -1,93
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=270) — 7,58 — -0,55† — 53,2 — 34,7 — -1,00 — -1,09#
Метформин 15002000 мг/тәулік (n=268) — 7,60 — -0,51 — 48,3 — 28,3 — -1,15 — -2,20
† - тиімділігі кем емес < 0,025 салыстырулардың көптігіне түзетумен бір жақты р мәні; †† - дулаглутидтің метформиннен артықшылығы үшін < 0,025 салыстырулардың көптігіне түзетумен бір жақты р мәні, HbA1c үшін бағалау
# - метформинмен салыстырғанда дулаглутидпен емдеу тобы p < 0,05, ## - p < 0,001
FBG = ашқарында қандағы глюкоза; DCCT = қант диабетін және оның асқынуларын бақылау бойынша зерттеу; IFCC = Клиникалық химия және зертханалық медицина халықаралық федерациясы
Аптасына 1 рет дулаглутидті 1,5 мг или 0,75 мг дозаларда қолданғанда және метформин қолданылғанда тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының дәрежесі, тиісінше, 0,62, 0,15 және 0,09 көрініс/пациент/жылды құрады. Ауыр гипогликемия жағдайлары тіркелмеді.
Метформинмен біріктірілген ем
Дулаглутид қауіпсіздігі мен тиімділігі плацебода және белсенді бақылаумен 104 аптаға созылатын клиникалық зерттеуде (ситаглиптин, 100 мг/тәулік), барлығы метформинмен біріктірілімде бағаланды. Дулаглутидті аптасына 1 рет 1,5 мг немесе 0,75 мг дозаларда қолдану 52 аптадан соң, ситаглиптин қолданумен салыстырғанда, көбірек HbAlc төмендеуіне әкелді, осы орайда пациенттердің едәуір көп саны дулаглутид қолдану кезінде <7,0% және ≤6,5% HbAlc мақсатты көрсеткішіне жетті. Осындай әсерлері зерттеудің соңына дейін сақталды (104 апта).
2 кесте. Плацебомен жүргізілген және дулаглутидтің екі дозасы ситаглиптинмен салыстырылған 104-апталық зерттеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7,0 % (%) — ≤6,5 % (%) — (ммоль/л) — (кг)
26 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=304) — 8,12 — -1,22‡‡,## — 60,9**,## — 46,7**,## — -2,38**,## — -3,18**,##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=302) — 8,19 — -1,01‡‡,## — 55,2**,## — 31,0**,## — -1,97**,## — -2,63**,##
Плацебо (n = 177) — 8,10 — 0,03 — 21,0 — 12,5 — -0,49 — -1,47
Ситаглиптин 100 мг тәулігіне бір рет (n=315) — 8,09 — -0,61 — 37,8 — 21,8 — -0,97 — -1,46
52 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=304) — 8,12 — -1,10†† — 57,6## — 41,7## — -2,38## — -3,03##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=302) — 8,19 — -0,87†† — 48,8## — 29,0## — -1,63## — -2,60##
Ситаглиптин 100 мг тәулігіне бір рет (n=315) — 8,09 — -0,39 — 33,0 — 19,2 — -0,90 — -1,53
104 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=304) — 8,12 — -0,99†† — 54,3## — 39,1## — -1,99## — -2,88##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=302) — 8,19 — -0,71†† — 44,8## — 24,2## — -1,39## — -2,39
Ситаглиптин 100 мг тәулігіне бір рет (n=315) — 8,09 — -0,32 — 31,1 — 14,1 — -0,47 — -1,75
†† - ситаглиптинмен салыстырғанда дулаглутидтің артықшылығы үшін < 0,025 салыстырулардың көптігіне түзетумен бір жақты р мәні, тек HbA1c үшін 52 және 104 аптада бағалау
‡‡ - плацебомен салыстырғанда дулаглутидтің артықшылығы үшін < 0,001 салыстырулардың көптігіне түзетумен бір жақты р мәні, тек HbA1c үшін бағалау
** - плацебомен салыстырмалы дулаглутид тобы p < 0,001
## - плацебомен салыстырмалы дулаглутидпен емдеу тобы p < 0,001
Аптасына 1 рет дулаглутидті 1,5 мг немесе 0,75 мг дозаларда қолданғанда және ситаглиптин қолданылғанда тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының жиілігі, тиісінше, 0,19, 0,18 және 0,17 көрініс/пациент/жыл құрады. Дулаглутид қолдану кезінде ауыр гипогликемия жағдайлары байқалмады.
Дулаглутид қауіпсіздігі мен тиімділігі 26 аптаға созылатын лираглутидпен (тәулігіне 1,8 мг дозада) салыстырмалы белсенді бақылаумен жүргізілген зерттеу барысында да бағаланды, екі препарат та метформинмен біріктірілімде қабылданды. Аптасына 1 рет Трулиситиді 1,5 мг дозада қолдану HbAlc деңгейінің және лираглутид емімен салыстырғанда < 7,0% және ≤ 6,5% HbAlc мақсатты көрсеткішіне жеткен пациенттер санының салыстырмалы төмендеуіне алып келді.
3 кесте. Дулаглутидтің бір дозасы лираглутидпен салыстырмалы белсенді бақылаумен жүргізілген 26-апталық зерттеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7,0 % (%) — ≤6,5 % (%) — (ммоль/л) — (кг)
26 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=299) — 8,06 — -1,42‡ — 68,3 — 54,6 — -1,93 — -2,90#
Лираглутид+ 1,8 мг тәулігіне (n=300) — 8,05 — -1,36 — 67,9 — 50,9 — -1,90 — -3,61
‡ - лираглутидпен салыстырғанда дулаглутид тиімділігі кем түспейтін бір жақты р <0,001 мәні, тек HbA1c үшін бағаланды
# - лираглутидпен салыстырғанда дулаглутидпен емдеу тобы p < 0,05
+ - лираглутид тобына бөлінген пациенттер емдеуді тәулігіне 0,6 мг дозада бастады. Бір аптадан соң доза тәулігіне 1,2 мг дейін, ал екі аптадан соң тәулігіне 1,8 мг дейін арттырылды.
Аптасына 1 рет дулаглутидті 1,5 мг дозада қолданғанда және ситаглиптин қолданылғанда тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының жиілігі 0,12 көрініс/пациент/жыл, ал лираглутид қолданғанда 0,29 көрініс/пациент/жыл құрады. Ауыр гипогликемия жағдайлары аталмады.
Метформинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілген ем
Белсенді бақылаумен 78 аптаға созылған зерттеуде дулаглутид инсулин гларгинмен салыстырылды, ал екі препарат метформинмен және сульфонилмочевинамен біріктірілімде қолданылды. Аптасына бір рет Трулисити 1,5 м қолдану 52 аптадан соң, инсулин гларгин қолданумен салыстырғанда, көбірек HbAlc төмендеуіне алып келді, ол 78 апта бойы сақталды, онда аптасына бір рет Трулисити 0,75 мг қолдану кезінде HbAlc төмендеуі инсулин гларгин қолдану кезіндегі HbAlc төмендеуімен салыстырмалы болды. Трулисити 1,5 мг қолдану тобында пациенттердің едәуір көп саны, инсулин гларгин қолдану тобымен салыстырғанда, 52 және 78 аптадан соң HbAlc <7,0% немесе ≤6,5% мақсатты деңгейіне жетті.
4 кесте. Дулаглутидтің екі дозасы инсулин гларгинмен салыстырылған белсенді бақылаумен 78-апталық зерттеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7.0% (%) — ≤6.5% (%) — (ммоль/л) — (кг)
52 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=273) — 8,18 — -1,08†† — 53,2## — 27,0## — -1,50 — -1,87##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=272) — 8,13 — -0,76† — 37,1 — 22,5# — -0,87## — -1,33##
Инсулин гларгин+ тәулігіне бір рет (n=262) — 8,10 — -0,63 — 30,9 — 13,5 — -1,76 — 1,44
78 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=273) — 8,18 — -0,90†† — 49,0## — 28,1## — -1,10# — -1,96##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет(n=272) — 8,13 — -0,62† — 34,1 — 22,1 — -0,58## — -1,54##
Инсулин гларгин+ тәулігіне бір рет (n=262) — 8,10 — -0,59 — 30,5 — 16,6 — -1,58 — 1,28
† - тиімділігі кем түспейтін <0,025 салыстырулар көптігіне түзетумен бір жақты р мәні; †† - инсулин гларгинмен салыстырғанда, дулаглутид артықшылығы үшін < 0,025 салыстырулар көптігіне түзетумен бір жақты р мәні, тек HbA1c үшін бағалау
#- инсулин гларгинмен салыстырмалы дулаглутид тобы p < 0,05, ## - p < 0,001
+ - инсулин гларгин дозалары аш қарындағы плазмадағы глюкозаның мақсатты деңгейі < 5,6 ммоль/л болатын алгоритмді пайдаланумен түзетілді
Аптасына 1 рет дулаглутидті 1,5 мг немесе 0,75 мг дозаларда қолданғанда және инсулин гларгин қолданылғанда тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының жиілігі, тиісінше, 1,67, 1,67 және 3,02 көрініс/пациент/жылды құрады. Аптасына 1 рет дулаглутидті 1,5 м қолдану кезінде және инсулин гларгин қолданылғанда ауыр гипогликемия жағдайларының бірдей саны байқалды (2 жағдайдан).
Сульфонилмочевинамен біріктірілген ем
Сульфонилмочевинаға қосымша ем ретінде дулаглутид қауіпсіздігі мен тиімділігі 24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеуде зерттелді. Глимепиридпен біріктірілімде Трулисити 1,5 мг қолдану 24 апта өткенде, плацебо мен глимепирид қолданумен салыстырғанда, HbA1c статистикалық мәнді төмендеуіне алып келді. Трулисити 1,5 мг қолдану, плацебо тобымен салыстырғанда, 24 аптадан соң HbA1c < 7,0% және ≤ 6,5% мақсатты төмендеуіне жеткен пациенттердің едәуір көп пайыздық арақатынасына алып келді.
5 кесте. Дулаглутид глимепиридке қосымша ретінде қолданылған 24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7.0% (%) — ≤6.5% (%) — (ммоль/л) — (кг)
24 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=239) — 8,39 — -1,38‡‡ — 55,3‡‡ — 40,0** — -1,70‡‡ — -0,91
Плацебо (n = 60) — 8,39 — -0,11 — 18,9 — 9,4 — 0,16 — -0,24
‡‡ - бірінші қатардың жалпы қатесін есепке алумен дулаглутидтің плацебодан артықшылығы үшін < 0,001
** - плацебомен салыстырмалы дулаглутид тобы үшін p < 0,001
Дулаглутид 1,5 мг және плацебо қолдану кезінде тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының жиілігі, тиісінше, 0,90 және 0,04 көрініс/пациент/жылды құрады. Дулаглутид немесе плацебо қолдану аясында ауыр гипогликемия жағдайлары аталмады.
Метформин аясындағы немесе онсыз 2-ші типті натрий-глюкозалық котранспортер (SGLT2) тежегішімен біріктірілген ем
2-ші типті натрий-глюкоза котранспортері (SGLT2i) тежегішіне қосымша ем ретіндегі (метформин аясында 96% және метформинсіз 4%) дулаглутидтің қауіпсіздігі мен тиімділігі 24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеуде зерттелді. SGLT2i-мен біріктірілімде Трулисити 0,75 мг және 1,5 мг қолдану, плацебо және SGLT2i біріктірілімімен салыстырғанда, 24 аптадан соң HbA1c статистикалық мәнді төмендеуіне алып келді. Трулисити 0,75 мг және 1,5 мг қолдану, плацебо қолдану тобымен салыстырғанда, 24 апта өткен соң HbA1c < 7,0% және ≤ 6,5% мақсатты мәніне жеткен пациенттердің едәуір көп пайыздық арақатынасына алып келді.
6 кесте. Дулаглутид SGLT2i-ке қосымша ем ретінде қолданылған 24-апталық плацебо-бақыланатын зерттеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7.0% ˄ (%) — ≤6.5% (%) — (ммоль/л) — (кг)
24 апта
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=141) — 8,05 — -1,19‡‡ — 58,8‡‡ — 38,9** — -1,44 — -2,6
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=142) — 8,04 — -1,33‡‡ — 67,4‡‡ — 50,8** — -1,77 — -3,1
Плацебо (n = 140) — 8,05 — -0,51 — 31,2 — 14,6 — -0,29 — -2,3
‡‡ - бірінші қатардың жалпы қатесін есепке алумен дулаглутидтің плацебодан артықшылығы үшін p <0,001
** - плацебомен салыстырмалы дулаглутид тобы үшін p < 0,001
˄ - 24 апта бойы рандомизацияланған емдеуден бас тартқан пациенттер мақсатқа жетпеген болып есептелді.
Дулаглутид 0,75 мг, дулаглутид 1,5 мг және плацебо қолдану кезінде тіркелген симптоматикалық гипогликемия жиілігі, тиісінше, 0,15, 0,16 және 0,12 көрініс/пациент/жылды құрады. SGLT2i-мен біріктірілімде дулаглутид 0,75 мг қолдану аясында ауыр гипогликемияның бір жағдайы тіркелді, дулаглутид 1,5 мг немесе плацебо қолдану кезінде ауыр гипогликемия жағдайлары аталмады.
Метформинмен және пиоглитазонмен біріктірілген ем
Плацебомен және белсенді салыстыру препаратымен (тәулігіне екі рет эксенатид) жүргізілген зерттеуде екі препарат та метформинмен және пиоглитазонмен біріктірілімде қабылданды. Трулисити 1,5 мг және 0,75 мг, плацебомен және эксенатидпен салыстырғанда, нақты HbAlc едәуір көп төмендеуін көріністеді, бұл HbAlc < 7,0% немесе ≤ 6,5% мақсатты көрсеткішіне жеткен пациенттердің едәуір көп санымен қатар жүрді.
7 кесте. Дулаглутидтің екі дозасы эксенатидпен салыстырмалы белсенді бақылаумен жүргізілген 52-апталық зерттеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7.0% (%) — ≤6.5% (%) — (ммоль/л) — (кг)
26 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=279) — 8,10 — -1,51‡‡,†† — 78,2**,## — 62,7**,## — -2,36**,## — -1,30**
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=280) — 8,05 — -1,30‡‡/†† — 65,8**/## — 53,2**/## — -1,90**/## — 0,20*/##
Плацебо (n = 141) — 8,06 — -0,46 — 42,9 — 24,4 — -0,26 — 1,24
Эксенатид+ 10 мкг тәулігіне екі рет (n = 276) — 8,07 — -0,99 — 52,3 — 38,0 — -1,35 — -1,07
52 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=279) — 8,10 — -1,36†† — 70,8## — 57,2## — -2,04## — -1,10
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=280) — 8,05 — -1,07†† — 59,1# — 48,3## — -1,58# — 0,44#
Эксенатид+ 10 мкг тәулігіне екі рет (n=276) — 8,07 — -0,80 — 49,2 — 34,6 — -1,03 — -0,80
†† - эксенатидпен салыстырылатын дулаглутид артықшылығы үшін < 0,025 салыстырулардың көптігіне түзетумен бір жақты р мәні, тек HbA1c үшін бағалау
‡‡ - плацебомен салыстырғанда дулаглутид артықшылығы үшін <0,001 салыстырулардың көптігіне түзетумен бір жақты р мәні, тек HbA1c үшін бағалау
* - плацебомен салыстырмалы дулаглутид тобы p < 0,05, ** - p < 0,001
# - эксенатидпен салыстырмалы дулаглутид тобы p < 0,05, ## - p < 0,001
+ - Эксенатид дозасы алғашқы төрт аптада тәулігіне екі рет 5 мкг және тәулігіне екі рет 10 мкг құрады
Аптасына 1 рет дулаглутидті 1,5 мг немесе 0,75 мг дозаларда қолданғанда және тәулігіне 2 рет эксенатид қолданғанда тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының жиілігі, тиісінше, 0,19, 0,14 және 0,75 көрініс/пациент/жылды құрады. Дулаглутид қолданғанда ауыр гипогликемия жағдайлары байқалмады, ал эксенатид қолданғанда осындай жағдайлар саны екеу болды.
Метформин аясында немесе онсыз титрленген базальді инсулинмен біріктірілген ем
Гликемиялық бақылауға және қауіпсіздікке әсерін бағалау үшін жүргізілген 28-апталық плацебо-бақыланатын зерттеуде Трулисити 1,5 мг титрленген базальді инсулин гларгинге қосымша ем ретіндегі (метформин аясында 88% және метформинсіз 12%) плацебомен салыстырылды. Инсулин гларгин дозасын оңтайландыру үшін екі топ та аш қарын глюкозаның < 5,6 ммоль/л мақсатты деңгейіне дейін титрленді. Инсулин гларгиннің орташа бастапқы дозасы плацебоға рандомизацияланған пациенттер тобында 37 бірлік/тәулік және Трулисити 1,5 мг алған пациенттер тобында 41 бірлік/тәулік құрады. HbA1c деңгейі < 8,0% пациенттерде инсулин гларгиннің бастапқы дозалары 20% азайтылды. Плацебо мен Трулисити 1,5 мг алған пациенттер үшін 28-апталық ем кезеңінің соңында доза, тиісінше, 65 бірлік/күн және 51 бірлік/күн құрады. 28 аптадан соң аптасына бір рет Трулисити 1,5 мг қолдану, плацебомен салыстырғанда, HbA1c статистикалық мәнді төмендеуіне және HbA1c < 7,0% және ≤ 6,5% мақсатты деңгейлеріне жеткен пациенттердің едәуір көп пайыздық үлесіне алып келді (8 кесте).
8 кесте. Титрленген инсулин гларгинге қосымша ем ретінде плацебомен салыстырылатын дулаглутидті 28-апталық зерттеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7,0% (%) — ≤6,5% (%) — (ммоль/л) — (мг)
28 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет инсулин гларгин (n=150) — 8,41 — -1,44‡‡ — 66,7‡‡ — 50,0** — -2,48‡‡ — -1,91‡‡
Плацебо аптасына бір рет және инсулин гларгин (n=150) — 8,32 — -0,67 — 33,3 — 16,7 — -1,55 — 0,50
‡‡ - бірінші қатардың жалпы қатесін есепке алумен дулаглутидтің плацебодан артықшылығы үшін p<0,001.
** - плацебомен салыстырмалы дулаглутид тобы p < 0,001
Дулаглутид 1,5 мг және инсулин гларгин қолдану кезінде тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының жиілігі 3,38 көрініс/пациент/жыл, ал плацебо мен инсулин гларгин қолдану кезінде 4,38 көрініс/пациент/жылды құрады. Ауыр гипогликемия дулаглутид 1,5 мг және инсулин гларгин тобындағы бір пациентте анықталды және плацебо мен инсулин гларгин тобында пациенттердің бір де бірінде тіркелмеді.
Метформин аясындағы немесе онсыз прандиальді инсулинмен біріктірілген ем
Зерттеудің басталуына дейін тәулігіне 1 немесе 2 рет инсулин алған пациенттер осы зерттеуде бұрынғы ем режимін тоқтатты және аптасына 1 рет дулаглутид немесе тәулігіне 1 рет инсулин гларгин қолдану топтарында рандомизацияланды. Емнің екі режимі метформинмен біріктірілімде немесе метформинсіз тәулігіне 3 рет енгізілген прандиальді инсулин лизпромен біріктіріліп жүргізілді. Аптасына 1 рет Трулисити 1,5 мг немесе 0,75 мг тиімділігі 26 аптадан соң HbAlc төмендеуіне қатысты инсулин гларгин тиімділігінен артық болды, осындай әсері зерттеудің 52 аптасына қарай сақталды. Пациенттердің көп үлесі 26 аптадан соң HbA1c < 7,0% немесе ≤ 6,5% және инсулин гларгинмен салыстырғанда 52 аптадан соң < 7,0 % мақсатты деңгейлеріне жетті.
9 кесте. Дулаглутидтің екі дозасы инсулин гларгинмен салыстырмалы белсенді бақылаумен жүргізілген 52-апталық зертеу нәтижелері
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарында қандағы глюкоза өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — <7,0% (%) — ≤6,5% (%) — (ммоль/л) — (кг)
26 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=295) — 8,46 — -1,64†† — 67,6# — 48,0# — -0,27## — -0,87##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=293) — 8,40 — -1,59†† — 69,0# — 43,0 — 0,22## — 0,18##
Инсулин гларгин+ тәулігіне бір рет (n=296) — 8,53 — -1,41 — 56,8 — 37,5 — -1,58 — 2,33
52 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=295) — 8,46 — -1,48†† — 58,5# — 36,7 — 0,08## — -0,35##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=293) — 8,40 — -1,42†† — 56,3 — 34,7 — 0,41## — 0,86##
Инсулин гларгин+ тәулігіне бір рет (n=296) — 8,53 — -1,23 — 49,3 — 30,4 — -1,01 — 2,89
†† инсулин гларгинмен салыстырғанда дулаглутид артықшылығы үшін < 0,025 салыстырулардың көптігіне түзетумен бір жақты р мәні, тек HbA1c үшін бағалау
# - инсулин гларгинмен салыстырмалы дулаглутид тобы p < 0,05, ## p < 0,001
+ - Инсулин гларгин дозалары аш қарын қандағы глюкозаның мақсатты деңгейі < 5,6 ммоль/л болатын алгоритм пайдаланылуымен түзетілді
Аптасына 1 рет 1,5 мг немесе 0,75 мг дулаглутид қолданғанда және инсулин гларгин қолданғанда тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының жиілігі, тиісінше, 31,06, 35,66 және 40,95 көрініс/пациент/жыл құрады.
Он пациент дулаглутид 1,5 мг қолдану, жеті пациент дулаглутид 0,75 мг қолдану және он бес пациент инсулин гларгин қолдану кезінде ауыр гипогликемия туралы хабарлады.
Аш қарында қандағы глюкоза деңгейі
Дулаглутид қолдану, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, аш қарында қан глюкозасы концентрациясының нақты көбірек төмендлеуіне алып келді. Аш қарында қан глюкозасының концентрациясына қатысты негізгі әсері 2 аптадан соң байқалды. Аш қарында қан глюкозасы концентрациясының жақсаруы зерттеудің ең ұзақ кезеңі бойына сақталды (104 апта).
Постпрандиальді глюкоза
Дулаглутид қолдану, бастапқысымен салыстырғанда, постпрандиальді глюкозаның орташа деңгейінің едәуір төмендеуіне алып келді (гликемияның бастапқы мәнінен бірінші уақыт нүктесіне дейін өзгеруі -1,95 ммоль/л-ден -4,23 ммоль/л дейін құрады).
Бета-жасушалар функциясы
Клиникалық зерттеулер нәтижелері дулаглутид қолдану кезінде гомеостаздық бағалау үлгісінің (НОМА2-%В) көменгімен анықталған ұйқы безі бета-жасушалары функциясының жақсаруын көрсетті. Бета-жасушалар функциясына қатысты әсері ең ұзақ зерттеу кезеңі бойына сақталды (104 апта).
Дене салмағы
Аптасына 1 рет Трулисити 1,5 мг қолдану кезінде зерттеу бойына дене салмағының тұрақты төмендеуі білінді (бастапқы мәнінен соңғы мәрелік уақыт нүктесіне дейінгі орташа мән өзгерісі -0,35 кг-ден бастап -2,90 кг дейін құрады). Аптасына 1 рет Трулисити 0,75 мг қолдану кезінде дене салмағының өзгеруі 0,86 кг-ден -2,63 кг дейін ауытқыды. Жүрек айну білінген пациенттер тобында дене салмағының төмендеуі көбірек байқалса да, жүрек айнуының пайда болуына байланыссыз, дулаглутид алған пациенттерде дене салмағының төмендеуі байқалды.
Пациенттер сауалнамасына негізделген нәтижелер
Дулаглутид, тәулігіне 2 рет эксенатид емімен салыстырғанда, еммен қанағаттанудың жалпы көрсеткішін едәуір жақсартты. Бұдан бөлек, дулаглутид қолдану кезінде гипергликемия мен гипогликемияның анықталған жиілігі тәулігіне 2 рет эксенатид қолдану кезіндегіден едәуір төмен болды.
Артериялық қысым (АҚ)
Дулаглутидтің АҚ әсері 2 типті қант диабеті бар 755 пациент қатысқан зерттеу барысында АҚ амбулаторлық бақылауының көмегімен бағаланды. Дулаглутидпен емдеу 16 апта өткенде (плацебомен салыстырғанда, айырмасы 2,8 мм сын. бағ.) систолалық артериялық қысымның (САҚ) төмендеуімен қатар жүрді. Диастолалық артериялық қысым (ДАҚ) айырмашылығы байқалмады. САҚ және ДАҚ үшін ұқсас нәтижелері 26 апта өткен соң зерттеудің соңғы нүктесінде көрсетілді.
Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру
Зерттеулердің 2 және 3 фазадағы мета-талдауы
Тіркеу зерттеулерінің 2 және 3 фазадағы мета-талдау нәтижелері бойынша жалпы жиынтығы 51 пациентте (дулаглутид: 26 [N=3885]; барлық салыстыру препараттары: 25 [N=2125]) жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан ең болмаса бір бұзылу байқалды (жүрек-қантамырлық өлім; өлімге соқтырмайтын миокард инфарктісі, өлімге соқтырмайтын инсульт немесе тұрақсыз стенокардия себебінен ауруханаға жату). Зерттеулер дулаглутид қолдану кезінде жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылулар қаупінің, салыстыру препараттарының емімен салыстырғанда, артпағанын көрсетті (қауіптер қатынасы: 0,57; СА [0,30; 1,10]).
Жүрек-қантамырлық нәтижелерді бағалау жөніндегі зерттеу
Трулисити қолдану аясында жүрек-қантамырлық нәтижелердің ұзақ мерзімді зерттеуі плацебо-бақыланатын салыстырмалы жасырын клиникалық зертеу түрінде болды. 2 типті қант диабеті бар пациенттер кездейсоқ тәртіпте Трулиситиді 1,5 мг дозада (4 949) және 2 типті қант диабетін стандартты емдеуге қосымша ем ретінде плацебо (4 952) алатын топтарға бөлінді (Трулисити 0,75 мг дозасы осы зерттеуде қолданылмады). Зерттеу шеңберінде кейіннен қадағалау медианасы 5,4 жыл құрады.
Пациенттердің орташа жасы 66,2 жыл құрады, орташа дене салмағы индексі (ДСИ) 32,3 кг/м² құрады және пациенттердің 46,3%-ы әйелдер болды. 3 114 (31,5%) пациентте жүрек-қантамыр аурулары диагностикаланды. HbA1c бастапқы деңгейінің медианасы 7,2% тең болды. Трулиситимен емделіп жүрген пациенттер тобында 65 жастағы және одан асқан (n = 2 619) және 75 жастағы және одан асқан (n = 484) пациенттер болды, сондай-ақ бауыр функциясының жеңіл (n = 2 435), орташа (n = 1 031) немесе ауыр (n = 50) бұзылулары бар пациенттер болды.
Бастапқы соңғы нүкте рандомизациядан бастап кез келген күрделі жайсыз жүрек-қантамыр оқиғасының (МАСЕ) бірінші жағдайына дейінгі уақыт кезеңі болды: жүрек-қантамырлық өлім, өлімге соқтырмайтын миокард инфарктісі немесе өлімге соқтырмайтын инсульт. Трулисити MACE оқиғаларын болдырмау тұрғысынан плацебодан артық болды (1 сурет). MACE жалпы қаупінің төмендеуі, 2 суретте көрсетілгендей, осы соңғы нүктенің әрбір компонентін қамтыды.
1 сурет. Дулаглутид қолдану аясында жүрек-қантамыр нәтижелерінің ұзақ мерзімді зерттеуінің қорытындылары бойынша құрылған жүрек-қантамырлық өлімді, өлімге соқтырмайтын миокард инфарктісін немесе өлімге соқтырмайтын инсультті қамтыған біріккен клиникалық нәтиженің алғашқы анықталуына дейінгі Каплан-Мейер кестесі
2 сурет: Бастапқы соңғы нүкте үшін жекелеген жүрек-қантамырлық нәтижелердің жекелеген типтерін, барлық себептерден болатын өлімді және қосалқы топтардағы препарат әсерінің бірізділігін талдау нәтижелері бойынша құрылған диаграмма
Трулисити стандартты емге қосымша ретінде қолданылғанда зерттеудің 60 айына қарай плацебо тобындағы осындайдан асып кететін HbA1c деңгейлерінің бастапқыларына қатысты елеулі және тұрақты төмендеуі болды (0,22% қарсы -0,29%; ем топтары арасындағы есептік айырма: 0,51% [-0,57; -0,45]; p <0,001). Плацебо тобымен салыстырғанда, Трулисити тобында пациенттердің едәуір аз санына гликемияны бақылау үшін қосымша араласулар тағайындалды (Трулисити: 2 086 [42,2%]; плацебо: 2 825 [57,0%]; p < 0,001).
Дулаглутид 4,5 мг, 3 мг және 1,5 мг дозада метформинмен біріктірілімінің үйлесімі
Метформинге қосымша ретінде аптасына бір рет 3 мг және 4,5 мг дулаглутидке қарсы 1,5 мг дулаглутидтің қауіпсіздігі мен тиімділігі 52 апта бойы жүргізілген зерттеуде бағаланды. 36 аптада 3 мг және 4,5 мг Трулисити HbA1c және дене салмағын төмендетуде 1,5 мг Трулиситиден басым болды. 36-аптадан кейін Трулисити 3 мг және Трулисити 4.5 мг қолданғанда пациенттердің үлкен пайызы HbA1c мақсатты <7.0% немесе ≤ 6.5% деңгейлеріне қол жеткізді. Бастапқы деңгейден ≥5% дене салмағының төмендеуіне қол жеткізген пациенттердің үлесі Трулиситидің 1,5 мг, 3 мг және 4,5 мг дозада сәйкесінше 31%, 40% және 49% құрады. Бұл әсерлер 52 апта бойы сақталды.
Кесте 10. Дулаглутидтің үш дозасын салыстыратын белсенді бақылау зерттеуінің нәтижелері.
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарындағы қан глюкозасы өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — < 7.0 % (%) — ≤ 6.5 % (%) — (ммоль/л) — (кг)
36 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n = 612) — 8.64 — -1.53 — 57.0 — 38.1 — -2.45 — -3.1
Дулаглутид 3 мг аптасына бір рет (n = 616) — 8.63 — -1.71# — 64.7# — 48.4‡‡ — -2.66 — -4.0#
Дулаглутид 4,5 мг аптасына бір рет (n = 614) — 8.64 — -1.87## — 71.5# — 51.7‡‡ — -2.90# — -4.7##
52 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n = 612) — 8.64 — -1.52 — 58.6 — 40.4 — -2.39 — -3.5
Дулаглутид 3 мг аптасына бір рет (n = 616) — 8.63 — -1.71‡ — 65.4‡ — 49.2‡ — -2.70‡ — -4.3‡
Дулаглутид 4,5 мг аптасына бір рет (n = 614) — 8.64 — -1.83‡‡ — 71.7‡‡ — 51.3‡‡ — -2.92‡‡ — -5.0‡‡
# p < 0.05, # # p < 0.001 1,5 мг дулаглутидпен салыстырғанда артықшылық үшін, бірінші қатардағы жалпы қатені ескере отырып, түзетілген p мәндері
‡ p < 0.05, ‡ ‡ p < 0.001 1,5 мг дулаглутидпен салыстырғанда
Нәтижелер емдеу кезінде мақсатты нәтиже береді (талдау қайталанатын өлшеулер немесе ұзаққа созылатын логистикалық регрессия үшін аралас модельдерге негізделген).
Сурет 3. HbA1c (%) және дене салмағының (кг) бастапқы деңгейден 52-аптаға дейінгі орташа өзгерісі.
Дулаглутидпен құжатталған симптоматикалық гипогликемияның жиілігі 1,5 мг, 3 мг және 4,5 мг дозаларында бір пациентке жылына сәйкесінше 0,07, 0,05 және 0,07 эпизодты құрады. Бір пациент дулаглутидті 1,5 мг дозада қабылдағанда, бір пациент дулаглутидті 4,5 дозада қабылдағанда ауыр гипогликемия болғанын, және ауыр гипогликемияның бірде - бір жағдайы дулаглутидті 3 мг дозада қабылдағанда тіркелмегенін хабарлады.
Пациенттердің ерекше топтары
Препаратты бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану
Орташадан ауыр дәрежеге дейінгі бүйректің созылмалы аурулары бар пациенттерде (еШСЖ [CKD-EPI формуласы бойынша] < 60 және ≥ 15 мл/мин/1,73 м2) дулаглутид қауіпсіздігі мен гликемиялық бақылауға әсерін бағалау үшін 52 аптаға созылатын зерттеу жүргізілді, онда Трулисити 1,5 мг және 0,75 мг дозада прандиальді инсулин лизпроға қосымша ем ретінде қолданылған титрленген дозада инсулин гларгинмен салыстырылды. Рандомизация сатысында пациенттер оларға зерттеуге дейін тағайындалған инсулинмен емдеу режимін алуды тоқтатты. Зерттеу басталған сәтте жалпы орташа рШСЖ 38 мл/мин/1,73 м2 тең болды және пациенттердің 30%-да рШСЖ 30 мл/мин/1,73 м2 төмен болды.
26 апта өткен соң 1,5 мг және 0,75 мг дозадағы Трулисити тиімділігі HbAlc төмендеуіне қатысты инсулин гларгин тиімділігінен кем түспеді, осындай әсері зерттеудің 52 аптасы қарсаңында сақталды. 26 және 52 апталарда дулаглутид пен инсулин гларгиннің екі дозасын алған пациенттердің салыстырмалы пайыздық қатынасында HbA1c < 8,0 % мақсатты деңгейіне жетудің сәті түсті.
11 кесте. Дулаглутидтің екі дозасы инсулин гларгинмен салыстырмалы белсенді бақылаумен жүргізілген 52-апталық зерттеу нәтижелері (орташадан ауыр дәрежеге дейінгі бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерде)
Бастапқы HbA1c — HbA1c орташа өзгерісі — HbA1c мақсатты мәні бар пациенттер — Аш қарындағы қан глюкозасы өзгерісі — Дене салмағы өзгерісі
(%) — (%) — < 8,0% (%) — (ммоль/л) — (кг)
26 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=192) — 8,60 — -1,19† — 78,3 — 1,28## — -2,81##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=190) — 8,58 — -1,12† — 72,6 — 0,98## — -2,02##
Инсулин гларгин+ тәулігіне бір рет (n=194) — 8,56 — -1,13 — 75,3 — -1,06 — 1,11
52 апта
Дулаглутид 1,5 мг аптасына бір рет (n=192) — 8,60 — -1,10† — 69,1 — 1,57## — -2,66##
Дулаглутид 0,75 мг аптасына бір рет (n=190) — 8,58 — -1,10† — 69,5 — 1,15## — -1,71##
Инсулин гларгин + тәулігіне бір рет (n=194) — 8,56 — -1,00 — 70,3 — -0,35 — 1,57
† - Инсулин гларгинмен салыстырғанда, тиімділігі кем емес дулаглутид үшін бір жақты р < 0,025 мәні
## - Инсулин гларгинмен салыстырмалы дулаглутид тобы p < 0,001
+ - Инсулин гларгинмен дозалары аш қарындағы қанда глюкозаның мақсатты деңгейі ≤ 8,3 ммоль/л болатын алгоритм пайдаланылуымен түзетілді.
Дулаглутид 1,5 мг немесе 0,75 мг дозаларын аптасына 1 рет және инсулин гларгин қолдану кезінде тіркелген симптоматикалық гипогликемия жағдайларының жиілігі, тиісінше, 4,44, 4,34 және 9,62 көрініс/пациент/жылды құрады. Дулаглутидтің 1,5 мг дозадағы тобында ауыр гипогликемия жағдайлары тіркелмеді, ал дулаглутидтің 0,75 мг дозадағы тобында және инсулин гларгин тобында, тиісінше, алты және он жеті ауыр гипогликемия жағдайлары анықталды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дулаглутидтің қауіпсіздік бейіні дулаглутидтің басқа зерттеулерінде байқалғандарымен салыстырмалы болды.