Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Турбо микрон G
Әсер етуші зат
Диосмин, комбинации
Мақсаты
Турбо микрон G ересектерде созылмалы вена ауруларының симптомдарын емдеу (симптомдарды жою және жеңілдету) үшін қолдануға көрсетілген
Өндіруші
КЕРН ФАРМА, С.Л.
Ел
Испания
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат – құрамында 450 мг (90%) диосмин және 50 мг (10%) гесперидин түріндегі флавоноидтар бар тазартылған микрондалған флавоноидты фракция.
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатин, натрий крахмалы гликоляты (картоп крахмалы), магний стеараты, тальк, натрий лаурилсульфаты.
таблетка қабығы: Опадрай қызғылт сары 03G34105 (гипромеллоза (Е 464), глицерол, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172), полиэтиленгликоль 6000, магний стеараты).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызғылт сары-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған бір жағында сызығы бар, сопақша пішінді таблеткалар.
Сызығы тек жеңіл жұту мақсатында және тең дозаларға бөлу үшін емес, таблетканы сындыру үшін ғана көзделген.
Турбо микрон G ересектерде созылмалы вена ауруларының симптомдарын емдеу (симптомдарды жою және жеңілдету) үшін қолдануға көрсетілген.
• Вена - лимфалық жеткіліксіздік симптомдарын емдеу:
• ауыру;
• аяқтың құрысуы;
• аяқта ауырлықты және ұйып, ісінуді сезіну;
• аяқтың «шаршауы».
• Вена-лимфалық жеткіліксіздіктің көріністерін емдеу:
• аяқтың ісінуі;
• терінің және тері астындағы шелдің трофикалық өзгерістері;
• веналық трофикалық ойық жаралар.
• Жедел және созылмалы геморройдың симптоматикалық емдеуі.
5.1. Фармакодинамикалық қасиеттері
Әсер ету механизмі
Турбо микрон G вена тонустық және ангиопротекторлық қасиеттерге ие.
Препарат веналардың созылуын және вена іркілісін азайтады, капиллярлар өткізгіштігін төмендетеді және олардың резистенттілігін арттырады. Клиникалық зерттеулер нәтижелері препараттың вена гемодинамикасы көрсеткіштеріне қатысты фармакологиялық белсенділікті растайды.
Фармакодинамикалық әсерлер
Келесі вена плетизмографиялық параметрлер үшін статистикалық сенімді дозаға тәуелді әсер көрсетілді: вена сыйымдылығы, вена созылғыштығы және венаның босау уақыты. «Доза – әсер» оңтайлы қатынасы 2 таблетканы қабылдаған кезде байқалады.
Турбо микрон G вена тонусын жоғарылатады: вена окклюзиялық плетизмография әдісі арқылы венаның босау уақытының азаюы көрсетілді. Микроциркуляцияның айқын бұзылу белгілері бар пациенттерде Турбо микрон G препаратымен емдеуден кейін ангиостереометрия әдісімен бағалау кезінде плацебомен салыстырғанда капиллярлар резистенттілігінің статистикалық маңызды жоғарылауы байқалады.
Препараттың емдік тиімділігі аяқтың созылмалы вена ауруларын емдеуде, сондай-ақ геморройды емдеуде дәлелденді.
Дозалау режимі
Вена -лимфалық жеткіліксіздік кезінде ұсынылатын доза – күніне 2 таблетка (бір немесе екі қабылдауға): таңертең, күндіз және/немесе кешке, тамақтану кезінде. Емдеу курсының ұзақтығы бірнеше ай болуы мүмкін (12 айға дейін).Симптомдар қайтадан туындаған жағдайда, дәрігердің ұсынымы бойынша емдеу курсы қайталануы мүмкін.
Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза – күніне 6 таблетка (таңертең 3 таблетка, кешке 3 таблетка) 4 күн бойы, одан кейін күніне 4 таблеткадан (таңертең 2 таблетка, кешке 2 таблетка) келесі 3 күн бойы тамақтану кезінде.
Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза – күніне 2 таблетка, тамақтану кезінде.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Таблеткаларды сумен іше отырып, бүтіндей жұту керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуге болады.
• «Қосымша мәліметтер» бөлімінде тізбеленген белсенді компоненттерге немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;
• лактация кезеңі;
• 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар.
Препаратының клиникалық зерттеулер барысында байқалатын жағымсыз әсерлерінің айқындығы жеңіл дәрежеде болған. Көбіне асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу) байқалған.
Келесі жағымсыз реакциялар немесе туындау жиілігі бойынша келтірілген құбылыстар туралы хабарланды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 және <1/10); жиі емес (≥1/1 000 және <1/100); сирек (≥1/10 000 және <1/1 000); өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиі
• диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу
Жиі емес
• колит
Сирек
- бас айналуы, бас ауыруы, жалпы дімкәстік
- бөртпе, қышыну, есекжем
Жиілігі белгісіз
- іштің ауыруы
- беттің, еріннің, қабақтың оқшауланған ісінуі
- ангионевроздық ісіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Препаратымен артық дозалану туралы деректер шектеулі. Артық дозалану кезінде көбінесе асқазан-ішек жолдары (диарея, жүрек айнуы, іштің ауруы) және тері жабыны (қышыну, бөртпе) тарапынан жағымсыз құбылыстар байқалды.
Емі
Геморройды емдеу кезінде Турбо микрон G препаратын тағайындау тік ішек пен анус жолының басқа ауруларын спецификалық емдеуді алмастырмайды. Препаратты өз бетінше қолданғанда «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде көрсетілген ең жоғары мерзімдерді және ұсынылған дозаларды асырмаңыз. Егер симптомдар емнің ұсынылған курсынан кейін сақталатын болса, бұл жағдайда кейінгі емді тағайындау үшін проктологқа қаралу керек.
Веналық қанайналымының бұзылуы кезінде емнің ең жоғары әсері қосымша емдеу-профилактикалық шараларымен/емді салауатты (теңгерімді) өмір салтымен үйлестіргенде қамтамасыз етіледі: дұрысы күннің астында көп жүрмеу, көп уақыт жүру, сондай-ақ дененің артық салмағын төмендету ұсынылады. Жаяу серуендеу және кейбір жағдайларда арнайы шұлықтар кию қан айналымының жақсаруына ықпал етеді.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Жүкті әйелдерде микрондалған тазартылған флавоноидты фракцияны қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті уыттылықты көрсеткен жоқ. Сақтандыру шарасы ретінде жүктілік кезінде Турбо микрон G препаратын қолданбаған жөн.
Бала емізу
Микрондалған тазартылған флавоноидты фракцияның (метаболиттердің) емшек сүтіне өтіп-өтпейтіні белгісіз.
Жаңа туған нәрестелер мен сәбилер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Бала емізуді тоқтату немесе препаратпен емді тоқтату/бастамау туралы шешімді, бала үшін емізудің пайдасы мен әйел үшін емдеудің пайдасын негізге ала отырып қабылдаған жөн.
Фертильділік
Репродуктивті уыттылықты зерттеу екі жыныстағы егеуқұйрықтарда репродуктивті функцияға әсерді көрсеткен жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану бойынша нұсқаулар
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Қазіргі уақытта тіркеуден кейінгі кезеңде клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер туралы хабарланған жоқ.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.