Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
4%
Саудалық атауы
Убистезин форте
Әсер етуші зат
Артикаин в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Стоматологиядағы инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия үшін: ауыз қуысының шырышты қабығына немесе сүйек тініне жасалатын операцияларда
Өндіруші
Pierrel S.p.A.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір миллилитр препараттың құрамында
белсенді заттар – артикаин гидрохлориді (40.00 мг) және эпинефрин гидрохлориді (эпинефринге баламалы) (0.012 мг)
қосымша заттар – натрий сульфиті (0.31 мг SO2 баламалы), натрий хлориді, хлорлысутек (хлорсутек) қышқылы 14 % (рН түзетуге арналған), натрий гидроксиді ерітіндісі 9 % (рН түзетуге арналған), инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз, бозаңданбаған ерітінді.
Стоматологиядағы инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия үшін:
Убистезин форте төмендегілер сияқты, терең жансыздандыруды және қан ағымын айқын шектеуді қажет ететін араласымдар үшін қолданылады:
• ауыз қуысының шырышты қабығына немесе сүйек тініне жасалатын операцияларда
• тіс ұлпасын ампутациялауда және экстирпациялауда
• тістерді экстирпациялауда және трепанациялауда және сынған тісті шығарып алуда (остеотомияда)
• Калдвелл-Люк операциясы, тері арқылы жүргізілетін сүйек остеосинтезі, цистэктомия, қызыл иектің шырышты қабығы мен ауыз қуысына операциялар, апекэктомия сияқты, ұзаққа созылатын хирургиялық араласымдарда
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер:
Келесі дозалары ұсынылады:
Үстіңгі жақсүйектің қабынбаған тістерін жұлу үшін көпшілік жағдайларда Убистезин фортені бір тіске 1,7 мл есебінен пайдаланып жасалатын инфильтрациялық жансыздандыру жеткілікті болып табылады. Жекелеген жағдайларда толық жансыздандыруға қол жеткізу үшін 1-ден 1,7 мл дейінгі қайталанатын вестибулярлық инъекция қажет болуы мүмкін. Осылайша, ауыртатын таңдайға жасалатын инъекциядан аулақ бола алады.
Таңдайды тілу немесе тігу кезінде жансыздандыру үшін, бір инъекцияға шамамен 0,1 мл қолданылады.
Іргелес тістерді бірінен кейін бірін жұлған жағдайда, көбіне инъекцияларын азайтуға мүмкіндік туады.
Астыңғы жақсүйектің қабынбаған кіші азу тістерін қиындықсыз жұлуда бір тіске 1,7 мл есебінен Убистезин форте пайдаланылатын инфильтрациялық жансыздандыру жеткілікті болып табылады. Егер толық жансыздандыруға қол жеткізуге мүмкіндік болмаса, жекелеген жағдайларда препараттың 1-ден 1.7 мл дейінгі көлемдегі қосымша вестибулярлық инъекциясы қажет болуы мүмкін. Егер екі нұсқа да көмектеспесе, астыңғы жақсүйек қуысына инъекция жасалады.
Жегі түскен қуысты асқындырмай препарациялау және астыңғы жақсүйектің үлкен азу тістерін қоспағанда, жасанды қаптаманың астында қалатын тіс тұқылын дайындау кезінде вестибулярлық жағынан Убистезин фортенің бір тіске шаққанда 0,5-1,7 мл мөлшеріндегі инъекциялары ұсынылады. Дұрыс дозалануы емнің тереңдігіне және ұзақтығына тәуелді.
Барлық операциялық араласымдар кезінде Убистезин фортенің дозасы операцияның масштабы мен ұзақтығына байланысты, әр пациент үшін жекелей таңдалуы тиіс.
Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы:
Ересектер
Дені сау ересектер үшін ең жоғарғы дозасы дене салмағына 7 мг/кг құрайды. Аспирациясы тиісінше бақыланған жағдайда 500 мг дейін (инъекцияға арналған 12,5 мл ерітіндінің баламасы) пайдаланудың жағымдылығы жақсы.
Егде жастағы пациенттер мен бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер
Егде жастағы пациенттер мен бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде қан плазмасындағы артикаин деңгейінің жоғарылағаны байқалуы мүмкін. Жансыздандырудың жеткілікті тереңдігіне және жүйелі жинақталуына қол жеткізу үшін ең төмен дозасын пайдалану қажет.
Балалар мен жасөспірімдер
Убистезин фортені балаларда қолданғанда, жеткілікті жансыздандыруға қол жеткізу үшін ең төмен дозасын пайдалану керек. Препараттың енгізілуі тиіс мөлшері баланың жас шамасы мен дене салмағына қарай анықталуы тиіс. кг Дене салмағына баламалы артикаинды 7 мг/кг (Убистезин форте 0,175 мл/кг) асыруға болмайды.
Убистезин фортенің 1 жасқа толмаған балаларда қолданылуы зерттелмеген.
Енгізу әдісі
Стоматологияда қолдануға арналған
Тамыр ішіне еніп кетуі мүмкіндігіне жол бермеу мақсатында, үнемі екі проекциядағы (инені 90° немесе тіпті 180° ротациялаумен) аспирациялық бақылауды қолдану қажет.
Келесі енгізу техникасын - аспирациялық бақылаудан кейін 0,1 - 0,2 мл баяу енгізу және кемінде 20-30 секунд өткен соң қалған ерітіндіні баяу енгізуді қолдана отырып, байқаусызда тамыр ішіне еніп кетуі нәтижесіндегі негізгі жүйелі реакциялардың алдын алуға болады.
Бүлінген картридждерді пайдалануға болмайды.
Инфекцияның (мысалы, гепатиттің берілуі) алдын алу үшін әрдайым стерильді шприцтер мен канюляларды пайдаланыңыз.
Егер препарат мөлдір болмаса немесе түссізденбеген болмаса, оны пайдалануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданбас бұрын, дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.
- белсенді заттарының кез келгеніне, натрий сульфитіне (Е221) немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық.
Құрамында артикаин болуы салдарынан, Убистезин фортені келесі жағдайларда қолдануға рұқсат етілмейді
- амидтік типті жергілікті анестетиктерге аса жоғары сезімталдық
• жүйке импульстері берілуінің және жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылулары (мыс.: II және III дәрежелі AV-блокада, айқын брадикардия);
• жүректің декомпенсация сатысындағы жедел жеткіліксіздігі
• ауыр артериялық гипотензия
• Құрамында вазоконстрикторлық компонент ретінде эпинефриннің болуы салдарынан, Убистезин фортені келесі жағдайларда қолдануға рұқсат етілмейді:
• жабық бұрышты глаукома
• гипертиреоз
• пароксизмалық тахикардия немесе жүректің соғу жиілігінің жоғарылауымен тұрақты аритмия
• жуырда бастан өткерген миокард инфарктісі (соңғы 3-6 ай ішіндегі)
• жуырда, соңғы 3 ай ішінде жасалған аорто-коронарлық шунттау операциясы
• кардиоселективті емес бета-блокаторларды (мысалы, пропранолол) пайдалана отырып жүргізілетін қатарлас ем (гипертониялық криз немесе ауыр брадикардия қаупі)
• ауыр артериялық гипертензия
• феохромацитома
• эпинефриннің жүрек-қантамырлық әсерінің күшеюіне байланысты моноаминоксидаза (MAO) тежегіштерін немесе трициклдық антидепрессанттарды пайдалана отырып жүргізілген қатарлас ем; Убистезин фортені МАО тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн ішінде қолдануға болады
Вена ішіне қолдануға болмайды.
Құрамында эпинефрин болғандықтан, Убистезин фортені аяқ-қолдардың акросына, мысалы, саусақтар мен башпайларға енгізуге рұқсат етілмейді (ишемия қаупі бар).
Убистезин фортені демікпесі бар, сульфитке сезімталдығы жоғары пациенттерде қолдануға болмайды. Ондай пациенттерде Убистезин форте анафилаксиялық симптомдармен жүретін жедел аллергиялық реакцияларға, мысалы бронх түйілуіне түрткі болуы мүмкін.
Жиі
- бас ауыруы
- ауыру, ауырсыну, ісіну
- емшара кезіндегі ауырсыну
Жиі емес
- қозу
- парестезия
- бас айналуы
- гипестезия
- вертиго
- құлақ ауыруы
- қызыл иектердің қабынуы
- жүрек айнуы
- құсу
- тершеңдік
- қышыну, бөртпелер
- беттің ісінуі
- инъекция орнының ісінуі
- инъекция орнының ауыруы
- инъекция орнындағы гематома
- қан қысымының төмендеуі
- жүректің жиырылу жиілігінің артуы
- қан қысымының жоғарылауы
Сирек
- дәм сезудің бұзылуы
- шеткері невропатия
- ұйқышылдық
- естен тану
- блефароспазм
- пальпитация, тахикардия
- қан кету
- бозару
- мұрын маңы қойнауының шырышты қабығының ісінуі
- диарея
- іш ауыруы
- хеилит
- іш қатуы
- ауыздың құрғауы
- диспепсия
- ойық жаралы стоматит
- сілекей бездерінің гиперсекрециясы
- тістердің сезімталдығы
- стоматит
- бел ауыруы
- бұлшықеттердің ширығуы
- тризм
- әлсіздік
- қалтырау
- шаршау
- жайсыздық
- шөлдеу
- ЭКГ-да миокард ишемиясының белгілері
- өмірлік маңызы бар функциялардың ауытқулары
- аллергиялық сынаманың оң нәтижесі
- ауыз қуысының жарақаты
- препараттың дұрыс енгізілмеуі
- жүйкенің зақымдануы
Жиілігі белгісіз*
- анафилаксиялық шок
- I типті аса жоғары сезімталдық реакциялары
- аса жоғары сезімталдық
- IV типті аса жоғары сезімталдық реакциялары
- үрейлену
- құрысулар, ауқымды құрысу ұстамалары
- сана-сезім деңгейінің төмендеуі - естен тану
- естен тану алдындағы жағдай
- дәм сезбей қалу, дәм сезу қабілетінің аномальді өршуі
- бет жүйкесінің гипестезиясы
- VI жүйкенің салдануы, IV жүйкенің салдануы
- гипотония
- тремор
- сенсорлық бұзылу
- диплопия
- көру өткірлігінің төмендеуі
- көздің ауыруы, уақытша соқырлық
- мидриаз
- құлақтағы шуыл
- аритмия
- брадикардия
- жүректің тоқтап қалуы
- гипотензия
- апноэ
- дисфония
- ентігу
- көмейдің ісінуі
- жұтқыншақтың ісінуі
- өкпенің ісінуі
- оральді гипестезия
- ауыз қуысының ісінуі
- оральді парестезия
- ангионевроздық ісіну
- есекжем
- эритема
- остеонекроз
- инъекция орнындағы некроз
- шырышты қабықтың қабынуы
- шырышты қабықтың ісінуі
- пирексия
- ысыну
- қан қысымының өлшенбеуі
- жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі
- қызыл иектің зақымдануы
- жараның асқынуы
- V жүйкесінің зақымдануы
* «Жиілігі белгісіз» деп көрсетілген барлық жағымсыз реакциялар тіркеуден кейінгі қадағалау барысында байқалды
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Вена ішіне қолдануға болмайды! Инъекциясы тамыр ішіне түсіп кетпеуі үшін, тіндердің енгізілген ерітіндіге қарсыласуын бақылау жолымен аспирацияға тест жүргізу қажет. Инъекция қысымы тіннің тығыздығына сәйкес келуі тиіс.
Қабынған аймаққа инъекция жасауға болмайды.
Сезімталдық қалпына келгеннен кейін ғана ас ішуге болады.
Ашылған картридждерді басқа пациенттер үшін пайдалануға болмайды.
Бүлінген картридждерді пайдалануға тыйым салынады.
Холинэстераза тапшылығы бар пациенттерге қолданылуы қатаң түрде белгіленуі тиіс, өйткені, әсерінің ұзаққа созылуы және күшею мүмкіндігі күтіледі.
Убистезин форте келесі жағдайларда ерекше сақтықпен пайдаланылуы тиіс:
- қан ұюының бұзылулары
- бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- галогенделген ингалациялық есірткілермен қатарлас ем
- анамнездегі белгілі эпилепсия
Бұдан өзге, келесі жағдайларда Убистезин фортені тек ерекше сақтықпен қолдану керек. Бұдан өзге, құрамында эпинефрин мөлшері төмендеу болғандықтан, келесі аурулары бар пациенттерде Убистезин фортенің орнына Убистезинді пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек:
- жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, анамнездегі белгілі миокард инфарктісі, жүрек аритмиясы, гипертония)
- атеросклероз
- ми қанайналымының бұзылуы, анамнездегі белгілі инсульт
- созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы
- қант диабеті
- ауыр үрейлі бұзылыстар
Қабынған (инфекция түскен) аймаққа инъекция жасау ұсынылмайды (тиімділігі төмендеген жағдайда Убистезин фортенің тұтынылуы күшейтіледі).
Препаратты қолданар алдында пациентке сырқатнамасына және қазіргі кезде қабылдап жүрген қатарлас дәрілерге қатысты сұрақ қойылуы тиіс. Дәрігер пациентпен байланыста болуы тиіс, және аллергия қаупі болған жағдайда, болжамды дозасының 5 немесе 10%-ымен тестілік инъекциясын жасау керек.
Жағымсыз әсерлерін болдырмау үшін, келесілерді ескеру керек:
– төменірек дозасын таңдау керек
– инъекция алдында екі проекцияда мұқият (байқаусызда тамыр ішіне инъекциялануына жол бермей) аспирациялауды ұйымдастыру керек.
Жергілікті анестезияның әсері аяқталғанға дейін ас ішпеу керек.
Балалар
Ата-аналарға байқаусызда жұмсақ тіндердің жарақаттануы қаупі туралы ескертілуі тиіс, өйткені олар жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт ұюы салдарынан тістеп алудан жарақат алуы мүмкін.
Убистезин фортенің құрамында натрий сульфиті (Е221) бар, ол сирек жағдайда аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары мен бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Убистезин фортенің құрамында бір мл-де 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, бұл іс жүзінде "құрамында натрий жоқ" дегенді білдіреді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Осы препараттың қолданылуына әсер ететін өзара әрекеттесулер:
Бірге қолдануға болмайтын жағдайлар:
Моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін немесе трициклдық антидепрессантарды қабылдап жүрген пациенттер
Эпинефринді қолданудың симпатомиметикалық әсері моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін немесе трициклдық антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдаудың әсерінен күшеюі мүмкін.
Келесі жағдайларда бірге қолдану ұсынылмайды:
Селективті емес бета-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттер
Убистезин фортенің құрамында эпинефрин болуына байланысты, кардиоселективті әсер етпейтін бета-блокаторларды (мысалы, пропранолол) параллель қабылдау қан қысымының жоғарылауына алып келуі мүмкін.
Фенотиазиндерді қабылдап жүрген пациенттер
Фенотиазиндер эпинефриннің прессорлық әсерін төмендетуі немесе түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін. Әдетте, ондай препараттарды бір мезгілде пайдаланбау керек. Параллель емдеу қажет болған жағдайларда пациентті мұқият қадағалау маңызды. Ингаляциялық анестетиктер
Галотан сияқты кейбір ингаляциялық анестетиктер, жүректің катехоламиндерге сезімталдығын арттыруы және сол себепті Убистезин форте препаратын қолданғаннан кейін аритмия туғызуы мүмкін. Мүмкіндігінше, Убистезин фортенің ингаляция жолымен жасалған жалпы анестезия кезінде немесе одан кейін қолданылуына жол бермеу керек.Арнайы ескертулер
Жергілікті анестетиктер
Артикаин мен эпинефринді басқа жергілікті анестетиктермен бір мезгілде пайдаланған жағдайда, сақтық таныту қажет. Жергілікті анестетиктердің уытты әсері аддитивті.
Литий карбонаты
Литий карбонатын қабылдап жүрген пациенттерде артикаиннің жергілікті жансыздандырғыш әсерінің ұзақтығы артуы мүмкін. Литий жасушадан тыс натрийді ығыстыра отырып, натрий өзекшелерімен өзара әрекеттесуі мүмкін.
Антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттер
Антикоагулянттармен (мысалы, гепаринмен немесе ацетилсалицил қышқылымен) емдеуде жергілікті жансыздандыру кезінде байқаусызда тамырды тесіп кетуі ауыр қан кетуге алып келуі мүмкін, және әдетте, мұндай пациенттерде қан кетуге бейімділік жоғарылайды.
Басқа дәрілік заттарды пайдаланғанда клиникалық тұрғыдан елеулі өзгерістерге түрткі болатын өзара әрекеттесулері
Келесі жағдайларда бірге қолдану ұсынылмайды:
Диабетке қарсы дәрілерді пероральді түрде қабылдап жүрген пациенттер
• Эпинефрин ұйқы безінен инсулин өндірілуін тежеуі, және сол арқылы диабетке қарсы пероральді препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін.
• Педиатрияда қолдану
• Ересектер мен балалар арасында өзара дәрілік әрекеттесулеріне қатысты елеулі айырмашылықтар байқалмайды.
Жүктілік
Препараттың әйелдерге жүктілік және бала емізу кезінде қолданылуы жөнінде жеткілікті клиникалық деректер жоқ. Артикаинді жүктілік кезінде пайдаланғанда шарананың дамуына жағымсыз әсер еткені анықталған жоқ. Бұл препарат жүктілік кезінде тек аса қажет болған жағдайларда, анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін болса ғана пайдаланылуы тиіс.
Емшек емізу
Артикаин мен оның метаболиттерінің емшек сүтіне бөлінетіндігі туралы деректер жеткіліксіз. Алайда, клиникаға дейінгі деректер, артикаиннің емшек сүтіндегі концентрациясы клиникалық тұрғыдан маңызды шамаға жетпейтіндігін көрсетіп отыр. Соған байланысты, Убистезин фортені қолданып жүргізілген жансыздандырудан кейін, емшек сүтінің алғашқы порциясын сауып алып, сауып алынған сүтті тамақтандыру үшін қолданбау қажет.
Фертильділік
Артикаинді зерттеулер ұрпақ өрбіту функциясына тікелей немесе жанама зиянды уытты әсерлерін көрсетпеді.
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Сезімтал пациенттерде Убистезин фортені енгізу, мысалы автокөлік басқарғанда реакция жылдамдығының уақытша бұзылуына алып келуі мүмкін. Стоматолог дәрігер пациентке көлік басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге рұқсат беру туралы мәселелерде жекелей шешім қабылдауы тиіс. Пациент тіс дәрігерінің кабинетінен инъекциядан кейін 30 минуттан ерте кетпеуі тиіс.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.