Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
250 мг
Саудалық атауы
Белсендірілген көмір
Әсер етуші зат
Активированный уголь
Мақсаты
Шығу тегі әртүрлі экзогендік және эндогендік уыттануларда уытсыздандыратын дәрі ретінде қолданылады
Өндіруші
АО «Ирбитский химфармзавод»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - белсендірілген көмір 250 мг
қосымша зат - картоп крахмалы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, аздап кедір-бұдырлы, қара түсті таблеткалар.
• шығу тегі әртүрлі экзогендік және эндогендік уыттануларда уытсыздандыратын дәрі ретінде қолданылады;
• тағамдық токсикоинфекцияларды, сальмонеллезді, дизентерияны кешенді емдеуге;
• дәрілік препараттармен (оның ішінде психотроптық, ұйықтататын, есірткілік дәрілермен), алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен және басқа да улармен уланғанда;
• диспепсиямен, метеоризммен қатарласа жүретін асқазан-ішек жолының ауруларында
• тағамдық және дәрілік аллергияларда;
• гипербилирубинемияларда (вирус гепатиті және басқа да сарғаюлар);
• гиперазотемияда (бүйрек жеткіліксіздігі);
• ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер алдында ішекте газдың түзілуін азайту үшін
Энтеросорбциялайтын, уытсыздандыратын және диареяға қарсы әсер етеді. Жоғары беткейлік белсенділікке иеленген поливалентті физика-химиялық антидоттар тобына жатады. Асқазан-ішек жолынан сіңгенге дейін улар мен токсиндерді, соның ішінде алкалоидтарды, гликозидтерді, барбитураттарды және басқа ұйықтататын және есірткі заттарды, ауыр металдардың тұздарын, бактериялық, өсімдік, жануар текті уыттарды, фенол, синиль қышқылы туындыларын, сульфаниламидтерді, газдарды адсорбциялайды. Препарат кейбір зат алмасу өнімдерінің – билирубиннің, мочевинаның, холестериннің, сондай-ақ эндогендік токсикоздың дамуына жауап беретін эндогендік метаболиттердің артық мөлшерін сіңіреді. Қышқылдар мен сілтілерді әлсіз сіңіреді (оның ішінде темір тұздары, цианидтер, малатион, метанол, этиленгликоль) гемоперфузия кезінде сорбент ретінде белсенділік танытады. Асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын тітіркендірмейді.
Дозалау режимі
Ересектерге орта есеппен 1000-2000 мг (4-8 таблетка) тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Ересектерге арналған ең жоғары бір реттік доза 8000 мг дейін (32 таблетка).
Балаларға препаратты дене салмағына байланысты орташа есеппен тәулігіне 3 рет 0,05 г/кг есебінен тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза-дене салмағына 0,2 г/кг дейін.
Жедел ауруларда емдеу курсы – 3-5 күн, аллергия және созылмалы аурулар кезінде – 14 күнге дейін. 2 аптадан кейін дәрігердің ұсынымы бойынша қайталап емдеу курсы.
Жедел уланғанда емдеуді асқазанды жуудан белсендірілген көмір қоспасын пайдалана отырып бастайды, содан кейін ішке қабылдауға 20-30 мг препаратты береді.
Метеоризм кезінде ішке 1000-2000 мг (4-8 таблетка) тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Емдеу курсы 3-7 күн.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке таблеткада немесе алдын ала ұсақтағаннан кейін, су жүзіндісі түрінде, бір сағат тамақтан бұрын және басқа дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін қолданады. Препараттың қажетті мөлшерін 1/2 стакан суға ерітеді.
6 жасқа дейінгі балаларға және жұтынуы қиын басқа пациенттер үшін алдын ала ұсақтағаннан кейін тек сулы суспензия түрінде қабылдаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
• препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
• асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (оның ішінде асқазан мен он екі ішектің ойықжаралы ауруы, спецификалық емес ойықжаралы колит);
• асқазаннан қан кету;
• ішек атониясы;
• әсері сіңгеннен кейін дамитын (метионин және т.б.) уытқа қарсы заттарды бір мезгілде тағайындау;
• 3 жасқа дейінгі балалар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• диспепсия
• іш қату
• іш өту
• нәжістің қара түске боялуы
• ұзақ қолданғанда (14 күннен астам) дәрумендердің, кальций мен асқазан-ішек жолынан басқа да қоректік заттардың сіңуі төмендеуі мүмкін.
Осы нұсқаулықта жазылмаған жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату және бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.
Уыттануды емдеу кезінде асқазанда (оны жуып шайғанға дейін) және ішекте (асқазанды жуып шайғанған кейін) белсендірілген көмірдің артық мөлшерін құрау керек. Ортада белсендірілген көмір концентрациясының төмендеуі байланысқан заттың десорбциясына және оның сіңуіне ықпал етеді (босатылған заттың резорбциясының алдын алу үшін асқазанды қайта жуып шаю және белсендірілген көмірді тағайындау ұсынылады). Асқазан-ішек жолында тамақ массаларының болуы жоғары дозаларда енгізуді талап етеді, өйткені асқазан-ішек жолының ішіндегісі белсендірілген көмірмен сорбцияланады және оның белсенділігі төмендейді. Егер улану ішек - бауырлық айналымға қатысатын заттардан (жүрек гликозидтері, индометацин, морфин және басқа апиындар) туындаса, белсендірілген көмірді бірнеше күн бойы қолдану қажет. Препаратты 10-14 күннен артық пайдаланған кезде дәрумендер мен кальций препараттарын профилактикалық тағайындау қажет.
Қант диабетімен ауыратын пациенттерге және құрамында көмірсулардың мөлшері төмен диетадағы адамдарға препараттың бір таблеткасында шамамен 47 мг көмірсулар (0,004 НБ) бар екенін ескеру қажет.
Атмосфераға газ немесе бу шығаратын заттардан бөлек құрғақ жерде сақтау ұсынылады. Ауада сақтау (әсіресе ылғалды) сорбциялық қабілетті төмендетеді.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану назарды жоғары шоғырландыруды және психомоторлық реакцияларды (көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер мен оператордың жұмысы) жылдамдатуды талап ететін ықтимал қауіпті қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде тек ана үшін болжамды пайдасы ұрық пен балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана препарат қолданылуы мүмкін. Дәрігермен кеңесу қажет.
Белсендірілген көмір онымен бір мезгілде қабылданатын дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді, асқазан-ішек жолының шырышты қабығына әсер ететін дәрілік заттардың (оның ішінде ипекакуана мен термопсис) тиімділігін азайтады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.