Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Лиофилизированный порошок для приготовления раствора для инъекций
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
Улсепан
Әсер етуші зат
Пантопразол
Мақсаты
Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 45.11 мг натрий пантопразолының сесквигидраты (40 мг пантопразолға баламалы),
қосымша заттар: 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су**.
** - дайын өнімде жоқ
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті лиофилизацияланған ұнтақ.
• гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында
• асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында
• Золлингер-Эллисон синдромында және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын, басқа патологиялық жағдайларда
Әсер ету механизмі
Пантопразол париетальді жасушалардың Н+/К+ - АТФазасымен (протонды помпа) спецификалық байланысу реакциясы арқылы асқазандағы тұз қышқылының секрециясын төмендететін, орнын басқан бензимидазол болып табылады.
Асқазанның париетальді жасушаларында қышқыл ортада пантопразол белсенді түрге айналады және тұз қышқылы синтезінің соңғы сатысына қатысатын Н+/К+-АТФаза ферментін тежейді. Дәрілік зат дозаға тәуелді әсер етеді және базальді, сондай-ақ стимуляцияланған тұз қышқылының секрециясын да тежейді. Пациенттердің көбінде тұз қышқылы секрециясының жоғарылауына байланысты аурудың симптомдары 2 апта ішінде жойылады. Басқа ППТ немесе H2- рецепторларының блокаторлары сияқты, асқазандағы қышқылдықтың пантопразол арқылы төмендеуі қайтымды сипаттағы гастрин секрециясының пропорционалды жоғарылауына әкеледі. Пантопразол тұз қышқылының синтезіне қатысатын соңғы буынның жұмысын бұзатындықтан, ол стимуляциялайтын заттардың типіне (ацетилхолин, гистамин, гастрин) қарамастан оның секрециясын тежей алады. Вена ішіне енгізген кезде дәрілік зат пероральді қабылдау кезіндегідей бірдей әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Пантопразолды қолданған кезде ашқарынға қандағы гастрин деңгейі жоғарылайды. Әдетте, бұл көрсеткіш қысқа мерзімді емдеу кезінде қалыпты мәндердің жоғарғы шегінен аспайды, бірақ пантопразолды ұзақ уақыт бойы қолдану әдетте оның екі есе артуымен қатар жүреді. Сирек жағдайларда қандағы гастрин концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы байқалуы мүмкін. Нәтижесінде, ұзақ мерзімді емдеу процесінде аздаған жағдайларда асқазанның спецификалық эндокриндік (энтерохромаффинді) жасушаларының (қарапайымнан аденоматозды гиперплазияға дейін) әлсіз немесе орташа айқын пролиферациясы байқалды. Бұл ретте, адамда карциноидты ісіктердің (атипті гиперплазия) немесе жануарларға жүргізілген зерттеулерде хабарланған (5.3 бөлімін қараңыз) асқазанның карциноидтары дамуына бейім жағдайлардың пайда болу жай-күйлері тіркелмеген.
Жануарларға жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес пантопразолдың қалқанша бездің эндокриндік функциясына байланысты көрсеткіштерге ұзақ уақыт (бір жылдан астам) бойы әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Антисекреторлық препараттармен емдеу кезінде тұз қышқылы секрециясының төмендеуі нәтижесінде қандағы гастрин концентрациясы жоғарылайды. Асқазандағы қышқылдықтың төмендегенде CgA деңгейі де жоғарылайды. Қандағы CgA концентрациясының жоғарылауы нейроэндокриндік ісіктерді анықтау үшін диагностикалық зерттеу жүргізу кезінде талдау нәтижелерінің бұрмалануына әкеп соғуы мүмкін.
Қолда бар деректерге сәйкес, CgA деңгейін анықтау кезінде зерттеуге дейін 5 күннен 2 аптаға дейінгі кезеңде ППТ қолдануды тоқтатқан жөн. Бұл CgA деңгейін қалыпты мәндер шегіне қайтару үшін қажет, себебі ол ППТ қолдану нәтижесінде жоғарылауы мүмкін.
Улсепан препаратымен жүргізілетін емді тек дәрігер тағайындай алады; препаратпен ем алатын пациенттер тиісті медициналық бақылауда болуы керек.
Улсепан препаратын вена ішіне енгізу ішке қабылдауға арналған препараттарды пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана ұсынылады. Қолда бар деректер бойынша вена ішіне енгізуге арналған пантопразолды қолдану ұзақтығы 7 күннен аспаған. Пантопразолдың пероральді түрлерін пайдалану мүмкіндігі туындай сала, Улсепан препаратымен емдеуді тоқтатқан жөн.
Дозалау режимі
Ересектер
Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
Вена ішіне енгізуге арналған пантопразолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 40 мг (1 құты) құрайды.
Золлингер-Эллисон синдромы және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын, басқа патологиялық жағдайлар
Золлингер-Эллисон синдромын және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын, басқа патологиялық жағдайларды ұзақ уақыт бойы емдеу үшін вена ішіне енгізуге арналған пантопразолдың бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды, сонан соң ол тұз қышқылының секреция деңгейіне байланысты жеке түзетілуі мүмкін. Егер пантопразолдың тәуліктік дозасы 80 мг-дан асса, оны екі қабылдауға бөлу керек. Қажет болса, дозаны тәулігіне 160 мг-ға дейін арттыруға болады, мұндай дозада дәрілік затты тұз қышқылының секрециясын тиісті бақылауға қол жеткізген мезетке дейін ғана пайдаланған жөн.
Тұз қышқылының секрециясын жылдам төмендету қажет болған жағдайда, пантопразолды 1 сағат ішінде 80 мг вена ішіне екі рет енгізу ұсынылады (пациенттердің көпшілігінде тұз қышқылының өндірілуі ˂ 10 мЭкв/сағ дейін төмендеуі мүмкін).
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде пантопразолдың ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг (құтының 1/2) аспауы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Балалар мен жасөспірімдер
18 жасқа дейінгі балаларда вена ішіне енгізу кезінде пантопразолды қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Сондықтан 18 жасқа дейінгі балаларда Улсепан препаратын қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат бір рет қолдануға арналған.
Бір құтының ішіндегісіне 10 мл инъекцияға арналған 0,9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін қосады. Дайындалған ерітіндіні (мөлдір түссіз немесе сары ерітінді) бірден пайдалануға болады немесе оны инъекцияға арналған 5% (55 мг/мл) глюкоза ерітіндісінде немесе 100 мл инъекцияға арналған 0,9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінде сұйылтуға болады; ерітіндіні сұйылту кезінде шыны немесе пластик контейнерлерді пайдаланған жөн.
Улсепан препаратын жоғарыда атап көрсетілгеннен басқа еріткіштермен араластыруға болмайды.
Дайындалғаннан кейін ерітіндіні 12 сағат ішінде пайдалану керек.
Препаратты вена ішіне 2-15 минут ішінде енгізу керек.
Микробиологиялық тазалықты сақтауды ескере отырып, дайындалған ерітіндіні дереу қолдану керек. Егер қолдануға дайын ерітінді бірден қолданылмаса, онда пайдаланушы сақтау ұзақтығы мен шарттары үшін жауап береді.
Құтыдағы ерітіндінің қалдығы немесе сыртқы түрі өзгерген ерітінді (мысалы, бұлыңғырлану немесе тұнбаның түзілуі) жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялануы керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер дәрілік препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса дәрігерден кеңес алу керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
• жүктілік және бала емізу кезеңі
Басқа барлық препараттар сияқты, бұл дәрілік зат барлық пациенттерде бірдей көрінбейтін жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Жиі
• асқазан түбінің безді полиптері (қатерсіз)
• енгізген жердегі тромбофлебит
Жиі емес
• ұйқының бұзылуы
• бас ауыруы, бас айналуы
• диарея, жүрек айнуы/құсу, іш кебуі және ауырлық сезімі, констипация, ауыздың құрғауы, іш ауыруы және жайсыздық сезімі
• қандағы бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (трансаминазалар, γ-глутамилтранспептидаза)
• бөрту/экзантема/бөртпе, қышыну
• жамбастың, білезіктің немесе омыртқаның сынуы
• астения, шаршау және дімкәстік
Сирек
• агранулоцитоз
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар мен анафилаксиялық шокты қоса)
• гиперлипидемия, қандағы триглицеридтер мен холестерин деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының өзгеруі
• депрессия (және жағдайдың нашарлауы)
• дисгевзия
• көрудің бұзылуы/көру анықтығының бұзылуы
• қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
• есекжем, ангионевроздық ісіну
• артралгия, миалгия
• гинекомастия
• дене температурасының жоғарылауы, шеткері ісіну
Өте сирек
• тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения
• дезориентация (және жағдайдың нашарлауы)
Белгісіз
• гипонатриемия, гипомагниемия, гипокальциемия*, гипокалиемия*
• елестеу, сананың шатасуы (әсіресе бейім пациенттерде, жағдайдың нашарлауы)
• парестезия
• микроскопиялық колит
• бауыр жасушасының зақымдануы, сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі
• Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, мультиформды эритема, фотосезімталдық реакциялары, жеделге жуық терінің қызыл жегісі, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)
• бұлшықеттің түйілуі (электролиттік бұзылулармен байланысты)
• тубулоинтерстициальді нефрит (ТИН) (аурудың өршуі және бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал).
* Гипокальциемия және/немесе гипокалиемия гипомагниемияның дамуымен байланысты болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Адамда артық дозалану симптомдары белгісіз.
Пантопразол 240 мг-ға дейінгі дозада 2 минут ішінде вена ішіне енгізген кезде жақсы көтерімді екендігі анықталды.
Пантопразолдың қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары, сондықтан дәрілік зат диализ арқылы организмнен аз мөлшерде шығарылады.
Уыттанудың клиникалық көріністеулерімен артық дозалану жағдайында симптоматикалық және демеуші ем жүргізу керек.
Асқазанның қатерлі жаңа түзілімдері
Пантопразолмен емдеу асқазанның қатерлі жаңа түзілімдерінің симптомдарын бүркемелеуі мүмкін және осылайша дұрыс диагноз қою процесін баяулатуы мүмкін. Пациентте, мысалы, дене салмағының айтарлықтай төмендеуі, бірнеше рет құсу, дисфагия, қан аралас құсу, анемия немесе мелена сияқты клиникалық симптомдар пайда болған жағдайда, асқазанның ойық жарасына күдік туындаған кезде немесе ол бар болған кезде қатерлі жаңа түзілімді жоққа шығару керек.
Егер жоғарыда аталған симптомдар тиісті емге қарамастан сақталса, пациентті одан әрі тексеру туралы мәселені қарастыру керек.
Бауыр функциясының бұзылуы
Пантопразолмен емдеу кезінде, әсіресе ұзаққа созылған ем кезінде, бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде қандағы бауыр ферменттерінің концентрациясын үнемі бақылау керек. Егер қандағы бауыр функциясының деңгейі жоғарыласа, дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Адамның иммунтапшылығы вирусының (АИТВ) протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану
Пантопразолды АИТВ протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды, олардың сіңуі асқазан ортасының рН-на тікелей байланысты (мысалы, атазанавир секілді), олардың биожетімділігінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты.
Бактериялық асқазан-ішек инфекциялары
Пантопразолды вена ішіне енгізген кезде, Salmonella, Campylobacter немесе Clostridium difficile сияқты бактериялардан туындайтын асқазан-ішек инфекцияларының пайда болу қаупі аздап артуы мүмкін.
Гипомагниемия
Сирек жағдайларда протонды помпа тежегіштерімен (ППТ), оның ішінде пантопразолмен үш айдан астам емделген пациенттерде ауыр гипомагниемия пайда болған; мұндай жағдайлардың көпшілігінде дәрілік заттар бір жыл бойы қолданылған. Ауыр гипомагниемия қажумен, тетаниямен, делириймен, құрысумен, бас айналумен және аритмиямен көріністелуі мүмкін; оның симптомдары біртіндеп дамып, байқалмай қалуы мүмкін. Гипомагниемия гипокальциемияның және/немесе гипокалиемияның дамуымен қатар жүруі мүмкін. Пациенттердің көбінде гипомагниемия белгілері, сондай-ақ онымен байланысты гипокальциемия және/немесе гипокалиемия белгілері магний препараттарымен орын басу емін тағайындағанда және ППТ пайдалануды тоқтатқанда жойылады.
Ұзақ уақыт бойы болжамды түрде ППТ қабылдайтын немесе дигоксинмен немесе гипомагниемияны туындатуы мүмкін басқа дәрілік заттармен (мысалы, диуретиктер) бірге ППТ пайдаланылатын пациенттер дәрігердің бақылауында болуы керек; ППТ-мен емдеу басталғанға дейін де, сондай-ақ емдеу кезінде мезгіл-мезгіл қандағы магний концентрациясын бақылау ұсынылады.
Сүйек сынуы
ППТ, әсіресе жоғары дозаларда немесе ұзақ уақыт бойы (> 1 жыл) қолданылғанда, әсіресе егде жастағы пациенттерде немесе басқа қауіп факторлары бар болған кезде ортан жіліктің, білезіктің және омыртқа бағанының сыну қаупін арттыруы мүмкін. Обсервациялық зерттеулерде ППТ сыну қаупін 10-40%-ға арттыруы мүмкін екендігі анықталды, бұл ішінара басқа да факторларға байланысты болуы мүмкін. Остеопороз қаупі бар пациенттерді емдеу клиникалық ұсынымдарға сәйкес жүргізілуі керек, бұл ретте олар кальций мен D дәруменінің жеткілікті мөлшерін қабылдап отыруы керек.
Жеделге жуық терінің қызыл жегісі
ППТ пайдалану жеделге жуық терінің қызыл жегісінің дамуымен өте сирек байланысты. Егер теріде, әсіресе тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшырайтын жерлерде артралгияның пайда болуымен қатар жүретін зақымдану ошақтары пайда болғанда пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі керек; мұндай жағдайда дәрігер Улсепан препаратын қолдануды тоқтату туралы мәселені қарастыруы керек. Анамнезінде ППТ қабылдау аясында жеделге жуық терінің қызыл жегісі жағдайлары байқалған пациенттерде ППТ тобындағы басқа дәрілік заттарды кейіннен пайдалану кезінде осы аурудың даму қаупі жоғары болған.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Қандағы хромогранин А (CgA) деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік ісіктерді анықтау үшін диагностикалық тексеру жүргізу кезінде талдау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін CgA деңгейін өлшеуге дейін кемінде 5 күн бұрын ППТ қолдануды тоқтату керек. Егер қандағы CgA және гастрин концентрациясы қалыпты мәндер ауқымында орналаспаса, ППТ қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күннен соң өлшеуді қайта жүргізу керек.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Улсепан препараттың құрамында бір құтыда 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни «құрамында натрий жоқ».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пантопразол көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді.
Дәрілік затты қолдану нәтижесінде бас айналу және көрудің бұзылуы сияқты жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін, сонда пациенттер автокөлік пен механизмдерді басқарудан бас тартуы керек.
Жүктілік
Жүктілік кезеңінде әйелдерде препаратты қолдану туралы қолда бар шектеулі деректер (жүктіліктің 300-1000 нәтижесі) дәрілік зат даму ақауларының пайда болуын туындатпайтыны және шарана мен жаңа туған нәрестеге уыты әсер етпейтіні туралы айғақтайды.
Сақтық шарасы ретінде Улсепан препаратын жүктілік кезеңінде әйелдерде пайдалану ұсынылмайды.
Лактация
Пантопразолдың адамда емшек сүтімен бөлінетіні туралы хабарламалар бар (деректер шектеулі). Бала, оның ішінде жаңа туған нәресте үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе Улсепан препаратымен жүргізілетін емді уақытша тоқтату/тоқтату мәселесінде шешім қабылдау кезінде әйел үшін препаратты қолдану пайдасы мен бала үшін қауіптің арақатынасын бағалау қажет.
рН-тәуелді сіңуі бар дәрілік препараттар
Тұз қышқылы секрециясының ұзақ мерзімді айтарлықтай төмендеуіне байланысты пантопразол биожетімділігі едәуір дәрежеде асқазан ортасының рН-на тәуелді дәрілік заттардың (мысалы, кетоконазол, итраконазол, позаконазол сияқты азол тобындағы кейбір зеңге қарсы дәрілер және эрлотиниб сияқты басқа дәрілік препараттар) сіңуін төмендетуі мүмкін.
АИТВ протеаза тежегіштері
Пантопразолды АИТВ протеаза тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды, олардың сіңуі едәуір дәрежеде асқазан ортасының рН-на тәуелді, мысалы, атазанавир секілді, себебі олардың биожетімділігі төмендейді.
АИТВ протеаза тежегіштерін ППТ-мен бір мезгілде қолдану қажеттілігі туындаған жағдайларда пантопразолдың дозасы тәулігіне 20 мг-нан аспауы тиіс, сондай-ақ пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады (мысалы, вирустық жүктемені анықтау). АИТВ протеаза тежегіштерінің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кумарин туындылары тобындағы антикоагулянттар (фенпрокумон немесе варфарин)
Пантопразол варфаринмен немесе фенпрокумонмен бір мезгілде қолданғанда соңғылардың фармакокинетикасына немесе ХҚО-ға (халықаралық қалыптасқан қатынас) айтарлықтай әсер еткен жоқ. Алайда, ППТ варфаринмен немесе фенпрокумонмен бірге қабылдаған пациенттерде ХҚО және протромбин уақытының (ПУ) көрсеткіштері жоғарылаған жағдайлар байқалды. ХҚО және ПУ мәндері ұлғайған кезде өліммен аяқталған жағдайға да әкеп соғуы мүмкін, қан кетудің даму қаупі жоғарылайды. Варфаринмен немесе фенпрокумонмен бірге Улсепан препаратты алған пациенттерде ХҚО және ПУ көрсеткіштерін бақылау ұсынылады.
Метотрексат
Кейбір пациенттерде ППТ және метотрексатты жоғары дозада (300 мг) бір мезгілде қолдану соңғысының қандағы концентрациясының жоғарылауына әкелетіні хабарланды. Сондықтан метотрексатты жоғары дозада тағайындағанда, мысалы, онкологиялық аурулар мен псориаз кезінде Улсепан препаратын қолдануды уақытша тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Басқа өзара әрекеттесулер
Пантопразол көбінесе бауырда P450 цитохром жүйесінің изоферменттерімен метаболизденеді. CYP2C19 қатысатын деметилдену метаболизмнің негізгі жолы болып табылады, басқа метаболизмдік жолдар CYP3A4 қатысатын тотығу процестерін қамтиды.
Пантопразол мен карбамазепин, диазепам, глибенкламид, нифедипин және құрамында левоноргестрел мен этинилэстрадиол бар пероральді контрацептивтер сияқты жоғарыда аталған изоферменттер метаболизміне қатысатын дәрілік заттарды бірлесіп қолданғанда маңызды клиникалық өзара әрекеттесулер байқалмады.
Метаболизмдік биотрансформацияға бірдей изоферменттер қатысатын пантопразол мен басқа дәрілік заттардың немесе химиялық қосылыстардың өзара әрекеттесу қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Бірқатар зерттеулердің нәтижелері метаболизмге CYP1A2 (кофеин, теофиллин сияқты), CYP2C9 (пироксикам, диклофенак, напроксен сияқты), CYP2D6 (метопролол сияқты), CYP2E1 (этанол сияқты) қатысатын пантопразол мен препараттар арасындағы дәрілік өзара әрекеттесудің жоқтығын көрсетеді. Пантопразол дигоксиннің Р-гликопротеинмен байланысты сіңуіне әсер етпеді.
Пантопразолды антацидтермен бір мезгілде қолданғанда ешқандай өзара әрекеттесу байқалмады.
Пантопразолды әртүрлі антибиотиктермен (кларитромицин, метронидазол, амоксициллин) бірге пайдалану кезінде клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.
CYP2C19 тежегіштері мен индукторлары
Флувоксамин сияқты CYP2C19 тежегіштері қандағы пантопразол концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан мұндай біріктірілімдерді қолданған кезде, жоғары дозада ұзаққа созылған дәрілік ем алатын пациенттерде немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде пантопразол дозасын төмендету қажеттілігі туындауы мүмкін.
CYP2C19 және CYP3A4 индукторлары, мысалы, рифампицин және құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттар, қан плазмасында жоғарыда аталған изоферменттермен метаболизденетін ППТ концентрациясын төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дайындалған ерітіндіні 12 сағат ішінде қолдану керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.