Бауыр жеткіліксіздігі
Пантопразолмен емдеу кезінде, әсіресе ұзақ ем кезінде, бауыр функциясы ауыр бұзылған пациенттерде қан плазмасындағы бауыр ферменттерінің концентрациясын үнемі бақылап отыру керек. Егер бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарыласа, дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Арнайы ескертулер
Бауыр жеткіліксіздігі
Пантопразолмен емдеу кезінде, әсіресе ұзақ ем кезінде, бауыр функциясы ауыр бұзылған пациенттерде қан плазмасындағы бауыр ферменттерінің концентрациясын үнемі бақылап отыру керек. Егер бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарыласа, дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату керек.
H. pylori эрадикациясы кезінде антибактериялық дәрілермен біріктірілген ем
Біріктірілген ем кезінде тиісті дәрілік заттарға қатысты фармакологиялық деректерді ескеру қажет.
Асқазанның қатерлі жаңа түзілімдері
Пантопразолмен емдеу асқазанның қатерлі жаңа түзілімдер симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, осылайша дұрыс диагноз қою үдерісін баяулатады. Пациентте, мысалы, дене салмағының айтарлықтай төмендеуі, бірнеше рет құсу, дисфагия, қан құсу, анемия немесе мелена сияқты клиникалық симптомдар туындаған жағдайда, асқазан жарасына күдік болғанда немесе ол болған кезде қатерлі түзілуді анықтау керек.
Егер жоғарыда көрсетілген симптомдар тиісті емге қарамастан сақталса, пациентті одан әрі тексеру туралы мәселені қарау керек.
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) протеазасының тежегіштерімен бір мезгілде қолдану
Пантопразолды абсорбциясы асқазанның рН ортасына тікелей байланысты АИТВ протеазасы тежегіштерімен (мысалы, атазанавир) олардың биожетімділігінің едәуір төмендеуіне орай бір мезгілде қабылдамаған жөн.
В12 дәруменінің сіңірілуіне әсері
Золлингер-Эллисон синдромы және ұзақ емдеуді талап ететін тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да патологиялық жағдайлары бар пациенттерде пантопразол, барлық антисекрециялық дәрілер сияқты гипо - немесе ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңуін төмендетуі мүмкін.
Мұны организмде дәрумендер қорының азайғаны байқалған немесе оның мальабсорбциясының қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ уақыт емдеген кезде, сондай-ақ, В12 дәрумені жеткіліксіздігінің тиісінше клиникалық симптомдары болған жағдайда ескеру керек.
Ұзақ мерзімді ем
Ұзақ уақыт емдегенде, әсіресе, егер пантопразолмен емдеу ұзақтығы 1 жылдан асса, пациенттер жүйелі медициналық қадағалауда болуы тиіс.
Бактериялық асқазан-ішек инфекциялары
Пантопразолмен емдеу кезінде Salmonella, Campylobacter немесе C. difficile бактериялар туындатқан асқазан-ішек инфекцияларының пайда болу қаупі шамалы артуы мүмкін.
Гипомагниемия
Сирек жағдайларда, протондық помпа тежегіштерімен (ППТ), соның ішінде пантопразолмен үш айдан артық ем қабылдаған пациенттерде, ауыр гипомагниемия туындаған; мұндай жағдайлардың көпшілігінде дәрілік заттар бір жыл бойы пайдаланылған. Ауыр гипомагниемия қажумен, тетаниямен, делириймен, құрысулармен, бас айналуымен және аритмиялармен көрініс беруі мүмкін; оның симптомдары біртіндеп дамуы және еленбей қалуы мүмкін. Гипомагниемия гипокальциемияның және/немесе гипокалиемияның дамуымен қатар жүруі мүмкін. Пациенттердің көпшілігінде гипомагниемия белгілері, сондай-ақ, онымен байланысты гипокальциемия және/немесе гипокалиемия белгілері, магний препараттарымен алмастыру емін тағайындаған және ППТ пайдалануды тоқтатқан кезде теңеседі.
ППТ ұзақ уақыт бойы қабылдауы ықтимал, немесе ППТ дигоксинмен немесе гипомагниемия тудыруы мүмкін басқа дәрілік заттармен (мысалы, диуретиктер) пайдаланып жүрген пациенттер, дәрігердің қадағалауында болуы тиіс; ППТ емін бастағанға дейін және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл қандағы магний концентрациясын бақылау ұсынылады.
Сүйектердің сынулары
ППТ, әсіресе, жоғары дозаларда немесе ұзақ уақыт бойы (> 1 жыл) қолданылғанда, атап айтқанда, егде жастағы пациенттерде немесе басқа қауіп факторлары болған жағдайда, жамбастың, білектің және омыртқаның сынулары қаупін арттыруы мүмкін. Обсервациялық зерттеулерден, ППТ сынулар қаупін 10-40%-ға арттыруы мүмкін екендігі анықталды, оған ішінара басқа факторлар да түрткі болуы мүмкін.
Остеопороздың даму қаупі бар пациенттерді емдеу клиникалық ұсыныстарға сәйкес жүргізілуі тиіс, бұл ретте олар кальций мен D дәруменінің жеткілікті мөлшерін алуы тиіс.
Жеделге жуық терінің қызыл жегісі
ППТ өте сирек жеделге жуық терінің қызыл жегісінің дамуына түрткі болады. Теріде зақымдану ошақтары пайда болған кезде, әсіресе артралгияның пайда болуымен қатар жүретін тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшыраған жерлерде пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс; мұндай жағдайда дәрігер Улсепан препаратын қолдануды тоқтату туралы мәселені қарастыруы тиіс. Анамнезінде ППТ қабылдау аясында тері асты қызыл жегі жағдайлары байқалған пациенттер ППТ тобындағы басқа дәрілік заттарды кейіннен пайдалану кезінде осы аурудың даму қаупі жоғары.
Зертханалық зерттеу нәтижелеріне әсері
Қандағы хромогранин А (CgA) деңгейінің жоғарылауы, нейроэндокриндік ісіктерді анықтау мақсатында диагностикалық зерттеу жүргізгенде талдаулардың нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Оған жол бермеу үшін, ППТ қолдануды CgA деңгейін өлшегенге дейін кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Егер қандағы CgA мен гастрин концентрациялары қалыпты мәндері ауқымында болмаса, өлшеулерді ППТ қабылдау тоқтатылғаннан кейін 14 күннен соң қайтадан жүргізу қажет.
Қосымша заттар
Улсепан препаратын құрамында сахароза бар, сондықтан фруктоза жақпаушылығымен, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен немесе сахаразо-изомальтаза жеткіліксіздігімен сипатталатын сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдамаған жөн.
Улсепан препаратын құрамында бір таблеткада 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар, яғни дерлік «құрамында натрий жоқ».
Педиатрияда қолдану
Улсепан препаратын 12 жасқа дейінгі балаларда пайдалану ұсынылмайды, өйткені пантопразолды қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі пациенттердің осы санатында жеткілікті зерттелмеген.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пантопразол автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болар-болмас әсер етеді.
Дәрілік затты қолданғанда бас айналуы және көру қабілетнің бұзылулары сияқты жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін, ондай жағдайларда пациенттер автокөлік жүргізуден және механизмдерді басқарудан бас тартуы керек.